Мект Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 21:08, лекция

Описание

Курстың мақсаты – Тірі ағзада өтетін тіршілік процестерінің заңдылықтары мен оны басқару принциптерін ашу, ағзаның жеке дамуының барысында біртұтас ағзаның, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерінің даму ерекшеліктерін қарастыру.
Курстың міндеттері:
болашақ педагогтар мен тәрбиешілерге әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың негізгі даму заңдылықтарын көрсету;
студенттерді мектептіің оқу-тәрбие үрдісін, еңбек және демалыс режимін ұйымдастырудың негізгі физиологиялық-гигиеналық негіздерімен таныстыру;
оқушыларға медициналық-жыныстық тәрбие берудің қажеттілігін көрсету;
өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына залал келтіретін негізгі факторларды ашу;
халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру

Работа состоит из  1 файл

жас ерек лек.docx

— 103.17 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар, оқу бағдарламасының  өзгеруі, сабақ жүргізудің жаңа құралдары  мен әдістерін қолдану, салауаттындыру шараларын күшейту т.с.с. жағдайлар  бөлмелерді көбейтуді қажет етеді. Мектептердің сиымдылығын жоғарылатуда экономикалық жағдай-дың да маңызы бар, яғни, бір орынның құны мен оны пайдалану шығындары біршама арзандайды. Мысалы, 640 орынға есептелген мектептің, бір оқушы орнына арналған құны 320 орынға арналған мектепке қарағанда 30%-ға дейін арзанырақ түседі. Бұл айтылғандар, мектеп ғимараттарының құрылысын үлкен сиымдылықпен салудың артықшылығын көрсетеді. Бірақ бір мекемеге өте үлкен балалар мен жасөспірімдер ұжымын біріктіру:

  • аурушаңдықтың көбеюінің алдын-алу; шуыл деңгейінің жоғарлауымен күрес жүргізу;
  • әр түрлі мақсатқа арналған бөлмелердің коммуникациялық байланысын қамтамасыз ету;
  • мектеп ғимаратының архитектуралық-жоспарлану композициясын ыңғайластыру т.с.с. гигиеналық талаптарды жоғарылатуды қажет етеді.

Мектеп ғимараттарының көлемдік-жоспарлану шешімі оқушыларды жекелеген жас  топтарына бөлуге бағытталған. Мектеп жобасы төмендегідей секциялар мен  топтарды қарастыруы керек:

  1. Бірінші сынып оқушыларына арналған оқу секциясы (сынып бөлмелері, ұйықтау-ойнау бөлмесі, рекреация, санитарлық бөлмелер);
  2. Екінші-төртінші сынып оқушыларына арналған оқу секциясы (сынып бөлмелері, еңбекке оқытуға арналған шеберханалар, ұзартылған күн тәртібіне арналған бөлмелер, рекреация, санитарлық бөлме);
  3. Бесінші-он бірінші сынып оқушыларына арналған оқу секциясы (оқу кабинеттері, лабораториялар еңбекке және мамандыққа бағыттауға арналған бөлмелер, рекреация, санитарлық бөлмелер);
  4. Оқу-спорттық залдар және алғашқы әскери дайындыққа арналған бөлмелер;
  5. Мәжіліс залы, кітапхана және үйірме жұмыстарына арналған бөлмелер; 6.Қызмет көрсететін бөлмелер (тамақ ішетін зал, асхана, әкімшілік, шаруашылық, медициналық бөлмелер, шешінетін жері бар вестибюль).

Балалардың топтануын және әр түрлі жастағы балалардың бір-бірімен араласуын азайту үшін төмендегі талаптар сақталу керек:

  1. Бірінші сыныптарға арналған секцияларда сынып бөлмелерін 3-тен артық, екінші-төртінші сыныптарға арналған секцияларда 6-дан артық сыныпп бөлмелерін орналастырмау керек;
  2. Бірінші-екінші-төртінші сыныптарға арналған оқу секцияларын басқа жас топтарындағы секцияларға өтетін жол қалдырмай оңашаландыру керек;
  3. Рекреациялық бөлмелерге бірыңғай жастағы балаларды (бір параллель) 3-4 сыныптан артық біріктіруге болмайды;
  4. Параллель сыныптар саны 4 және одан көп болғанда ғимаратты әрбіреуі бірнеше оқу секцияларын біріктіретін автономды оқу блоктары түрінде жобалау қажет;

Гигиенистер жүргізген бақылаулар нәтижесі осы талаптар дұрыс сақталатын болса, жұқпалы аурулардың азаюымен қатар, мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің өнімділігінің жоғарылайтындығын көрсетті. Кейінгі жылдары блокты-секциялық немесе павильонды құрылымды мектеп ғимараттарын салу жолға қойылып келеді.


Информация о работе Мект Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы