Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 09:58, реферат
Патологиялық физиология курсына кіріспе. Патофизиология ғылым және оқу пәні ретінде.
Жалпы нозология, жалпы нозологияның негізгі түсініктері. Денсаулық және ауру. Аурудың негізгі нышандары. Ауру алды туралы түсінік.
Дерттік үрдіс, дерттік серпіліс, дерттік жағдай.
аурудың сатылары, сипаттамалары.
Өлім, өлу кезеңдері, сипаттамасы.
Тірілтудің ұстанымдары. Тірілтілген ауру туралы түсінік.
Нормергия – әдеттегі тітіркендіргішке организмнің қалыпты жауабы, мұнда нормергиялық жауап серпілісі туралы айтылады
Патергия- қалыптан тыс жауап:
Организм төзімділігі – ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы (resisteo-қарсы тұру). Төзімділік белсенді және енжар, біріншілік (туа біткен) және екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді
Белсенді төзімділік: гипоксия кезінде эритропоэздің әсерленуі, қабынудағы фагоцитоз, иммунитет, уларды бейтараптау.
Енжар
төзімділік: тері және шырышты қабаттар,
скелет, асқазан сөлінің тұз қышқылы.
Реактивтіліктің түрлері
және патологиялық (организмнің қалыптан тыс жауабы) болып бөлінеді.
Арнайыланған немесе
Дене бітімі (лат. constitutio – жағдай, қасиет) – тұқым қуалаушылықтың және жүре пайда болған қасиеттер негізінде қалыптасқан, жеке тұлғалардың құрылымдық, функциялық және жандүниелік ерекшеліктерінің жиынтығы.
Жеке тұлға ерекшеліктерін ажырату үшін көптеген жіктеулер ұсынылды. Сиго мен Кречмердің жіктеуінде құрылымдық ұстаным жатыр. И.П.Павлов пен Богомольцтің жіктеу негізіне реттеуші жүйелердің қызметі алынған. Құрылымдық және қызметтік ұстаным М.В.Черноруцкийдің жіктеуінің негізіне алынған. Бұл жіктеу кең қолданылады, себебі дене бітімі белгілі бір топқа жататын адамдардың патологиясының ерекшелігін анықтауға болады. Гиперстениктер семіруге, қан қысымының көтерілуіне, қантты диабет ауруына бейім, катехоламиндер әсері күшейген. Астениктер анемияға, гипотензиялық жағдайларға бейім, туберкулез, Адиссон аруы жиі кездеседі. Нормостениктерде артриттер, тыныс алу жүйесі аурулары жиі кездеседі.
Адамның жасы жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Ерте жастағы балалардың реактивтілігі үш түрлі жайттармен анықталады:
Қарт адамдарға патолоияның келесі ерекшеліктері тән:
Жыныс ерекшеліктері жауап қайтару серпілістерін анықтайды. Әйелдер суыққа, аштыққа, қансырауға, гипоксияға төзімді, оларда эндокрин жүйесі аурулары жиі кездеседі. Ерлер стрессорлардың әсеріне төзімсіз, дезадаптация аурулары: жүректің ишемиялық авуруы, асқазанның ойық жара ауруы, артериялық гипертензия жиі кездеседі.
Дәрілік емнің тиімділігі тұқымқуалаушылықпен, жаспен, жыныспен, конституциямен және асқазан-ішек жолының, қан жүйесі, бауыр, бүйрек қызметтерінің жағдайымен сипатталатын даралық реактивтілікке байланысты.
Дәрілік заттардың тиімділігінде жас мөлшерінің маңызы. Дәрілік заттарға сезімталдықтың жас мөлшеріне сәйкес ерекшелігі бар. Дәрілік заттарға ең жоғары сезімталдық ұрықтық даму және ерте постнаталды кезеңде жүйке және эндокрин жүйелерінің, сыртқа шығару жүйесінің (бауыр, бүйрек) құрылымдық және қызметтік жетілмеуінен, биологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігімен, көптеген нәруыздар мен ферменттердің саны аздығы және төмен белсенділігінен дамиды. Қартайған шақта дәрілік заттардың сіңірілуі биологиялық тасымалдануы баяулауы және бүйрекпен шығарылу жылдамдығының төмендеуі болады. Бұған жасқа сәйкес ОЖЖ, эндокрин, орталық және шеткері қанайналымы, асқазан-ішек жолы, биологиялық тосқауылдар, уытсыздандыру жүйесінің, сыртқа шығару жүйесінің құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері әкеледі.
Дәрілік
заттардың тиімділігінде
тұқымқуалаушылықтың
маңызы. Организмнің тектік қалыптасқан
ерекшеліктері дәрілердің сіңірілуіне,
организмде (ағзалар мен жасушаларға)
таралуына, қабылдағыштарымен әсерлесуіне,
организмнен дәрілік заттардың метаболизмі
мен шығарылуына заңдылықпен әсер етеді.
Фармакологиялық серпілістердің тұқымқуалайтын өзгерістері
↓
↓
Дәрілік заттардың
Дәрілік заттардың
баяу
метаболизмі
↓
↓
Фармакологиялық
әсері
өте күшті
Тектік ерекшеліктер тотығу, метилдеу, ацетилдеу үрдістерінің бұзылуымен сипатталады, соның әсерінен организмнен дәрілік заттардың метаболизмі мен оның шығуы баяулайды, оларды қолданғанда жанама әсері мен улылығы даму мүмкіндігінің артуын тудырады.
Дәрілік заттардың тиімділігінде жыныстың маңызы. әйел мен ерлер организмінің құрылымдық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері дәрілік заттардың организмде тасымалдануына, таралуына және организмнен шығарылуына әсерін көрсетеді.
Көрнекті материал:
1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Курс лекций: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
Қосымша
7. Назаренко
Н.М. Патофизиология раннего
8. Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.
9. Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
№ 4. Тақырып ГИПОКСИЯ
Мақсаты: гипоксияның этиологиясы мен патогенезінің негізгі сұрақтарын меңгеру
Дәрістің жоспары:
Дәрістің тезистері
Гипоксия (оттегілік ашығу) - тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігімен және оның тіндерде тотығу-тотықсыздану серпілістерінде пайдаланылуы бұзылыстарынан дамитын біртектес дерттік үрдіс.
Гипоксия – бұл биологиялық тотығудың шынайы және салыстырмалы жеткіліксіздігімен сипатталатын жағдай.
Гипоксияның жіктелуі (И.Р. Петров бойынша)
1. Экзогендік
2. Эндогендік
Экзогендік гипоксия
Гипобариялық
(төмен барометрлік қысым,
биіктікке
көтерілгенде)
дем алатын ауада рО2¯ → гипоксемия, гипокапния, газдық алкалоз. | дем алатын ауада рО2 ¯ → гипоксемия, гиперкапния, метаболиттік және газдық ацидоз. |
Тыныстық гипоксия
Гемдік гипоксия
Қанайналымдық гипоксия
Тіндік гипоксия
Субстраттық гипоксия
Себептері: жасушада биологиялық тотығу субстраттарының жеткіліксіздігі. Клиникалық тәжірибеде глюкозаның жиі жеткіліксіздігі туралы болып отыр. Бұл жағдайда оттегінің жасушаларға тасымалдануы бұзылмаған. Субстраттық гипоксияның патогенезі биологиялық тотығу үрдісінің күшейген тежелуімен сипатталады.
Зорығулық гипоксия
Себептері: тіндердің, ағзалардың немесе жүйелер қызметтерінің айқын немесе/және ұзақ көтерілуі. Бұл жағдайда оттегі мен субстраттардың қарқынды жеткізілуі олардың қажымға мұқтаждығын, оны қолдануын қамтамасыз ете алмайды.