Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

     «Жануарлар өрнегі» тақырыбында ою-өрнектердің мән-мағынасын, атауына қарай төрт топқа бөлінетіндігі жөнінде айтылып, жануар тектес өрнек элементтерінен жолақ ішінен өрнек құрастыру тапсырылады. Жолақ ішінен өрнектелген оюлар мен сәндік қолөнерге ыдыс-аяқ ернеулері, киім-кешектердің етек жендері, төсеніш, түс киіздердің жиектері безендіріетіндігі көрнекіліктер арқылы көрсетіліп әңгімеленеді.

     Оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастырып дамытуда тірі гүлдерден немесе кепкен гүл келтелерінен, ағаш жапырақтарынан композиция құрап, икебана жасау өнерінің де рөлі зор. Ол эстетикалық тәрбиемен қатар табиғатты қорғауға, сүюге де тәрбиелейді. Бұл сабаққа алдын ала табаға материалдар жинақтап кептіріліп, тазартылып дайындалады.

     Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында бірқатар жұмыстарды ұжымдық әдіспен орындатуды  да жоспарлауға болады. Ол оқушыларды ұжымдық, шығармашылық бірлікке тәрбиелейді. Осындай сабақтарда орындалған жұмыстарды сынып бұрышы қабырғасын безендіруге пайдаланған жөн.

      3-4 сыныптарда сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны күрделене түседі. Соның ішінде бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтары мен дақылдарынан өрнек құрастыру, үй жиһаздарын ою-өрнектерімен безендіру, қағаздан дизайн орындау, оригами тәсілімен түрлі-түсті қағаздардан көлемді бұйымдар бүктеу, батик тәсілімен матаға бейнелеу, аппликациялық жұмыстар орындауға негізделген. Оқушыларды күрделі безендіру жұмыстарын алдымен эскиз түрінде орындауға дағдыланған дұрыс.

      Ал түрлі түсті қағаздардан көркем бүктеу, дизайн жұмыстарын орындауға көрсетілген үлгі бойынша, материалды үнемді пайдалану мақсатында алдымен керексіз қағаздармен жасап машықтануы қажет.   

         

      5. Мүсіндеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі

      Мүсіндеу сабақтарының  мазмұны классикалық мүсін өнері, мүсіндеу құралдары және материалдарымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгеру мен оқушылардың кеңістікте көлемді бейнелер жасауы арқылы шығармашылық қабіліттерін дамытуға негізделген. Сабақ барысында қарапайым саз балшық, ермек сазбен көлемді бейнелер жасап, мүсіндеудің алғашқы ереже заңдылықтарын меңгереді. Мүсіндеу өнерінің бейнелеу мүмкіндігін танып, өз шығармашылық қиялын, елестетуін мүсін материалдары арқылы жүзеге асырады.

     Сабақта мүсіндеу өнерін дөңгелек мүсін және бедерлік түрлерімен танысып, олардың жеке-жеке теориялық және технологиялық білімдерін меңгереді. Сонымен қатар мүсін өнерінің тарихын саралап, даму кезеңдері туралы мағлұмат алады. Соның ішінде қазақ даласында табиғат жағдайлары мен  уақытқа төтеп беріп, қазіргі біздің заманымызға дейін жеткен ескерткіштерімен танысып мақтаныш сезімге бөленеді. Қазіргі қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосқан Х.Наурызбаев, Е.Сергебаев, Ш.Уалиханов, Б.Әбішевтердің, Е.Мергенов шығармашылықтарымен танысады. Осындай мүсіншілердің сомдаған Қазақстан қалаларындағы  мүсіндік туындыларының атауларын,  таұырыптың мазмұнын талдап, көркемдік идеяларын ашады.

      Сыныпта мүсіндеу сабағын өткізу үшін арнаулы құрал-жабдықтар алдын ала жинақталып сақталғаны жөн, олар: мүсіндеу станоктары, тақтайшалар, қалақшалар/ стека/, су  құятын ыдыстар, оқушылардың жұмыс барысында гигиеналық тазалықтарды сақтау мақсатында киетін арнаулы киімдері болған жөн.

      Мүсіндеу сабағы да басқа сабақтар сияқты әдістемелік, дидактикалық принциптер жүйесінде құрылып, өз мақсат-міндеттеріне жетуді көздейді. Мүсіндеу сабағы арқылы оқушылар бейнені, образды тек жазықтықта ғана емес, сонымен қатар кеңістікте де көлемді пішіндер жасау арқылы көрсетуге болатындығын меңгереді.

      Мүсіндеу сабақтарында машықтық жұмыстарды орындауға мүсіндеудің жапсырмалап созбалау және құрастырмалы/ конструктивті/ сомдау әдістері көрсетіліп түсіндіріледі.

      Мүсіндеу сабақтарында белгілі бір тақырыптық композицияларды, ұжымдық әдісті пайдаланып отыруға болады. Мысалы,  «Наурыз тойы » тақырыбына топтық композиция құрастыру тапсырылады. Ол композицияда Қазақстанды мекендеген  ұлт өкілдерін сомдап ортақ тақырып жүйесін жасайды. Мұнда оқушылар бір-бірімен саналы түрде ақылдасып, ынтымақтастықта жұмыс істеп, тақырыптың, композициясының идеясын ашады. Ол оқушыларды ұжымдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелейді.

         

     

      6. Өнер туралы әңгіме сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі

      Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің бағдарламасында өнер туралы әңгіме сабақтарына арнаулы сағаттар бөлінген. Бұл сағаттардың ауқымды бөілігі III-IV сыныптарда оқытылады. Өнер туралы әңгіме сабақтарында оқушылар белгілі суретшілер, мүсіншілер және сәулетшілердің өнерімен, шығармаларымен танысады.

      Оқушылар суретшілердің өз туындыларын жасауда тақырып мазмұнының тереңдігіне, эмоциональдық әсеріне, көркемдік шешіміне жету жлдарын танып түсінеді.

      Оқушыларды үнемі өнер шығармаларымен  таныстыру эстетикалық тәрбие беру құралының бірі болып табылады. Суретші көзқарасымен бейнеленген өмір шындығымен танысу оқушылардың өздерін қоршаған ортаға жаңаша көзқарасын  қалыптастырып, оның сұлулығын тани білуге тәрбиелейді.

      Көркем шығармаларды танып қабылдау мен  бағалау біліктілігі қарапайым тақырыптық суреттермен танысып, оның мазмұнын түсінуден бастап күрделі көркем шығармалардағы суретшінің ой-мақсатына жету үшін пайдаланған әдіс-тәсілдерін тануға дейін біртіндеп дамытылады.

      Өнер туралы әңгіме тек эстетикалық тәрбие беру құралы ғанаесес, сонымен қатар  отан сүйгіштік тәрбие беру құралы болып та саналады.  Өнер туралы әңгіме кезінде мұғалім оқушыларға туған елдің табиғат көріністері, ел тарихына байланысты және елдің даңқын артырған тарихи тұлғалар бейнелерін корсетіп әңгімелейді. Мысалға, Ә.Қастевтің "Шежін өзенінің аңғары", "Амангелді сарбаздары",  М.Кенбаевтің "Асауға құрық салу", Х.Наурызбаевтің "Абай ескерткіші", "Ш.Уалиханов ескерткіші" мүсіндерін, О.Таңсықбаевтің "Алай даласындағы кеш ", К.Муллашевтің "Жер және уақыт" шығармаларын алатын болсақ, мұндай отаншылдық сезіммен бейнеленген туындылар оқушылардың туған жерге, оның тарихына деген сүйіспеншілікпен мақтаныш көзқарасын қалыптастырады. Әрине осындай сезімдік әсердің неғұрлым нәтижелі болуы мұғалімнің шығармалар жөніндегі әңгімесінің сапалы блуына байланысты. Өнер туралы әңгіме сабақтарында суретшілердің жекелеген шығармаларын оқушылардың өз бетімен талдап әңгімелеуіне де көңіл бөлген жөн, өйткені оқушының білімі мен біліктілік деңгейін байқауға және көркем шығарма жөнінде өз пікірін баяндап сөздік қорын байытуға, дамытуға мүмкіндік жасайды.

       Бейнелеу өнері шығармаларымен таныстыру I-II сыныптарда тапқырыпқа байланысты сабақтың басында немесе аяғында 8-10 минут бөлініп өткізіледі. Бір әңгіме, әдетте бір-екі шығарма немесе үш-төрт сәндік қолөнер бұйымдары көрсетіледі.

       Ал   III-IV сыныптарда өнер туралы әңгімеге арнаулы сабақтар бөлінеді ол сабақтардың бірінде бес-алты жанды бейне, мүсіндік, графикалық немесе сәндік-қолөнер туындылары көрсетіліп әңгіме арқау болады.

      Егер де мұғалімнің бағдарламада көрсетілген туынды репродукциясын табу мүмкіндігі болмаса, онда оны сол туынды мазмұнына, композициясына өте ұқсас репродукциямен алмастыруына болады.

      Әңгіме кезінде кинофильмдер, диофильмдер, диопозитивтер, эпидиоскоптер, компьютерлер арқылы туынды репродукцияларын көрсетуді кеңінен пайдаланған жөн.

      Өнер туралы әңгіме оқу жылының бардық кезінде өтетіндіктен, мұғалімнің әңгіменің жоспарлауда жыл мезгілін, мерекелерді, пәнаралық байланысты бейнелеудің машықтық тақырыптарын ескеруі маңызды.

       Әңгіме нәтижесінде I сынып оқушысы суреттегі немесе иллюстрациядағы бейнеленген заттарды, құбылыстарды (жыл мезгілі, ауа райы, тәулік мерзімі, т.б) іс-әрекетті (жүгіріп келеді, жүрңп келеді, отыр, сөйлеп тұр т.б) танып, суретте "Не ұнады?" "Несімен ұнады?" деген сұрақтарға өз пікірін айта білуі керек.

          

   

 

 

    7. Бейелеу өнерін оқудағы пәнаралық байланыс

      Қазіргі таңда білім беру мен тәрбиелеу процесінде жан-жақты толық нәтижеге жетудің бірден-бір құралы-ол пәнаралық байланысты мұғалімдердің іс-тәжірибесінде үнемі қолдану болып табылады.

      Әсіресе, пәнаралық байланыс бастауыш білім беру сатысында оқушылардың жаңа материалдарды жеңіл игеруіне, басқа пәндерден алған білімінің пайдалы қажеттілігін түйсінуге, сол пәнге деген қызығушылығының артуына, дүниетанымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады.

      Пәнаралық байланыс білім беру жүйесіне енгізілген барлық пәндердің біртұтастық, қажеттілік деңгейін дәлелдейді. Еліміздегі білім беру жүйесінің реформалау нәтижесінде енгізілген жаңа  буын оқулықтар мен әдістемелік құралдарынан пәнаралық байланысы айқын байқауға болады.

      Мысалға, бастауыш сыныптарға арналған бейнелеу өнері оқулықтарының алғашқы сабақтарының бірі «Заттар мен бұйымдарды бейнелейік» деген тақырыбын алатын болсақ, бұл сабаққа оқушыларды сызықтар түрлерімен (түзу сызық, кереге көз сызық, доғал сызық, көлбеу сызық) таныстырып, оларды қарапайым заттарды бейнелеуде пайдалануға үйретеді. Бейнелеу алдында оқушыларды бұйымдардың қарапайым пішіндерімен таныстырады, қарбыз-дөңгелек, сандық-төртбұрыш, бас киім-үшбұрыш, айна-жазық төртбұрыш деген алғаш геометриялық фигуралар атауларымен танысады.

     Сол сияқты «Бояулар әлеміне саяхат» тақырыбына табиғи түстер мен бояу түрлерін қоршаған ортаны, табиғи құбылыстарды, өсімдік жапырақтарының өзіндік ерекшеліктерін әңгімелей отырып, дүниетану, математика пәндерімен байланыстыра оқытылады.

     Бейнелеу өнері пәні бойынша осындай бірнеше мысалдар келтіруге болады.

     Әрине пәнаралық байланыста қолдану мұғалімнен үлкен ізденісті, тәжірибені қажет ететіні сөзсіз.

     Пәнаралық байланысты пайдалану барысында оқытудың жүйелігі, бірізділігі, байланысты пән бойынша оқушылардың алған білімнің сәйкестігі ескерілуі қажет.

      Заттан қарап бейнелеу сабағында табиғат көріністерін, ондағы табиғи құбылыстарды бейнелеу кезінде дүниетану пәнінен алған білімдері еске түсіріліп пайданылады немесе сол пәнге байланысты мәліметтер беріледі. Сонымен қатар табиғат көріністерінің сұлулығын оқушылар қиялында әсерлі елестету мақсатында ақындардың поэзиялық шығармалары оқылып, ондағы кейбір сөздердің мағыналары оқу оқушылардың өздеріне талдатылады. Онда оқушылардың ана тілі пәніде алған білімдерінің тереңдеуіне, бекітілуіне мүмкіндік туады, сонымен қатар жаңа сөздермен танысып, олардың мазмұнын, мағынасын ұғынады. Бейнелеу өнерінде шығармашылық шабыты оятып, образды елестетуде музыканың да рөлі зор.

      Көркем құрастыру сабақтарында қағаз, қатырма қағазбен немесе табиғи материалдармен жұмыс кезінде еңбекке баулу пәнінен алған білімді еске түсіріп, пайдаланады немесе еңбекке баулу пәніне байланысты жаңа білім, түсініктемелер жұмыс ережелерімен танысады. Осындай бірнеше мысалдар келтіруге болады.

       Пәнаралық байланыс бейнелеу өнерінің басқа да пәндермен бірдей деңгейде оқытылуы мәртебесін дәлелдейді, оқыту мен тәрбиедегі барлық пәндердің бірлік жүйесін, бірізділігін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-ІV сыныптардағы бейнелеу өнері пәніндегі пәнаралық байланыс кестесі

 

Басқа пәндер

Бейнелеу өнері пәнінде шамамен қаралатын байланысты мәселелер

1

Ана тілі

-          поэзиялық шығармаларды тыңдау, оқу, талдау;

-          ертегілердің жекеленген бөліктерінің мазмұнын әңгімелеу, талдау;

-          суретшілер шығармалары жөніндегі пікірлерін айту;

-          өзінің немесе жолдастарының жұмыстарын талдап, пікірін айту;

2

Математика

-  бейнені құрастыруда шаршы, шеңбер, тікбұрыш, тіктөртбұрыш, үшбұрыш ұғымдарымен танысу, олардың графикалық бейнесін орындау;

- көркем құрастырғанда шамалар, өлшемдер, көлемдер туралы мағлұмат беру;

 

3

Дүниетану

-жыл мезгілдеріне байланысты табиғи құбылыстар және олардың ерекшеліктері жөнінде;

-адамдардың, жан-жануарлардың табиғаттағы орны жөнінде;

-табиғаттағы өсімдіктердің түрлері, түстік ерекшеліктерін білу.

4

Музыка

-әуендердің сезімдік әсерін түйсіну;

-музыкалық әуендердегі бейнелік елесті сезіну;

-музыка тыңдау және оған талдау жасау.

5

Еңбекке баулу

-көркем құрастыру, дизайн сабақтарындағы бүктеу, тілу, қию, желімдеу т.б. жұмыстары;

-бейнелеу өнері шығармаларындағы еңбек адамдарының образдарын тану, әңгімелеу.

6

Дене тәрбиесі

-адам өміріндегі дене тәрбиесінің алатын орны туралы әңгімелеу;

-спорттық ойындарды, спорт құралдарын бейнелеу, олардың түрлерін танысу, атауларын білу.

 

 

 

 

 

 

Дәріс: 10,11.

 

Тақырыбы: Мектепте бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі

                      дидактикалық принциптері

       Жоспар:

                        1.Оқытудың ғылымилық принципі

                         2. Көрнекілік принципі

                        3. Саналылық пен белсенділік принципі

                         4. Жүйелілік және бірізділік принципі

                         5. Түсініктілік және сәйкестік принципі

     Бейнелеу өнеріне оқыту әдістемесінің мазмұны педагогика ғылымына негізделіп құрылады. Соның ішінде бейнелеу өнерін оқытуда педагогика ғылымы зерттеп, көрсетіп берген дидактикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, жұмысты ұйымдастыру үлкен нәтиже береді, оқыту мен тәрбие беру процесін ғылыми тұрғыда жүйелендіреді. Алдымен дидактикалық принциптер жөнінде айтпас бұрын педагогика ғылымындағы дидактика туралы әңгіме етейік.

      Дидактпика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни "didaktikos" -үйретуші, "didaskolos" - мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

     Дидактика жалпы немесе жекеленген пәндерді оқыту ерекшеліктерін зерттеп, білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады.

     Педагогика ғылымының даму тарихында дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670 ж.ж.) өзінің "Великая дидактика" кітабында оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі туралы баяндаған. ХҮІІ ғасырда швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827 ж.ж.) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістері жүйесінің негізін жасады.

    ХІХғасыр неміс педагогы Фридрих Вельгельм Адольф Дистервег (1790-1966 ж.ж.) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнекілік, еліктегіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделіге көшу т.б.

     Ресейде орыс дидактикасының дамуына үлес қосқан педагог ғалым К.Д.Ушинский, ал Кеңес үкіметі кезінде осы педагогика саласының ілгерілеуіне үлкен әсерін тигізген Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий еңбектері болды.

     Педагогика ғылымының "Дидактика саласына белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов т.б шығармашылықпен еңбектеніп, өз үлестерін қосты.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері