Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 05:35, реферат
Миграциялық үдерістер социологиялық зерттеудің бір саласы ретінде қалыптасып отыр. Миграциялық үдерістердің заңдылықтарын меңгеретін, миграцияға түрткі негізгі факторларды зерттейтін орта деңгейлі теория – миграция социологиясы қалыптасып, одан әрі дамып келеді.
Қазіргі таңдағы кеңестік дәуірден кейінгі экономиканың дамуының өзіндік жағдаяттарын есепке ала отырып, біздің пікірімізше, бесінші қуыстықты бөліп көрсетуге болады. Оны көптеген аймақтардағы этникалық азшылықтардың заңсыз мигранттары толықтырады, олар негізінен көлеңкелі құрылымдардан тұратын белгілі бір топтардың тар корпоративтік мүдделерін қанағаттандыру мақсатында криминалдық экономика саласында әрекет етеді.
Жоғарыда баяндалғандардан төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
Біріншіден, этникалық
еңбектік көші-қон диаспораның
Екіншіден, этникалық кәсіпкерлік мигранттарды әлеуметтік-экономикалық бейімдеудің шынайы табысты жолы болып қана қоймай, кең көлемде ен жайып отыр.
Үшіншіден, этникалық кәсіпкерліктің қарқынды дамуы ұлттық негіздегі табыс деңгейінің әрқилы болуын күшейте түседі. Көптеген ұлтаралық талас-тартыстардың негізінде экономикалық себептер жатады – яғни, тұрғылықты халықпен салыстырғанда кейбір этникалық топтардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуы себеп болады.
Сонымен, этникалық
көші-қон және кәсіпкерлік өзара
тығыз байланысты құбылыстар. Кәсіпкерлік
этникалық көші-қонсыз да дами беруі
мүмкін, алайда мигранттар кәсіпкерлікке
белгілі бір әлеуметтік-мәдени түр-түс
беріп қана қоймайды, сондай-ақ көп жағдайда
оның дамуының қозғаушы күші ретінде де
көрініс табады. Сонымен бірге көші-қонның
экономикалық себептері – өз бизнесін
ашуға ұмтылу және өмір сүру деңгейін
жақсартуға тырысу – әрдайымда негізгі
қозғаушы күш болып қала береді. Этникалық
бизнес – кейбір этникалық азшылықтардың
әрқилы іс-әрекет түрлеріне бейім болуы
және мигранттардың басқа бір әлеуметтік-мәдени
ортада өмір сүруге табысты бейімделуінің
үйлесуінің нәтижесі болып табылады.
Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерін талдау.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны әлемдік қоғамдастықтың тануының нәтижесінде туындаған жаңа экономикалық және саяси жағдайлар тұтастай алғанда елдегі және оның аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрлеріне және бағыттарына елеулі өзгерістер енгізді. Қазақстан ұзақ кезең бойы жабық жүйе ретінде өмір сүрді, ондағы халықаралық миграция туристік немесе жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысулармен шектеліп, эпизодтық сипатқа ие болды. Ол, сондай-ақ, негізінен жоғары білікті жұмысшылардың социалистік және дамушы елдердегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа нысандардың құрылысына іссапарларға барып қайтуы түрінде де жүзеге асырылды.
Елдің «ашық болуы» саясатын жүргізу, эмиграцияға байланысты көзқарастарды либералдандыру халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс ауыстыруын жандандырды, бұның өзі еңбек әлеуетінің едәуір азайып кетуіне әкеліп соқтырды. Өзінің тарихи отанына оралуына мүмкіндіктің кеңеюіне байланысты тұрғылықты емес халықтың көшіп кетуі ұлғайды. Негізгі көші-қон ағыны жақын шетелдің Ресей, Украина, Беларусь сияқты елдеріне, Германия, Израиль сияқты алыс шетелдерге бағытталды. Айталық, 1991—2001 жылдардағы халықаралық көші-қон бойынша республикаға 788,2 мың адам көшіп келді, 2757,8 мың адам республикадан көшіп кетті. Көші-қонның теріс сальдосы 1969,8 мың адамды құрады. Көші-қонның теріс сальдосының ең көп болған «шыңы» 1994 жылмен тұспа-тұс келді, бұл кездері елден жарты миллионға жуық адам кетті, 70 мыңнан сәл астам адам көшіп келді.
3- кесте — Қазақстанда реформа жылдарындағы көшіп-қону үдерісінің динамикасы.
|
3 кестеге қарап,
Қазақстанда 2004 жылдан бастап, сыртқа
шығатын адамдар саны азайды,
(бірінші рет соңғы 40- жылдың
ішінде), сырттан келушілермен
Көші-қон үдерістерінің қарқындылығын анықтайтын экономикалық факторлардың ішіндегі ең маңыздысы жылына бір адамға шаққандағы ақшалай табыстың көлемі болып табылады. Зерттеулер қала тұрғындарының табысы ауыл тұрғындарыныкінен 2 есе көп екендігін көрсетіп отыр. Сонымен бірге, бұндай жағдай 2001—2005 жылдарда да сақталып отыр және ол төмендегідей себептермен түсіндіріледі:
1) қалада асыраудағы адамдардың аздау болады және жалданып істелінетін жұмыс үшін алынатын табыс деңгейі жоғары болады (қалада —70-79 %; ал ауылда — 57-60 %);
2) әдетте, мөлшері
аз болатын зейнетақы,
4 — кесте — Қазақстандағы халықтың орташа айлық еңбек ақысы 2001—2005 жылдар
|
4 – кестеден
көріп тұрғанымыздай,
5 — кесте – Табыс, Қазақстандағы күн көруге байланысты (айлық орташа жан басына шаққанда, теңге)
|
5 — кестеден көріп тұрғанымыздай ауылдағы халықтың табыс деңгейі, қаламен салыстырғанда 66,1 %-ы құрайды.
Табыстардың қалыптасуының елеулі тұсы, қалада көпсалалық көбірек байқалады, сол себепті этникалық құрамы әрқилы, кәсібилігі және мамандығы жетілген, саяси бағыт-бағдары мен мәдениетінің өрісі кең топтар кеңірек таралған. Қалалық ортада білім алудың, жұмыс орнын таңдаудың кең мүмкіндіктері бар, бірақ ол үлкен қайтарымды, жоғары деңгейдегі мәдениетті жұмысты қажет етеді. Осылайша, ақшалай табыстар динамикасының қаладағы деңгейінің жоғары болуы объективті түрде қалыптасады.
Алматыдан, Астанаға астананың 1997 жылғы көшуі, ішкі көшіп қонуда үлкен өзгеріс алып келді, мұндағы еңбек ресурстарының жаңа қалаға ағылуы. Астана қаласына 1999—2001 жылдар арадлығында 192976 мың адам келді. Астанаға 1997 жылдан 2005 жылдар аралығында барлығы 264,2 мың адам келді.
Астана қаласын еңбекке қабілетті адамдармен қамтамасыз ету керек болып, Қазақстан республикасындағы еңбек нарқында біршама өзгерістер болып, еңбек әлеуеттерін бірқалыпты болу керек болды.
Астана қаласына көшіп келген 120 адамға анкета өткізгенде, төмендегідей негізгі себептердікөрсетті:
— болашақтағы карьералық өсу үшін (40,7%);
— еңбек ақының жоғары болып, көп ақы алу мүмкіндігі – (17,3%);
— өмір сүру деңгейі жоғары – (14,7%);
— отбасы жағдайына байланысты – (12,7%);
— жоғары білім алу мүмкіндігі – (9,3%).
Себептерді талдағанда байқағанымыз, алдымен экономикалық факторлардың тұратындығы, содан соң әлеуметтік фактор. Бірақ осы екі фактор бір-бірімен өте тығыз байланыста, осылардың жиынтығы еңбекке қабілетті халықты құрайтындығы немесе еліміздің кадр әлеуметін жасақтайды.
Сондай-ақ Қазақстанның аумағындағы халықтың орналасуында да өзгерістер болып жатыр. Халықтың тығыздығы аз да болса төмендеді (1989 жылғы 1 км2 5,95 адамнан 1999 жылғы – 5,49 адамға). Республиканың халық ең тығыз орналасқан облысы Оңтүстік Қазақстан (16,9), ал халқы ең аз облысы Маңғыстау (1,9) болып отыр. Батыс Қазақстан аймағында да, сондай-ақ Орталық және Шығыс Қазақстанда да халықтың тығыздығы азғантай. Елдің халқының едәуір бөлігі (41,8% немесе 6250 мыңнан астам адам) Оңтүстік табиғи-экономикалық аймақта өмір сүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан елдің халқының саны көп аймағы болып табылады, санақ жүргізілген кезде бұл жерде 3,7 млн. адам немесе бүкіл халықтың төрттен бірі өмір сүріп жатты. Батыс Қазақстанның үлесіне халықтың 13,7%-ы тиесілі. Республиканың әрбір бесінші тұрғыны Шығыс (10,3%) және Орталық (9,4%) Қазақстанда өмір сүруде.
Өндірістік емес салада еңбек етушілердің үлес салмағының көбеюі ауыл халқының қалаға қоныс аударуы деңгейіне теріс әсерін тигізеді. Қазақстандағы жұмыспен қамту жеке тұтынудың барынша тармақталған және күрделі жүйесін қанағаттандыруға қатысушы жұмысшы күшінің жаңа топтарының пайда болу үрдісін көрсетіп отыр. Соған қарамастан бұл үрдісті бір жақты бағалауға болмайды, себебі, позитивтік көзқарас тұрғысынан ол халықтың экономикалық мінез-құлқының эволюциясына әкеліп соғады, сонымен қатар ол жұмысшы күшінің материалдық өндіріс саласынан (әсіресе ауылшаруашылық) ауысуына өте теріс әсер етеді, бұл қызмет көрсету саласына берілетін өндірістің күрт қысқаруымен қатар жүреді.
Республикадағы төзімділік көңіл күйге, этникалық және аймақтық талас-тартыстардың болмауына қарамастан, тек қана 1992—1994 жылдары елден 1125 мың адам кетті, 343 мың адам келді. Миграциялық кетудің ең көп болған кезі 1994 жылы елден 811,3 мың адам кетті, 400,9 мың адам келді. Миграцияның теріс сальдосы 410,4 мың адам болды. Елден кеткендердің ішінде елді мәжбүри тастап кеткен репатрианттар болды, олар қазіргі кездері өздерінің тұрғылықты орындарына қайтуда, бірте-бірте көші-қон үдерістерінің қарқындылығы азая бастады. Алайда, 1997 жылы әлеуметтік саланы оңтайландырудың барысында көптеген шағынжинақты ауыл мектептері, медициналық пункттер және басқа әлеуметтік мекемелер жабылған кездері адамдардың елден кетуі күшейді, кетушілердің саны 504 мың адамға дейін ұлғайды. Кейінгі жылдары таратылған, өмірлік маңызы бар әлеуметтік құрылымдарды қалпына келтіру адамдардың өз тұрғылықты орындарын ауыстыруға деген ынтасын едәуір төмендетті. 2001 жылы көші-қонның теріс сальдосы 94,2 мың адамды, ал 2002 жылы – 62 мың адамды құрады. Белгілі бір табиғи өсімге қарамастан республика өзінің халқының бір бөлігінен айырылып қалды. 1989 жылы жүргізілген санақтың мәліметтері бойынша Қазақстанның халқының саны 16199,2 мың адам болса, ал 1999 жылғы санақ бойынша – 14953,1 мың адам болды, яғни осы санақтардың арасында республика 1246,1 мың адамнан немесе өз азаматтарының 7,7 %-нан айырылды. 2006 жылдың басына қарай Қазақстанның халқы 15219,3 мың адам болды, яғни 5,6 адамға бір км2 келді, мұның өзі, әрине, елдің аумағына сәйкес емес.