Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

"Гравюра" сөзі француз тілінен аударғанда "ойып алу" деген мағынаны білдіреді. Гравюра литография, ксилография, линогравюра офорт түрлері жатады.

Графика орындалу тәсіліне, өзіндік ерекшелігіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.

      Гравюра- тақта, ағаш ,линолиум бетіне арнаулы аспаптармен ойып істелетін сурет салу өнері

      Ксилография – ағаш бетінде орындалған сурет.

      Литография – тегіс орындалатын гравюра

      Иллюстрация – кітап мазмұнына ,ертегілерге арналып салынған сурет.

    

    2. Живопись

        Живопись- қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.

Живопись бейнелеу өнерінің кең дамыған түрі болып саналады.Живопись орындалу тәсіліне, бояу түрлеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.

      Станокты живопись – белгілі қағазда, картонда, кенепте, тұғыр (станок) үстінде орындалатын живопись

      Монументальды живопись – белгілі сарай, ғимараттардың іші- сыртын безендіру үшін қолданылатын живопись. Роспись,мозаика, фреска, т.б.

      Миниатюралық живопись – кітап мазмұнына байланысты шағын көлемді материалда орындалатын сурет. Негізінен кітап көркемдеуде басты орын алады.

      

       3. Жанды бейне

      Бейнелеу өнері түрлерінің ішінен жанды бейне көрермендер арасында барыншатанымал.Егер мүсін өнері –көлемді денелерді графика –қағазда салынған ақ қара түстер арқылы көрсетілсе жанды бейне өз көркрмнедеріне ешқандай түсініктемесіз –ақ түсінікті.Жанды бейне –бүкіл майлы бояулармен жасалған және кергішке салынғаен біз мұражайда қызықиайтын картиналар ғана емес .Жанды бейне ұғымы кең ,әрі сан алуан техниканы қамтиды.Мысалы:темперамен,гуашьпен,акварельмен,пастельмен сангинамен салынады.Сонымен қатар жартылай гравюра –жанды бейне де бар.

     Мұның бәрі станоктык, яғни станокте жасалатын жанды бейне.Мономенттік жанды бейне де болады.Оның үлгілерін біз ескі ғимараттардың қабырғаларынан көреміз.Мұндай жанды бейне арнайы техникада әк «сүтіне аралыстырылған бояулар мен жаңа сылақ бетінде жиі жасалады(Фреска).Мүлдем бояусыз істелетін өзінше ерекшелігі бар монументтік жанды бейне де бар Бейне түрі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (.Мозайка). Сондай- ақ «жарықтанатын» жанды бейне –шыныдан жасалған картинадан өтіп ,түрлі-түсті жарық түсіретін шығарма да болады (витраж)

   

     4. Мүсін

     Мүсін, яғни «скульптура» латынша /sculptura/ сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды, шекуді мүсін жасауды білдірген.Кеңінен пішіндеу арқылы жасалған щығармалар да осы ұғымен білдірген.

Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол,онйһың басты әсерлік құралы аймақтық форма.Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш металл тас сияқты ұзақ сақталатын иатериалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқанг мүсіндік шығармалары бізге дейін жетті. Ежелгі Мысырдың,Үндістан мен Американың мүсіндері мен барельефтері кеңінен мәлім.Антикалық Грекия аса көрнекті мүсіншілер – Фидийдің, Мирон мен Поликлеттің мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті.

Мүсін жұмыр / оны барлық жағынан қарауға болады/ және бедерлі болып келеді.Жұмыр мүсінде адамды бейнелеи отырып тек маскамен, яғни бетпен,баспен ғана шектеліп қала алады.Басты иықпен бірге кеудеге дейіе мүсіндеу кеуіт болып табылады.Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай фигура, ал бүкіл бойымен бейнелеу  мүсінше деп аталады.Көпфигуралы композиция мүсіндік топ немесе ансамбль деп аталады.

     Рельеф- тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазық беттегі мүсіндік бейне.Рельеф екі түрге бөлінеді фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып тұрса, барельеф деп, ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса ол горельеф деп аталады.

Мүсін шығармалары жанды бейнедегі сияқты, станокты және монументі –сәндік болып ,-бөлінеді.Станокты шығармалар айналадағыларға тәуелсіз өмір сүреді, сондықтан түрлі жағдайлада қоюға болады. Монументі-сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе саябақтың сәулет композициясының құрамдас бөлігі болып табылады.

    

    5. Сәулет өнері

     Мүсін өнері әрқашанда пластикалық өнердің ішінде ең бастысы болып келеді.Ол дәуір идеясын мейлінше айқын білдірді және өз заманының басқа бейнелеу өнерінің мүсін мен жанды бейненің стилін анықтап отырды.Бұл әоі ұзақ жасайтын өнер: мысырлы пирамидалар  немесе американ үндістеріінің ежелгі храмдары  сан мыңдаған жылдар тұрып ,бізге дейін жетті.

     Сонымен бірге ,сәулетті өнер ретінде қабылдау көбіне мүмкін емес сияқты көрінеді.Біріншіден, оның мүсін мен суреттерден айырмашылығы өте көп: ол ештеңені бейнелемейді және ештеңені суреттемейді.Екіншіден, біз сәулет ғимаратарында өмір сүреміз,оқимыз және жұмыс жасаймыз,барлық уақытта сәулет өнерінің арасында жүреміз,барлық уақытта сәулет өнерінің арасында жүреміз.Сәулет – бұл адам қызметінің ерекще түрі,мұнда техника мен өнер ,пайда мен әсемдік бірге өрілген.

Сондықтан да сәулет тікелей ештенені бейнелемегенімен және суреттемегеннімен бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің ішінде мейлінше әсерлі біздің сезімімізге әсер етуге мейлінше қабілетті өнер болып табылды.

Дарынды сәулетші жасаған ғимаратта, әрбір құрылыста өзіндік бет- бейне бар, оған ерекше көңіл күй берілген.

Сәулет негізі үш түрге бөлінеді.Бірінші-көлемді құрылыстар сәулеті.Бұған тұрғызылған үйлер,қоғамдық орындар жатады.

Екінші түрі- ландшафты сәулет.Ол негізінен демалыс орындарының құрылыстарымен байланысты.Бұған скверлер,сонымен қатар сәнді орындықтар, фонтандары бар саябақтар жатады.

Сәулеттің үшінші түрі –қала құрылысы.Бұларға жаңадан қалалар мен ауылдар салу немесе қала аудандарын өзгерту жұмыстары жатады.

     

       6. Бейнелеу өнерінің жанрлары              .

      Жанр ( француздың Qеnre – түр немесе тек сөзінен шыққан ) – бұл көркем шығарманы бейнелі композициялық ұйымдастыру формасы болып табылады. Жанрларға бөлу барлық бейнелеу өнері түрлерінде дерлік кездеседі. Бірақ әрқайсысында әр түрлі. Әсіресе  жанды бейнеде барлық жанрлар айқын көрінеді деп айтуымызға болады.

    Жанр негізінен бейнеленген бейнеге байланысты ажыратылады. Бейнелеу өнері бірнеше жанрларға бөлінеді: пейзаж, натюрморт, портрет, тақырыптық картина, тарихи, батальдық, тұрмыстық анималистік, интерьер. Пейзаж – табиғатты бейнелеу, ол ауылдық, сәулеттік, қалалық, индустриялды, маринистік болуы мүмкін. Натюрморт – заттарды бейнелеу, ол суреті, тұрмыстық, тақырып бойынша болуы мүмкін. Портрет – адам бейнесі, ол жекеленген немесе топтық болып келеді.

    Тақырыптық картина - өмір белестері көрсетілген шығарма. Тарихи, батальдық, тұрмыстық, анималистік, интерьер жанрлары тақырыптық картинаның салалары болып табылады. Батальдық – соғыс көріністерін  бейнелейтін шығарма. Француздың ″ батай ″ сөзі шайқас деген мағынаны білдіреді. Анималистік жанр – жануарлардың бейнесі. Бұл латынның ″ анима ″ -  жануарлар деген сөзінен шыққан. Ал пейзажға қатысты маринистік жанрда теңіз көріеістері суреттеледі.

     Жоғарыда айтып өткендей, жанды бейнеден басқасында жанрлар толық көрініс таппайды. Мысалы мүсін өнерінде көбінесе портрет, ал сәулет өнерінде интерьер айқын басымдылық танытады.

      Жанрларға бөлу еуропалық бейнелеу өнерінде XY – XYI ғасырларда қалыптасты. Бірақ уақыт өте келе, қоғамның дамуына байланысты жанрлар өзгеріп отырды. Мәселен сәулеттік пейзаж, пейзаж – марина заман талабының көрінісі. Көптеген суретшілер тек бір бағыт бойынша, белгілі бір жанрда жұмыс істеп, өз шығармашылығын соған арнаған. Қазақ суретшілерінің ішінен пейзаж, тақырыптық картина бойынша жұмыс істеген Ә.Қастеевті, О.Таңсықбаевты, А.Ысмаиловты, натюрморт жанры бойынша көптеген шығармалар жазған А.Ғалымбаеваны, портрет жанрында еңбек еткен Н.Нұрмұхамедовты, Л.Леонтьевті айтуымызға болады.

  

     7. Дизайн.

    Біздің айналамыздағы заттарды ( киімдер, жиһаздар, ыдыс – аяқтар, автомобильдер т.б. ) адам баласы өз өмірін жеңілдету үшін ойлап тапты. Атақты неміс философы И.Кант ( XYIII ғ.) заттарды ″ екінші табиғат ″ деп атаған. Бірақ та біз барлығы ыңғайлылық жеткіліксіз – ол сонымен қатар әдемімілікті талап етеді. Міне, ерте кезден бастап заттардың сыртқы формасын, пропорциясын, әдемілігін іздестіру жұмыстары жасалып келеді.

     Біршама кейінірек XX ғасырдың басында заттардың ыңғайлы, пайдалылығымен қоса, әдемілігін де жобалау дизайн деп аталды. ″ Дизайн ″ ағылшын тілінен аударғанда ″ сызба ″ , ″ жоба ″ , ″ эскиз ″ , ″ сурет ″, ″ түпкі ой ″ деген мағынаны білдіреді. Заттарды жобалау тек ыңғайлылықпен шектелмейді, сонымен қатар зат қалай жиналатынын, қалай және қандай транспортпен жеткізілетінін, қалай сақталатынын, қандай орында орналасатынын, қандай күтімді қажет ететінін – барлығын қарастырады. Дизайнер – жобалаушы тек суретші болу жеткіліксіз.Дизайн – ғылыми жобаларға негізделген.

     Сондықтан да дизайнерлік жобалауда инженерлік,     психология, экономика, әлеуметтік психология және басқа да ғылымдар үлкен рөл атқарады.

   Қазіргі кезде дизайн үлкен маңызға ие. Заман талабына сай қолданыстағы заттар әдемілікке бой алдыруда.

   Дегенмен де, ерте кезден бастап – ақ, ата – бабаларымыз өз бұйымдарының әдемі, пайдалы, ықшам болуына көңіл аударды. Кез келген заттарды алып қарасақ, оның сыртқы пішінінің ойластырылып, көркемделіп жасалғанын көреміз. Мысалы торсық теріден, өзгеше пішінде жасалуы жайдан – жай ойластырылмаған.

    Сондықтан да дизайн қай кезеңде болса да өз мәнін жоғалтпақ емес.

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 4. 

Тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер.

        Жоспар:

1.      Тоқыма өнері

2.      Ою-өрнек, ою-өрнек түрлері

3.      Қолөнер түрлері

4.      Ағаш өңдеу

5.      Аппликация

 

    Сәндік қолданбалы өнер деп эстетикалық салаларға ие пркатикалық пайдалы заттар жасауды айтады. Бұл өнер өзінің табиғаты жағынан сәулет өнеріне жақын: онда пайда мен әсемдік бірлесіп жатады. Сәндік қолданбалы өнер халық шығармашылығымен тығыз байланысты. Мұндай өнер туындыларына жиһаздар, кілемдер, ыдыс – аяқтар, үй іші тұрмысында қолданылатын басқа да тұрмыстық заттар және ойыншықтар жатады.

    Қолданбалы өнердің дамуына әр халықтың тұрмыс жағдайы, тұрғылықты жерінің табиғаты әсер етті. Ерте дәуірде адамдар өздерін түрлі әшекейлерімен, сақиналармен, білезіктермен, сырғалармен сәндеді. Кейінірек киімді әшекейлеу дами бастады. Мысалы кілемді жерге төсемей, жарға іліп сәндік бұйым ретінде қолданды, немесе үлкен аяқты вазалар су, шарап құюға, гүл отырғызуға қолданылмай, залдарда әдемілік ретінде қызмет атқарды. Мұндай өнерді XYIII-XIX  ғасырларда сәндік өнер деп атады / француз тілінен аударғанда ″ декор ″ - сәнділеу сөзі /.

     Қазақ халқы өте ерте заманнан бастап осы өнер түріне жататын қолөнер түрімен айналысты. Мысалға алатын болсақ киіз үй, оның ішіндегі жабдықтар: түскиіз, кілем, алаша, ши, текемет, сандық, жастықағаш, төсеқағаш, торсық, саба т.б. көптеген бұйымдар осы бағытта орындалды. Оларды ата – бабаларымыз тұрмыс қажеттілігіне байланысты жасап қана қойған жоқ, сонымен қатар әр түрлі ою - өрнектермен, материалдармен әшекейледі.

      Қазіргі кезде бұрынғы негізді сақтай отырып, жаңаша бағытта орындалған сәндік – қолданбалы шығармалар көптеп саналады.

   

1. Тоқыма өнері

      Тоқыма өнері өрмегіне байланысты жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай өрмекке қап, қоржын , басқұр жатады. Ал күрделі түріне алаша , кілем , т.б. кіреді. Өрмекке арналып иіріоген жіптер істелетін бұйымдарға жасалатын жолақтарға байланысты әрі өрнектерге қарай бірнеше түсті болып келеді.Өрмекте жиі қолданатын өрнектің екі түрі бар. Олар: «су» және «тіс» өрнегі. Өрмек тоқуда өсімдік  және геометриялық өрнектер жиі қолданылады. Балалар практика жүзінде еңбек пәні сабағында жете таныса алады.

    

    2. Ою- өрнек, ою- өрнек түрлері

    Ою - өрнек ежелден келе жатқан өнер болып саналады. Әрбір халықтың өзіне тән ою -өрнектері баршылық, қай халықтың да мәдениетіне байланысты көз салсақ , халықтың эстетикалық талғамы , дамуы ою- өрнекпен байланысты. Ою- өрнек белгілі бір халыққа тән негізгі стильдік ерекшеліктері сол халықтың ұлттық қолтаңбасымен сабақтасып жатады.

      Кезінде өнертанушы В.Чепелев «Қазақтар тек ою- өрне әлемінде өмір сүретін сияқты» деп атап көрсеткен. Қазақтың ою- өрнектері аталына байланысты бірнеше топқа бөлінген.

1.       Ай, күн, жұлдыздар, көк әлеміне байланысты.

2.       Малдың дене мүшесіне байланысты.

3.       Аңға байланысты ою-өрнек

4.       Жәндіктерге байланысты өрнектер

5.       Құстарға байланысты өрнектер

6.       Жер, су, өсімдікке байланысты өрнектер

7.       Геометриялық өю- өрнектер

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері