Миграциялық үдерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 05:35, реферат

Описание

Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр. Миграциялық үдерістердің заңдылықтарын меңгеретін, миграцияға түрткі негізгі факторларды зерттейтін орта деңгейлі теория – миграция социологиясы қалыптасып, одан әрі дамып келеді.

Работа состоит из  1 файл

Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр.doc

— 316.00 Кб (Скачать документ)

Осылайша, еңбек  мигранттары санының өсуіне көптеген әрқилы және өзара шартталған факторлар әсер етеді. Осы факторлардың өзара әрекеттесуінің механизмдерін және олардың еңбек нарығына, сондай-ақ тұтастай алғанда экономикаға әсерін білу көші-қон саясатының стратегиясын жасап шығуда аса үлкен маңызға ие.

Еңбек ресурстары қозғалысының әлеуметтік-экономикалық бет алыстары.

Ғаламдық БЕН-ның  қалыптасуында төмендегідей қатысушылар  белсенді рөл атқарды: іс-жүзінде  осы нарықтың құрылуының бастамашысы  болған трансұлттық корпорациялар (ТҰК); біліктілігі жоғары қызметкерлерді тартуда бір-бірімен бәсекелескен ұлттық мемлекеттер; білім беру және біліктілік стандарттарын бірыңғайлауды жүргізіп отырған мемлекеттердің аймақтық бірлестіктері; халықаралық келісімдер мен ұйымдар, мысалы, соңғы уақыттары белсенділігі күшейіп бара жатқан БСҰ. БҰҰ, ХҚҚҰ, ХЕҰ сияқты ұйымдар ХВҚ, ХБ даму агенттері және басқалары ғаламдық БЕН-ның әрекетінің теріс салдарларын жоюға және оның беріп отыған артықшылықтарын пайдалануға жәрдемдесетін әрқилы бағдарламалар жасалуда. Соңғы кездері осы нарыққа шығу және өз ұлттық даму мақсаттары үшін ең үлкен артықшылықтарды алу стратегиясын жасап жатқан білікті жұмыс күшін экспорттаушы елдер белсенді рөл атқара бастады.

3 – суреттен  көріп тұрғанымыздай, барлық факторлар  еңбек нарқының жаһандануындағы  өзгеріске әсерін тигізеді.

Оның үстіне, қуатты адам ағындары жолындағы ұлттық құқықтық тәртіптің және халықаралық  нормалардың шектеулері мен тыйымдары  түріндегі кедергілерді жеңуге мүмкіндік  беретін, шығу және келу елдерін байланыстыратын  мигранттардың әлеуметтік тораптары қалыптасты.

БЕН қалыптастырудағы БСҰ-ның рөлі оның білікті мигранттардың  қоныс ауыстыруларын реттеуде келешекте  ең тиімді болуы мүмкін әдістерді  көрсетуінде болып отыр. БСҰ-ның  ағымдағы раундында қызмет көрсетудің төртінші әдісі деп аталатынды қарауы ғаламдық еңбек нарығы шеңберінде халықаралық жылжымалылықты көбейту бағытындағы аса сенімді, бірақ шектелген қадам болып отыр. Қызмет көрсетудің бұл түрін БСҰ келісімнің қатысушысы болған қандай да бір елдің қызмет ұсынушысының сол елдің жеке тұлғаларының келісімнің қатысушысы болған басқа бір елдің аумағында коммерциялық қатысуы арқылы қызмет көрсетуі ретінде анықталады («жеке тұлғалардың орын ауыстыруы»). Қызмет көрсететін кез келген тұлға «қызмет ұсынушы» деп есептелетіндіктен, мұндай жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші дербес кәсіпкерлерді де, қызмет ұсынушы компаниялардың қызметкерлерін де жатқызуға болады. БСҰ «жеке қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын ауыстырулары»] үшін қолайлырақ жағдайларды жасауды жоспарлап отыр. Басқа үш әдісіне енетіндер: І режим – «халықаралық жеткізулер» (қызмет импорты); ІІ режим – «шетелдегі тұтыну» (туризм және шетелде оқу); ІІІ режим – «коммерциялық қатысу» (шетелдік бөлімшелер арқылы қызмет көрсету). Қызмет көрсету саудасының 25 % жуығы «халықаралық жеткізулерге»; 20 %  — «шетелдегі тұтынуға»; 50 %  — «коммерциялық қатысуға» тиесілі болады. «Қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын ауыстыруларына» (ІV режим) қызмет көрсету саудасының 1 %-дан сәл артығырағы тиесілі болады.  Бірқатар жағдайларда бір қызмет түрін көрсету жеткізудің әрқилы әдістерімен ізбе-із  жүзеге асырылуы мүмкін. Айталық, тіпті бір контрактінің шеңберіндегі консультациялық қызмет көрсету алдымен трансшекаралық түрде, кейін – консультанттың тапсырыс берушіге баруы, ең соңында – тапсырыс берушінің консультантқа баруы түрінде жүзеге асуы мүмкін.

Тұтастай алғанда, шетелдік білікті жұмыс күшін  тарту үшін үкіметтер пайдаланатын мына механизмдерді бөліп көрсетуге  болады:

  1. жоғары білікті мигрантарды тарту үшін пайдаланылатын Германиядағы «жасыл карталар» және АҚШ-тағы Н-1В, Н-1С визалары тәрізді арнайы схемалар; Канада мен Австралияның жоғары білікті жұмысшылардың уақытша және тұрақты миграциясы бағдарламалары; Ұлыбританияның жоғары білікті мигрантарға арналған бағдарламасы.
  2. шетел жұмысшыларының еңбек нарығына тез енуін қамтамасыз ету мақсатында жұмысқа рұқсат алу процедурасын қарапайымдау немесе одан толық азат ету.
  3. Табысы жоғары шетел жұмысшыларына салынатын салықтың салмағын жеңілдету үшін жасалған салықтық ынталандырулар (мысалы, Скандинавия елдерінде). Жоғары білікті жұмысшыларды және шетелдік қаржы салымдарын тарту үшін қолданылатын дербес салықтық ынталандырулар көптеген елдерде бірнеше жылдардан бері бар (Дания, Голландия).
  4. Бұрын елде жұмыс істеп кеткен жоғары білікті эмигранттардың елге қайтуын қолдау (мысалы, Ирландия).

Кесте 2 – Шет  елдегі көшіп-қонуды реттеудің тәсілдері.

Елдер Реттеудің тәсілдері Реттеудің нәтижесі
Германия «Жасыл карта» Білікті мамандардың  келуін жоғарлату
АҚШ Н – 1В, Н-1С визалары Шектелген келулер
Канада

Австралия

Уақытша және тұрақты  көшіп-қону бағдарламасы Таңдау жоғары кәсіпті жұмысшылар жағында
Ұлыбритания Жеңілдетілген немесе босатылған процедурасы бойынша  жұмысқа орналасу Тек қана жоғары кәсіпті мамандар үшін
Скандинавиялық  елдер Салық қызықтырулары Салық мөлшерлерінің  азаюы
Дания

Голландия

Жекелеген табыстың жоғары өсуі Бірнеше мамандықтарды  таңдауы
Ирландия Келушілерді марапаттау Табыстың экономикалық өсуі
Қытай «Сыртқа кету»  стратегиясы Шетелге оқуға  қызықтырулар
Жапония Елдің ішінде оқыту Көшіп-қонудағы тұрақтылық
Қазақстан Оралмандарды  тарту Жоғары мамандарды елге шақыру және оралмандарды елге қайтару
Ескерту – іздену материалдары нәтижесінде  автор дайындаған

Мемлекет көші-қонды реттеудің көптеген функцияларын мемлекеттен жоғары тұрған органдарға бере отырып, әлеуметтік маңызды салалардың үздіксіз жұмыс істеп тұруын және ел экономикасының бәсекелестік қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мигрантарды тартуды шешу мәселесін өзіне қалдырады. Мұндай мәселелерді жіктеп шешу батыс елдерінің таза прагматикалық мүдделерін паш етіп, жалпы иммиграциялық ағыннан ең қажетті кадрларды таңдап алу арқылы барынша көп пайда табуға ұмтылуын көрсетеді.

Ұлттық саясат пен аймақтық келісімдердің компанияларға қажетті көш-қондық қозғалыстарды қамтамасыз етуді тек қана «жеңілдетуші» екенін ерекше атап өту керек. Түптеп келгенде жоғары білікті мамандардың ағындарын  тікелей компаниялар басқарып отырады себебі, оларға деген қажеттілікті нарықтық мұқтаждықтар талап етеді.

БЕН қалыптасуында білікті еңбекшілерді экспорттаушы елдер бұрынғыға қарағанда белсенді рөл атқара бастады. Бұл елдер осы нарыққа шығудың және ұлттық даму мақсатында онда ең үлкен артықшылықтарды алудың стратегиясын жасап шығуда. Айталық, мысалы Қытай 2000 жылдың көктемінде «сыртқа бару» ұранын алға шығарған жаңа сыртқы экономикалық стратегияны жариялады. Қытайлар бұл стратегия елдің халықаралық еңбек нарығындағы позициясының едәуір кеңеюін қамтамасыз етуі тиіс дейді. ҚХР өз елінің үлесіне жер шарындағы жұмыс істеуші адамдардың үштен бірі келетінін, әйтсе де әлемдік еңбек нарығының 2-3 % ғана оған тиесілі екендігін назарға алып отыр. Соған сәйкес Пекинде әлемдік еңбек нарығының шамамен 10 % жаулап алу міндеті алға жиі қойылып отыр]. ҚХР-дағы ғылыми-техникалық кадрлардың (ҒТК) саны АҚШ, Жапония, ЕО, Ресей елдерінің бәрін қоса алғандағыдай болады. Бірақ бұл кадрлардың сапасы біршама төмен деңгейде. Айталық, Лозанна халықаралық менеджмент мектебінің халықаралық бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі баяндамасына (2000) сәйкес ҚХР «білікті инженерлердің жарамдылығы» көрсеткіші бойынша ең соңғы, ал «білікті ақпаратық технологтардың жарамдылығы» көрсеткіші бойынша соңғының алдындағы орынды иеленді.

Сонымен, жоғары білікті жұмыскерлердің ғаламдық нарығы барлық шекараларды жойып отыр, ал бірыңғайландырылған дипломдардың иелері осы нарықтың, өз білімдері мен дағдыларын ең тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндігі бар, белсенді қатысушыларына айналды.

Ғаламдық еңбек  нарығының қалыптасуы шетелдік жұмыс күшін төмендегідей түрде жүзеге асатын экспорттау және импорттау арқылы көрініс тапты:

— білікті жұмысшы  мигранттардың орын ауыстырулары;

— студенттерді шетелде оқыту және кейін оларды оқыған елдерінде немесе басқа елдерде  жұмысқа орналастыру;

— білікті жұмысшылардың  білімдерін оларды орын ауыстырмай-ақ пайдалану.

Мемлекеттің эмиграциялық саясатының негізі — жұмыс күшінің  елден шығуын; шетелде болуын; отанына  қайтуын — қамтитын эмиграциялық циклдың үш фазасын реттеу болып  табылады. Іс жүзінде бұндай реттеу төмендегі ұстанымдарды сақтаудан тұрады:

— жұмысшылардың  қозғалыс еркіндігі мен жұмысқа  орналасу құқығын қамтамасыз ету;

— миграттандың отанына қайтуына кепілдік беру;

— еңбекші мигранттардың  валюталық ақша аударымдарының елге келуін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

— мамандықтарына сұраныс жоқ жұмысшыларды шетелге  жіберу арқылы жұмыссыздықты азайтуды қолдау;

— экономиканың жұмыс күшіне деген сұранысы қанағаттандырылмаған секторларында жұмыс істейтіндердің елден кетуін шектеу;

— халық шаруашылығын дамытуға қажетті мамандықтарды шетелде игерген репатрианттарды қабылдау арқылы ішкі еңбек нарығын жетілдіру;

— еңбекші эмигранттарға  әлеуметтік кепілдіктер беру.

Қазіргі таңда  тұрғындардың халықаралық көші-қоны аса ауқымды болып кетті, бұның өзі, ең алдымен, дамыған елдердің алдына күрделі және көптарапты мәселелердің кешінін қойды. Көші-қонды реттеуші биліктің елге қажет емес иммигранттардың алдына өте алмастай тосқауыл қоюға және ірі өзге этникалық қауымдардың қабылдаушы қоғамға тиімді кірігуін қамтамасыз етуге қабілетсіз болуы, көші-қон саясатының жаңа әдіс-тәсілдері  мен жаңа құралдарын іздеудің қажеттігін көрсетіп отыр.

Дамудың қозғаушы күші ретіндегі диаспоралардың белсенділігі тұтастай алғанда — отанында қалған туыстарының, байланыстарының болуы, оларға қаржылай және басқаша көмек көрсетуге ұмтылу, макроэкономикалық жағдайлар, мигранттардың отанында қаржы салушылық және басқа да мүмкіндіктердің болуы (немесе болмауы) сияқты бірқатар факторларға байланысты болады. Оның үстіне, нарықтық инфрақұрылымның институтционалдық дамуының белгілі бір деңгейде болуы талап етіледі, оған әлі бірқатар елдер жеткен жоқ. Инвестициялық климаты нашар, фискалдық тәртібі әлсіз және басқаруында қателіктер жіберілетін елдер диаспораның тарапынан болатын қаржы салымдарының шектелуіне ұшырайды.

Әдетте, диаспора мен мигранттардың отанындағы экономиканың дамуы арасындағы байланыс төмендегідей формада жүзеге асады:

— мигранттардың  ақшалай аударымдары;

— отанда қалған қауымдарды дамыту үшін ұжымдық ақша аударымдары;

— диаспораның көмегімен іскерлік байланыстарды жолға қою;

— диаспораға арналған қаржы салу құралдарын жасау;

— ілім-білімді  беру, «милардың айналымы» немесе «ми тресі» деп аталатынға қатысу.

Өздері шыққан елдің дамуына мигранттардың  қатысуының алғашқы екі түрін (тікелей түрі — отбасына көмектесуге жіберілген ақша аударымдарының шағын бизнеске салынуы және жанама түрі — мигранттың туысқандары ақша аударымдарын өздерінің тауарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктерін өтеуге жұмсаған кездегі болатын мультипликациялық әсер арқылы жүзеге асады) олардың бәрі жүзеге асырса, соңғы үш түрі тек білікті және әсіресе жоғары білікті мигранттардың үлесіне тиеді.

Мигранттардың санының көбеюі оларға жаңа сапалық  сипат береді, өздері шыққан елдердің ғаламдасу үдерісінің шеңберіне енуіне көмектесуші байланыстырушы буынға айналдырады. Соның ішінде иммиграция сыртқы сауданы жандандырады. Батыс ғалымдарының мәліметтеріне сәйкес, мысалы, АҚШ-тағы иммигранттардың санының 10%-ға өсуі экспортты 4,7%-ке, импортты – 8,3%-ке ұлғайтады.

Этникалық кәсіпкер-мигранттар, әдетте, нарықта төрт қуыстықты табады. Біз осы жіктемелеумен көп жағынан келісе отырып, оның қосымша белгісі ретінде этникалық кәсіпкердің миграцияның түріне қарым-қатынасын пайдалануды мүмкін деп есептейміз. Осы факторды есепке алу этникалық кәсіпкерлердің нарықтағы мамандануын ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ этникалық мигранттардың іскерлік әлеуеттерінің жүзеге асу ерекшеліктерін және келешек дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Бірінші қуыстық  — ретті емес, көп жағдайда кездейсоқтық сипаттағы эпизодтық миграцияның негізінде этникалық мигранттар қауымының ішкі қажеттіліктері үшін этникалық тұтыну тауарларын жеткізу, өндіру және сату.

Екінші қуыстық  – этникалық тауарларды тұрғылықты халыққа жеткізіп берумен байланысты болады, ол қоржын сауданың немесе маятниктік көші-қонның негізінде жергілікті нарыққа «экзотикалық» тауарларды ұсыну болып табылады. Көп жағдайда бұл айқын байқалатын моноэтникалық сипатқа ие тұтастай монополияландырылған нарықтар болып табылады.

Үшінші қуыстық – тұрғылықты мекенжайға көшіп-қону кезінде тұтынушыға қажетті әрқилы түрдегі қызметтерді қанағаттандыру.

Төртінші қуыстық  – нашар қорғалған және тұрақсыз нарықтарды толтыру, сондай-ақ экономиканың абыройлы емес, байырғы тұрғындардың көп жағдайда тастап кететін   салаларында жұмыс істеу. Бұл жағдайда мигрант кәсіпкерлердің арасында маусымдық және мәжбүри мигранттар басым болады.

Информация о работе Миграциялық үдерістер