Еңбек нарығын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 21:56, курсовая работа

Описание

Еңбек нарығының және еңбек бөлінісінің тек өзіне тән қасиеттері, яғни ерекшеліктері бар. Еңбек нарығы - бұл ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының нарығы сияқты жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Еңбек нарығының басқа да ресурстар нарығынан ең негізгі ерекшелігі - нарықта маңызды институттардың (мемлекет, корпарациялар, кәсіби одақтар) болуы. Осы институттарды ескермей еңбек нарығында ұсыныс пен сұранысқа талдау жасай алмаймыз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
I. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ.
1.1.Еңбек нарығының пайда болу теориясы және формасы мен маңызы.............5
1.2.Еңбек нарығының қалыптасу ерекшелігі............................................................7
1.3.Еңбек нарығы жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың реттеушісі..............9
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ.
2.1. Халықты жұмыспен қамтудың статистикалық әдістері.................................12
2.2.Еңбек статистикасы және оның көрсеткіштері................................................15
2.3.Қазақстандағы еңбек нарағының статистикасын талдау.................................21
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1.Дүниежүзілік еңбек бөлінісіндегі Қазақстанныңорны....................................29
3.2.Қазақстан Республикасының жұмыссыздық проблемасын шешу және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты......................................31
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................36
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:...................................................................38

Работа состоит из  1 файл

Курсовая!!!!!!.docx

— 118.10 Кб (Скачать документ)

*Ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен шұғылданбайтын шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер саны.

Облыстың  ірі және орта кәсіпорындарындағы қызметкерлер саны 2011 жылғы желтоқсанда алдыңғы аймен салыстырғанда 0,1%-ға өсті, ал өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,3%-ға төмендеді және 312,0 мың адамды құрады.

Кесте №3

Экономикалық  қызмет түрлері бойынша кәсіпорындардағы 2011 жылғы желтоқсандағы бос орындар саны

 

 

Барлығы

Ірі және орта кәсіпорындардағы

Кезең соңына бос орындар саны, бірлік

Орташа 1 айдағы жұмыскерлер санына, %-бен

Кезең соңына бос орындар саны, бірлік

орташа 1 айдағы жұмыскерлер санына, %-бен

өткен айға, %-бен

Барлығы

1 873

0,5

1 685

0,5

97,9

Ауыл шаруашылығы,аң аулау және орман  шаруашылығы

 

 

1

 

 

0,0

 

 

1

 

 

0,0

 

 

100,0

Өнеркәсіп

594

0,4

594

0,4

130,0

Кен өндіру

63

0,4

63

0,4

123,5

Өңдеу өнеркәсібі

199

0,2

199

0,2

93,9

Электр эненргиясын,газ бен суды өндіру және бөлу

 

 

332

 

 

2,1

 

 

332

 

 

2,1

 

 

171,1

Құрылыс

-

Х

-

Х

Х

Сауда; автомобильдер және үй тұрмысында пайдаланатын бұйымдар мен жеке бас  пайдаланатын заттарды жөндеу

 

 

 

 

2

 

 

 

 

0,0

 

 

 

 

-

 

 

 

 

Х

 

 

 

 

Х

Мейманхана мен мейрамханалар

 

38

 

3,6

 

38

 

3,6

 

102,7

Көлік және байланыс

 

196

 

0,7

 

190

 

0,7

 

109,8

Қаржылық қызмет

 

30

 

0,6

 

21

 

0,5

 

140,0

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету

 

 

 

71

 

 

 

0,4

 

 

 

71

 

 

 

0,5

 

 

 

40,6

Мемлекеттік басқару

 

456

 

1,3

 

355

 

1,4

 

80,0

Білім беру

60

0,1

41

0,1

87,2

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

 

 

130

 

 

0,4

 

 

97

 

 

0,4

 

 

156,5

Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтерді  ұсыну

 

 

295

 

 

2,8

 

 

277

 

 

4,9

 

 

93,3


* Ірі  және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ  кәсіпкерлік қызметпен шұғылданбайтын  шағын кәсіпорындарда жұмыс істейтін  қызметкерлер саны.

Бос орындар  санының ең жоғары үлес салмағы өнеркәсіптегі (35,3%) және мемлекеттік басқарудағы (21,1%) ірі және орта кәсіпорындарға тиесілі.

Диаграмма №1

2011 жылдың айлары бойынша ірі және орта кәсіпорындардағы бос орындар саны.


 

 

 

 

 

 

 

 

2011 жылғы желтоқсанда ірі және орта кәсіпорындарда бос жұмыс орындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1685 бос

жұмыс орнын  құрап, 25,1%-ға кеміді (566 бірлікке).

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда жұмыс аптасын (күнін) толық істемейтін тәртіпте 11862 адам немесе ірі және орта кәсіпорындардағы, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен шұғылданбайтын шағын кәсіпорындардағы қызметкерлердің орташа тізімдік санының 3,4%-ы жұмыс істеген, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,8 есеге (7674 адамға) көп.

Өндірістің  тоқтауына байланысты уақытша жұмыс істемейтін тұлғалар саны 2011 жылғы 12 айда 2 есе өсті (745 адамға) және 1502 адамды құрады.

2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда кәсіпорындарға 94,5 мың адам қабылданған, бұл қызметкерлердің орташа тізімдік санына 26,9%-ды құрайды, ондағы 2922 адам немесе барлық қабылданғандарға 3,1% - жаңадан ашылған жұмыс орындарына алынған. Жұмыс күшін қабылдаудың едәуір жоғары бөлігі өнеркәсіп кәсіпорындарында – 28,5 мың адам (қаңтар-желтоқсанда қабылданғандардың 30,1%-ы), білім беруде – 12,1 мың адам (12,8%), көлік және байланыс қызметінде – 9,3 мың адам (9,9%), мемлекеттік басқаруда – 8,8 мың адам (9,3%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ұсыну кәсіпорындарында – 7,0 мың адам (7,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету кәсіпорындарында – 7,7 мың адам (8,1%) байқалады. 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда әртүрлі себептер бойынша 98,2 мың адам жұмыстан шыққан, ондағы тұрақсыздық себебі бойынша – 71,1 мың адам. Тұрақсыздық коэффициенті 20,2%-ды құрады.

Диаграмма №2

2010-2011 жылғы жұмыссыз халық саны және жұмыссыздық деңгейі.

2011 жылғы IV тоқсанда жұмыссыз халық саны 43,1 мың адамды құрады және 2010 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда 2,1 мың адамға немесе 4,6%-ға кеміді, Жұмыссыздық деңгейі IV тоқсанда 5,8%-ды құрады.

Экономикалық белсенді халық саны 2011 жылғы IV тоқсанда 737,6 мың адамды құрады және 2010 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда 2,1 мың адамға (0,3%-ға) кеміді.

Жалпы облыста 694,5 мың адам жұмыспен қамтылған, ондағы жалдамалы қызметкерлер – 552,0 мың  адам (жұмыспен қамтылғандар санынан 79,5%), өз беттерімен жұмыспен қамтылғандар – 142,5 мың адам (20,5%).

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ  ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.

3.1. Дүниежүзілік еңбек бөлінісіндегіҚазақстанның орны.

Экономикалық  сектордың дамуы, барлық ұлттық азық-түліктің өсуі, халықтың экомикалық белсенділік  санының өсуіне әкеліп соқты. 2011 жылдың 2 тоқсанында оның саны 7626,8 мың адамды құрады. Бұл 9,2 пайызға көп, 2009 жылдың екінші тоқсанында бұл сан 6983,0 адамды құраған. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың осындай уақыттағы 13,1 пайызға көбейген, ал жұмыссыздардың саны 21,1 пайызға азайған.

Қазақстан Республикасы статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша 01.07.2006ж. 13,0 пайызға  қарсы, жұмыссыздардың деңгейі 9,8 пайызды  құраған. Бірақ жұмыспен қамту органдарында тіркелгендерін саны 2009 жылдың 1 қыркүйегінде 3,0 пайызға төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда 4,0 пайызға төмен.

2010 жылдың 1 қыркүйегінде мына нәтижелерге қол жеткізілді:

-  1 тоқсанда  жұмыссыздардың деңгейі 9,8 пайызды  қүрады;

- 147,4 мың  адамға жұмыс орны ашылған  (жылдың тоқсандық тапсырма 1,2 есеге  артығымен орындалды);

-  93,4  мың жұмыссыздар жұмысқа тұрғызылды(жылдық  тапсырма 82,6 пайыз);

-қоғамдық  жұмысқа 104,7 мың жұмыссыз қатысқан  немесе жоспарға 129,9 пайыз;

-   Кәсіби   мамандандыруға   11,3   мың   жұмыссыз   оқытылған   немесе жоспарға 67,3 пайыз.

Өткен жылы жұмыспен қамту органына 10,4 пайыз  жұмыссыз адамдар хабарласқан. Сонымен  бірге жұмыс істейтін азаматтардың саны азайған (өндіріс орындарының  жиі тоқтап қалуы мен жабылуына  байланысты). Экономикалық белсенді 0,8 пайыз халыққа қарсы, өткен жылы 1,5 пайыз.

2010 жылдың 2 тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда экономикада жұмыс істейтін халықтың саны 6,1 млн-нан 6,9 млн адамға өскен, сонымен бірге маусым айында жалданып жұмыс істеушілердің саны 3,65 млн адамды құраған және 12,0 пайызға өскен.

Қазақстан Республикасы агенттігінің мәліметі бойынша  табиғи монополиялардың реттелуі бойынша  бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын шағын бизнесті қолдау 2010 жылдың 1 тамызында 1,6 млн. адамды құраған, өткен 2006 жылдың осы айында бұл сан 1,4 млн. адам құраған.

Жұмыспен  қамту өкілетті органдары жұмыспен қамту мәселелері бойынша 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылдың 8 айында жұмыссыз азаматтардың саны 1,2 есеге өскен.

Республика  бойынша салыстырғанда жұмыссыздардың ең төменгі көрсеткіші Шығыс Қазақстан  облысында-7,0 пайыз. Ақмола, Атырау, Жамбыл облыстарында жұмыссыздардың саны республикалық  орташа көрсеткіш бойынша 10,0 пайызды, 11,8 пайыз және 11,7 пайызды құрайды.

2010 жылдың қаңтар-шілде айларында жұмыспен қамту органдарында 230,9 мың адам, 2009 жылы осы уақытта 266,4 мың адам хабарласқан. Ауылдық жерлерде жұмыс іздеушілердің 78,8 мың адамды құраған(жалпы сан бойынша 34,1 пайыз). 2010 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 8 аумақта жұмыс сұрушылардың саны төмендеген, олардың ішінде: Ақтөбе облысы-1,6 есеге, Қызылорда облысы-1,5 есеге, Алматы қаласы-1,8 есеге, Ақмола және Атырау облыстарында жұмыссыздардың саны аз өскен, Шығыс Қазақстан облысында-20,0 пайызға,   Жамбыл   облысында-14,4пайызға  азайған.   2010   жылдың   1 қыркүйегінде 800 мекемеде 120,0 мың адам онша толық емес жұмыс уақытымен жұмыс істеген немесе ұйымдар тоқтап тұрған. Барлық жұмыс істеген азаматтардың жалпы саны 2009 жылмен 92,9 мың адаммен салыстырғанда 57,8 мың адамға азайған.

Осы қарастырылған  уақыттарда 93,4 мың жұмыссыз адам жұмысқа тұрғызылды (2009 жылғы мерзімде 79,9 мың адам), бұл жұмыспен қамту органына хабарласқан адамның 40,4 пайызын құрайды. Ауылдық жерде хабарласқан 32,2 пайыз адамның 25,4 мың адам жұмысқа тұрған.

Республика  аймақтары бойынша бұл көрсеткіштің үлкен айырмашылықтары бар. Қарағандыда  жұмысқа орналастырудың үлкен проценті - 68,0 пайыз, Ақтөбеде - 53,9 пайыз, Батыс  және Оңтүстік Қазақстанда - 47,6 пайыз, Солтүстік Қазақстанда - 61,6 пайыз, Алматы облысында және басқа облыстарда - 54,7 пайыз.

Ең төменгі  көрсеткіш Қызылордада - 14,1; Атырауда - 17,4; Жамбылда- 19,1 пайыз.

Нормативтік құқықтық базаларды жетілдіру, жұмыспен қамту мәселелерін реттеу нәтижесінде қоғамдық жұмыстың түрлерін және көлемін көбейтуге мүмкіндіктер ашылды. Жұмыссыздардың жылдық көрсеткіші бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысқандардың саны 1,3 есеге көбейген.

Жұмыссыздық жұмысқа шақырушылардың біліктілігіне  сәйкес келмегендіктен жұмыспен қамту  мәселесі жөніндегі уәкілетті орган  жұмыссыздарды қайта оқыту және мамандандыру бойынша шаралар қабылдады. Осы уақыттарда республикадағы жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган 2010 жылы белгіленген бағдарлама бойынша 11,3 мың жұмыссыз адамды немесе 67,3 пайызды қайта даярлау немесе біліктілігін көтеруге, мамандандыруға жіберді. Жұмыссыздарды оқытудың жоғарғы көрсеткіші Ақмола облысында жылдық тапсырма бойынша 85,9 пайызға, Атырауда - 74,6; Шығыс Қазақстанда - 79,6 пайыз жоғарғы көрсеткішіне қол жеткізілді.

Ірі және шағын өндірістік кәсіпорындарда жұмыс  орнын ашу және қайта құру кестесіне сәйкес 2010 жылдың 7 айында 10,2 мың жұмыс орны, қайтадан ашылған кәсіпорын есебінен - 4,2 мың, кеңейтілген ескі кәсіпорын — 2,9 мыңға, жаңа кәсіпорында 3,1 мың жұмыс орны ашылған.

Жамбыл  облысында егінді жинап алу мерзімдерінде  уақытша жұмыс орындары ұзақ уақытқа  қамтамасыз етілмеген. Бұл инвестициялық  мүмкіндігі бойынша толығымен экономиканың өскендігіне куә болады. Бірақ  та, жұмыс орнын құру қарқыны көңілге  қонарлық емес және жұмыссыздықты төмендетуге  өзінің көмегін толық көрсете  алмайды.

Шетелдік  азаматтар жұмыс істейтін кәсіпорындарда Қазақстан азаматтар санының  өсуі байқалады (2006 жылдың бірінші жарты жылдығы - 122,2 мың адам, 2010 жылдың 6 айында 239,8 мың адам).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті құқықтық актілерді қабылдауы министрліктің  алдына қойған міндеттерінің сәтті  орындалуына себепкер болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен мүдделі министрліктермен бірге 1998-2000 жылдар мерзімдерінде аз қамтылған азаматтарға шағын несие беру бағдарламасының орындалуына талдау жүргізілді. Үкіметке бағдарламаның болашағы туралы ұсыныстарымен ақпараттық-талдау анықтамалары енгізілді.

Ақтау, Павлодар, Атырау, Семей, Өскемен, Теміртау, Жезқазған, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент қалаларында "нақты тұрғылықты жері жоқ тұлғалар үшін әлеуметтік бейімделу орталықтары қызметтерін ұйымдастыру ережелеріне" сәйкес қазіргі уақытта әлеуметтік бейімделу 10 орталығы жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен мүдделі министрліктерімен бірге 2006-2011 жылдар мерзімдерінде аз қамтылған азаматтарға шағын несие беру бағдарламасының орындалуына талдау жүргізілді. Үкіметке бағдарламаның болашағы туралы ұсыныстарымен ақпараттық-талдау анықтамалары енгізілді.

 

3.2. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық проблемасын шешу және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты.

Жұмыспен  қамту және табысты бөлу адамдардың тамақтануына, денсаулығына, біліміне, халықтың қайта өндіруіне және т.б. өмірді толық қалыптастыруға әсер етеді. Аз табыс табатындар уақыт өте  кедейшілікке тап болады, кедей болатын  қауіп-қатер тобы бірінші кезекте  ұзақ уақыт жұмыс істемегендер құрайды. Жұмыссыздық және кедейшілік қатар жүреді.

Қазақстанда жұмыссыздық санын қысқарту үшін, Үкімет не істеуі қажет? Кедейшілікті төмендетуге бағытталған Үкіметтің  алғашқы бағдарламалық құжаты 2002 жылы 3 маусымда Үкімет бекіткен. 2000 -2005 жылдарға арналған жұмыссыздық пен  кедейшілікке қарсы күрес жөніндегі  бағдарлама болып табылады. Белсенді саяси жұмыспен қамтуды жүзеге асыру  арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету - осы бағдарламаның ең негізгі  мақсаты.

Осы уақытта 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасында кедейшілікті төмендету  жөнінде Тұжырымдама әзірленуде. Жұмыссыздықты төмендету және халықты  жұмыспен қамту осы тұжырымдамада  елдегі кедейшілік проблемасын шешудегі ең негізгі әдіс қарастырылады.

Қазақстанда кімдер жұмыссыз болып қалады? Жұмыссыздардың санын 30-40 жас арасындағы адамдар  құрайды. Бұл жастағылардың еңбекке  жарамды кезі. Жұмыссыздардың 29 пайызы 16-дан 29-жасқа дейінгі жастар. Жұмыссыздықтың жоғарғы пайызы мұнай шығаратын  Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау  облыстарында.

Информация о работе Еңбек нарығын жетілдіру