Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция
1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Ою-өрнек қазақ халқының тарихымен тағдырлас дамыды. Құпиясы көп, мағынасы терең ою- өрнектер өмірде өрби дамып, жаңа сипатқа ие болып келеді. Ою- өнер - әрбір халыққа тән өнер. Сондықтан халықтың ою- өрнектері қоршаған ортасына, өмір тіршілігіне, кәсібіне байланысты пайда блған.
3. Қолөнер түрлері
Қолөнер халық тұрмысында жиі қолданатын өнер жиынтыығы болып табылады. Әрбір халықтың өмірімен, қоғамдық тарихымен тікелей байланысты дамыған. Қолөнерінің әлем өнерінде алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады.Қолөнері батыс Европа, Рим елінде және Шығыс елдері – Жапония, Қытай, Үнді, Орта Азия халықтары – қазақ ,өзбек, түркімен, қырғыз елдерінде жақсы өркендеген. Орыс, украин, белорус және Балтық жағалауындағы халықтар эстон латыш, Кавказ халықтары әзірбайжан, армян, грузин елдерінде де қолөнері кеңінен дамыған.Қолөнеріміз жасалу, қолдану тәсіліне, ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Өру, тігу, тоқу, мүсінде, әшекейлеу, құрастыру, бейнелеу сияқты түрлері кеңінен дамыған.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері соғұрлым дамып отырған.
Бірнеше түрлері.
Жүннен жасалған заттар: кілем алаша, қоржын, т.б.
Киіз басу – сырмақ, киіз, текемет, т.б.
Кесте және көркем тігу – кестелеу түрлері.
Зергерлік өнер – білезік, сақина, сырға , алқа, шолпы, т.б.
Сүйек, мүйізбен әшекейленіп жасалатын бұйымдар: кебеже, асадал, ожау, т.б.
Ағаш шеберлері жасаған бұйымдар: домбыра, қобыз, киіз үй сүйектері, т.б.
4. Ағаш өңдеу
Ағаштан әртүрлі бұйымдар жасаудың дизаиндық өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан ағаш өндеу кәсібін меңгеруді бейнелеу өнерімен байланыстырудың жөні бар. Өйтені кез келген ағаштан жасалатын бұйымның жобалық суретті салынып , эскизі жасалады.
Ағаш өнерімен айналысатын шеберлерді төрт топқа бөлген.
Үйші – киіз үйдің сүйегін жасайтын шебер адам
Балташы – арба, шана, қайық жасауға шебер адам.
Тоқушы – тал шыбықтан шарбақ , ыдыс- аяқ т.б. тоқитын адам.
Оймашы – ағаштан ойып,тостаған, астау, ожау жасайтын шебер.
5. Аппликация
Аппликацияның дүние жүзі халықтарының қолөнерінде алатын орны ерекше. «Аппликация» деген атау латынның « қиыстыру », «жабыстыру » деген мағынадағы сөзінен шыққан. Аппликацияны жұмыс ерекшелігі мен қолданылатын материалына қарай үш топқа бөліп қарастыруға болады.
Біріншісі – түрлі қағаздардан орындалатын аппликацчия; екіншісі - әр түрлі материал, яғни шүберек, киіз, мата, т.б., қолдану арқылы орындалатын аппликация; үшіншісі – табиғи материалдарды қолдану арқылы жасалатын аппликация.
Аппликация әр елде түрліше үлгі бойынша дамып отырды. Олардың жасалу, орындалу ерешелігіне байланысты аясы кеңейді. Мысалы, 16 ғасырда Италия ман Испанияда, ал 17 ғ. Германия мен Францияда пайда болды.18-19 ғ. Ресейде жақсы дамыды.
Орта Азия елдері мен Қазақстанда да ерте дамыған. Аппликациялық қиыстыру тәсілдері қазақ халқының қолөнерінде құрақ көрпе құрау, оюлап сырмақ тігу, ұлттық киімдерге ою -өрнектер жабыстырып тігу, т.б..
Дәріс 5, 6
Тақырыбы: Бейнелеу сауаттылығының негіздері
Жоспар:
1. Сурет салу жабдықтарын және олармен жұмыс
2. Сурет салу сауаттылығына үйрету
3. Сызықтар мен штрихтер жүргізу тәсілі
4. Перомен, қылқаламмен бір түсті сурет салу
5. Темпера, акварель бояуымен және майлы бояумен жұмыс
6. Заттардың пропорциясын байқау.
7. Жарық,көлеңке заңдылықтары
8. Эскиз және нобай орындау
9. Перспектива
10.Композиция
11.Натюрморт және оны бейнелеу
12.Адамның суретін салу
13. Батик, коллаж, оригами өнері туралы
1. Сурет салу жабдықтары және олармен жұмыс
Сурет салу үшін суретшілердің алуан түрлі жабдықтар мен материалдарды пайдаланатыны белгілі.
Қандай да болмасын нақты суретпен жұмыс, заттың өзіне қарап салудан, оның пластикалық қасиетін оқып-білуден басталады.
Нақты бейненің ерекшелігіне байланысты сурет қарындашпен, перомен, көмірмен, қылқаламмен салынуы мүмкін.
Олардың ішінде ең көп қолданылатыны - кәдімгі графиттік қарындаш.
Сурет салатын қарындаштар қатты-жұмсақтығына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 6Т, 5Т, 4Т, ЗТ, 2Т, Т, ТМ, М, 2М, ЗМ, 6М, бұлар латынша мыналарға сәйкес келеді: 6Н, Н, НВ, 2В, ЗВ, 4В т.т.
Қарындашты жазуы бар жағынан ұштамау керек. Жартысынан азы қалған қарындашпен сурет салу өте қолайсыз болады, сондықтан оны арнаулы түтікке орнатып, ұзартып пайдаланған жөн.
Сурет салу үшін сызу және сурет қағазы деп аталатын жартылай ватман қағазы қолданылады. Сурет салуға жылтыр, жұқа, жұмсақ немесе өте қалың, бедерлі қағаздар мүлдем жарамайды. Қағаздың бедерлігі немесе жылтырлығы суретті өңдеуге қолайсыздықты туғызады, ал жұмсақ қағаз тез сарғайып кетеді. Бұл қағаздарға тек жұмсақ заттармен - сангинамен, көмірмен, ал жылтыр қағазға тек қана тушьпен және қаламұшпен сурет салған ыңғайлы.
Суреттегі керексіз сызықтарды өшіру үшін жұмсақ ақ өшіргіш қолданылады. Өшіргішті өте бір қажетті жағдайда болмаса, сирек пайдалануға дағдыланған жөн.
Сурет салынатын қағазды планшетке керіп бекіту үшін сызба (архитектура) жапсырма шегесін (кнопка) қолданған жақсы немесе желімдеуге де болады. Ол үшін қағазды шамалы сулап, планшетке қатты жапсыра нық ұстап тұрып, шетін жапсырма шегемен бекітіп не желіммен желімдеп, планшет қырының арт жағынан бекіту керек. Сурет салуға кіріспес бұрын қағаз керілген планшетті жұмыс істеуге ыңғайлап, дайындап алған дұрыс.
Сурет салынғанда графитті қарындашпен қатар, кемірді де пайдалануға болады. Ол анағұрлым жұмсақ материалдар қатарына жатады. Көмір таяқшаларын ағаштардың жіңішке бұтақтарын отқа жағу арқылы дайындап алуға болады. Ол үшін биіктігі - 20-25 см консерві қалбырын тауып алып, оған құрғақ құм толтырады да ішіне қабығы аршылған, биіктігі қалбырдың бойындай шыбықтарды шаншиды. Сонан соң қалбырдың бетін жауып отқа қыздырады. Шыбықтар әбден күйген кезде оттан шығарып алып, оны суытады, сосын сол күйінде пайдалануға болады.
Фабрикада арнайы дайындалған көмірлер де болады. Мәселен, қолдан дайындалған көмірге өсімдіктен жасалған желім қосылады. Мұндай көмірлер беті бұдыр қағаздарға жақсы жұғады. Графитті қарындашпен және көмірмен салынған суреттерді ұзақ сақтау қиын, сондықтан көмескіленіп немесе өшіп кетпеуі үшін оларды фиксаторлар арқылы өңдеу керек. Фиксаторларды жасау әдістері де әр түрлі. Мысалға, қаймағы айырылған сиыр сүтін алып, оған соншама су қосады. Бұл тез еріту үшін керек. Мұндай әдістермен дайындалған ерітіндіні қағаз бетіне бүріккіш арқылы бүркуге болады. Графитті қарындашпен және көмірмен салынған суреттерді фиксатиф арқылы әбден қатырып тастайды. Әдетте мұндай әдістер салынған суреттерді ұзақ мерзімге сақтау үшін өте қажет.
Көбінесе суретшілер түрлі -түсті қарындаштарды пайдалана бермейді. Олар суреттерді көмірмен, тушьпен, қара қарындашпен, пастель деп аталатын әр түрлі борлармен салады.
Сурет салуды жетік игеруге күн сайын жүйелі жұмыс істеу арқылы ғана жетуге болады. Сонда суретші тәжірибе жинақтап, техникалық білім мен тәсілдерді игереді. Өткен және қазіргі заманғы шеберлердің сурет салу техникасын зерттеп, үйренген жөн. Мұның өзі суретшінің ой-өрісін кеңейтіп, сурет салудың сан алуан тәсілдерімен танысуына көмектеседі, сондай-ақ сурет салғанда қолданылатын түрлі материалдарды игеруге, олардың мүмкіндіктері мен қасиеттерін іс барысында танып білуге үйретеді.
2. Сурет салу сауаттылығына үйрету
Сурет салғанда қолды қалай ұстау керек?
Қарындашты үш саусақпен (бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақ) ғана ұстау керек. Қағазға көлеңке түспеу үшін қарындашты суретте көрсетілгендей етіп сәл алыс-тау ұстаған жөн.
Сурет салған кезде қолды қағаз бетіне тигізбеу керек. Егер қажет болған жағдайда қолды сүйемелдеу үшін екі саусақтың ұшын (аты жоқ саусақ пен шынашақ) қағаз бетіне ептеп тигізуге болады. Сонда қолдың астындағы сурет былғанбайды, өшірілмейді.
3. Сызықтар мен штрихтар жүргізу тәсілі
Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі - сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар жүргізу арқылы болашақ пішіннің нобайы жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке беліктері салынады. Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді.
Пішіннің түрі түсетін жарыққа қарай өзгеретіндіктен, сызықтың түрі де өзгереді. Мұндай сызық штрих сызық немесе кеңістік сызық деп аталады.
Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырмашылығы - мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен, сызықтар деп өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих - қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие бола алады. Басқаша айтқанда, сызықтар пішіннің шекараларын белгілеп, олардың сұлбасын (контур) жасаса, ал штрихтар тобы пішінге өң-рең береді. Сөйтіп, жеңіл, болар-болмас көрінетін сызықтардың көмегімен болашақ жалпы пішін, қимыл-қозғалыс, кеңістік беріледі.
Штрихтарды оңға, солға немесе төмен (өзіңе қарай) сызуға болады, ал қарындаштың ұшын жоғары қарай (өзінен әрі қарай) жүргізуге болмайды.
Егер штрих сызығы дұрыс жүргізілмеген болса, оны өшірмей-ақ дәл сол жанынан екінші сызық жүргізген дұрыс. Сонда жіңішке жүргізілген алғашқы дәл емес штрих сызықтары суретке қарағанда көзге түспейді де, сурет салынып біткенде ол сызықтар көрінбей қалады.
Штрихтар мен нәрсенің түрін, жарық пен көлеңкені, нәрселердің рең-бояуындағы үйлесімін, қандай материалдардан жасалғанын, суреттегі түрліше көлеңкелерді, түсер қатынасын қарындашпен бірқатар штрихтар жаcay арқылы көрсетуге болады.
Сонымен, штрих дегеніміз - суретке салынатын заттың объектісін, яғни, оның сурет салушыдан қанша кашықтықта тұрғандығын, қандай материалдан жасалғандығын және сыртқы түсін белгілейтін сызық.
Штрихтың қоюлығы мен жиілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.
4. Перомен сурет салу
Перомен салынған суреттерді кітаптардан, газет, журналдардың беттерінен көруге болады. Бұл - графиканың ең көп тараған түрі. Мұндай әдісті атақты жанды бейне шеберлері, соның ішінде Рембрандт тамаша меңгерген. Перомен сурет салу техникасы әр түрлі: түзу немесе үзік қара сызықтар, әр түрлі бағыттағы штрихтар, кейде тушпен бояу.
Мұндай техникада кеңістік сызықтық перспектива арқылы ғана емес, сонымен қатар әр түрлі реңде және бағытта салынған штрихпен де беріледі. Алыстағы көрініс /дальный план / өте жеңіл кейде үзік сызықтармен, ал жақын көріністер /передний план/ қою штрихтармен көрсетіледі.
Перомен сурет салу ерекше назарды, ұқыптылықты қажет етеді. Сурет салушыны нақты бейнеден ең маңыздысын таңдап алуға мәжбүрлеп, көз мөлшерін дамытады. Сонымен қатар мұндай суреттердің қатаңдыққа, дәлдік пен сенімділікке тәрбиелеуде маңызы зор. Тушь штрихтары өшіргішпен өшірілмейді, сондықтан да бұл әдісте қате жіберуге болмайды.
Нобайлар мен суреттерді бірден перомен салса, шынайы көрінеді. Егер де ұзақ мерзімді сурет болса, тек қана қатты қарындашпен белгі салынады. Қарындашпен сурет салғандағы сияқты, перомен жұмыс негізгі пропорцияларды нүктелермен немесе қысқа штрихтармен белгілеуден бастайды.
Содан соң жартылай көлеңкені көрсетіп, әрмен қарай жетілдіреді. Штрих бағыттары заттың пішініне сәйкес келгені жөн.
Перомен сурет салу тығыз және теріс қағазға орындалады. Өйткені перо қағаз бетінде еркін қозғалып, тушь жайылып кетпеу керек. Сондықтанда кедір-бұдырлы, әр түрлі дақтары бар қағаз жарамсыз.
Қылқаламмен бір түсті сурет салу /гризайль/
Жалпақ акварель қылқаламымен / 16-20/ қоңыр немесе қара түс арқылы нобай суреттерді салады. Жалпақ акварель қылқаламымен салу себебі, жіңішке қылқаламмен салған суреттің сызықпен салынған суреттен айырмашылығы болмай қалады. Сондықтан да жалпақ қылқаламның мүмкіндігі мол, көлемді бөлшектерді бояп, жіңішке сызықтарды да түсіре алады.
Қылқаламмен жұмыс істеу сурет салушыдан жинақтылықты, шығармашылық икемділікті талап етеді.
Бұл техникамен сурет салуды қылқаламды жеңіл тигізу арқылы бейненің көлемін, пішіннің негізгі бөлшектерін белгілеуден бастайды.
Содан соң күңгірт рең арқылы көлеңке жерлерін көрсетеді, қылқаламның ұшы арқылы айқын көрінетін шеткі сызықтарын шығарады.
Өте тез салынатын нобайлар үшін планшетке әр қағазды жеке-жеке бекітпей, бірнеше данасын шеге арқылы ұстатқан тиімді. Өйткені дайын нобайды тез алып тастап, жаңасын бастау оңай.
Гризайль техникасымен тек қана нобайларды емес, сонымен қатар этюдтар мен ұзақ мерзімді суреттерді де орындайды. Бұл әсіресе қандай да болмасын бояу түрімен сурет салып үйренердің алдында тиімді. Оқушылар бояудың қасиетін, ерекшелігін, мүмкіндігін түсініп біледі.