Миграциялық үдерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 05:35, реферат

Описание

Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр. Миграциялық үдерістердің заңдылықтарын меңгеретін, миграцияға түрткі негізгі факторларды зерттейтін орта деңгейлі теория – миграция социологиясы қалыптасып, одан әрі дамып келеді.

Работа состоит из  1 файл

Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр.doc

— 316.00 Кб (Скачать документ)

Pull-Push теориясының (тарту және итеру) өкілдері әр потенциалды мигрантты мемлекеттен итеріп тұратын күш болатынын және дамыған мемлекеттердің өзінің мигрантқа жасалынған жағдайымен мигрантты тартып тұратынын зерттейді (миграцияға мемлекеттің экономикалық даму деңгейі, халықтың өмір сүру сапасы, таланттарға жасалынған жағдайдың болу-болмауы т.б. секілді факторлар әсер етеді). Жаратылыстан берілген бостандық, еркіндік деген құндылықтарды мигранттардың пайдалана алатындығын, олардың қайда және қалай жұмыс істейтіндігін жеке адамның өзі анықтайтынын теория өкілдері мойындайды [3].

Осылайша, замануаи қатынастарда миграция үдерістері адам және азаматтар өмірі үшін өте  маңызды мәселе болып табылады. Бұл түсінікке отандық және шетелдік әлеуметтік ғылымдарда баса назар аудара отырып, халықаралық саяси және қоғамдық мәселерде орнын анықтап-ажырата білу қажет. Мигранттар мәселесі  қоғамды тұтасымен өзгерте алатын жағдай болғандықтан оған мемлекетті басқару, мемлекеттік реттеу, қоғамды дамыту істерінде басты назарда ұстаған жөн.

Халық миграциясы қоғамдық өндірістік қатынастардың  халықтың қозғалысымен байланысты белгілі  бір тарапы болып табылады. Өндірістік күштердің дамуы халықтың миграциялық  қозғалысының ең басты, ең терең себебі болып табылады: өндірістік күштердің дамуы деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, әлеуметтік өзара байланыстары мен өз ара қатынастарының деңгейі соғұрлым жоғары. Оның үстіне әңгіме өндірістік күштер жөнінде болғанда, бұл өз ара қатынастар еңбек бөлінісі саласындағы өндірістік қатынастар болып табылады. Өндірістік күштердің дамуымен халықтың кәсіби және аумақтық жылжымалылығының өсуіне негізделіп қоғамдық еңбектің өнімділігін көтеретін өндірістің және көліктің, коммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың құралдары жасалады. Адамдардың мұндай күрделеніп, тармақталып бара жатқан қарым-қатынастарының сипаты қол жеткен еңбек бөлінісі деңгейінен келіп шығады. 

Біз халықтың миграциясын  еңбек бөлінісінің ең алдымен  өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін  талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік.

Әрқилы аумақтар бойынша адамдардың қозғалу процесі  түріндегі көші-қон процесі өндіріс факторларының орын ауысуы теориясымен тығыз байланысты болады, сол себепті де, уақыт бойынша ресурстардың өзгеруі шеңберінде адам капиталының қозғалыстарының себептерін талдаудың қарапайым үлгісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Әлеуметтік категория ретінде көші-қон сандық мәліметтерді бақылап отыру және адамдардың кеңістік пен уақыт бойынша қозғалыс үрдістері дегенді ғана білдіреді. Экономикалық құбылыс ретінде адамдардың орын ауыстыруын талдау осындай қозғалыстардың салдарын талдауда үлкен мәнге ие болады. Бұндай салдарлар кейде аса үлкен болады, соған сәйкес қазіргі заманғы геоэкономикалық кеңістікте еңбек ресурстарының орын ауыстыруларына көп санды шектеулер қойылады — барлық елдер дерлік иммиграцияға шектеулер қояды, олар миграцияны капиталдың ауысуы түріндегі экономикалық процесс ретінде қарастырады, өздерінің қарамағындағы ең өнімді ресурс ретінде қарайды, себебі, экономист-ғалымдар басқа кез келген ресурстар тек адамдардың көмегімен пайдаланылуы мүмкін екенін әлдеқашан дәлелдеп шыққан. Адамдарсыз, олардың өндірістік процестерге қатысуынсыз табиғи ресурстар да, заттанған капитал да (негізгі қорлар) және көптеген технологиялық процестер де іске аспай қалады, яғни ресурстардың басқа түрлерінің тиімді пайдаланылуы адам еңбегінің сапасына, санына және тиімділігіне тәуелді болады, дегенмен, егер адам капиталы жетіспейтін болса, капиталдың басқа түрлерін жоғары деңгейде тиімді пайдалану мүмкін болмай қалады. Бұл ереже геоэкономикалық кеңістіктегі капиталдың қозғалысын бағалаудың қажеттігімен қоса алғанда адам ресурстарының саны мен сапасының өзгеруін бағалаудың және оның әрбір мемлекеттің болашағына тигізетін салдарын бағалаудың әдісі ретінде көші-қонды экономикалық тұрғыдан талдаудың қажеттігін туғызады. Бұл жағдайда экономика ғылымдарының обьективтік заңдылықтары бойынша Жер (Т) мен еңбек (L) шектеулі мөлшердегі бірден-бір ресурстардың түрлері болып табылады. Сонымен қандайда бір ел басқа жағдайлардың бәрі тең болғанда қандайда бір өнімнің түрін өзінде жоғарыда аталып өтілген ресурстар жеткілікті болған жағдайда ғана өндіре алады деп болжамдалады. Бір жағынан осы факторлардың бар болуы және сол экономикадағы өнімді өндірудің ара қатынасы елдің өндірістік функциясы [Q (T, L)] деп аталады, оның шамасы 1 суретте көрсетілгендей түрде ғана өзгереді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Енді жұмысшы  күші кез келген капиталдың ауысуы принципіне сәйкес елдер арасында қозғала  алады деп болжамдайық. Мұндай қозғалыстар  бір елдегі жұмысшы күші санын  азайтады, соған орай ондағы шынайы еңбекақының көлемін көбейтеді, жұмыссыздықты азайтады, яғни еңбек нарығындағы бәсекелестікті күшейтеді, бірақ сонымен бір мезетте ұлттық экономиканың орындалу мүмкіндігін, оның өндірістік және шекті өнімін күрт азайтып жібереді. Сонымен бір мезгілде басқа елдерде адамдардың, яғни жұмысшы күшінің қозғалысына кедергілер болмаған жағдайда шынайы еңбекақы, халықтың табысы азаяды, бірақ өнімнің саны көбейеді, соның салдарынан нарық экономикасы жағдайындағы ұсыныстың өсуінің нәтижесінде оң өзгерістер болады (баға төмендейді, өнімнің сапасы жоғарылайды, жаңа тауарлар қызу іздестіріле бастайды және т.б.).

Қазіргі заманғы  ғылым халықтың қозғалысының негізгі  үш түрін бөліп көрсетеді:

— табиғи қозғалысы (туылу мен қайтыс болу динамикасы);

— кеңістіктегі қозғалысы (көші-қондық);

— әлеуметтік қозғалысы (адамдардың қоғамының әлеуметтік — экономикалық құрылымындағы жағдайының өзгеруі).

Қозғалыстың әлеуметтік түрі әлеуметтік жылжымалылықпен, яғни әлеуметтік мәртебесінің өзгеруімен теңдестіріледі. Туылу мен қайтыс болу үдерістері негізінде адам ұрпақтарының ізбе-із ауысып отыруы, олардың табиғи қозғалысы ретінде қаралады. Табиғи және әлеуметтік қозғалыстардан көші-қондық қозғалыстың ерекшелігі, ол халықтың тұрғылықты орнын біржолата немесе азырақ не көбірек уақытқа өзгертуіне байланысты кеңістіктік орын ауыстыруы болып табылады. Халықтың қозғалысының осы әрқилы түрлері өзара байланысты және өзара тәуелді болып келеді, сол себепті де халықтың қозғалысы бірегей тұтас қозғалыс ретінде қаралады.

Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге  әкеліп соқты. халықтың көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі позицияларға топтастыруға болады:

— халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;

— халықтың аумақтық қайта бөлістірілуінің формасы;

— халықтың жылжымалылығының формасы;

— халықтың әлеуметтік сипаттамасын қоса алғандағы оның аумақтық қозғалысының формасы.

Біздің пікірімізше, көші-қонды халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы ретінде анықтау зерттеу еңбектері үшін ең ыңғайлысы болып табылады. алайда, Ғылыми еңбектерде адамдардың қанша уақытқа орын ауыстырғандары және осы кездердегі олардың көздеген мақсаттары жөнінде едәуір алшақтықтар бар. Сол себепті де халықтың көші-қонының тар және кең түсіндірулерінің қажеттігі туындады. Алғашқы жағдайда халықтың көші-қоны тұрақты өмір сүру орынын ауыстырумен аяқталатын   халықтың аумақтық орын ауыстыруларының түрі ретінде көрініс табады, ал кең түсіндірілгенде — маусымдық, маятниктік және эпизодтық сипаттағы түрлері де енетін аумақтық орын ауыстыруларының жалпы жиынтығы болады.

Көші-қонның қарама-қайшылықсыз  және әмбебап теориясын жасау, қандайда бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады. ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері, әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті жоқтығы назарға алынады.

1      кесте -  Ғалымдардың көші-қонға қазіргі заман тұрғысынан көзқарастары

Көші-қонның себептері Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері
Көшіріп-қоныстандырудан  түсетін экономикалық тиімділіктерді іздестіру Білімі мен  біліктілік деңгейі жоғары азаматтардың кетуінен келетін шығындар
«Пайдалы» қызметтерді іздестіру Елдердің арасында өндіріс факторларын қайта бөлісуден  келетін шығындар
Психологиялық факторлар Қоғамдағы жағдайдың  тұрақсыздануы
Тілге байланысты кедергілер Әлеуметтік  желілер мен делдалдардың арасындағы тепе-теңдіктердің жойылуы, қоғамдағы  тұрақсыздық
Әлеуметтік  көмекті пайдалану мүмкіндігінің  болмауы Жұмыссыздықтың көбеюі, эмиграцияның ұлғаюы, қоғамдық  құрылымдар үшін өндіріс факторлары ретіндегі адамдардың азаюы
Ескерту  — автордың өзі дайындаған

Екі қажеттіліктер  тобы көші-қондық үдерістерді туындатушы көздер болып табылады:

1)                 өндірістің дамуының экономикалық заңдылықтары (объективтік факторлар);

2)                 қоныс аударушы еңбек ресурстарының мүдделерін көрсететін материалдық және рухани қажеттіліктер (субъективтік факторлар).

Көші-қонға қатысты  алғанда халық факторы ерекше үйлесімінің және өзара әсерінің арқасында халықтың әрқилы аумақтық орын ауыстыруларына әкеліп соғатын жағдаяттар мен шарттрдың қандай да бір жиынтығы ретінде қаралады. Факторлардың, халықтың өмір сүру жағдаяттарын құрайтын объективтік компоненттердің аумақтық ерекшеліктерін, сондай-ақ, құрылымдық факторларды есепке алатын әр түрлі жіктемелері бар (2 сурет).

Көші-қон факторларын  жіктемелеу сияқты, оның құрылымының  құрам бөліктерін топтастыру да әмбебеап сипатқа ие емес екендігін атап өту  керек. Кейбір зерттеушілер факторлардың екі: экономикалық және әлеуметтік топтарын бөліп көрсетеді, басқалары экономикалық факторларға табиғи-климаттық, этникалық, демографиялық, моралдық-психологиялық факторларды қоса отырып, бес тобын көрсетеді.

Көші-қон факторларының  бір-бірінен түбегейлі ажыратылып тұруы, оның табиғатына да қатысты, соның салдарынан көші-қон үдерістерін тиімділеу үшін қандайда бір факторларды пайдаланудың мүмкіндігі әр тарапты, қарама-қайшылықты болып келеді. Айталық, табиғи-климаттық факторлар көші-қонды реттеу тұрғысынан алғанда іс-жүзінде басқаруға келмейді. Демографиялық, этникалық, моралдық-психологиялық факторларды тек жанама түрде ғана басқаруға болады. Нарықтық қатынастар жағдайында көші-қонның этникалық, әлеуметтік, әкімшілік факторлары тікелей ретеудің объектісі болуы мүмкін.

2 сурет — Халық көші-қонының жалпы факторлары

Сонымен бір  мезетте, білікті кадрлардың халықаралық  миграциясы өседі деп болжамдауға  толық негіз бар, олардың ағындарының  сандық мөлшерінің біршама дәл шамасын  болжамдау қиын және осы санаттағы жұмысшылардың халықаралық еңбек көші-қонының белгілі бір моделдерін құру да қиын. Бұл білікті кадрлардың халықаралық көші-қонының едәуір дәрежеде трансұлттық корпорацияларға (ТҰК) және олардың, жұмыс күші ағындарының ғаламдасуына ықпал ететін, өз ішкі еңбек нарығындағы корпоративтік стратегиясынан тәуелді болатындығымен түсіндіріледі. Жаңа ақпараттық технологиялар белгілі бір салаларды толықтай шетелге көшірудің шынайы мүмкіндіктерін жасап, шетелдік мамандардың интеллектуальдық және басқа да қабілеттерін, еңбек дағдыларын оларды физикалық орын ауыстырмай-ақ пайдалануға мүмкіндік береді, бұның өзі мамандардың көшіп-қону қажеттілігін біршама азайтады. Сонымен қатар, ТҰК индустриалды дамыған әлемнің орталағында жоғары білікті еңбекті қажет етумен қатар, сондай-ақ шет аймақтарда нашар дамыған елдерде де осындай еңбекті қажет етеді. Демек, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:

  1. Иммиграциялық үдерістер үстеме табыс алуға мүмкіндік беретіндіктен көбірек капитал жинауға қолайлы;

2. Шетелдерде көптеген еңбек проблемасын тұрақты шешу үрдісі иммиграциялық жұмысшы күштерімен қалыптастырылады;

3. Еңбек ресурстарының  иммиграциясы әлемдік өзгерістің  дамуын талдағанда мына жағдайды  көрсетеді, бұл өзгеріс нарықтық  экономикасы дамыған елдерге  байланысты және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

4. Иммиграциялық  үдерістер дамушы елдерде бірнеше  мәселелер туғызуы мұмкін, мысалы  болашақта әлеуметтік және экономикалық  жағдайдың нашарлауы, мемлекет  осы жағдайда жылдам немесе  нақты шешімдерді қолдануы керек. Сондықтан көшіп-қону үдерісін реттегенде осы елдер алдын-ала экономикалық қауіпсіздікті бақылап, мемлекет деңгейінде басқару әдістерінің барлық тетіктерін пайдаланып, тиімді жақтарын қолдануы қажет.

Информация о работе Миграциялық үдерістер