Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 21:08, лекция
Курстың мақсаты – Тірі ағзада өтетін тіршілік процестерінің заңдылықтары мен оны басқару принциптерін ашу, ағзаның жеке дамуының барысында біртұтас ағзаның, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерінің даму ерекшеліктерін қарастыру.
Курстың міндеттері:
болашақ педагогтар мен тәрбиешілерге әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың негізгі даму заңдылықтарын көрсету;
студенттерді мектептіің оқу-тәрбие үрдісін, еңбек және демалыс режимін ұйымдастырудың негізгі физиологиялық-гигиеналық негіздерімен таныстыру;
оқушыларға медициналық-жыныстық тәрбие берудің қажеттілігін көрсету;
өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына залал келтіретін негізгі факторларды ашу;
халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Дүйсембин Қ., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. – Алматы., 2003.
2. Алиакбарова З.М. Мектеп
жасындағы балалардың
3. Хрипкова А.Г., Антропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология и школьная гигиена. - М.:Просвещение, 1990.
5. Гуминский А.А., Леонтьева Н.Н. Руководство к лабораторным занятиям по общей и возрастной физиологии. М., 1990 г.
7. Леонтьева Н.Н., Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. – М., 1976.
8. Обреимова Н.И., Петрухин А.С. Основы анатомии, физиологии и гигиены детей и подростков. – М., 2000.
9. Смирнов В.М. Особенности физиологии детей: Учебно – методическое пособие. – М., 1993.
10. Физиология человека /Под ред. проф. Л.З.Тель, чл.-корр. РАН Н.А.Агаджаняна. – Алма-Ата, 1992.
11. Ермолаев Ю.А. Возрастная физиология. - М.: Высш. шк., 1985.
12. Маркосян А.А. Основы морфологии и физиологии организма детей и подростков. – М., 1969.
13. Физиология развития ребенка /под ред. В.И. Козлова, Д.А. Фарбер. – М., 1983.
14. Смирнов В.М., Яковлев В.Н. Физиология центральной нервной системы. – М., 2000.
15. Хрипкова А.Г. Возрастная физиология. - М., Просвещение,1975.
16. Антропова М.В. Гигиена детей и подростков. – 6-е изд. – М.: Медицина, 1982.
17. Морфофункциональное развитие основных физических систем организма детей дошкольного возраста. Под ред. Антроповой М.В., Кольцовой И.М. Педагогика, 1982 г.
18. Физиология подростка/ под. ред. Д.А. Фарбер. – М., 1989.
19. Фарбер Д.А., Корниенко И.А., Сонькин В.Д. Физиология школьника. – М., 1990.
20. Рохлов В.С., Сивоглазов В.И. Практикум по анатомии и физиологии феловека. – М.: 1999.
21.Карташев Н.Н., Соломатин С.С., Трегубов Е.М. Руководство к учебно – исследовательской работе по возрастной физиологии и школьной гигиене в межсессионный период. – М., 1985.
пеп тәртібінің ерекшеліктері
Мектпеп тәртібінің ерекшеліктері
Жоспар:
1. Мектеп тәртібінің анықтамасы.
2. Оқушыларды тәртіптікке тәрбиелеудің
негіздері мен әдістері.
3. Тәртіпке тәрбиелеудегі талап қоюдық
және түсіндірудің рөлі.
4. Саналы тәртіпке тәрбиелеудегі оқушылардың
жасы мен дара ерекшеліктерін ескеру.
1. Адамдардық қоғамдағы мінез-құлқы белгілі
бір ережелерге бағындырылады. Қоғам мүшелерінің
белгілі бір ережелерге бағынылуы тәртіп
деп аталады.
Мектеп тәртібі осы қоғам адамдары арасындағы
қатынасты білдіреді. Мектеп төртібі біздің
қоғамымыздық жағдайында қоғамда қалыптасып
отырған қатынастардан ешбір ерекшеленбейді.
Тәртіптің негізгі қасиеттері: жауаптылық,
саналылық -мектеп тәрбие жұмысының бағытын,
мазмұны мен методика әдістемесін анықтап
береді. Тәртіп - мақсат, әрі ойдағыдай
тәрбиелеу мен оқытудық қажетті құралы
және барлық оқу тәрбие процесінің нәтижесі.
Тәртіп пен жауапкершілік сезім болмайынша
оқуға дұрыс көзқарас тәрбиелеуге, сабақта
үйге берілген тапсырмаларды орындау
кезінде тәртіп сақтауға үйре-туге болмайды.
Жауапкершілік сезімді арттыру бұл оқу-тәрбие
жұмысына керекті жағдайлар жасау болып
табылады. Тәрбие жұмысында дұрыс бағыт
ұстау үшін, мұғалім мектеп төртібінің
ерекшеліктерін біліп қана қоймай біздің
қоғамымызда қандай адамды толық мәнінде
тәртіпті адам деп атауға болатындығы
жайлы да түсінігі болуға тиіс. А.С.Макаренко:
кімді-кім әрқашан неғұрлым қоғамға пайдалы
мінез-құлық көрсете алса, сол адам ғана
біздің қоғамымызда тәртіпті адам деп
саналады деп жазды.
2. Оқушылардың саналы тәртібін тәрбиелеудің
негіздері мен әдістері
Оқудық алғашқы күнінен бастап сыныпта
жақсы тәртіп қалай орнатуға болады. Ең
алдымен педагогика тәртіпті арнаулы
өткізген кейбір іс-шаралар ғанаемес,
мектептің барлық тәрбие жұмысы жүйесінің
нәтижесі деп қарайтынын ұғынған жөн.
Балалар өмірін ұйымдастыруды, жеке басының
тәртібін:
1) Оқушылармен өзінің арақатынасын егжей-тегжейлі
ойластырған мұғалім ғана оқушылардың
саналы тәртібін тәрбиелеуде табысқа
жете алады.
2) Іскерлік, белсенділік етек алған, салдыр-салақтың
пен тәртіпсіздікке жол бермеген мектепте
ғана тәртіпті, белсенді жоғары саналы
адамдар тәрбиеленеді.
Мұғалім саналы тәртіпке тәрбиелеудегі
өзінің рөлі мен дәрежесін жақсы ұғынуы
шарт.
Егер мұғалімнің жұмыс жүйесі өзінің белсенділігіне
және оқушылардың үнсіз тіл алуына негізделген
болса, ондай жүйенің, көмегімен саналы
тәртіпті тәрбиелеу мүмкін емес.
Іс-әрекеттегі саналы тәртіптілікті тәрбиелеу
Адамның тәртіптілігінің аса маңызды
белгісі - бұл онда ұйымдасқан мінез-құлықтың
берік дағдылары мен әрекеттерінің болуы.
Олар оқыту мен түрліше қоғамдық пайдалы
еңбек процесінде қалыптасады.
Тәртіпті мінез-құлыққа үйретуде оқу еңбегінің
ерекше мәні бар.
Балаларды сыныпта тыныш отыруға, мұғалімді
зер салып тыңдауға, жолдастарына бөгет
жасамауға, үйге берілген тапсырмаларды
орындауға, мектеп шеберханасында, мектеп
жанындағы учаскеде ұйымшылдықпен жұмыс
істеуге үйретеді.
Бұл жерде мұғалімдер тарапынан қойылатын
талаптардың бірлігін қамтамасыз етудің
үлкен мәні бар. Мысалы: тәртіпті күшейтуге
оқу процесін дұрыс ұйымдастыру, сабақта
оқушылардың қолы бос болмауы және белсенділігі,
танымдық ықылас, оқу жұмысына әуестік
айтарлықтай болады. Тәртіпсіздік - сабақты
жаман ұйымдастырғандық.
Саналы тәртіпке тәрбиелеуде қоғамдық
пайдалы еңбектің мүмкіндігі зор.
Қоғамдық еңбек процесінде оқушылар ыждағаттылыққа,
тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға,
еңбекті сүюге, өмір жолындағы қиындықтар
мен бөгеттерді жеңуге деген табандылық
пен шеберлікке тәрбиеленеді.
Мектеп ауласын көгалдандыруға қатыса
отырып олар ұйымшылдық, орындағыштық
тәжірибесін алады, өз қолдарымен отырғызған
ағаштар мен бұталарды күтіп, баптап сақтайтын
болады. Соның нәтижесінде оларда тапсырылған
іс үшін жауапкершілік сезімі тәрбиеленеді.
Жақсы ұйымдастырылған еңбекте мектеп
оқушылары дұрыс мінез-құлық, педагогтар
мен оқушылар ұжымы органдарының дәл орындау
дағдыларына ие болады, әрі нығайтады,
өзара жауапкершілікке, тыңғылықтыққа
үйренеді. Еңбек және қоғамдық пайдалы
іс-әрекет тек қана дағдылар мен әдептерді
емес, сонымен бірге оқушы өзін тәртіп
талаптарына сай ұстауға бағыттайтын
ізгілікті мотивтерді қалыптастыруда
маңызды рөл атқарады.
IV) Күн тәртібінің тәрбиелік мәні.
Балалардың сан қилы іс-әрекеті белгілі
жүйемен ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылардың
өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруда күн
тәртібі үлкен маңызға ие. Күн ырғағы -
адамгершілік саналарын қалыптастырудық
маңызды әдісі, өсіресе оқушылардың саналы
тәртібін тәрбиелеуде оның рөлі ерекше.
Күн тәртібін сақтау - мінез-құлыққа үйретудің
басты құралы. Еңбек пен демалуды дұрыс
алмастырып отыру оқу сабақ-тарының тиімділігін
арттырады, тәртіпке түсіреді, ұқыптылық
пен адалдыққа, жұмысты белгіленген мерзімде
орындауға үйретеді. Гигиена талаптарына
сөйкес белгіленген күн ырғағы мектеп
оқушыларының мінез-құлқын реттеп, оларды
тәртіптілікке еңбек пен демалысты дұрыс
ұйымдастыруға, тәртіп пен ұқыптылыққа
үйретеді.
"Мектептің барлық режимі - дейді Н.К.Крупская,
оның бүкіл жолға қойылуы тәртіпке ерекше
әсер етеді." А.С.Макаренко да күн төртібін
оқушыларды тәртіпке үйретудің аса маңызды
құралы деп қарады.
Күн тәртібін жасағанда әрбір қадамды
өлшеп жатудың қажеті жоқ. Күн тәртібінің
мақсаты - оқушылардың бос уақытын тиімді
пайдалана білуге дағдыландыру. Оқушы
мысалы, сабағын дайындап болғаннан кейін
өзі сүйетін спорт түрімен айналысса,
екіншісі көркем әдебиет оқумен, үшіншісі
қандай да бір прибор құрастырумен, төртіншісі
музыка не сурет салумен айналысады. Егер
күн тәртібінде бос уақыт қалдырылмаса,
оның бастамасы мен дербестілігіне қол
байлау болады.
Күн тәртібі ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа,
жұмыста дәлдікке үйретудің құралы. Әсіресе
төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеудегі
орны ерекше. Олар күн тәртібі талаптарын
сөзсіз қабылдайды және оны қалтқысыз
орындауға тырысады. Мұғалім мен ата-аналар
тарапынан бірлескен бақылау болса, күн
тәртібі баланың өміріне берік қалыптасады
және тәртіптілікке тәрбиелеудің маңызды
құралына айналады.
3. Тәртіпті тәрбиелеудегі талап қоюдың
және түсіндірудің рөлі
Талап қою тәртіптілікті қалыптастырудық
негізін салады. Мектеп оқушыларынан күн
тәртібін, мінез-құлық мәдениетінің қарапайым
ережелерін саңтауға, оқу міндеттеріне
деген жауапкершілік талап етіледі. Талап
ең алдымен ұнамды іс-әрекет ұйымдастыруға
және соған стимул жасауға бағытталды.
Солардың көмегімен балалардың іс-әрекетін
басқаруға болады. Кейде қойылған талап
тәртіпсіздік әрекеттерді тежеуге немесе
үнамсыз қылықтарды болдырмауға көмектеседі.
Талап: өтіну, кеңес беру, мақұлдау, сөгу,
аңғарту, ескерту, тәрбиелік қызмет атқарып,
тиісті педагогикалық ықпал жасайды.
Талап қоюды жүзеге асыруда, мұғалімнің
психологиялық жағдайы, жинақылығы, өзіне
сенімділігі белсенді де батыл әрекетке
әзір екендігі, қиын жағдайлардағы сабырлығын
сақтау маңызды болып табылады. Тәрбиешінің
мұндай қасиеттерін оқушылар жоғары бағалайды
және оның талаптарын ықыласпен орындайды.
Ал педагогтар педагогикалық әдепті бұзса,
қойған мақсатына жете алмайды: олардың
талаптарын оқушылар селқос орындайды
немесе мүлде орындамайды.
Мінез-құлық нормалары мен ережелерін
түсіндіргенде тәртіптің әрбір талабын
көп сөзбен, ұзақ түсіндіріп жатпау керек.
Олардың көбі үлкендерге еліктеудің беделін
мойындатудық нәтижесінде орындалып жатады.
Маңызды нерсе нормалар мен ережелер әдетке
сеніп, ішкі қажеттілікке айналу керек.
Түсіндіру жұмысы оқушыны жалықтыратын
өсиет айту, адамгершілік жайлы көп сөз
айту сипатында болмағаны жақсы.
4. Мінез-құлық ережелері мен саналы тәртіпке
тәрбиелеуде мыналарды ескеру қажет:
I. Кіші мектеп балаларының жүйке әрекетінде
көру процесі жетілу процесінен әлдеқайда
басым болады. Олардың мінез-құлқының
ұнамды дағдылары мен әдеттерін тәрбиелеуге
неғүрлым қолайлы. Мінез-құлық дағдыларын
қалыптастыру және бекіту әдістерінің
жүйесін анықтау үшін мұғалім олардың
сипаты мен көлемін егжей-тегжейлі ойластырады.
II. Кіші мектеп оқушыларының ерікті зейінінің
тұрақсыздығын, олардың импульсивтігін
ескере отырып, мұғалім бала-ның мінез-құлқына
талапты шамалап та және анықтап дәл қоюы
және оны әлсін-әлсін баланың есіне салып
отыруы, түсіндіруі, көрсетіп беруі, мақұлдайтынын
немесе пікірлесетінін білдіріп отыруы
қажет.
III. Кіші мектеп балалары тым ширақ, жігерлі.
Бірақ олар бір текті сабақтардан тез
шаршайды. Олардың бұл ерекшеліктері мұғалімнен
іс-әрекеттің түрлері мен әдістерін өзгертіп
отыруды, оқыту мен тәрбиелеудің түрліше
әдістерін алмастырып қолдануды талап
етеді. Бірінші сынып оқушылары әңгімені
ойша құруға, жаттығуды үнсіз орындауға
әлі төселмеген. Сол себепті олар күбірлеп
сөйлеп, кейбір ойын қозғалысын қолымен
көрсетіп отырады. Кіші мектеп балаларының
ойлау бейнелігін ескере отырып, тәрбиеде
балаларға жанды да нақты мысалдарды,
көрнекілікті және басқа құралдарды қолдануға
тура келеді.
Кіші мектеп балаларының әсерлі еліктегіштігін
ескеріп, мұғалім оларға талапты үлғайтумен
бірге мадақтау тәсілдерін де жиі қолданып
отырған жөн.
Шолжаң да қыңыржаң, қиқар мінезді балалармен
жүргізілетін жұмыста мұғалім өзін бір
қалыпта, бірақ табандылық мен талап қойғыштық
дәрежеде ұстауы керек.
Ұялшақ балаларды қоғамдық өмірге бірте-бірте
араластыруға тура келеді. Жай басар, аңғал
оқушылармен жұмыс жүргізгенде дағдыландыру
әдістерін қолданған жөн.
Тәртіптілік мінездің маңызды сипаты
болып табылады, ол адамның жеке басының
басқа да қасиеттерімен тығыз байланысты,
әсіресе балаларды ұстамдылыққа тәрбиелеудің
үлкен маңызы бар.
Мәдениетті қылық дағдысы мен әдетін тәрбиелеу.
Саналы тәртіпке тәрбиелеу мінез-құлық
дағдылары мен әдеттерін қалыптастырумен
тығыз байланысты. Тәртіпті оқушы адамға
сезімталдықпен қарайды, қоғамдағы қабылданған
моральдық нормаларды сақтайды. Сондықтан
да оны мінез-құлық мәдениетіне үйрету
оқай. Ерке де салдыр-салақ балаға оны
үйрету қиын.
Балаларды жас кезіненаң жақсы әдет-қылыққа
дағдыландыру оларды адамдарға жақсылық
жасауға үйрету, үй тұрмысындағы жоғары
мәдениетке деген сүйіспеншілік дарыту
өте маңызды.
Мінез-құлық мәдениеті - ол өзін қоғамдық
ортада ұстай білу және әдептілік ережелерін
сақтай білу ғана емес. Ол баланы, үлкендерді
сыйлаудан, жоғары адамгершіліктен, ұжымда
өмір сүріп еңбек ете білуінен көрінеді.
Кейде үнамды ңылықтар көрер көз үшін
ғана жасалады. Сыртқы мәдениеті адамның
мінез-құлық пен сыртқы бейнесінен көрінсе,
ішкі мәдениеті адамның білімінен, нанымынан,
жеке басының мүддесін қоғам мүддесімен
ұштастыра білуінен тұрады. Адамның қоғамда
сыйлы болуы және бағалануы ішкі мәдениетіне
байланысты.
Сондықтан мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу
адамның моральдық бейнесін қалыптастырумен
бірге адамгершілік, азаматтық, ұжымшылдық,
достық жолдастықң рухында тәрбиелеуге,
тәртіпке және ұйымдастыруға үйретумен
тығыз байланысты. Мәдениетті мінез-құлық
ережелерін түсіндіру. Бастауыш сыныптардың
өзінде-ақ мектептегі және үйдегі, көшедегі
және қоғамдық орындардағы, мінез-құлық
ережелерінің негізі үйретіле бастайды.
Бірақ мінез-құлық мәдениеті жөніндегі
білім бірте-бірте кеңейеді. Ересек оқушылар
мінез-құлық мәдениетінің жаңа ережелерін
меңгеріп, олардың қоғамдық өмірдегі мағынасын
түсінеді, жүзеге асыруға үйренеді. Мінез-құлық
дағдысы мен әдетін қалыптастыруда сан
түрлі жаттығулар аса қажет. Балалардың
мінез-құлқына қатаң тәртіп орнату, мектеп
пен отбасының талаптарының бір тұтас
болуына байланысты. Мәдениетті мінез-құлық
дағдысымен әдетін тәрбиелеуді қамтамасыз
етеді. Мектеп пен отбасы алдына балаларға
тек үнамды дағдыны сіңіру ғана емес, сонымен
бірге олардың жаман әдеттерін жою міндеттері
қойылады.
Жаман әдеттерді жоюда түсіндіру, талап
қою, күн тәртібін орнату сияқты амалдар
қолданылуы тиіс. Ұнамсыз әдетті түбірінен
жою мұғалім мен ата-аналардан барлық
амалдар жүйесін ұштастырып, дұрыс қолданылуын
талап етеді.
Әдебиеттер:
1. В.А.Сухомлинский. Рождение гражданина.
- Москва, 1971.
2. Н.Елікбаев. Ұлттың психология. - А., 1992.
3. Ж.Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика.
- Астана, 1998.
4. Н.В.Савин. Педагогика. - Алматы, 1983.
Оқыту үрдісі – оқушыға
білім, тәрбие берудің және оны дамытудың
мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған,
бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен
оқушылардың өзара әрекеттестігі.
Оқыту – қазіргі заманның талаптарын
ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім,
іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш,
мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі.
Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің
мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған
қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық
сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің
мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен
оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді
аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп,
оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын,
қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын
және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік
жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің
мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі
мазмұнды игеру тетігі – өзара әрекеттестіктің
арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған
балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті,
олардың мазмұнды танымдық әңгімелері
(кесте 1 қараңыз).
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып,
оқыту процесі циклдік сипатка ие болды.
Оқыту процесінің циклдері дамуының ең
негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа
негізделіп топталған, педагогикалық
еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
- білім беру – бұл мақсат окушылардың
танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп,
олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін,
белгілі бір білімдердің, дағдылар мен
іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани,
физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін,
еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін
көздейді:
- тәрбиелеу – әрбір оқушының ғылыми көзқарасын,
адамгершілігін, белсенді шығармашылығын
және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі
үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды
мақсат етеді.
Оқытудың мақсаты – дамытудың қоғамдық
– тарих тәжірибесінің жан – жақтарын:
білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль,
еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін
меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық
әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара
бірлескен әрекетінен ойша күтілетін
түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның,
техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер
мен өндірістік қатынастардың дамуына
сәйкес кетеді.
Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті – жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу-тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғаргы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады.
Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді.
Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді. Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді. Яғни қыркүйек айында өткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында жыл бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан-наурыз айларының арасында еңбек қабілеті күшті болғандықтан негізгі материалдарды, жаңа тақырыптарды өтеді.
Мектептегі сабақ кестесі. Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу бөлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде қиын пәндердің санын азайтып, сейсенбі-бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл пәндерді көбірек қояды. Жеңіл пәндерге әдебиет, тарих, ән-күй, дене шынықтыру, сурет-сызу пәндері жатады. Қиын сабақтардың алдында денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Себебі денешынықтыру сабағында балалар спорт ойындарын ойнап, жүйкелері қозады да келесі сабаққа зейіні төмен болады. Мектептегі қиын пәндерге физика, математика, грамматика, химия пәндері жатады. Дене еңбегі пәндеріне денешынықтыру, еңбек сабақтары жатады. Әдебиет, тарих физика, астрономия, биология пәндерін ауызша пәндерге жатқызады. Мұндай бөлу шамамен жасалған.
Әрбір оқу күнінің 2-3-сабақтары балалар үшін нәтижелі келеді, 5-6-сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Бастауыш сыныптарда шаршау белгілері 3-ші сабақтың соңында басталып, 4-ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып оқушыларында шаршау белгілері төртінші сабақтың соңында басталады.
Біркелкі еңбек адамды тез қажытып, жылдам шаршатады, сондықтан оқушылардың еңбегін жеңілдету үшін ауызша пәндер мен жазбаша, қиын пәндер мен жеңілдерді, ой еңбегі сабақтарын дене еңбегімен кезектестіріп отыру керек. Еңбектің түрлері ауысып отырғанда, балалардың шаршауы азаяды. Сабақ кестесін дұрыс ұйымдастыру оқушылардың шаршауын азайтып, қалжыратпай оқыту мүмкіндігін тудырады.
Балалардың шаршауын ескере отырып, 1-4-ші сыныптарда күніне 4 сабақтан, 5-7-ші сыныптарда 5-6, жоғарғы сыныптарда 6 сабақтан аспауы тиіс. Бағдарламадан тыс, мамандандыруға байланысты факультативтік сабақтар апталық 36 сағат қалыпқа сыймаса, мектептегі мұғалімдер кеңесінің шешімі бойынша арнайы күндері (аптасына 2 реттен асырмай) ғана жоғарғы сыныптарға 7 сабақ қоюға болады. Бақылау жұмыс тарын соңғы сабаққа қалдырмай, қиын тақырыптарды баланың тың кезінде өтеді, қосарланған сабақты (қатарынан 2 әдебиет немесе математика т.с.с.) күнде қоюға болмайды. Себебі баланың ми қыртыстарының нерв клеткалары біртекті ұзақ жұмыстан соң тез шаршайды. Оқушылардың шаршауын азайту үшін ән-күй, дене шынықтыру пәндерінің маңызы зор. Бұл пәндерден кейін баланың миы тынығады. 1-ші сынып оқушылары алғаш мектепке келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Олардың организмі тез шаршайды. Сондықтан толық сабақ уақытына (45 минөтке) біртіндеп үйрету керек. Алғашқы 1-2-ші аптада сабақ ұзақтығы 20-25 минөттен басталып, біраздан соң 30-35 минөт, содан кейін 45 минөтке созуға болады.
Мектептегі оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп оқулықтары тез тозбайтын, ақ немесе сәл сарғыш түсті тегіс қағаздан жасалады. Мемлекеттік стандарт бойынша 1-ші жөне 2-ші номерлі А және Б маркалы қағазды пайдалануға болады. Кітаптың мүқабасы мықты, ұзақ пайдалануға болатын, салмағы жеңіл, оңай дезинфекцияланатын болуы тиіс. Кітаптың әріптері мен суреттері анық, біркелкі тегіс типографиялық қара бояумен басылады, 1-ші сынып оқушыларына арналған оқулықтардың әріптері мен цифрларының биіктігі 2,8 мм, әліппелерде — 4,5-3,5 мм, 2-4-ші сыныптар үшін 2,1-1,75 мм, 5-11-ші сыныптарға 1,75-1,50 мм. Кітаптардың ішіндегі суреттері әдемі, әр түсті, көз тартатындай болу керек. Сөздердің аралығы 2 мм, әріптер аралығы 0,5 мм. Оқулықтардағы әріптер тығыздығы гигиеналық талап бойынша 1 см2 жерде 1,5 әріптен аспау керек. Әріптер жолының ұзындығы 100-110 мм. Жолдың мұндай ұзындығы сөйлемдердің толық мағынасын тез түсінуге ыңғайлы.
Оқушылар дәптері 170 х 250 мм. Дәптердің жолдары көк, көзге анық көрінетіндей, тік сызықтар көлденең сызықтардан сәл жалпақтау болу керек. Себебі көлденең сызықтар көзге оңай көрінеді. Дәптердің қағазы өте тегіс, жылтыр, ақ түсті тығыз қағаздан жасалады.
Көрнекі оқу құралдары (сызбалар, кестелер, суреттер т.б.) ашық ақ қағазға жасалады. Әріптерінің биіктігі кемінде 3 см. Суреттер мен сызбалар әдемі, барлық бөлшектері анық, түрлі түсті, көрнекі болу керек.
Тарих пен жағрапия карталары мен атластар әріптерінің биіктігі 1 мм, әріп аралары 2 мм, оңай тазартатын, тез тозбайтын болу керек. Тозған, жыртылған оқулықтар мен көрнекі оқу құралдарын мезгілімен сұрыптау керек.
Оқушылардың қалам-қарандаштарының жуандығы 7-8 мм, ұзын дығы 140-170 мм, ұстауға қолайлы, біркелкі тегіс, көп қырлы не жұмыр дөңгелек болады. Жіңішке қаламмен жазғанда қол тез талады, ал жуан қалам жазуға қолайсыз келеді. Жазу жазуға көк пасталарды, ал әріптер мен сөздерді ерекще бөлу үшін не астын сызу үшін жасыл, қызыл, қара пасталарды пайдалануға болады. Оқушылардың пайдалануына N2 шамалы қатты қара қарындаштар қолайлы. Мұғалімдер мен ата-аналар бастауыш сынып оқушыларының портфелі немесе рюкзагі жеңіл болып, қажетсіз бөтен заттарды салмауын қадағалап отыруы керек. Ауыр портфельдер балалардың нәзік омыртқа жотасының қисайып (сколиоз) өсуіне себеп болады, денсаулығына зиян келтіреді, сондықтан рюкзак өте ыңғайлы.
Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жүту, дене шынықтыру, ұйықтау , мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады.
Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Оқушының үй кестесі мектептің жұмыс кестесіне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған болмаса, ол оқушының мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Әрбір ата-ана өз баласының күн кестесін жақсы біліп, оның мезгілімен және дұрыс орындалуына жағдай тудырып және қадағалап отыруы керек. Күн кестесі дұрыс болмаса, баланың шаршауы, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді, сабақ үлгерімі нашарлайды.
Үйдегі күн кестесінде баланың тазалық сақтау дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Оқушы ұйқыдан тұрған нан кейін таза жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек. Осыған орай күн кестесінде таңертең, ас алдында, мектептен және ойыннан қайтқан соң жуынуға уақыт бөлінеді. Баланың денесі шынығу үшін таңғы гигиеналық гимнастикаға 10-15 минөт уақыт бөлінеді. Мектептен қайтқан сон оқушы киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. Содан кейін міндетті түрде таза ауада 1,5-2 сағат дем алады, ал 1-2 сынып оқушыларының 1 сағаттай ұйықтап алып, қалған уақытта ауада дем алғаны жөн.
Баланың еңбек қабілеті күніне 2 рет (8-12 сағ., 16-18 сағ.) жоғары болады. Сондықтан бұл мезгілдерді мектепте сабаҚ оқуына және үйде үй тапсырмаларын орындауға пайдалану керек. Таңертең оқитын оқушылар 16-18 сағат, түстен кейін оқитын оқушылар 8-12 сағат аралығында сабаққа дайындалғаны жөн. Гигиеналық талапқа сай үй тапсырмаларының мөлшері барлық пәннен де баланың жасына лайық жоспарланады. Сондықтан 1-ші сынып оқуіпылары сабақ дайындауға 1 сағат, ал 8-11 сынып оқушылары 3-4 сағат уақыт жұмсайды.
Сабақ дайындау барысында бастауыш сынып оқушылары әрбір 25-30 минөт сайын, жоғары сыныптағылар 45 минөт сайын үзіліс жасап, демалуы керек. Жоғарғы сыньш оқушылары 2 сағаттан кейін 20 минөт белсенді түрде дем алғаны дұрыс болады. Сол кезде баланың таңдауына, отбасының жағдайына сай үй шаруасына араласуына немесе қозғалысы мол ойын ойнауына болады.
Оқушынын сабаққа дайындалатын жұмыс орын ы таза, бөлмесінің ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талапқа сай болу керек. Бөлменің шаң тозаңын су шүберекпен сүртіп, терезенің шынысын мезгіл-мезгіл жуып тазартады. Бөлменің тазартуы жеңіл болу үшін қажетсіз артық заттар, жөнсіз әшекейлер болмауы тиіс. Бөлменің жылылығы 18-20-22 °С, ылғалдығы 50-70 %, жарығы мол болғанда ғана оқушының еңбегі гигиеналық түрғыдан қарағанда дұрыс үйымдастырылады. Оның жұмыс орыны (үстелі мен орындығы) жарық мол болу үшін терезеге жақын тұрып, баланың дене көрсеткіштеріне сай болу керек. Үстелдің үстіндегі заттарды белгілі тәртіппен орналастырып, дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастырған жағдайда оқушының еңбегі нәтижелі болады. Сондықтан қағаздар, кітаптар, қалам-қарындаштардың тұрақты орыны белгіленіп, дер кезінде жинап отыруды баланың әдетіне айналдыру керек.
Информация о работе Мект Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы