Мект Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 21:08, лекция

Описание

Курстың мақсаты – Тірі ағзада өтетін тіршілік процестерінің заңдылықтары мен оны басқару принциптерін ашу, ағзаның жеке дамуының барысында біртұтас ағзаның, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерінің даму ерекшеліктерін қарастыру.
Курстың міндеттері:
болашақ педагогтар мен тәрбиешілерге әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың негізгі даму заңдылықтарын көрсету;
студенттерді мектептіің оқу-тәрбие үрдісін, еңбек және демалыс режимін ұйымдастырудың негізгі физиологиялық-гигиеналық негіздерімен таныстыру;
оқушыларға медициналық-жыныстық тәрбие берудің қажеттілігін көрсету;
өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына залал келтіретін негізгі факторларды ашу;
халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру

Работа состоит из  1 файл

жас ерек лек.docx

— 103.17 Кб (Скачать документ)

Бала денесінің  шынығуы үшін таза ауада көбірек болып, дене қимылдары әртүрлі ойындарды (волейбол, футбол, жасырынбақ, т.б.) ойнау керек. Соған байланысты түрғын үйдің ауласында балалар алаңын жасайды.

Оқушының күн  кестесінде ү й қ ы ғ а бөлінген уақыттың маңызы зор. Шаршаған баланың еңбек қабілетін қалпына келтіру, шаршауын басу, денсаулығын сақтау үшін ұйқы ның физиологиялық мәні күшті болғандықтан, оны дұрыс  ұйымдастыруға көп көңіл бөлу керек. Дені сау баланың ұйқысы ның ұзақ тығы 7 жаста 10,5-11 сағат, 10 жаста 10-10,5 сағат, 11-13 жаста 9-9,5 сағат, 14-17 жаста 8-9 сағаттан кем болмау керек. Бұл уақыттың 1 сағатын күндіз үйықтаса, баланың организміне өте тиімді болады. Ұйқы  кезінде баланың денесі дем алып, миындағы күндіз жиналған мәліметтерді еске сақтау жолдары реттеледі, нерв клеткаларындағы қуат қорлары қалыптасады, шаршаған организмнің еңбек қабілеті қалпына келеді. Оқушы үнемі бір мезгілде жатып, тұру ға дағдыланғаны жөн. Сонда ұйқы  уақыты нәтижелі пайдаланылады. Бастауыш сынып оқушылары кешкі сағат 9-да, ортаңғы сынып оқушылары 10-да, жоғарғы сынып оқушылары 10-11-ден бастап үйықтағаны жөн.

Оқушының күн  кестесінде тамақтану мерзім і н е және тағамның қоректік қасиетіне көңіл аударылады. «Ас — адамның арқауы» демекші, организмге қажетті заттарды, қуат қорын дұрыс  мезгілімен тамақтану арқылы қамтамасыз етуте болады. Ас қабылдау ұзақ тылығы 15-20 минөттен 20-30 минөтке дейін созылады.

Жалпы алғанда, оқушының күн кестесін қүрғанда күнделікті қайталанатын еңбек түрлеріне арналған уақыттан басқа 1-1,5 сағаттай уақытты бос қалдырған жөн. Бұл уақытты әр бала өз қалауынша пайдаланады (спортпен шұғылдану , көркем әдебиетті оқу, кино-театрға бару, кездейсоқ шаруаға қатысу, т.б.).

Оқушының киіну гигиенасы. Киім денені сыртқы ортаның түрлі механикалық, химиялық жағымсыз әсерлерінен сақтайды. Сондықтан баланың денсаулығын қамтамасыз етіп, оның еңбек өнімін арттыруда киімнің маңызы зор. Гигиеналық түрғыдан қарағанда киім адамды сыртқы әсерлерден қорғап, денеге қажетті жағымды

жағдайларды қамтамасыз етіп қана қоймай, жеңіл, еңбекте, шаруада, қозғалыста қолайлы болу керек. Сондықтан киімнің физикалық және химиялық қасиеттерін білудің (жылу сақтау, ауа мен ылғалды өткізу, суды сіңіру, т.б.) маңызы ерекше. Киімнің эстетикалық мағынасы да көрнекті орын алады.

Киімнің физикалық  және химиялық қасиеттері киім тігілген маталардың қасиеттеріне байланысты және қабаттап киген киімнің санына байланысты. Киім тігілетін маталардың жылу мен  ауаны өткізгіш, ылғал сіңіру мен өткізу, серпімділік қасиеттері маңызды.

Матаның жылу өткізгіш қасиеті оның негізі мен түктеріне  байланысты болады. Қалың, жұмсақ  түкті маталар жылуды жақсы сақтайды, себебі түктердің арасында ауа жиналып, жылуды сыртқа шығармайды. Ауа райы өте салқын болғанда киімді қабаттап киген тиімді болады, себебі киім қабаттарының арасындағы ауа жылуды сыртқа шығармай, оны сақтауға көмектеседі.

Маталардың ауа  өткізгіш қасиеті киім ішіндегі қажетті  ауа қозғалысы мен ауа алмасуын қамтамасыз етеді, яғни киім ішіндегі денеге жақын орналасқан ауаны желдету үшін қажет. Ауа желдетуі жеткіліксіз болғанда баланың еңбек қабілеті төмендеп, көңіл-күйі нашарлайды. Ауа өткізгіштік қасиет бос тоқылған тақыр маталарда жоғары болады, ал капрон, нейлон, жасанды жібектер ауа өткізбейді не нашар өткізеді. Жауында киюге арналған киімдер тігетін арнайы маталар мүлде ауа өткізбейді, сондықтан ондай киімдерді суық желден, жауын-шашыннан қорғану үшін ғана киюге болады.

Киімнің қажетті  мөлшерде ылғал сіңіргіш қасиеті  денсаулық сақтауда маңызды орын алады. Ылғал сіңіргіш қасиет деп  маталардың ауадағы судың буын немесе денеден шыққан терді сіңіру қабілетін айтады. Бұл қасиет арқылы киім ішіндегі жылу дұрыс  алмасады. Жүн, трикотаж (тоқыма), жібектен тоқылған маталардың ылғал сіңіргіш қасиеті жоғары, ал жасанды жібекте өте нашар болады.

Эстетикалық және гигиеналық түрғыдан қарағанда киімнің серпімділік (қалпын сақтау) қасиетінің де маңызы бар. Бұл қасиет жүн, мақта маталарда талапқа сай, ал жасанды жібектердің кейбіреуінде нашар болады.

Сонымен, киімнің  қасиеттері матаның қасиеттеріне байланысты, сондықтан барлық елдерде өндірілетін маталар арнайы санитарлық-гигиеналық сынақтан өтеді. Соның негізінде маталарды пайдалану жолдары мен тәртібі анықталады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты қазір көптеген жасанды жіптерден тоқылатын маталар өндіріледі, себебі олардың өзара қүны табиғи жіптен тоқылған маталардан арзан және көптеген түрлі-түрлі әсерлерге төзімділігі жоғары, жеңіл, мықты келеді, әсемдік, жеңілдік, қалпын сақтау қасиеттері жағынан жүннен тоқылған маталардан кем түспейді, бірақ олардың ылғал сіңіру қасиеті төмен болады. Капрон, нейлон, т. б. жасанды жіптерден тоқылған маталар күннің ультра күлгін сәулелерін жақсы өткізетін, өте мықты, әсем болғанымен, мүлде тер сіңірмейді, сондықтан денедегі тер, май бездерінің қызметін нашарлатып түрлі тері ауруларын тудырады. Соған байланысты Мұндай  маталардан іш киім, денеге тиетін үстіңгі жеңіл киімді тігуге болмайды.

Киімге деген  гигиеналық талаптар оның түрін, пайдалану жағдайларын, ауа райын, қызмет бабын ескереді. Жалпы алғанда, барлық киімнің түрлерін 4 топқа бөледі: сыртқы ауыр киім және жылы бас киім, сыртқы жеңіл киім, іш киім, аяқ киім.

Оқушылардың сыртқы ауыр жылы киімі (пальто, тон, жылы курткалар, малақай, т. б.) жеңіл, жылы, баланың денесіне сай болу керек. Шектен тыс жылы киіну баланы ыстықтатып, терлеуіне, көңіл-күйінің, еңбегінің нашарлауына себеп болады. Тым жылы киінген балалардың суық тиіп, қабыну ауруларына үшырауы жиі кездеседі, оларда тез «тер қатады

Сыртқы жеңіл  киім (костюм, көйлек, т. б.) баланың денесіне ықшам, қозғалысына қолайлы, жеңіл, мықты, әсем және таза болуы тиіс. Оның түрлі физикалық және химиялық қасиеттері гигиеналық талапқа сай, тігістері, түймелері, белбеулері денеге батпайтын, қан тамырлары мен көкірек қуысындағы мүшелердің қызметіне кедергі жасамайтын, ыңғайлы болғаны жөн. Жазғы ыстықта ауа райына сай өте жеңіл, күн сәулесін жақсы шашырататын, ауаны жақсы өткізетін киім киеді. Ондай киімдер мақта жіптен, табиғи жібек жіптерінен тоқылған маталардан тігіледі.

Iш киім табиғи  жіптен тоқылған маталардан тігіледі. Ол әрі тер сіңіргіш, әрі жылу өткізгіш маталардан тігіледі. Іш киімнің тазалығы организм үшін өте маңызды, сондықтан оны мезгілімен жуып, тазартып отырған дұрыс. Жазда іш киімді жұмасына 2-3 рет, ал қыста 1-2 рет ауыстырып таза киіну керек.

Аяқ киім табанды  тоңазудан, судан, түрлі механикалық  жағымсыз әсерден, кірден сақтайды. Оның пішіні, мөлшері аяқтың табанына сәйкес болғаны жөн. Тар аяқ киім табанның қан тамырларының қызметін нашарлатып қана қоймай, онда көптеген анатомиялық кемшіліктерді тудырады. Мысалы, саусақтардың қисық өсіп, жалпақ табанның пайда болуы, терінің жарақаттануы т.с.с. Тар аяқ киімнің қан тамырларының қызметін нашарлатуына байланысты аяқтың тершең болуы, тез тоңазуы іспетті функциялық өзгерістер де пайда болады. Гигиеналық түрғыдан қарағанда аяқ киім жеңіл, ықшам болып, ауаны жақсы өткізіп, аяқты дұрыс  желдетуге және қажетті жылулықты сақтауына қолайлы, қозғалысқа кедергі жасамайтындай болуы тиіс. Аяқ киімнің, әсіресе жылуды сақтау және су өткізбеу қасиеттері ауа райына сай болғаны жөн. Ондай аяқ киім жақсы өңделген елтіріден тігіледі. Күн салқын кезде аяқ киімнің ішінен жылуды жақсы сақтайтын, айталық киізден ұлтарақ салып, жүннен тоқылған жылы шүлық киеді. Мұндай өте жылы аяқкиімді үйде киюге болмайды. Қысқы аяқ киімнің мөлшері 1-1,5 размер үлкен болып, ал жазғы аяқ киім жеңіл, аяққа сай болу керек. 

Білім сапасын арттырудағы мұғалім шығармашылығының ролі

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің  жағдайын, нәтижесін, сондай-ақжеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар » деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Біліктілік:

1. Білімнің негізінде  қалыптасатын үлкен еңбек, яғни: 
- жауапкершілікті сезіну; 
- белгілі бір мәселені шешуге қатысу; 
- білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту; 
- еңбекке дұрыс қарым – қатынас; 
- кәсібінде үнемі ізденіс таныту.

2. Ақпараттық қажеттілікті  сезіну. 
3. Көздеген мақсатқа жетуде әдіс- тәсілдердің бір-бірімен сай келуі.

Біліктілік негізі:

1. Оқып үйрену:

- белгілі бір тәжірибені пайдалана білу; 
- өз білімін өзара байланыстыра ұйымдастыру; 
- өзінің жеке оқыту бағдарламаларын құра білу; 
- өзін дамытумен дербес айналысу.

2. Іздеу:

- әр түрлі базалық мәліметтерді іздестіру; 
- ақпараттармен жұмыс; 
- құжаттармен жұмыс жасай білу және оларды топтай білу.

3. Бейімделу:

- технологиялар  мен ақпараттарды қолдана білуге бейімделу; 
- өзгеріске икемділік таныту; 
- қиындыққа көне және жеңе білу; 
- жаңа шешімдер таба білу.

4. Ынтымақтастықта  болу:

- еңбекте ынтымақтастықта  болу; 
- келіспеушілік пен әр түрлі көзқарастылықта көрегендік таныту; 
- келісе білу, 
- шарт жасай білу және оны орындау; 
- тілектестік және ынтымақтастық таныту.

5. Жұмысқа ниеттілік:

- жобаға кірісу; 
- жауапкершілікті сезіну; 
- өз жұмысын ұйымдастыра білу; 
- өткенді жаңамен байланыстыруды ұйымдастыру; 
- қоғам дамуына сын көзбен қарай білу; 
- қиындыққа және сенімсіздікке қарсы тұру; 
- өзінің жеке көзқарасын білдіре білу, т.б.

Сапа өздігінен  келмейді. Оны жоспарлау керек.

Білім мекемесіндегі  сапаға жету жолдарын жоспарлауды мына үлгіде құруға болады.

Жоспарлау кезеңі

Негізгі жауап беруге тиісті сұрақтар

1. Негізгі мақсат

Біздің негізгі мақсатымыз не? Міндеттеріміз ше? Көрсеткішіміз және оның мәні не болмақ?

2. Тұтынушы талаптары

Біздің тұтынушыларымыз кімдер? Олар бізден не күтеді? Олардың сұраныстарына біздер қалай жауап беруіміз керек? Мекемеден олар не талап етеді?Тұтынушының қажетін өтеу үшін біз қандай әдістерді қолданамыз?

3. Табысқа жол

Кездесетін қиыншылықтар мен кедергілерден  шығуда неге сүйенеміз? Жетістікке жетуде қандай сыншыл факторлар болуы мүмкін? Жетістікке қалай жетеміз?

4. Сапаны жүзеге асыру

Қандай стандартты жүзеге асырамыз? Біз сапаны қалай жүзеге асырамыз? Сапа несімен құнды?

5. Мамандар қызметі

Мамандар қызметін қалай ұйымдастырамыз? 

Кәсіптілік пен шығармашылықты дамыту жолдары қандай?

6. Үрдісті бағалау

Табыссыздық пен кезіккен кемшіліктерді  жоюда қандай нақты әрекеттер болды? Нәтижелі жұмысты біз қалай не арқылы білеміз? Нәтижені бағалауды қалай жүргізсек дұрыс болмақ?


Сапаға жетуде білім  мекемесі жұмысының құндылығы –  бұл көзделген мақсатқа жету мен  басты міндеттерді шешуде өз қызметін құру принципі. 
Ол: 
- оқушыларды бірінші орынға қою; 
- жоғары деңгейдегі кәсіптілікпен жұмыс істеу; 
- бірлікте еңбек ету; 
- тұрақты жақсартуға көмек жасау; 
- барлық тұлғалар үшін бірдей еңбек ету; 
- жоғары сапалы қызметпен қамту.

Білім сапасын арттыруда тұлғалар қызметін талап деңгейінде ұйымдастырудың мәні зор. Ол қызметтің бағыттары мынандай болып келеді:

Ұйымдастырушылық  қызмет: 
- педагогтің қызметін ұйымдастыру; 
- мұғалімнің оқушы қызметін ұйымдастыруы; 
- оқушы қызметіне жағдайдың жасалуы; 
- мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметі; 
- оқушының өз қызметін ұйымдастыруы.

Жобалаушылық қызмет: 
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың мүмкін болатын нәтижелерін жобалай білу; 
- педагогикалық өзара әрекетті үлгілеу; 
- педагогикалық технологияны жүзеге асыру үрдісінде мұғалім мен оқушының даму деңгейін болжау.

Коммуникативтік қызмет: 
- педагогикалық үрдіске қатысушылардың (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) арасындағы коммуникативтік қызмет; 
- мұғалім мен оқушылар арасындағы ақпараттық алмасу; 
- педагог пен тәрбиеленушілер арасындағы өзара түсіністік жағдайдың жасалуы.

Ю.К.Бабанский мұғалімнің сабақ үстіндегі шығармашылығын 4 деңгейге бөледі: 
- мұғалімнің сыныппен өзара әректі, нәтижеге жетуге ұмтылуы; 
- мұғалімнің сабақтағы қызметі, яғни жоспардан бастап оқытудың мазмұны, соған орай әдіс-тәсілдердің таңдалуы; 
- оқушы шығармашылығын қалыптастыру, соны дамыту мүмкіндігін жасау; 
- оқушылармен өзара қарым – қатынаста толық дербестік таныту, оқыту мен тәрбиелеуде нақты шығармашылықпен жұмыс жүргізу, оқушыларды өздігінен оқуға жұмылдыру.

Мұғалім шығармашылығы  мынадан байқалады: 
1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау; 
2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну; 
3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру; 
4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.

Ал, мұның барлығы  мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің

сапалық көрсеткішін  зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің , шығармашыл педагогтің өз қызметіне , оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда:

Неге жеттім ? Неге ұмтыламын ? Не кедергі жасайды ? сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс.

Информация о работе Мект Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы