Миграциялық үдерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 05:35, реферат

Описание

Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр. Миграциялық үдерістердің заңдылықтарын меңгеретін, миграцияға түрткі негізгі факторларды зерттейтін орта деңгейлі теория – миграция социологиясы қалыптасып, одан әрі дамып келеді.

Работа состоит из  1 файл

Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр.doc

— 316.00 Кб (Скачать документ)

6-кестеден көріп  тұрғанымыздай Қазақстандағы көшіп  – қону үдерісі, кері жағдайға  өзгерді. Қазіргі таңдағы тұрғылықты  орнын ауыстырушы мемлекетаралық иммиграцияның көлемі мен сипаты  әлемнің бірқатар елдерімен адам алмасу арқылы жүреді. 2000 жылы жақын шетелдерден Қазақстанға 31,6 мың адам келді, 117,4 мың адам кетті; ал 2005 жылы тиісінше 74,8 мың адам келіп, 52,14 мың адам кетті (6 кесте).

6 кесте -   1993 ж. және 2005 ж. Қазақстан Республикасындағы сыртқы миграция

  1993 жыл 2005 жыл
Келді Кетті Сальдо Келді Кетті Сальдо
Барлық  мигранттардың саны 461,4 683,5 -222,1 373,4 350,8 +22,7
Соның ішінде:            
Халықаралық миграция: 111,3 333,4 -222,1 74,8 51,14 +22,7
ТМД елдері 100,3 232,9 -132,6 65,8 40,7 25,1
ТМД елдерінен  тыс 11,0 333,4 -89,5 8,98 11,4 3,5
Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика  агенттігінің мәліметтері

Көші-қонның теріс  сальдосы орыстілді халықтың отандарына қайтуына байланысты сақталып отыр: украиндар – 6 мың адам; белорустар – 1,3 мың адам; орыстар – 46 мың адам кеткен.

Эмиграциялық  ағындарда екі негізгі бағыт  көзге түседі: Ресейдің шекаралас  облыстарына көшіп кету, ол жерлерде өмір сүру деңгейі жоғары, тезірек  үйренісуге болады және сол жақта қалған туыстармен байланыс орнату оңайырақ. Екінші бағыт Қазақстанның өндірістік аймақтарынан Ресейге, Украинаға, Белоруссияға көшу, бұл жұмыссыз қалған жұмысшы кадрлардың кетуімен және ол жерде туысқандардың бар болуымен байланысты болып отыр. Иммигранттар үшін де осы бағыттар басым мәнге ие болуда.

Соңғы 15 жылдың ішінде облыс ішіндегі және облыстар арасындағы халықтың көші-қонында үлкен  өзгерістер болды (7 кесте). Айталық, облыс  ішіндегі көші-қон 1991 жылғы 275,5 мың адамнан 1999 жылғы 94,8 мың адамға дейін  (яғни 2,9 есеге) азайды, облысаралық көші-қон тиісінше 155,8 мың адамнан 78,6 мың адамға (2 есеге) азайды.

7  кесте -  1991 — 2005 жылдардағы республика ішіндегі халықтың көші-қоны, адам

Жылдар Республикалық миграция соның ішінде:
Облыс аралық облыстар ішіндегі
1991 431262 155766 275496
1992 361356 136094 225262
1993 347652 134445 213207
1994 327323 131002 196231
1995 304959 123383 181576
1996 236957 97524 139433
1997 204569 81060 123509
1998 228610 96973 131637
1999 173416 78584 94832

7 — кестенің жалғасы

2000 184409 79104 105305
2002 268922 103881 165041
2005 317928 127474 190454
Ескерту – ҚР статистикалық агентінің  мәліметтірі бойынша автор жүйелеген

Соңғы жылдардың  ішінде халықтың облысаралық көші-қонында Астана мен Алматы қалалары, Ақмола және Маңғыстау облыстары елдің басқа аймақтарының есебінен көші-қонның оң сальдосына ие болып отыр. Астана қаласы негізінен төмендегідей аймақтардың есебінен – Ақмола облысы, Алматы қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстарынан жүрген көші-қонның оң сальдосына ие болып отыр. Ал, Алматы қаласы болса – тиісінше Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының есебінен ие болған. Облысаралық ауысулар негізінен аймақтың шеңберінде жүруде.

Біз жасалып  шығарылған болжамдау әдістемесін пайдалана отырып, ҚР көлемінде облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша, сондай-ақ тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы көлемінде  халықтың көші-қонының 2010 жылға дейінгі болжамын жасадық (жұмыста келтірілген).

Көрсетілген обьектілер бойынша халықтың көші-қонының динамикасы мен болжамын әрқилы болжамдық әдістерді қолданып, іздестіріп-зерттеудің нәтижелері келесі кестелерде келтірілген. Сәйкестікке (сапаға) және дәлдікке қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды есепке ала отырып, 8, 9 кестелерде келтірілген, сондай-ақ 3 суретте көрсетілген ҚР халқының көші-қон деңгейінің 2011 жылға дейінгі көрсеткіштерін болжамдаудың математикалық үлгілері  таңдалып алынды.

Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерінің болашағы.

Біздің пікірімізше, Қазақстан халқының эмиграциялық әлеуеті түгесілді. Сол себепті де келешекте бірте-бірте сыртқы көші-қонның оң сальдосының көбеюін күтуге болады, ол төмендегі себептерге байланысты болады:

— республиканың  оралмандарды елге қайтару бойынша мемлекеттік саясатының жалғасуы;

— өтпелі кезеңде  шетелге кеткендердің бір бөлігінің  кері қайту үдерісінің басталуымен (ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері  бойынша 1990—2003 жылдар аралағындағы сыртқы көші-қонның жиынтық теріс сальдосы 3 млн. адамнан асып кеткен);

— табиғи ресурстарға  бай жер аумағында халықтың тым  сирек қоныстануы кезіндегі республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси  жағдайдың тұрақты түрде жақсаруымен, мұның өзі көрші елдердің халқының елімізге еңбек миграциясы бойынша, ал соңынан тұрақты өмір сүруге рұқсат алу мақсатымен келуін ынталандырады.

2005 жылы сыртқы  көші-қонның оң сальдосы 1 промилледен  (15,1 мың адамнан) кем болмайды  деп болжамдаймыз. Біз алдағы  кезеңде осы сальдо әр жыл  сайын 0,05-0,1 промильдік пунктке  ұлғайып отарады деп есептейміз, мұның өзі 2050 жылы оның 3,25-5,5 промиллеге дейін өсуіне ықпал етеді (халықтың саны 25 млн. адам болған жағдайда бұл сыртқы көші-қонның 81,3-137,5 мың адам көлеміндегі сальдосын береді).

Отандық ғалымдардың  болжамдық есептері республика халқының саны әрбір бес жыл сайын 1 миллионнан астам адамға көбеюі мүмкін екендігін көрсетеді, соның нәтижесінде ол 2030 жылдың басында 19,8-20,9, ал 2050 жылы 23,5-26,8 миллион адамды құрайтын болады (10 кесте).  Ерлердің өлім-жітімінің жедел азаюының арқасында 2030 жылы 1000 әйелге 949-951, ал 2050 жылы 979-985 еркек адамнан келетін болады (соңғы жылдары бұл көрсеткіш 929 адам деңгейінде болып тұр).

10 кесте — 2005—2050 жылдардағы халық санының мақсаттық болжамының минимальды деңгейі және халықтың туылуының жалпы көрсеткіштері

  2005 2010 2015

17044,3

2020

18092,4

2025

18985,4

2030

19831,9

2040

21767,7

2050

23526,6

Жыл басындағы  халықтың саны, мың адам 15070,8 15959,3
Соның ішінде:                
еркектер 7252,1 7681,6 8223,3 8754,3 9212,9 9654,3 10682;7 11639,2
әйелдер 7818,7 8277,7 8821,0 9338,1 9772,5 10177,5 11085,0 11887,4
1000 әйелге  шаққандағы әйелдердің саны 928 928 932 937 943 949 964 979
Миграциялық

сальдо, мың адам

15,1 19,9 25,6 31,7 38,0 44,6 59,9 76.5
Соның ішінде:                
еркектер 7,3 9,6 12,3 15,3 18,4 21,7 29,4 37,8
әйелдер 7,8 10,3 13,2 16,3 19,5 22,9 30,5 38.6
Туылғандардың саны, мың адам 284,9 349,9 353,0 316,5 291,7 306,0 344,2 311,1
Соның ішінде:                
ұлдар 147,3 180,9 182,5 163,6 150,8 158,2 178,0 160,9
қыздар 137,6 169,0 170,5 152,9 140,9 147,8 166,3 150,3
Қайтыс  болғандардың саны, мың адам 154,6 160,4 159,2 157,6 162,6 172,5 205,0 245,8
Соның ішінде:                
еркектер 86,3 86,8 84,2 81,7 82,6 86,3 100,1 121,0
әйелдер 68,3 73,6 75,0 75,9 80,0 86,2 104,9 124,8
Табиғи  өсім, мың адам 130,3 189,5 193,9 158,8 129,0 133,5 139,2 65,3
Соның ішінде:                

10 кестенің жалғасы

еркектер 61,0 94,1 98,3 81,9 68,2 71,9 77,9 39,9
әйелдер 69,3 95,4 95,6 76,9 60,9 61,6 61,3 25,5
Халықтың  орташа жылдық санының 1000 адамға шаққандағы коэффициенті
миграциялық 1,0 1,2 1,5 1,7 2,0 2,2 2,7 3,2
туылу 18,8 21,8 20,6 17,4 15,3 15,4 15,7 13,2
қайтыс  болу 10,2 10,0 9,3 8,7 8,5 8,7 9,4 10,4
табиғи 8,6 11,8 11,3 8,7 6,8 6,7 6,4 2,8
өсім                
Барлық  өсім 9,6 13,0 12,8 10,5 8,8 8,9 9,1 6,0
Ескерту – ҚР статистикалық агентінің  мәліметтірі бойынша автор жүйелеген

2006 жылдың өзінде  туылғандардың саны 300 мың адамнан  асып кетеді және іс жүзінде  болжамданып отырған кезеңнің  өнбойында осы деңгейден артық  болып тұрады. Оның үстіне, бұл  көрсеткіш бір минимумға (2025 жылы — 291,7-315,7 жаңадан туылғандар) және екі максимумға (2015 жылы — 353,0-378,5 мың және 2040 жылы — 344,2-402,6 мың жаңадан туылғандар) ие болады. Соған сәйкес, туылудың жалпы коэффициенті де 2025 жылы ең аз мәнге (15,3-15,9) және 2 максимальды мәнге (2010 жылы — 21,8-23,1 және 2035 жылы — 16,0-17,0 промилле) мәнге ие болады.

Информация о работе Миграциялық үдерістер