Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция
1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Сурет- бейнелеу өнерінің негізі. Кескіндемеші де, мүсінші дн, сәулетші де суретке соқпай өте алмайды. Қайта өрлеу дәуірінің алабы Микеланджело былай деген болатын: “Нобай жасау өнері деп басқаша аталып жүрген сурет-живописьтің де, скульптураның да, архитектураның да еңбек нүктесі; сурет- кез келген ғылымның қайнар көзі мен түп тамыры. Сондықтан сурет салумен ең ді айналыса бастаған суретшіге ең алдымен сурет салуды, оның ережелері мен заңдылықтарын меңгеру керек”.
Адамның басын салудың, мыңдаған жылдар бойғы қалыптасқан салу жолдары бар. Әр заманда, кезеңде сурет өнерін оқып-үйренуде айшықты із қалдырған, тіпті қазіргі дейін қасиеті жоймаған методикалық жолдар, жеке суретшілердің өз заманында жазып кеткен оқулықтары бар.
Қазіргі заман өнері немесе сурет салу жолдарының түп тамырының өзі осы өнер туындыларынан басталғанына күмән жоқ.
Ал, Мысыр суретшілерінің өзіндік мектебі, сурет салу жолдары болғаны бізге белгілі. Олар адам бейнесін бейнелегенде немесе алып мүсіндер жасаған өзіндік әдіс-кононға сүйеніп жасайтын болған.
Онда адам мүшелері мен пропорциялық өлшемдері өте дәл математикалық есепке негізделген болатын.
Олар ортаңғы саусақтың ұзындығын адам бейнесінің өлшемі етіп алған. Осы өлшем арқылы бастың пропорциялық көлемін тауып, жүздеген жыл бойы пайдаланып келді.
Адам бейнесін шыншылдықпен бейнелеуде, сол кездегі итальян суретшілері біршама табысқа жетті. Олар өздігінің еңбектерінде ешқандай әсерлеуге бармай, асыра сілтемей, тек табиғи бейнесін, табиғи адам мінез-құлқын берді.
Портрет салуда немесе белгілі бір үлкен тақырыпқа композициялық шығарма жазуда суретші адам анатомиясын жетік білу өте қажет. Ол суретшіге адам денесінің құрылысы жайында ең қажетті мәлеттер береді. Суретшінің назарын адамның кейпі мен қозғалысын байқап, ұға білуге, осы кейіпке тән ерекше белгілерді екінші дәрежелі бөлшектерден (деталь) айыра білуге көмектеседі.
Суретші бастың суретін салуға кіріспе бұрын ең алдымен бас сүйек қорабының құрылысына, бұлшық еттердің орналасуның анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің сұлбасын зерттеу тиіс. Мұны білу басты дұрыс бейнелеу үшін ғана емес, сонымен бірге адамның мінезін, сезімдері мен қуаныш-күйінішін де беру үшін қажет.
Ол үшін көптеген көмекші сызықтарды пайдалана отырып, бастың сұлбасы қағаз бетіне түсіріледі де, содан кейін мұрыңның үстінгі қырын қуа, бетті қақ жарып , төмен қарай тік ортақ сызық жұргізіледі. Бастың дасаған сұлбасы көлденең сызықтар арқылы бірдей етіп үшке бөліну керек. Төмен бөлік теңдей тағы да екігі бөлініп, ол еріннің төменгі шеті болуға тиіс. Бұдан кейін жоғарыдағы бірінші сызықтан, бастап көздің ұясына қоршай сызықтар жүргізіп, белгіленіп, екінші көлденең біткен жерінен мұрының төменгі жағы белгіленеді.
Танау сызығы мен еріннің төменгі жақ сызығының арасындағы кесіндіні көлденңе сызықпен екі жарсақ, ол ерінің жоғарғы жиегі болады. Еріндердің жоғарғы және төменгі жиектері арасындағы кесіндіні де екіге бөледі, бұл сызық ауыздың орны болып табылады. Құлақтың жоғары шеті қасқа тұтас та, ал төменгі танауда тұтас екі ортадағы сызықтар болуы тиіс. Екі езудің арасы бір көздің ұшй мен екінші көздің ұшындағы арақашықтыққа тең.
Адам тұлғасын салып үйрену жұмысарда алғашқыда салбыратып қойылған жіпті (оның төменгі ұшына салмақты зат байланады) пайдалануған жөн, ол үшін бір қолынызға жіпті алыңыз, жіп ұстаған қолынызды ілгері қарай созып, бір көзіңізді қысып, тұрыңыз да, адам тұлғасына қарай бағыттаныз. Сол кезде сіздің суретініңдегі екі иықты қуа түскен сызықтағы нүктемен түйіссе, одан тік тұрған адамның суреті дұрыс салынып жатқандығы болып есептелінеді, егер ауытқыштылықтар болса, оларды сол сәтте жөндеп, суретті адам тұлғасының өзіне ұқсастыру керек. Сонымен қарсы қарап тұрған адам тұлғасын салып үйренгеннен кейін, оны ту сыртынан да қырынан да т.б. жағдайда салып үйрену керек.
Адамның бойының биіктігі әдетте сегіз бастың биіктігіне тең классикалық пропорция болады. Сондықтан да өзіміз белгілеген тік сызықтың кесіндісін сегіз бастың өлшеміне тең етіп, сегізі бөлікке бөлеміз. Бірінші сызық бастың жоғары нүктесінен иекке дейін, екінші-иектен бастап төс сүйектің ұшына дейін, үшінші-төс сұйектің ұшына кіндікке дейін, төртіншісі-кіндіктен шаптың сызығына дейін және бесінші-жамбас сүйек пен аяқтың басымен қоса есептегенде төрт бастің
биіктігіндей болуға тиіс.
Сонымен бас пен кеуде адам бойының жартысы болып табылады. Адам суреттің жарық пен көлеңкесін айырған ең әуелі оның жалпы аумағын негізгі штрих сызықтармен белгіленіп, анықтп алып, содан кейін ғана адам денесінің мүшелеріне түгелдей біржола анықтауға кірісу керек.
13. Батик, коллаж, оригами өнері туралы.
Матаны әсемдеу өнері ерте кезден белгілі. Алғашында матаны жасау барысында ерекше әдіспен тоқылған суреттер пайда болды. Кейінірек суретші қолмен салатын болады. Ал содан соң белгі түсіретін ағаш тақтайшалар ойлап табылады.
ХVII-ғасырда металдан жасаған белгі салғышты қолдана бастады. Келесі қадам-белгілі салғышты қолдана бастады. Гровер шебердің суреті металл білікке ойылған. Содан соң оны бояуға шалып, матаның бетінен жүргізген. Егер де түрлі-түсті өрнек болса, бірнеше білікті қолданған.
Кейде матаны көркемдеу үшін бір уақытта екі әдісті қолданған-жіптерді тоқу және өрнек. Қытайдың КЭСЕ матасын осыған жатқызуға болады, мұнда жіптен тоқылтырылған. Ең көне өрнек қытайлық өрнек болып табылады. Мата өте жақсы сақталған, онда минералды бояғыштар арқылы күңгірт кескіндер салынған. Ыссы батик отаны Индонезия болып саналады. Классикалық ыссы батик-көп еңьекті қажет ететін өрнек түрі. Тек матаны дайындаудың өзі бірнеше күнге созылды.
Қазіргі заманғы қолмен өрнек жазу бұрынғы әдістері негізгі ала отырып,жаңа технология толықтырылған.
Шығармашылықтың бұл түрі жаңадан ойлап табылған жоқ. Коллаждың әдістерін иконада, ұлттық өнерде, соның ішінде құрақта кездестіруге болады.
Коллаждың жақсы дамуы және кеңінен қолдануы адамзаттың техниканы меңгеруімен байланысты. Техникалық шығармашылықтың жаңа дәуірі әлем жөніндегі жаңаша көзқарасты туғызды. Жаңа ойлар пайда болып, адамдардың талғамы өзгертті. Бояулар мен кенептің орнына әр түрлі синтетикалық материалдар келді. Бояумен салынған қарапайым суретті әр түрлі материалдарды желімдеумен алмастырады.
Коллаж үшін кез келген материалды қолдануға болады. Мысалы: қағаз, мата, жіптер, іліктер, тығындар т.б. Жұмысты орындау кезінде ең бастысы негіз ретінеде мата, картор, қорғасын, былғары, резіңке қолданылуы мүмкін. Әр негізге өзінің сәйкес материалдарын таңдап алу керек.
Оригами- ежелден келе жатқан қағазды бүктеу арқылы әр түрлі көлемді бұйымдар жасау өнері. Кейбір мәлеметтер бойынша бұл өнер осында екі мың жыл бұрын Қытайда қағаздың шығуымен бір пайда болған деліңген. Ежелгі қытайлықтар қайтыс болған адамды жерлеу рәсімінде қағаздар әр түрлі үй макеттерін жасап, оны өлген адам о дүниеде пайдаланады деген ұғыммен жасаған деген жорамал бар.
Ал келесі бір жорамал бұл өнердің пайда болуына себеп болған ол кейбір халықтардағы киімді орап, бүктеп дайындаудыдың әсері делінген, мысалы: Жапонияда-кимоно, Үндістанда-тоға, Шығыс елдерінде-шалманы кию, тігу арқылы емес, бүктеу,орау арқылы дайындаған.
VII ғасырда оригами Жапонияда белгілі бола бастады және ол елде жаңаша көрініс тапты. Алғашқы кезде оригами өнері тек діни танымдармен байланысты орындалды. Олар мереке күндері үйлерінің ішін қағаздан бүктеп жасаған бұйымдармен безендірді.
Дәріс : 7, 8, 9.
Тақырыбы: Бейнелеу өнерін оқытудың негіздері
Жоспар:
1. Бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру және сабақтың құрылысы
2. Заттан қарап бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі
3. Тақырыптық бейнелеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі
4. Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны мен оқыту
әдістемесі.
5. Мүсіндеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістері.
6. Өнер туралы әңгіме сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
7. Бейнелеу өнерін оқудағы пәнаралық байланыс.
Кіріспе. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында бейнелеу өнеріне оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері:
- оқушыларға бейнелеу өнерінің құралдарын жүйелі меңгерту арқылы айналадағы өміршындығына эстетикалық көзқарасты қалыптастыру:
- өмір шындығы көріністеріндегі, табиғаттағы және өнердегі бояу түстерін, оның сезімдік әсерін оқушылардың көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын, елестесу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
- көркем мәдениет және оның қоғамдағы алатын орны туралы түсінікті дамыту;
- оқушылардың бойында халықтың дәстүрлі өнерін, тарихи ескерткіштерін эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын жүйелі білім, шығармашылық икемділік пен дағдыны қалыптастыру;
- бейнелеу өнері сабақтары барысында дамып қалыптасқан көркемдік білімдерін, икемділік дағдыларын тұрмыс жағдайында, еңбек процесінде, қоғамдық жұмыста пайдалана білуге баулу.
Қазіргі кезде жасөспірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің, соның ішінде бейнелеу өнерінің ықпалы зор екендігін педагогика, психология ғылымдары дәлелдеп берді.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, адамгершілік және сұлулық сезімі дамиді, әрине бұл қасиеттер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына негіз болары сөзсіз.
Бейнелеу сабақтары оқушылардың қоршаған ортаға қызығушылығын арртыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар жеке тұлғаны ұқыптылыққа, дербестікке, еңбек сүйгіштікке бейімдейді.
Бейнелеу іс- әрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен құбыластарды байқап зерттеуді үйренеді. Демек, бейнелеу қоршаған ортаны тану, кеңістікті қабылдау, есте сақтау, қиял, сезім сияқты тағы басқа психологиялық процестердің дамуына көмектеседі.
Көбінесе бейнелеу іс-әрекеті барысында оқушының ерекше белсенділігін байқауға болады. Ол әсіресе танымдық шығармашылық белсенділік тұрғысында байқалады. Бұдан жеке тұлға өз белсенділігін қоршаған ортамен сезімдік қарым-қатынас, жұмыс (қоршаған ортаны бейнелеу)
Процесінде арттыратындығын көруге болады. Педагогтың ұйымдастыруымен өткізілген сабақтағы немесе сыныптан тыс шаралардағы танымдық, эстетикалық тәрбие оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту мен тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады.
Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері дәстүрлі бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен бірге дизайн, оригами, коллаж т.б. бейнелеу, жапсырмалау жұмыстарын да қарастырады. Бұл жұмыстар оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін дамытумен қатар, олардың санасында бейнелеу өнерінің адам тіршілігінде, қоршаған ортада үлкен орын алатындығын дәлелдейді. Түрлі материалдардың көркемдік қасиеттерімен танысып, оларды өңдеу тәсілдерін меңгереді.
Бейнелеу сабақтарында немесе сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар шетелдердің белгілі бейнелеу өнері шығармаларымен және көп ұлтты Қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдерімен танысып, жекелеген белгілі бейнелеу өнері туындыларының компоцизиялық шешімін, түс ерекшеліктерін талдап өз түсінігін, пікірінәңгімелейді. Бұл оқушыларды өнер танығыштыққа тәрбиелеп, коммунивтік қабілеттерін арртырады. Осыған орай қазіргі кездегі тәуелсіз еліміздің білім және ғылым жүйесін реформалау нәтижесінде алғаш жарық көрген бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнерін оқыту бағдарламалары мен оқулықтарына батыс Еуропа, Ресей бейнелеу өнерінің кейбір белгілі суретшілері, сәулетшілері, мүсіншілерінің шығармалары, ұлттық қол өнері енгізілген. Соның ішінде, әрине, көп ұлтты қазақ бейнелеуөнері, ұлттық қол өнер кенінен орын алған. Ол оқушыларға басқа да елдердің бейнелеу өнерімен терезесі тең дамып келе жатқан өз елінің өнерін талдап, танып, үлкен отансүйгіштік сезімге бөленуіне мүмкіндік жасайды.
Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәнінің алдына қойған мақсат, міндеттерін жүзуге асыру арқылы оқушылардың интеллектуалдық, эмоциялық, эстетикалық, іскерлік, коммуникатифтікқабілеттерін дамытып, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасқа дайындауды жүйелеудегі оқу бағдарламасы мен мемлекеттік стандарттың және осы құжаттарға сәйкестендіріліп жазылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің манызы зор.
Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламасында бейнелеу өнері аптасына 1,5 сағат есебінде қарастырылып, әр сыныпта бір оқу жылына жалпы 51 сағат оқыту жоспарланған. Онда өнер түрлеріне байланысты тарауларға бөлінген уақыт кестесі мынадай:
Бағдарламадағы көрсетілген әрбір бейнелеу өнері саласы бойынша оқыту негізі екі бөлім арқылы қарастырылады:
1. Өнерді қабылдау.
2. Машықтық көркем іс-әрекет.
Өнерді қадылдау ол оқушылардың өнер түрлерін, өнер шығармалары мазмұнын, өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармалары туралы оқытушымен, сыныптағы жолдастарымен пікірлесе отырып танысуды көздейді.
Ал машықтық көркем іс-әрекет барысында оқушылар заттан қарап, есте сақтап, елестетіп бейнелеу, мүсіндеу, сәндік сурет салу, көркем құрастыру, безендіру ереже заңдылықтарымен (композисия, пропорция, перспектива т.б.) танысып, іс жүзінде меңгереді.