Мект Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 21:08, лекция

Описание

Курстың мақсаты – Тірі ағзада өтетін тіршілік процестерінің заңдылықтары мен оны басқару принциптерін ашу, ағзаның жеке дамуының барысында біртұтас ағзаның, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерінің даму ерекшеліктерін қарастыру.
Курстың міндеттері:
болашақ педагогтар мен тәрбиешілерге әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың негізгі даму заңдылықтарын көрсету;
студенттерді мектептіің оқу-тәрбие үрдісін, еңбек және демалыс режимін ұйымдастырудың негізгі физиологиялық-гигиеналық негіздерімен таныстыру;
оқушыларға медициналық-жыныстық тәрбие берудің қажеттілігін көрсету;
өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына залал келтіретін негізгі факторларды ашу;
халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру

Работа состоит из  1 файл

жас ерек лек.docx

— 103.17 Кб (Скачать документ)

Мект Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы

Байланыс телефоны: анатомия және физиология кафедрасы 427448

Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Лекция

Практикалық

(лаб.) сабақ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

 нысаны

1

2

6

4

20

30

Емтихан


 

Курстың мақсаты – Тірі ағзада өтетін тіршілік процестерінің заңдылықтары мен оны басқару принциптерін ашу, ағзаның жеке дамуының барысында біртұтас ағзаның, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерінің даму ерекшеліктерін қарастыру.

Курстың міндеттері:

  • болашақ педагогтар мен тәрбиешілерге әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың негізгі даму заңдылықтарын көрсету;
  • студенттерді мектептіің оқу-тәрбие үрдісін, еңбек және демалыс режимін ұйымдастырудың негізгі физиологиялық-гигиеналық негіздерімен таныстыру;
  • оқушыларға медициналық-жыныстық тәрбие берудің қажеттілігін көрсету;
  • өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына залал келтіретін негізгі факторларды ашу;
  • халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру.

Курстың мазмұны: Жас ерекшеліктер физиологиясы және гигиена пәні ғылымның екі саласын адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жас ерекшеліктер физиологиясы мен балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар  жасайтын мектеп гигиенасы ғылымдары қамтиды. Берілген курстың мазмұнына онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі ағза тіршілігінің ерекшеліктері, ағзаның өсу мен дамуына байланысты органдар мен органдар жүйесінің және біртұтас ағзаның функцияларын, осы функциялардың әрбір жастық кезеңдердегі өзгерістері және т.б. кіреді.

Студент курс аяқталғаннан кейін мыналарға міндетті:

1. өзінің білімін тәжірибеде  пайдалана білуге;

2.        жас ерекшеліктер физиологиясының  және мектеп гигиенасының қазіргі заманғы мәселелерін білуге;

3.        көрнекіліктер мен лабораториялық құрал-жабдықтарды пайдалана білуге;

4.        негізгі эксперименталдық зерттеу әдістерін пайдалана білуге;

5.        тәжірибелерді дұрыс қоюға, алынған нәтижелерді дұрыс бағалап, қорытынды жасай алуға;

6.        пәнаралық байланыстарды жүзеге асыра алуға.

 

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

 

Сабақтың тақырыптық жоспары

Тақырыптың  атауы
Сағаттар саны

Лекция

Практ.

Лаборат.

СӨЖ

1

Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері

0,5

 

0,25

2

2

Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық  құрылысы және оның жастық ерекшеліктері. Нерв жүйесінің бөлімдерінің құрылысы,

дамуы және функционалдық маңызы

0,5

 

0,25

2

3

Сезім мүшелерінің жастық физиологиясы мен гигиенасы.  Жоғары дәрежелі нерв қызметі және оның жастық ерекшеліктері

1

 

0,5

4

4

Эндокриндік жүйе және оның жастық ерекшеліктері

0,5

0,5

 

2

5

Тірек-қимыл жүйесінің  жастық ерекшеліктері. Мектеп мүлкі  және оның пайдаланылуы

0,5

 

0,25

2

6

Асқорыту жүйесі және оның жастық ерекшеліктері. Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы

0,5

 

0,5

2

7

Қан және қан айналу жүйесінің  жастық ерекшеліктері

1

 

0,5

2

8

Тыныс алу жүйесі және оның жастық ерекшеліктері

0,5

0,25

 

2

9

Зәр шығару жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері. Тері физиологиясы

0,5

0,5

 

1

10

Оқу-тәрбие процесінің гигиенасы

0,5

 

0,5

1

 

БАРЛЫҒЫ

6

4

20


 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА  БЕРІЛЕТІН ӘДІСТМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

СӨЖ шңбрінд студенттер кітапхана  барып, аталмыш пән бойынша әдбиеттермен жұмыс істеулері тиіс. СӨ шеңберіндегі жұмыстар рефераттар түрінде орындалады. Әрбір тақырып брйынша студент  меңгерген білім дәрежесін бекітіп, нығайту мақсатында кроссворд құрастырулары  қажет. Студенттер СӨЖ шеңберіндегі жұмыстарды орындау барысында әдебиеттермен  жұмыс істеу, негізді қорытынды  жасай алу дағдаларын көрсете  алулары тиіс. СӨЖ жұмыстары арнайы қойылған талаптар бойынша рсімделіп, оқытушыға өткізіледі. СӨЖ жұмыстарын өткізбеген немесе қанағаттанарлықыз  баға алған студенттер емтиханға  кіргізілмейді.

 

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

ЛЕКЦИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ  ТЕЗИСТЕРІ

1-тақырып   Кіріспе. Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері

Негізгі сұрақтар: Жас ерекшеліктер физиологиясының мақсаты мен міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, зертееу тәсілдері. Жас ерекшеліктер физиологиясының педагогика мен психологиядағы маңызы.  Мектеп гигиенасының мақсаты мен міндеттері. Өсу және даму түсініктері. Онтогенетикалық даму заңдылықтары. Ағзаның даму кезеңдері. Дамудың әр кезеңдеріндегі дене пропорциясы мен өсуі

Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның eкi саласын  қамтиды: адам организмiнің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерiнің қызметтерiнің  жас ерекшелiктерiнің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа ерекшелшіктер  физиологиясы мен адамның денсаулығын caқтayғa қажеттi жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебi педагогика жоғары жүйке әpeкeтiнiң, заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негiзде iскe асырады. Балаларға дұрыс тәрбие беріп, оқытудың нәтижесі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерінің қаншалықты ескерілігенімен, қай жағдайда сыртқы орта әсеріне төзімді,  сезімтал, қай кезде ағзаның қорғаныш қабілетінің төмен екендігін білуімен тығыз байланысты. Балалардың ми қызметінің ерекшеліктерін білу арқылы әр кезеңде болатын психикалық, психофизиологиялық өзгерістерді, назарының артуын, еске сақтау қабілеттерінің жоғарғы деңгейін біле аламыз. Басқа ғылымдар iспеттi жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бiрнеше ғылыми зерттеу әдicтерiн пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.

Ағзадағы клеткалар саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп  аталады. Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі  бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің  молаюын айтады

. Физикалық дамуды бағалау. 

Жас кезеңдері – бұл өсуі мен  дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері  бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі  бір жас кезеңінде организмнің  даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Әрбір жас кезеңдерінің белгілі  бір ерекшеліктері болады. Бір  кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын  «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі  деп атайды. Жас кезеңдерінің уақыттары  әр түрлі шектелген. Ол организмнің  биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.

 

2-тақырып Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жастық ерекшеліктері. Нерв жүйесінің бөлімдерінің құрылысы,

дамуы және функционалдық  маңызы

Негізгі сұрақтар: Нерв жүйесінің жалпы құрылысы  және маңызы. Нерв жүйесінің элементерінің негізгі қасиеттері мен қызметі. Рефлекс - нерв қызметінің негізгі формасы. Жұлынның қызметі және оның жасқа байланысты ерекшеліктері. Ми бағанасының қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері. Алдыңғы мидың қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері. Вегетативтік нерв жүйесі.

Негізгі қызметі ақпаратты тез  және дәл беру, жинақтау болып табылатын  нерв жүйесі мүшелер мен мүшелер  жүйесін  бір-бірімен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді; оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы  әр түрлі мүшелердің қызметін реттеп, үйлестіреді, біртұтас жүйе ретіндегі  бүкіл ағзаның қызметін өзгермелі  қоршаған және ішкі орталар талаптарына  бейімдейді. Нейрон нерв жүйесінің ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, сақтауға, беруге және интеграциялауға бейімделген құрылымдық және функционалдық бірлігі. Нейрон денеден және өсінділерден тұрады. Нерв жүйесі құрылымдарының негізгі қасиеттері мен қызметтері: тітіркенгіштік, қозғыштық. Нерв қызметінің негізгі нысаны рефлекторлық актілер болып табылады. Рефлекс – ағзаның сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштеріне орталық нерв жүйесінің қатысуымен жауап беруі. Рефлекс кезінде қозу жүретін жол рефлекс доғасы деп аталынады.

Жұлын омыртқа  жотасының өзегін толтырып тұрады. Омыртқа жотасының құрылысына сәйкес келетін сегменттерден тұрады. Өткізгіш және рефлекторлық қызмет атқарады. Нәресте жұлынының ұзындығы 14-16 см. Жұлын ми бағанасымен жалғасады. Бағанаға сопақша ми, варолиев көпірі, аралық ми және мишық жатады. Ми бағанасының бөлімдері рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады. Алдыңғы миға базалдық ганглийлер мен үлкен ми сыңарлары жатады. үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлiмi. Ересек адамның үлкен ми сыңарларының салмағы жалпы ми салмағының 80% құрайды. Құрылысы жағынан ми сыңарлары бiр-бiрiмен сүйелдi дене арқьлы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбiр жарты шар 5 бөлiмнен турады: маңдай, орталық төбе, шүйде және самай.

Вегетативтік  нерв жүйесі ішкі мүшелердің жұмысын  және зат алмасуды реттейді. Вегетативті  нерв жүйесінің  парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерін ажыратады.

 

3-тақырып Сезім мүшелерінің жастық физиологиясы мен гигиенасы.  Жоғары дәрежелі нерв қызметі және оның жастық ерекшеліктері

Негізгі сұрақтар:  Шартты және шартсыз рефлекстер. Шартты рефлектердің пайда болып, тежелу механизмдері. Адамның жоғарғы нерв қызметінің сапалы ерекшеліктері. Жоғарғы нерв қызметінің түрлері. Екінші сигналдық жүйенің дамуы баланың тіл қызметінің негізі. Сенсорлық жүйенің жалпы сипаттамасы. Көру анализаторының жасқа байланысты ерекшелігі. Балалардың және жасөспірімдердің көзінің көруі нашарлауының  профилактикасы. Есту анализаторының жасқа байланысты ерекшеліктері. Есту гигиенасы.

Сыртқы және iшкi орталардың әсерлерiн қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезiм тудыратын мүшелер  жүйесін анализаторлар дейді. Барлық анализатор 3 бөлiмнен тұpaды: 1) шеткi бөлiм; 2) өткiзгiш бөлiм; 3) орталық бөлiм.

Сенсорлық процестердің жастық динамикасы анализатордың әр түрлі бөлімдерінің біртіндеп жетілуімен анықталады. Рецепторлық  аппараттар пренаталдық кезеңде жетіледі. Постнаталдық даму барысындағы өткізу жүйесі мен  проекциялық аймақтың қабылдау бөлімдерінде болатын айтарлықтай өзгерістер сыртқы тітіркендіргіштерге деген  реакция көрсеткіштерінің өзгеруіне  әкеледі. Бірнеше айлық балада ақпаратты  өңдеу механизмдері жетіліп, стимулды талдап, өңдеу мүмкіндігі артатынын  байқауға болады. Сыртқы сигналдарды  қайта өңдеу процесінің одан кейінгі  өзгерістері күрделі нерв торларының қалыптасуымен тығыз байланысты.

И. П. Павлов барлық рефлекстердi eкi топқа - шартты және шартсыз рефлекстер деп бөлді.  Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тiрлiгiн сақтау үшiн қажет. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерiнiң орындалуы үшiн ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейдi. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнiң әр түpiнe тек өздерiнiң шартсыз рефлекстерi болады. Шартты рефлекстер өмip тәжірибесiнiң негiзiнде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Шартты рефлекстің пайда болу негізі - ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы.

Мидағы қозу мен тежелу бiр-бiрiмен байланысты өтедi. Қалыпты  жағдайда мидағы қозу мен тежелу дәл  қажеттi сәтте организмнiң қызметiн  не үдетiп, не баяулатып отырады. Тежелу екі түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және iшкi немесе шартты тежелу.

Адамдарда да жануарларда  да әр белгі, зат, сыртқы орта құбылыстарына  талдау, түзілу процесі жүреді. Бұл  бірінші сигналдық жүйе деп аталады. Ал адамның жоғарғы нерв жүйесінің  ерекшелігі: сөз сигналдарының пайда  болуы. Ол ми қыртысының әрекетіне жаңа қыртыс болды. Бірінші және екінші сигнал жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Жоғарғы нерв қызметінің топқа бөлінуі  әрине шартты ұғым. Әр адамның жүйке  жүйесі туа біткен ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне байланысты. И.П.Павлов келесі көрсеткіштерді негіз ете  отырып, адамдардың жоғарғы жүйке  қызметін 4 топқа бөлді. Көрсеткіштер: күш, ұстамдылық, қимыл. Топтар: 1) Күшті, ұстамсыз, тежелуден қозу процесі  басым - холерик; 2) күшті, ұстамды, нерв процестері жылдам - сангвиник; 3) күшті, ұстамды, нерв процестері баяу - флегматик; 4) әлсіз, нерв жасушалары тез әлсізденеді - меланхолик.

Информация о работе Мект Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы