Миграциялық үдерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 05:35, реферат

Описание

Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр. Миграциялық үдерістердің заңдылықтарын меңгеретін, миграцияға түрткі негізгі факторларды зерттейтін орта деңгейлі теория – миграция социологиясы қалыптасып, одан әрі дамып келеді.

Работа состоит из  1 файл

Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр.doc

— 316.00 Кб (Скачать документ)

Қайтыс болғандардың саны 2030 жылғы 161,2-172,5 мың адамнан 2050 жылғы 241,0-241,8 мың адамға дейін бірте-бірте  көбейетін болады. Қайтыс болудың  жалпы коэффициенті бұл кезеңде 2025 жылғы 7,6-8,5 промиллеге дейін тұрақты түрде азайып отырады, ал одан әрі қарай 2050 жылы 8,9-10,4 шамаға дейін өседі. Халықтың өлім-жітімі үнемі азайып отырады деген болжамға қарамастан, осындай толқулардың себебі — халықтың жыныстық-жастық құрылымындағы демографиялық толқындарға байланысты болып отыр.

Осындай болжамдардың нәтижесінде анықталған халықтың жас  құрылымын талдау 2005 жылы 65 жастағы  және одан үлкендердің үлесі 7,7%-ға дейін  көбейетіндігін көрсетеді, кейінірек 2010—2015 жылдары бұл шама 7,2%-ға дейін азаяды. Одан арғы кезеңдерде халықтың «қартаюы» үдерісі барынша айқын байқалатын болады, соның салдарынан 20-30 жылы жасы ұлғайған адамдардың үлесі 11,1-11,3%, ал 2050 жылы — 14,7-15,0%-ға дейін көбейетін болады.

Қазақстан  республикасындағы  көші-қон  үдерістерін басқаруды  жетілдіру.

Көші-қонға мемлекеттің  ықпал ету әдістері тікелей де, жанама да болуы мүмкін. Әлемдік  іс-тәжірибе қатаң, директивалық іс-шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр, керісінше, жанама, үкімет тарапынан түзетуші ықпал жасаудың артықшылығы көп. Әлемдік қауымдастық, ең алдымен, халықаралық ұйымдардың құжаттарында бекітілген белгілі бір құқықтық нормалар мен стандарттарды сақтап отыруды қажетті және мақсатқа сай деп мойындап отыр. Айталық, еңбектік көші-қон үдерісін реттеуші халықаралық конвенцияны бекіту кезінде елдер халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңнамадан басымдығын мойындайды. Бұл елдер үшін де, сондай-ақ шетелде құқықтары едәуір көбеятін мигранттар үшін де едәуір маңызға ие. Егер жұмысшы күшін қабылдаушы ел негізінен мигранттардың елге келуі мен оларды пайдалану үшін жауапкершілікті болса, ал жұмысшы күшін шетке жіберуші елдер шетке кетуді реттеу және өздерінің азаматтары болған шетелге кеткен мигранттардың мүдделерін қорғау мәселесімен айналысуы тиіс.

Информация о работе Миграциялық үдерістер