Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

     Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Бұлар жақын тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңке түсуінен пайда болады.

     Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарын көру қиын емес. Бұл- заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері.

Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс бетінде, сондай-ақ олардың қырларында көбірек байқалады.

     Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын  дұрыс ажырату үшін жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.

     Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі. Өңнің қоюлығы  не бәсеңді заттың  көлеңке лері мен оған түскен жарықтың  арасындағы қатынастарыға сәйкес болып шығуы тиіс.

    Түстердің және жарық  пен көлеңкенің үйлесімін берген кезде ақшыл нәрседегі көлеңке қара нәрседегі жарықтан ашағырақ болатынын есте ұстаған жөн. Өңі берілетін суреттер ді саоғанда өңдер қатысын салыстырып, анықтап алу керек.

    Суретте салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең жарық нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі  ең жарық нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу керек,әлбеттерефлексті де ұмытып  кетуге болмайды. Суреті салынатын нәрсенің жарық тісіп тұрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болуы тиіс.

    Көлемді пішінді салғанда оған түскен жарықты, ақ дақты, жарытылай өңді, көлеңке мен рефлексті таба білу міндетті шарт екендігі әрдайым есте болу керек.

     Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылық контраст деп аталады. Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы контраст соғұрлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы контраст соғұрлым күңгірттеу болады.

      Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы  нәрсенің көлемін дәл беру, сурреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасына зер салып қарауды қажет етеді. Жарық пен көлеңкеі нәрсенің негізгі пішіндерімен  бір мезгілде белгілеген жөн.

 

     8. Эскиз және нобай орындау.   

     Кез келген суретші өзінің болашақ шығармасын жасауға кіріспес бұрын, оған керекті кейбір нәрселердің сырт нобайын тездетіп  қағаз бетіне түсіріп алады.  Заттың өзіне қарап отырып шапшаң нобайлар салу суретшінің шығармашылық процесінде маңызды рөл атқарады.

     Ұзақ уақыт салынатын суреттер айырмашылығы сол, нобайларда бейнелеуші объектілердегі ең басты нәрсе, жалпы әсер беріледі. Сонымен бірге  оларда заттың пішіні, проппорциясы,көлемі, бейнелеуші адамның психологиялық жай-күйі дұрыс, нанымды берілуі тиіс.

    Нобайлар үйрену, танып-білу мақсаттыңда жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сурет заттың өзін, айналадағы өмірді зерттеп, танып-білудің, шеберлікті жетілдірудің құралы болып табылады. Ал  белгілі бір шығарманың бөлшектерін, жекелеген бейнені жасау  мақсатымен нобайлар салған кезде суретшінің  алдына басқаша  шығармашылық  мақсат қойылады. Нобайлардың бұл екі қызметі де бір-бірімен табиғи байланысты.

    Нобайлар салудың пайдасы зор. Әсерлердің жинақтаумен қатар мұндай суреттер болмасты, заттар  мен құбылыстардың өзіне тән ерекшеліктерін көре білуді дамытады.

     Нобайдың басқа да міндеттері бар. Белгілі бір қағаз пішініне натюрморт сала бастаудан  бұрын, картина бетіне нәрселерді неғұрлым тиімді орналастыру үшін бірнеше нобай жасау қажет.

  Жеке-жеке қағаздарға нобайлар салынып, компазиция табылғаннан кейін, яғни көру  орталығы анықтаплып, соның айналасына натюрморт заттар орналасқаннан кейін, сурет салуға кірісуге болады. Алдымен тағы көру орталығы белгіленеді, ал натюрморт затттары суретке негіз етіп алынған ноьайдағыдай салынады. Осы нобай оңой әрі шапшаң салынады, заттардың өзіне әзірше қарамаса да болады. Сурет салған жұмысты жалпыдан бастап, ең әуелі нәрселердің жалпылама пішіні, ортақ пропорцияларын, жарық пен көлнңкені дұрыс салып алу қажет.

     Эскиз болашақ шығарманың түпкілікті өзі емес, тек нобайы болғанымен, мұнда суретші нобайға қарағанда көбірек еңбек сіңіреді. Эскиз көбіне ой-қиял бошынша, бірақ бейнелеуші объектінің өзін бақылау негізінде жасалады. Оны қарындашпен де, акварель бояулармен де, майлы бояулармен де, пастельмен де жасауға болады. Эскизде суретші композициялық міндеттерді шешеді: болашақ картинаның  неғұрлым лайықты көлемін, оның компазициялық және мағыналық орталығын, жарық түсу сипатын, түстер гаммасын және т.б. іздестіреді. Сондай-ақ ол жекелеген элементтерді: қандай да бір фигураның қимыл қозғалысын, бет-бейнесіндегі ым-ишараны егжей-тегжейлеп көрсетуге ұмтылады.

Кез-келген елеулі көркем шығарманы жасауға кірісу үшін алдын ала көптеген нобайлар мен эскиздер жасап алу қажет.

    

     9. Перспектива.

    “Перспектива” сөзін латын тілінен аударғанда “анық көремін” деген мағынаны білдіреді. Перспектива сурет салушыға кез келген бейнені өмірде қалай көрсек, дәл  солай бейнелеуге мүмкіндік туғызады.

      Қайта өрлеу дәуірінің суретшілірі Пьеро делла Франческа, Леонардо да Винчи, А. Дюрер және т.б. перспектива жөнінде оқытуға көп үлес қосты.

     Петспективаны түсіну үшін ең алдымен көкжиек сызығы жөнінде білу керек, өйткені, барлық перспектива лық құрылыс осыған байланысты. Көбінесе көкжиек жөнінде айтқанда, аспан  мен жердің шектескен  сызығы  жөнінде ой туындайды. Ал негізгінен алып қарағанда географиялық көкжиек перспективалық  көкжиекпен байланысты. Перспективалық көкжиек барлығын жоғары жағынан және  төменгі жағынан көрінетін заттарға бөледі. Перспективалық көкжиек сызығы әр уақытта көз деңгейінеде орналасқан. Оны қалай  анықтауға болады? Ол үшін стаканға су құйып, оны көз деңгейіне жақындату керек. Егер де оған жоғарыдан немесе төменнен қарайтын болсақ су беті эллипс пішінді болады. Ал дәл  көз деңгейінде болғанда, түзу сызық болып көрінеді.

   Егер адам отырса перспективалық көкжиек төмендейді, егер жоғары қарай шықса жоғарылайды.                   Перспективалық көкжиек  төменде жатқан барлық көлденең сызықтар бақылаушыдан  алыстаған сайын жоғарыда жатқан сызықтар төмендейді.

   Сурет салушы көлеңке перспективасын да білу керек. Күн жерден өте алыста болғандықтан оның сәулерін параллель ретінде қабылдайды. Жасанды жарықтын түскен заттардың көлеңкелері жан-жаққа түседі. Оның өлшемі жарықтан шыққан түзу арқылы  анықтайды.

     Неғұрлым бейне жарыққа жақын  болса, соғұрлым көлеңке үлкейеді.

    Сонымен қатар, заттардың сәулелерінде де перспектива заңдылықтары бар. Суда өсіп  тұрған ағаштың  сәулесі  дәл  сол күйінде қарама-қарсы бағытта көрінеді. Бөлме ішінде заттар да перспективаның жалпы заңдылықтарына  бағынады. Бөлмедегі көкжиек сызығы да көз деңгейінде өтеді.

Адам денесі, басын салғанда да перспективалық өзгерістерді ұмытпаған жөн. Міне, бұл айтылғандар сызықтық перспектива туралы.

    Сонымен қатар, сызықтық перспективамен бірге ауа перспективасы да сурет салуда үлкен орын алады. Заттар бақылаушылан алыстаған сайын өзінің айқындылығын жоғалтып бұлдырай түседі. Қою түсті заттар алыстағанда салқын реңге (көбінесе көгілдір, кейде қою көк) ал ашық түстер жылы реңге айналады.

   Түстер мен көлеңкелер, заттардың материалы алыстаған сайын дұрыс көрінбей, тұтасып  кетеді, силуэтке айналады. Егер заттың ашық түстермен, бөлшектерін анық көрсетіп бейнелесе, жақын жерде тұрған сияқты көрінеді. Керісінше бұл қасиеттерді жоғалтса, олар бізді алыстайды

     Сурет салу кезінде осы екі перспектива заңдылықтары толық жүзеге аса, жұмыс өз дәрежесінде орындалады. Сол себептен перспектива қандай да болмасын суретте үлкен маңызы ие.

  

    10. Композиция.                                                                                                                                                                               

    Композиция  (латын тілінде “құрастыру”, “тәртіпке келтіру” деген мағынаны білдіреді)- шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалар баяндау реті. Суретшінің қолында композиция-көркем құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.

     Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.

    Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ереше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілеген соң , салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырады.

   Композицияның негізгі талабы-шығарманың көркемдік бірілігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп , тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір коппозициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымн композицияның ортақ нүктесін табу керек. Композияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

   Композициялық орталықты қандай тәсілімен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де нәзік орындалғаны сондай композициялық орталықты табу оңай түспейді. Ешқашанда да картинаның композиция орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруға болмайды. Көп жағдайда сәйкес келмеді де. Сондай-ақ  композициялық орталық тақырыптық орталықпен  де қабыса бермейді. Ал  геометриялық, композициялық, тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс.  Мұндай қабылысудың классикалық үлгісінен  мысал келтірейік.

   ХVI ғасырда Италияда әлемнің ұлы суретшісі Леонардо да Винчи өмір сүріп, жұмыс істеді. Бірнеше жылдар бойы ол “Құпия кеш” атты үлкен картина –фреска жасаумен айналысты.

   Композиция суретші үшін  негізгі мақсат емес екенін ескеру қажет, өйткені композицияның негізгі мұраты-суретшінің идеялық ойын көрсету. Осында композициялық құрылымының түйіскен жері ғана емес, сонымен қатар, шығарманың   композициялық құрылымының түйіскен жері ғана емес, сонымен қатар, шығарма мазмұнын анық көрсетуге қызмет етуі керек.

   Композицияның өрнектелу күші композициялық орталық бір уақытта тақырыптық орталық болған кезде арта түспек.

   Сонымен, қандай да тақырыпты суреттің компоновкасын бастау, оның композициялық орталығын табудан басталатынын қайталап айтамыз.

   Суреттегі денелердің көлемі, пішіні және орналасуы, композициялық орталық деп  саналатын заттың немесе тұлғаның  көлеміне, пішіні және орналасуы көп тәуелді. Бұл тәуелдікті композициялық ырғақ деп аталады. Бейнелеу өнеріндегі композициялық ырғақ, музыкалық шығармадағы ырғаққа ұқсас, әрі пайда болған дыбыс, өзінен бұрынғы дыбыстың табиғи  жалғасы.

   Суреттегі композициялық ырғақ композициялық ырғақ композициялық орталықтың басқа бөліктерімен арасындағы байланысқа  ғана  емес, сол бөліктерінің бір-бірімен байланысына тәуелді.

    

     11. Натюрморт және оны бейнелеу.

      Натюрморт- бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет ХVII-ғасырда Голландияда және  Испанияда пайда болған.

     ХVII ғасырда голланд тілінде бұл жанр “stilleuer” (қозғалмайтын табиғат) деп аталады. Ал қазіргі өнердегі “натюморт”(өлі табиғат) термині ХVII ғасырда француз сөзінен алынған. Натюморт жеке жанр ретінде танылғанға дейін, ол белгілі бір  туындыларда қосымша бөлшек  ретінде  бейнелеп келеді.

     Натюморт жанрының дамуына үлес қосқан  мынадай Голланд суретшілірін атауға болады: Давид Байли (1584-1657ж.ж), Рембранд(1606-1669 ж.ж) Фердинат Боль(1616-1680ж.ж)

      Бейнелеу өнерінде натюрморт- тақырыптық  натюрморт ,сәндік  натюрморт және оқу натюрморты  болып үш топқа бөлінеді.

    Тақырыптық натюрморттардың композициясы қарапайым, шынайы, яғни ол заттарды иесі жаңа ғана  пайдаланып, белгілі бір уақытта ғана тастап кеткендей, ол заттар арқылы туындадан тыс  болып жатқан уақиғаны немесе сол заттардың иесінің мамандығын, мінез-құлқын, әлеуметтік жағдайын білуге болатындай әсер қалдырады.

      Негізінен натюмортта заттар саны көп болуы міндетті емес. Олар тақырыбына, мазмұнына байланысты өзара үйлесімді таңдалып қойылады. Натюморттың тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін: “Ғасыр үні”, “Күз сайын ” , “өнер мәңгі жасайды” т.б.

      Ал сәндік натюморттарда заттар әдемі пішініне, үйлесімді түстік шешіміне қарай әсем композия құрайды. Онда суретші әдейі ойластырылып қойылған гүл  шоқтарын, жеміс-жидектерді, ыдыс-аяқтарды тұрмыстық тұрғыдан емес, эстетикалық тұрғыдан бейнелеуді мақсат етті.

      Сәндік натюрморттар белгілі бір адаммен немесе сюжеттік тақырыппен байланыспай-ақ заттар тек өздері туралы баяндайды. Мұндай натюморттар бөлме ішін, қонақ үйлерді, асхана бөлмелерін, көрме залдарын безендіру үшін қолданылады.

       Натюморттың осы түрімен байланысты ХVI-ХVII ғасырлардағы голландық натюмортшы  Питер Клас(1596-1657ж.ж.), Ян Фрейт (1611-1661ж.ж.), Франс Снейдерс (1579-1657ж.ж), ХIХ-ХХ ғасырлардағы орыс суретшілерін П.П  Кочеловскиий, И.И Машков атауға болады.

     Оқу натюмортын суретшінің өзіндік зертханасы деп атауға болады, өйткені оқу натютиортты орындау арқылы суретші әр түрлі кәсіби іскерлік дағдыларын, шеберлігін, өзіндік қолтантасын шыңдап қалыптастырады.

    Оқу натюмортымен жұмыс істеудің ерекшілігі, оны әр түрлі бағытта, жарыққа қарсы немесе көз деңгейінен  төмен немесе жоғары қойып, жасанды жарықта немесе жарықта, табиғат аясында орындауға болады.

    Мектеп жағдайында оқу натюрморты оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты қойылады. Төменгі сыныптарда көлемі күрделі емес бір немесе екі нәрседен тұратын натюморттар қойған жөн.Оқу натюрмортын онындау барысында оқушылардың кеңістік туралы түсініктері қалыптасады, сурет ереже заңдылықтарын меңгереді.

  

     12. Адамның бейнесін салу.

      Бейнелеуге үйренудің алғашқы кезінде қарапайым бұйымдардың –шар, цилиндр, пирамида және т.б. сияқты заттардың суретін салып, көптеген жаттығу жұмыстарын жасаған пайдалы. Мұндай қарапайым жаттығулар жазықтықта тұрған заттардың кеңістікте орналасу заңдылықтарын дұрыс ұғынуға көмектеседі.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері