Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция
1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Жоғарыда айтылғандай, оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі деп танысақ, онда мақсатқа жету әр мұғалімнің сол тәсілдерді тиімді таңдап алып, шебер пайдалана отырып оқыту процесін ұйымдастыруына, оқушылардың қабылдау дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенді педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесіне байланысты әр түрлі таласты пікірлер бар екендігі рас. Кейбір әдіскерлер бейнелеу өнерін оқытуда оқушының қиялын, қоршаған ортадан алған алғашқы әсерлік сезімін алға қойып, екінші кезеңде бейнелеу ереже заңдылықтарын баланың сол сезімдік әсерін пайдалан отырып оқытуды ұсынады.
Ал кейбір әдіскерлер баланың алғашқы сезімдік әсерін жүйелеп, бейнелеу іс-әрекетін белгілі бейнелеу ереже заңдылықтарына бағындыру арқылы оқытуды ұсынады. Енді бір әдіскерлер бейнелеу өнерін мектепте оқытуды – тек оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс деп түсіндіреді.
Сондықтан педагог-әдіскерлер осы пікірлердің жігінен жол тауып, қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің мақсаты мен міндеті болып отырған, жеке басы жан-жақты дамыған, одан әрі өз бетімен дами алатын қоғам азаматын дайындауда ғылыми-шығармашылық ізденіспен жұмыс істеу керек.
Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздейді. Сондықтан да педагогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г.пестолоцци, Ж.Ж.Руссо, Дж. Локк, Я.А.Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде улкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қйын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.
Кейбіреулер оқыту оңай да қарапайым, тіпті оған оқудың да қажеті жоқ, тек өз пәніңді білсең болды деп ойлайды. Бірақ, әрине олай емес, тамаша суретші, жазушы, ғалым болғанымен, жақсы оқытушы болмауы мүмкін. Оған дәлел көптеген белгілі суретшілер оқыту әдістемесі рөлінің маңыздылығын ескермей, оқытушылық істерінде үлкен дағдарыстарға ұшырады. Оқытуда да өнердегідей шабыт, сезім, тапқырлық, іске шығармашылық көзқарас болуы маңызды. Кей жағдайда сабақ барысында сабақты аяқасты өзгерістер негізуге тура келеді. Мысалы, сыныпқа түсіндірген жаңа сабақ материалын оқушылар меңгере алмады, онда мұғалім өткен сабақ материалына оралып жаңа сабақты кішкене бөліктерге бөліп, біртіндеп кезеңдеп түсіндіреді. Кезеңдеп түсіндіру барысында бір кезеңді оқушылар меңгергеннен кейін ғана екінщі кезеңге көшеді. Сөйтіп жаңа сабақтың меңгерілуі жеңілдетіледі. Міне, сондықтан да дер кезінде сабақты аяқастынан қайта құру мұғалімнен әдістемелік тапқырлықты, шығармашылық көзқарасты, педагогикалық сауаттылықты талап етеді. Мұғалімнің жеке тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден-бір жолы – ол педагогика ғылымының жаңа жетістіктерін, жаңа педагогикалық технологияларды жинақтап, зерттеу.
Бейнелеу өнерін оқыту барысында педагогикалық компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы дизайн, сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарын өткізуге болады. Мысалы,»Құрақ құрау» сабағында жалпықұрақ құрау өнері және технологиясы айтылып, сабақтың машықтық кезеңінде жұмысты компьютердің көмегімен орындау тапсырылады. Оқушылар алдына мынадай мәселе қойылады:
-1- нұсқадағы оқушылар жұмысты жылы түстік реңде, ал 2-нұсқадағы оқушылар суық түсте орындау;
- оқушылардың бір-бірінің жұмысын қайталамауы.
Мұнда оқушылар мәселені шешу жолында саналы ізденіспен, шығармашылықпен еңбектенеді.
Сонымен, әдістемені жақсы меңгеру – біріншіден өткен тәжірибедегі ең жақсы жетістіктерді жинақтау, зерттеу. Өйткені ол тәжірибені іс жүзінде пайдаланып, қандай нәтижеге жетуге болатындығы белгілі. Бірақ бұл «өз шығармашылық педагогикалық жаңалығыңды тәжірибе жасаудан баста» деген сөз емес.
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Адам баласының қоршаған ортаны бейнелеуге ынтасы ежелгі дәуірден басталған. Оған алғашқы адамдардың сүйектерге, мамонт мүйіздеріне және үңгірлерге бейнеленген суреттері дәлел. Ол бейнелер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігін, қоршаған орта туралы көзқарасын көрсетеді. Біртіндеп осы бейнелер негізінде жазу пайда болды. Сөз жоқ, алғашқы адамдар жасаған бейнелеу өнерінің үлгілері аяқ астынан пайда болған жетістік емес, ол көптеген жылдар бойы дамып жетілген тәжірибе мен дәстүрдің жемісі болатын.
Алғашқы сурет салуға үйрену тікелей көргенді қайталау, яғни көргенді көшіру еді. Алғашқы бейнелер үлкендердің тіршілік үшін жасаған еңбек процесіне, тіршілік көзі болған табиғатқа, жануарларға байланысты болды.
Неолит дәуіріндегі (б.з.б.5-3мың.ж.) жер өңдеу мен қолөнердің пайда болуы адамдардың өнерге деген көзқарасын мүлдем өзгертті. Адамның сурет сала білу шеберлігі, қолөнер бұйымдарын, соның ішінде қыштан жасалған бұйымдарды безендіру басталды.
Нағыз өнерге оқыту, мектепте ұйымдастыру тек өркениет дәуірінде пайда бола бастады. Оған дәлел ретінде ежелгі Мысырда дамыған жоғары дәрежелі мәдениетті қарастыруға болады.
Тарихи деректер бойынша ежелгі Мысырда суретсалу мектепте сызу пәнімен қатар оқытылғанын білуге болады. Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме жобасын, су құбырының кестесін сызуды білуге міндетті болды.
Мысыр мектептерінде оқушыларға сурет салуды оқытуға ерекше көңіл бөлінді, өйткені иероглифтік жазу әр түрлі заттар бейнелерінен тұрды. Мысалыға А әріпі құс бейнесінде, Б әріпі адамның аяғының бейнесінде салынды.
Тәрбиелеу мен оқытк тәртібі бұл мектептерде өте қатал болды: мектеп немесе оқушы ережесін болмашы бұзушыларды таяқпен соққыға алып жазалауға дейін барды, тіпті кей жағдайларда оқушының қол-аяғын байлап, ғибадатханалардың қараңғы бөлмесіне ұзақ уақытқа қамады. Ол мектептер заңында былай делінген: «Күнделікті жұмысқа ынталы бол, жігерлі бол. Бір күн де ерінбе, болмаса соққыға жығыласың».
Оқыту әдісі мен тәртібі барлық суретші педагогтарда бірдей болды. Алғашқы болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқытуда белгілі бір жүйеге негізделген теориялық заңдылықтарды жасай бастады. Олар сурет салуға оқыту процесін қоршаған ортаны тануға, байқауға емес, сызбаларды, қағидаларды жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негіздеді.
Ал ежелгі грек суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан қарады. Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл бөлу қажеттілігін мойындап, бейнелі өнерін оқытудың өзіндік ережелерін жасады. Гректер әдеміліктің мәні сымбаттылық,симметриялық бөліктердің тұтастық үндестігі, дұрыс математикалық тепе-теңділік деп тұжырымдады.
Грекияда б.з.д. ІV ғасырда бірнеше сурет мектептері болды. Олар – Сикиондық, Эфестік және Фивандық мектептер. Бұл мектептер әр түрлі әдісмемелік бағыт ұстады. Фивандық мектеп жарық, көлеңке арқылы өмір шындығын және елесті көрсетуге бағытталды. Эфестік мектепте сыртқы сұлулыққа және табиғатты көркемдік тұрғыдан қабылдауға, соның ішінде шығармашылық, эстетикалық шабытқа үлкен мән берілді.
Сикиондық сурет мектебі жаратылыстанудың ғылыми мәліметтеріне және табиғат заңдарына негізделді. Сикион сурет мектебі оқыту әдістемесінің дамуына ғана емес, сонымен қатар жалпы бейнелеу өнерінің дамуына үлкен әсер етті. Бұл мектеп оқыту әдістемесін ғылыми негізде құрып, оқушының табиғатты зерттеу, оның заңдылықтарын ашуға жетелеп, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік көзқарасын тәрбиеледі.
Сикиондық мектептен Памфил, Мелантий Павзий және ұлы апелес сияқты атақты суретшілер шықты. Сикиондық мектептің басшысы болған Памфилдің арқасында сурет салу Грекияның жалпы білім беретін мектептердің барлығына пән ретінде енгізілді.Сурет салуға оқытудың міндеті өмір шындығындағы заттарды тек көшіріп бейнелеу ғана емес, сонымен қатар, ол заттардың құрылысының заңдылықтарын зерттеп, тану екендігін алғаш рет панфил дәлелдеді.
Ежелгі римде де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектептерінде жүргізілді.
Бірақ Римдіктер грек суретші педагогтарының жасаған бейнелеуге оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмеді, керісінше, кейбір оқыту әдістерін олар сақтай алмады. Грек суретші-педагогтары бейнелеу өнерінің басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсақ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық өнер ретінде қарау керектігін түсіндірсе, ал рим империясының суретші-педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одан әрі дамыту мәселері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге оқытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, ұлы грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.
Сөйтіп Римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.
Ұлы рим империясы құлаған соң ғасырда шынайы өнер жетістіктері мүлдем жоққа шығарылды. Суретшілері бейнені жазықтық бетіне тұрғызу ережелерін, гректер жасаған оқыту әдістерін білмеді. Ағарту ісіне қарсы болған христиан шіркеулері грек шеберлерінің теориялық еңбектерін, сонымен қатар бейнелеу өнерінің аса құнды туындыларын аяусыз құртып талқандады. Өнерге деген сүйіспеншілік, өнерге табынушылық деп танылып қудаланды.
IX-XI ғасырлардағы дағдарыс – тоқыраудан кейінгі қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оны оқыту әдістемесінің даму тарихына үлкен әсерін тигізді.
Бейнелеу мәселелерімен Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дюрер және тағы басқа бейнелеу өнерінің шеберлері айналыса бастады. Олар табиғи құбылыстар заңдылықтарын түсіну мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, бейнелеу өнерін ғылыммен байланыстырды. Жұмыстың нәтижелі болуына архелогиялық қазбалардан табылған өнер үлгілері және ежелгі Грекияның ұлы өнері жөніндегі тарихшылар қалдырған деректер көмектесті. Қайта өрлеу суретшілері антикалық өнер үлгілерін зерттеу барысында игерген теориялық білімдерін өздерінің шығармашылық жұмыстарында пайдаланды және перспектива, анатомия, пропорция ілімдерін зерттеп, жетілдіруді басты мақсат етіп алды.
Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бейнелеуді оқыту әдістеріне байланысты біршама құнды пікірлер айтты. Олар бейнелеуді оқытудың негізі заттан қарап бейнелеу болу керек деді. Мысалыға, Ченнино өзінің кескіндеме туралы трактатында «Байқасаң, салтанатты қақпа арқылы жетелеп, өнерге апаратын ең жетілген жетекші – ол заттан қарап бейнелеу», - деп жазған. Ченнино бейнелеуді оқытуды теориялық білім негіздерін игеру үшін мұғалімнің жүйелі басшылығы қажет деп санады.
«Живопись туралы үш кітап» еңбегінде Леон Баттиста Альберти бірқатар құнды әдістемелік ережелер ұсынды. Ол бейнелеуді маңызды ғылыми пән ретінде қарастырды. өнерге оқытудың нәтижелі болуы ғылыми біліктілікке байланысты деп жазған. Альберти оқыту әдістемесіне ғылыми негіздеме бере отырып, сурет салу тек қолды жаттықтыру емес, ақыл-ойды жаттықтыру деп қарастырды. Бұл қағиданы басшылыққа алып кейіннен Микеланджелло «суретті қолмен емес, баспен салады» деген болатын.
Альберти оқыту процесінің барлығы заттан қарап бейнелеуге байланысты құрауды ұсынды. Оның ұсынған әдістемелік оқыту жүйесіне көңіл аударсақ: бірінші нүктелер мен түзу сызықтармен танысу, содан соң әр түрлі бұрыштар, жазықтықтар, соңында көлемді денелермен таныстыруды ұсынған. Осыған орай «бейнелеуді енді ғана үйренуге кіріскен жастар бірінші әріптің бейнесін жеке дара, яғни бұрынғылардың айтуынша элементтерін оқиды, содан соң буындарды оқиды, тек осыдан кейін сөзді құрастыруды оқиды» деп жазды.
Альберти бірізділікті сақтай отырып, оқушыны сызықтық перспективаның негізгі қағидаларымен таныстырып ауа перспективасы жөнінде де әңгіме етеді. Оның жасаған кейбір ережелері әлі күнге дейін бейнелеу өнерін оқытуда қолданылып келеді. Әрине бейнелеуді оқыту әдістерінің одан әрі жетілуінің нәтижесінде Альбертидің бірқатар әдістері қате деп бабылды. Ол екінші кітабындағы сурет салуда ілмені пайдалануды ұсынушы еді.
Ілмені пайдалану әдісіне дәлірек тоқталатын болсақ, бейнеленетін зат пен суретшінің арасына кергішке керілген мөлдір қағаз немесе жұқа мөлдір мата, кей жағдайда жіптерден торлап керілген кергіш қойылды. Суретті нәрсені әдейі әзірленген көздеу құралы арқылы нысанаға ала отырып ілме бетіне түсірді. Бұл әдіс перспектива заңдылықтарын дәл сақтап бейнелеуге мүмкіндік жасады, сонымен қатар айтарлықтай кемшілігі де болдыҒ ол сурет салуды маханикалық жобалауға айналдырды.
Дегенмен 15 ғасырда бейнелеу әдістемесінің дамуына суретші-ағартушы Альбертидің қосқан үлесі зор болды. Бейнелеу әдістемесінің дамуына үлкен әсерін тигізген Леонардо да Винчидің «Живопись туралы кітап» еңбегін айтуға болады. Альберти сияқты Леонардо да Винчи де бейнелеуге негізгі пән ретінде қарады. Леонардо «ілме» арқылы бейнелеу тәсілі оқушыларға зиян екенін айтып «Бұл ойластырылған құралдан бас тарту керек, өздігінен суретсала алмайтын адамдар үшін бұл бағыт ақыл-оыларына зиян келтіреді және оның көмегінсіз ешбір жақсы дүние жасай алмайды» деп жазды.