Миграциялық үдерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 05:35, реферат

Описание

Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр. Миграциялық үдерістердің заңдылықтарын меңгеретін, миграцияға түрткі негізгі факторларды зерттейтін орта деңгейлі теория – миграция социологиясы қалыптасып, одан әрі дамып келеді.

Работа состоит из  1 файл

Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр.doc

— 316.00 Кб (Скачать документ)

Миграциялық үдерістер  социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр. Миграциялық  үдерістердің заңдылықтарын меңгеретін, миграцияға түрткі негізгі факторларды  зерттейтін орта деңгейлі теория –  миграция социологиясы  қалыптасып, одан әрі дамып келеді.

Миграциялық үдерістердің қарқыны жиырмасыншы ғасырда  ғаламдық қарқын алып, барлық континеттерді, әлеуметтік таптар мен қоғамдық өмірдің  барлық салаларын қамтыды. Мигранттардың  өзге мемлекеттерге кетуі өзекті мәселеге айналды. Мигранттардың қатарында еңбекке қабілетті экономикалық белсенді халықтар, сапалы мамандар (ақыл ойдың сытылуы), білімі, күш-қуаты мол жастар еңді. Осындай факторлар мемлекеттің дамуына, әлеуметтік жағдайдың оңтайлауына кері әсерін тигізді. Яғни, миграция барысында донор мемлекеттің басты ресурсы – адам капиталын жоғалтты. Ал, қабылдаушы мемлекетке мигранттар үлкен көлемдегі инвестицияға айналды және айнала бермек. Донор мемлекет кеткен мигранттарды кері қайтарып, мигранттың жинаған тәжірибесін мемлекет мүддесі үшін қолданған жағдайда ғана сол мигрантқа кеткен шығынды қайтара алатындығы Азия мемлекеттерінің тәжірибесінен белгілі.

Халықтың миграциясы – латын тілінен аударғанда көшу, орын ауыстыру деген мағына береді. Ғылымда миграцияға байланысты 30-ға жуық анықтама бар.

Миграцияға деген қызығушылық тек жиырмасыншы ғасырда ғылыми түрде зерттеле бастағанымен, миграцияның тарихы адамзаттың пайда болуымен басталады. Миграцияның негізгі себептері ретінде табиғи апаттардан қашу, өмір сүруге ыңғайсыз климаттық жағдайлардың болуы, өмір сүру территориясына өзге қарсы топтардың қысымынан болатын көшулер, жауланған құлдарды еріксіз өзге жерге эксплуатациялау секілді миграцияға түрткі факторларды атауға болады. Әлем тарихындағы миграция басым жағдайда мәжбүрлі түрде немесе империялардың «саяси амбициясы» әсерінен жүрген. Оның дәлелі, ХІХ-XX ғасырлардағы Еуропалық империялардың колониялды саясатын айтуға болады. Соның ішінде қазақтардың арғы тегі Ғұндардың (Қыпшақтардың) Еуропаға қоныс аударғандығы, Аттиланың Еуропаны жаулаған сәтте өзге еуропалық халықтардың қазіргі Ресей мен Шығыс Еуропа  жеріне миграция жасағандығы тарих беттерінде жазылған. Бұл көш – «Ұлы көш» деген атпен белгілі [1].

Миграциялық үдерістердің даму динамикасында бірнеше кезеңдерді көрсетуге болады: алғашқы қоғамдық дәуірдегі миграция, жаңа мыңжылдықтағы миграция, орта ғасырлардағы миграция, жаңа заманғы миграция, бірінші дүниежүзілік соғыстан бұрын және кейін болған миграциялар, екінші дүниежүзілік соғыс кезіңдегі және соғыстан кейінгі миграциялар және қазіргі заманғы миграция. Қарап тұрсақ, әр заманның миграциялық үдерістерінде өзіңдік ерекшеліктері болған. Сондықтан, әлеуметтік жағынан қарағанда миграцияның типтері қалыптасты деуге толық негіз бар. Миграцияның типологиясын социологиялық тұрғыдан Т.Н.Юдиннің «Миграция социологиясы» кітабында толықтай көрсетілген.

Миграцияны  келесі топтамаларға бөлсек болады:

Иммиграция (лат  тілінен. emmigro – қоныстанамын) –  шетел  азаматтарының мақсатты түрде білгілі бір мемлекеттерге көшіп келуі (ұзақ уақыт болуы мүмкін).  Егер қоныс аударушы бір жылдан артық уақытқа қалса ол толығымен «иммигрант» деп саналады.

БҰҰ-ның классификациясы  бойынша халықаралық миграция субъектілеріне, шетел студенттері, шетел азаматтары, түрлі санаттағы еңбек етуші мигранттар, отбасы құру мақсатымен келген мигранттар, иммигранттар, қашқындар, саяси баспана іздеуші тұлғалар жатады. 

БҰҰ-ның мамандары: «Иммигрант – өзінің тұрғылықты мекенінің  тастап өзге мемлекетке бір жылдан артық келген адам» – деген анықтама берген. 1970  жылдан бері барлық мемлекеттер бұл терминді унификациялап жатқанымен, БҰҰ-ның иммигранттарды тіркеу жобасы әлемдік деңгейде қолданылмай отыр.

Иммиграцияның әсерінен әлемде жаңа мемлекеттер құрылды (АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР, Израиль, Канада, Аргентина т.б. мемлекеттер). Дәстүрлі иммиграциялық мемлекеттерден бөлек жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа мен Солтүстік Еуропа иммигранттарды көптеп қабылдаса, Оңтүстік Еуропа да көп қабылдаған аймақтардың біріне жатады. Сол уақыттағы мигранттарды көп қабылдаушы мемлекеттердің қатарына Германия, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, Бельгия, Швеция және Голландия кіреді.

Иммиграциялық ағымдарды шартты үш топқа бөлуге болады. Реэмиграция – титулды  халықтың отанына оралуы (ҚР-да анықтама бойынша оралман деп аталады). Иммиграция негізгі екі катигорияға: транзитті және заңсыз иммигранттар. Тұрақты және уақытша экономикалық иммиграция. Уақытша жұмыс күшінің экономикалық миграциясы секілді түрлері бар (құрылыс, өнеркәсіп, транспорт және ауылшараушылығы салалары кіреді).

Енді заңды  миграцияны талдап көрелік. БҰҰ-ның  эксперттері халықаралық миграцияның  заңды қатысушыларын бес категорияға  бөледі: білім алуға келген шетелдіктер; жұмыс істеуге келген (кеткен) мигранттар; отбасы құру, отбасын қайта біріктіру линиясындағы мигранттар; тұрақты көшіп бара жатқан мигранттар; мемлекетке арнайы жіберілген адамдар (қашқындар, саяси баспана іздеушілерге т.б.).

Эмиграция (лат  тілінен. Emigro – көшіп барамын, орын ауыстырамын ) – белгілі бір мемлекеттен білгілі бір уақытқа өмір сүруге кетуі. БҰҰ-ның эксперттері эмигранттар қатарына бір мемлекеттен екінші мемлекетке бір жылдан ұзақ уақытқа кеткен адамдарды «эмигрант» санатына жатқызуға болатының айтады.

Эмиграцияның  себептеріне: экономикалық (жұмыссыздық, табыстың аз болуы, өмір сапасының төмендігі т.б.); әлеуметтік (қоныс аударатын аймақтың өмір сапасының жақсы болуы, сапалы білімге қол жетімділік, әлеуметтік статусының жоғарылауы т.б.); әскери-саяси (соғыстың болуы, қақтығыстар мен жаңа мемлекеттердің пайда болуы); этникалық (ұлттардың өз отанына қайта оралуы, этникалық дискриминация мен қақтығыстар т.б.); демографиялық (шетелдік азаматпен неке құру, отбасын қайта құру); экологиялық және географиялық (табиғи-климаттық жағдайдың нашарлығы, табиғи катаклизмалар, техногенді катастрофалар мен апаттар); діни және өзге де себептермен эмиграция жасауы мүмкін.

Заңсыз миграция – белгілі бір мемлекетке азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдіктердің қоныстанушы  мемлекеттің заңнамаларын бұза отырып шекараны кесіп өтуі.

Біз қашқындар  мен саяси баспана іздеушілер жайында ақпарат құралдары арқылы естіп-біліп жатамыз. Бұл екі ұғым өзара ұқсағанымен, мағынасында, қолдану  аясында айырмашылықтар бар. Мәселен, діни қысымның әсерінен, мемлекеттің  дискриминациясынан қашқан адаммен, бір бай немесе саяси тұлғаның өзге мемлекетке баспана сұрап барғаның алсақ, алғашқысының жағдайы әлдеқайда ауыр, қиын.  Бірақ, бұл ұғымға БҰҰ-ның берген нақты анықтамасы бар. 1951 жылғы қашқындардың статусы жөніңдегі Конвенцияда: «Қашқын дегеніміз – белгілі бір мемлекетте азаматтардың нәсіліне, діни наным-сеніміне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топқа мүше болуына немесе саяси көзқарасына байланысты мемлекеттен қауіп-қатер туған жағдайда, сол мемлекеттің жеке басының бостандығын қорғауынан бас тартуы немесе қаламауы» деп көрсетіледі.

Алғашқы рет  «Баспана институты» 1948 жылы «Адам  құқықтары» жөніңдегі  жалпыға ортақ декларацияда анықталды.  Сол кезден бастап ресми түрде адамдарға «қудаланудан пана іздеу» айтыла басталды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қашқындарды баспанамен қамтамаз етуге және баспана қағидаттарын сақтауға шақырды. 1967 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы баспана беруді гуманисттік және адамгершілік іс-әрекет екендігін атап көрсетіп, мемлекеттер бір мемлекеттің өзге мемлекеттің азаматына баспана беруіне қарамастан достық қарым қатынасын үзбеу керек деп кеңес беретін «Территориялдық баспана» атты Декларация қабылданды. Уақыт өте келе, бұл тек «Баспана институты» ретінде ғана емес, сонымен қатар, «қашқынды» келген мемлекеттің заңынан қорғау мақсатында жұмыс істей бастады [2].

Қалыптасқан тәжірибе бойынша «қашқындар» өздерінің  проблемаларын келесі үш бағыт бойынша  шеше алады: өз еркімен өз отанына  қайта оралу; баспана беруші мемлекетте қалып, сол жерге сіңісу; өзге мемлекетке көшу арқылы жаңа өмір бастау. Жиырмасыншы ғасырда  екінші, үшінші шешу жолдары басым болса, қазіргі уақытта қашқындардың проблемалары өз отанына қайтумен шешіліп жүргенін байқауға болады. Қазіргі заманғы бай мемлекеттер мен қоса кедей мемлекеттер өз жерінде көптеген «қашқын адамдардың армиясына» баспана беруді қаламайды.

Экологиялық  мигранттар – мемлекеттегі экологиялық апаттар мен табиғи ортаның бұзылуынан адамдарды мемлекет ішінде, өзге мемлекеттерге немесе шекараға қоныстандыру. Аталған амал әрекет аяқ астынан болуы мүмкін табиғи апаттар мен белгілі бір территориядағы   ұзақтан келе жатқан табиғи үдерістердің әсерінен болуы мүмкін (экологиялық мәселелер, елдің шөлденуі, жер деградациясы т.б.).

Еңбек миграциясы – адамдардың жұмыс істеу мақсатында мемлекет ішілік, мемлекет аралық көші-қонға қатысуы. Бүгінгі күндері әлемде жасалатын миграцияның басым көпшілігі еңбек миграциясы екендігі барлық адамдарға белгілі. Себебі, миграцияға түсетін әр адам өз әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартқысы келетіні дәлденіп отыр.                   

 Халықаралық  еңбек ұйымы өзінің шегінде  мигранттарды бірнеше топтарға  бөледі:

  1. Маусымдық жұмысшылар – белгілі бір уақытта өзінің отанынан тысқары мемлекетте жұмыс істейтін адамдар;
  2. Арнайы жобалардың аясында еңбектенуші мигранттар – белгілі бір жобаға мемлекеттің араласуымен келіп жұмыс істейтін адамдар;
  3. Арнайы шарт бойынша жұмыс істейтін мигранттар – мемлекеттің  өзінде жоқ кадрларға пайдаланылатын саясаты;
  4. Уақытша жұмыс істейтін мигранттар – өзге мемлекетке келіп жұмыс істейтін және өзінің қалауы бойынша жұмыс атқаратын еңбек күші;
  5. Жоғары квалификациялы кадрлар – өте жоғары квалификациялы мамандар (Бұл топ мемлекетке келгенде әлеуметтік жағдайлар жасалады (пәтер, жоғарғы жалақы, сапалы өмір), азаматтық берумен қатар, отбасы құруға да мүмкіншілік береді).
 

      Миграция  ерекше әлеуметтік феномен ретінде  әлеуметтік ғылымдардың зерттеу  объектісіне айналып отыр. Олардың  негізгі көзқарастарына, миграцияның  екершеліктеріне қысқаша тоқталып  өтсек.     

 Экономиканың неокласикалық теориясына  сәйкес халықаралық миграция мемлекеттер арасындағы экономикалық теңсіздік пен дамудың әр қилылығы және жалақының әр түрлі болуымен бағалайды. Осыдан жалақысы аз мемлекеттен жалақысы жоғары мемлекетке еңбек күші ағыла бастайды, бұл – еңбек нарығы. Еңбек күшін шығарушы мемлекеттің экономикасының өсуі жалақының диференциясының айырмасының төмендеуіне әкеледі. Яғни, экспортер мемлекет ендігі кезде импортер мемлекетке айналуы мүмкін. Неокласикалық теория бойынша еңбек күшін шығарушы мемлекетпен еңбек күшін қабылдаушы мемлекеттің жағдайы бір-бірімен тығыз байланысты.

Адам капиталының теориясы микроэкономикалық бағыт алады. Адам ресурсының дамуы өзіндік тұрғыда инвестиция екендігін түсіндіреді. Білім, ғылым мемлекетті алға жылжытушы күш екендігі белгілі. Сондықтан, теоретиктер сыртқы мемлекетке кететін адамды тек материалдық тұрғыдан ұтуды ғана қарастырмайды. Адамның өзге мемлекеттерге көшуі, оның психологиялық тұрғыдан өзгеретіні жайында жазады. Яғни, мигранттардың туған-туыстарынан кетуі, жора-жолдастарынан алыстауы, климаттық жағдайдың өзгеруі т.б. секілді факторлар адам психологиясына кері әсер беретіндігін айтады.

Жаңа экономикалық теориялар өзінің аясында   микро және макро экономикалық аспектілерін синтездеуге тырысады. Себебі, эмиграция жеке адамның шешімі ғана емес, сонымен қатар отбасының мәселесі, белгілі бір топпен ақылдаса отырып шешетін амал-әрекет деп қарастырады. Оған мемлекеттегі экономикалық жағдайдың да үлкен ықпалы бар. Себебі, миграция отбасылық жағдайды жақсартатын болса, онда миграцияға деген стимул күшейеді. Егер мемлекеттің экономикалық әлеуеті жоғары болса онда эмиграция азаяды. Мұндай жағдайда мемлекеттің ішкі нарығына инвестицияның көбейетіні анық.

Қоғамдық капитал теориясы бойынша акцентті бұрынғы реиммигрантарға қояды. Олардың жергілікті еңбек нарығына әсері қандай екендігін анықтайды. «Қоғамдық капитал» ретінде түрлі мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық институттар бола  алады. Яғни, олар  мигранттар арасында «делдал» болуы шарт. Ол әр түрлі бағыттағы жұмыс беруші, тапсырысты орындаушы институт болуы мүмкін.  Осы іс-әрекеттің барлығы потенциалды мигранттарға  жағдай жасау болып табылады.

Сегментелген еңбек нарығының теориясы (екі жақты) индустриялдық және постиндустриялдық мемлекеттердегі  халықаралық еңбек миграциясын  қалыпты жағдай деп түсіндіреді. Еңбек нарығының екі еселенуі де осы дамыған елдерде жүреді. Мәселен, мемлекеттің азаматтары жалақы жоғары бірінші салалы еңбек нарығында жұмыс атқарады. Ал, жалақысы төмен екінші деңгейлі еңбек нарығында  шетелдің еңбек күші жұмыс істейді. Мұндай үдерістер әлемдік деңгейдегі мегаполистерге тән құбылыс деп атауға болады. Сауд-Арабия, БАӘ, Малазия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада және т.б. мемлекеттер сапалы және екінші сортты жұмыс күшін белсенді пайдаланатын мемлекеттер болып саналады.

Технологиялық даму теориясын  жақтаушылар экономика мен демографияның дамуына мигранттардың берер үлесі орасан екендігін айтады. Келген иммигрант жергілікті халықпен бәсекеге түсіп бәсекелестікті күшейтеді, жалпы нарықтық бір бөлігі болады, мемлекеттің қойған салығын төлеп, мемлекеттегі көптеген нарық тұтынушыларының біріне айналатындығын ескертеді.       

Информация о работе Миграциялық үдерістер