Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 21:08, лекция
Курстың мақсаты – Тірі ағзада өтетін тіршілік процестерінің заңдылықтары мен оны басқару принциптерін ашу, ағзаның жеке дамуының барысында біртұтас ағзаның, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерінің даму ерекшеліктерін қарастыру.
Курстың міндеттері:
болашақ педагогтар мен тәрбиешілерге әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың негізгі даму заңдылықтарын көрсету;
студенттерді мектептіің оқу-тәрбие үрдісін, еңбек және демалыс режимін ұйымдастырудың негізгі физиологиялық-гигиеналық негіздерімен таныстыру;
оқушыларға медициналық-жыныстық тәрбие берудің қажеттілігін көрсету;
өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына залал келтіретін негізгі факторларды ашу;
халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру
Ми қызметінің жан-жақтылығына шартты рефлекстің маңызы зор. Ми қыртыс іші, қыртыс-қыртысасты байланыстары арқылы жүйке орталықтары бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі. Бұл жайлы А.А.Ухтоминский өз көзқарасын тұжырымдаған: ОНЖ-нің әр бөлігінің жүйке элементтері бірігіп, белгілі бір жағдайды шешу үшін бір уақытта қызмет жасауға жұмылдырылады. Оны доминанттық қозу ошағы деп атайды. П.К.Анохиннің концепциясы бойынша: әр уақытта рецепторлар, мидың нерв элементтері, атқарушы органдар бірігіп күрделі функционалдық жүйе құрады.
4-тақырып Эндокриндік жүйе және оның жастық ерекшеліктері
Негізгі сұрақтар: Гормондар мен эндокриндік жүйе туралы түсінік. Ішкі секреция бездерінің физиологиялық маңызы және оның онтогенез процесіндегі дамуы. Балалардың және жасөспірімдердің жыныстық дамуы. Балалардың және жасөспірімдердің эндокриндік жүйесі қызметінің жоғарғы нерв жүйесіне әсер етуі.
Организмнің қызметін реттеуде ішкі секреция бездері маңызды роль атқарады. Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, бүйрек үсті бездері, айрықша без, ұйқы безі жатады. Iшкi секреция бездерінің өнiмдерiн гормон деп атайды. Гормон - өте белсендi химиялық зат. Ол қанға немесе лимфаға сіңiп, мүшелер мен мүшелер жүйесiне, тiптi күллi организмге әсер етедi.
Ағзаның өсуі мен дамуы, жас кезеңдерінің алмасуы ішкі сереция бездерінің қызметімен байланысты. Эмбрионның үшiншi аптасында жыныстық жетiлу басталады. Бұл кезде алғашқы жыныстық белгiлер пайда болады. 4-5 айлық ұрықта жыныстық белгiлер айқын көрінеді. Осы кезден бастап аталық жыныc бездерінің өcу қарқыны 1 жасқа дейiн бiркелкi, 1 жастан бастап жынстық жетiлу басталғанша өте баяу дамиды, оның мөлшерi де айтарлықтай ұлғаймайды. Ал аналық жыныc безiнің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айыңда және 1 жасқа дейiн күштi болады, сонан соң 7-9 жасқа дейiн өсуін күрт баяулайды. Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейiн созылады. Аталған мерзiмдерге дейiн ер балалар мен қыз балалардың өcyi мен дамуы бiрдей болады. Олар бiр-бiрiнен алғашқы жынстық белгiлер мен ер жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшелiктер бойынша ғана ерекшеленедi.
5-тақырып Тірек-қимыл жүйесінің жастық ерекшеліктері. Мектеп мүлкі және оның пайдаланылуы
Негізгі сұрақтар: Тірек-қимыл аппараты туралы жалпы ұғым. Қаңқаның бөлімдері және оның дамуы. Бұлшық ет жүйесі Әр жас кезеңдердегі ағзаның физикалық жүктемеге беретін реакцияларының ерекшелігі. Қимылдың дамуы және жасқа байланысты координацияның жетілуі. Мектеп жабдықтары және оны қолдану.
Тiрек-қимыл
аппаратына адамның қаңқасы мен
бұлшық еттерi жатады. Қаңқа eкi жүзден
астам сүйектерден тұратын
6-тақырып Асқорыту жүйесі және оның жастық ерекшеліктері. Зат және энергия алмасу. Тамақтану гигиенасы
Негізгі сұрақтар: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Энергия және зат алмасу. Балалардың тамақтануы және оны ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
Адам өз тiршiлiгiне қажеттi қopeктiк заттарды тамақтану арқылы алады. Желiнгeн тамақ сол күйiнде бойға сiңбейдi. Астың құрамыңдағы заттар бiрнеше сағаттың iшiнде бөлшектенiп, қорытылып, ыдырауы тиic. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейiн он eкi елi iшекте, ащы iшекте бiртiндеп қорытыла және сiңiп, ақырында қажетсiз қалдық заттар тік iшек арқылы сыртқа айдалады. Зат алмасу тipi табиғаттың ерекше маңызды және организмнiң негiзгi қызметi. Зат алмасу тоқталысымен тiршілiк жойылады. Оның барысында организмге түрлі қуаты бар қоректiк заттар, тұздар мен су кiредi де, бұл заттардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсiз улы заттар ағзадан шығарылады. Жаңадан қабылданған заттардан ағзада жасушаларға қажетті заттар жасалынады. Бұл ассимиляция деп аталады. Мұнымен бiрге организмде клеткалар мен олардың бөлшектерi ескiредi, олар ыдырайды, яғни диссимиялция жүреді. Ағзаның қажеттiлiгiн толық қамтамасыз етуге белок май, көмірсу, су, витаминдер және минералдық тұздар жеткiлiктi мөлшерде болу керек. Олардың қатынас мөлшерi есте болуы керек, әcipece бұл балалардың тәулiктік тамақтану тәртiбiнде ескерiлуі тиіс.
7-тақырып Қан және қан айналу жүйесінің жастық ерекшеліктері
Негізгі сұрақтар: Қан және оның маңызы. Қанайналым шеңбері. Қанның қан тамырларымен қозғалуы.Қанайналуды реттеу және оның жасқа байланысты ерекшеліктері.
Қанның құрамы өте күрделі. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан жасушаларына қызыл қан клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер, қызыл қан пластинкалары тромбоциттер жатады. Қанның клеткалары бүкіл қанның 55-60%, плазма 40-45% құрайды. Қан ағзада қоректік заттар мен оттегіні және зат алмасу процесінің өнімдерін тасымалдайды, дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады. Қан - организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Оның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында. Денедегі қан үлкен және кіші қан айналу шеңберлерімен тасымалданады. Қан айналу шеңберлері қоректiк заттарды ұлпаларға, клеткаларға тасиды; ал қажетсiз заттарды зәр шығару мүшелерiне тасымалдайды; заттардың тотығуына қажеттi oттeгiнi өкпеден клеткаларға жеткізіп, клеткада пайда болған көмiрқышқыл газын өкпеге алып келедi; гормондарды, ферменттердi, антиденелердi тасымалдайды. Жүрек тынымсыз жиырылып тұрғандықтын қан қан тамырларына үздіксіз өтіп тұрады. Бұл құбылыс тамырлардың икемділігі, майысқақтығымен, жүректің жиырылып қанды айдауымен, тамырлардағы қысымның әр түрлілігімен, қан сұйықтығының қалыпты мөлшерде болуымен жүзеге асады. Өсіп, дами келе балалардың жүрек-тамыр жүйесінің физикалық жүктемеге деген реакциясы өзгереді. Оны арнаулы сынақтар жүргізу арқылы анықтауға болады. Динамикалық физикалық жүктемеге балалардың жүрек соғысы жиілеп, максималдық қан қысымы жоғарылайды.
8-тақырып Тыныс алу жүйесі және оның жастық ерекшеліктері
Негізгі сұрақтар: Тыныс алу мүшелерінің құрлысы мен қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері. Тыныс алудың реттелуі және жасқа байланысты ерекшеліктері.
Тыныс алу - тiршiлiктің сақталуы үшiн оттегiнiң үнемі денеге кiрiп, көмipқышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз ететін процесс. Бұл қызметтi кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды. Дем алу мен дем шығарудың ырғақты түрде ауысуы денедегі барлық ішкі мүшелерге әсер етеді. Тыныс алу жолдарына мұрын қуысы, көмей кеңірдек, бронхылар, өкпе жатады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жағдайда дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Тыныс циклына жауапты жүйке топтарын тыныс алу орталығы деп атайды. Ол сопақша мида орналасқан және үнемі белсенді күйде болады. Бөлмедегі ауаның таза болуы, физико-химиялық құрамы денсаулыққа және жұмыскерлік қабілетке көп әсер етеді. Тыныс алу мүшелерiн жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелерi арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабiлетiн арттырады.
9-тақырып Зәр шығару жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері. Тері физиологиясы
Негізгі сұрақтар: Бүйректің құрылысы мен функциясы. Терінің құрылысы мен қызметі.
Организмге түрлі қуаты бар қоректік заттар, тұздар, су кіреді де, заттардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсіз улы заттар денеден шығарылады. Олар өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарылып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтығы сақталады. Сыртқа шығару мүшелерiнiң iшiнде бүйрек ерекше орын алады. Адамның бүйрегi жұп мүше. Бүйректің қызметі қан плазмасын зиянды, қажетсіз заттардан тазартудан басталады және электролиттік қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті үйлестіріп, реттеп отырады. Сондай-ақ, артерия қысымын және қанның мөлшерін реттеуге қатысып, эритроциттердің түзілуіне әсер етеді.
Адам тepici 3 қабаттан тұрады: эпидермис, дерма және шел қабаты. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1-2,5 мм. Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капиллярлары және нерв ұштары бар. Шел қабатында тері бездері, май бездері болады.
10-тақырып Оқу-тәрбие процесінің гигиенасы
Негізгі сұрақтар: Балалар мен жасөспірімдердің жұмыс қабілеттілігі. Сабақ ұзақтығы. Сабақ кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Әр түрлі бағдардағы сабақтардың кезектесуі. Жазу және оқудың гигиенасы.
Мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарынң басты мiндетi жастардың ой-өрісін дамыту, сабақ, үлгерiмiне қажеттi жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, ағзаны шынықтыру. Оқу-тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан-жылға күрделенiп отырады. Оқу жылы iшiнде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс берiліп отырылады. Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке бiртiндеп үйрене бастайды. Бiрiншi тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейiнi төмен болғандықан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекiтуге арналады. Оқу жылының барысында мектеп бағдарламасы бiртiндеп қиындап, жыл аяғында қайта жеңiлденедi. Оқу жоспары балалардың жыл бойындаrы еңбек қабiлетiн де ескередi. Сабақ кестесі оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабiлетiне сәйкес жасалынады. Ол аптаның дүйсенбi-сәрсенбi күндерi жоғары болады. Аптаның соңына қарай шаршау белгiлерi пайда бола бастайды, жұмыс қабiлетi төмендейдi. Демалыстан соң, дүйсенбi күні оқушының сабаққа зейiнi төмен болады. Осыны ескерiп бұл күні сабақ кестесiнде қиын пәндердiң санын азайтып, сейсенбi-бейсенбi кундерi оларды көбiрек қояды. Жұма-сенбi күндерi сабақ санын және қиын пәндердiң мөлшерiн азайтқан жөн. Бұл күндерi жеңiл пәндердi көбiрек қояды. Жеңiл пәндерге әдебиет, тарих, ән-күй, дене шынықтыру, сурет-сызу пәндерi жатады. Қиын сабақтардң алдында денешынықтыру пәнiн қоюға болмайды.
ПРАКТИКАЛЫҚ (ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ) САБАҚТАРДЫ
ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ
Практикалық (лабораториялық) жұмыстарды
орындауға берілетін
Жұмысты орындамас жұмыстың мәні мен мақсатын түсініп, мұқият оқып, нені істеу керек, жұмысты қалай орындау керектігін ұғыну қажет. Сонан кейін ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша теориялық материалды оқыған жөн. Тапсырмаларды орындағаннан кейін, тәжірибенің барысын жазып, қорытынды жасалынуы тиіс. Ең соңында бақылау сұрақтарына жауап беріледі.
Оқытушы
ұмыстар бойынша кеңес-
Орындалған жұмыстардың
1-жұмыс Өлшеу жұмыстары мен есептеу формулаларының көмегімен физикалық даму деңгейін анықтап, бағалау
Сұрақтар:
1.Физикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін атаңыз.
2.Антропометрия,
Лабароториялық сабақты өткізу жоспары:
Лабораториялық жұмысты
орындауға берілетін
Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 7-9, 11-13, 15, 17-21
2-жұмыс Адамның рефлекторлық реакцияларын зерттеу
Сұрақтар:
Лабораториялық сабақты өткізу жоспары:
1.Адамның кейбір
2.Аданың әр түрлі шартсыз рефлекстер түрлерімен танысу.
3.Рефлекторлық доғаның схемасын сызыңыз.
4. Тәжірибе барысын сипаттап, тиісті қорытынды жазыңыз.
Лабораториялық жұмысты
орындауға берілетін
Ұсынылатын әдебиеттер: 1-5, 7-15, 17-20
3-жұмыс Жоғарғы нерв қызметі типтерін анықтау
Сұрақтар:
1.Жоғары нерв әрекетінің топтары туралы ұғым.
2.Нерв процестерінің
3.Жоғары нерв әрекеті
топтарының классификациясы
4.Жоғары нерв әрекеті топтарының икемділігі.
5.Балалар мен жасөспірімдерде
жоғары нерв әрекеті
Лабароториялық сабақты өткізу жоспары:
Лабораториялық жұмысты
орындауға берілетін
Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 7-15, 17-20
4-жұмыс Эндокриндік жүйе және оның жасқа байланысты ерекшелігі
Тапсырмаларды орындаңыз:
1-тапсырма Адам ағзасында ішкі секреция бездерінің орналасу схемасын сызыңыз
2-тапсырма. Ішкі және сыртқы секреция бездерін салыстырып, кесте құрсатырыңыз.
3-тапсырма. “Гипофиз гормондары” атты кестені толтырыңыз
Задание 3 | |||
Гипофиздің алдыңғы бөлімі |
Гипофиздің аралық бөлімі |
Гипофиздің артқы бөлімі | |
Гормон |
|||
Гормондардың әері |
5-тапсырма. Бүйрек үсті бездерінің құрылысы мен қызметі туралы кесте құрастырыңыз
6-тапсырма. Тақырып бойынша кроссворд құрастырыңыз.
7-тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4, 7-15, 17-19
5-жұмыс Динамометрия
Сұрақтар:
1.Тірек-қимыл жүйесінің маңызы.
2.Бұлшық ет ұлпасының
құрылысы мен негізгі
3.Қаңқа бұлшық еті.
4.Бұлшық ет күші.
5.Бұлшық еттің динамикалық және статикалық жұмысы.
Лабароториялық сабақты өткізу жоспары:
2. Тәжірибе барысын сипаттап, тиісті қорытынды жазыңыз.
Информация о работе Мект Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы