Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция
1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Альберти оқыту процесінің барлығы заттан қарап бейнелеуге байланысты құрауды ұсынды. Оның ұсынған әдістемелік оқыту жүйесіне көңіл аударсақ: бірінші нүктелер мен түзу сызықтармен танысу, содан соң әр түрлі бұрыштар, жазықтықтар, соңында көлемді денелермен таныстыруды ұсынған. Осыған орай «бейнелеуді енді ғана үйренуге кіріскен жастар бірінші әріптің бейнесін жеке дара, яғни бұрынғылардың айтуынша элементтерін оқиды, содан соң буындарды оқиды, тек осыдан кейін сөзді құрастыруды оқиды» деп жазды.
Альберти бірізділікті сақтай отырып, оқушыны сызықтық перспективаның негізгі қағидаларымен таныстырып ауа перспективасы жөнінде де әңгіме етеді. Оның жасаған кейбір ережелері әлі күнге дейін бейнелеу өнерін оқытуда қолданылып келеді. Әрине бейнелеуді оқыту әдістерінің одан әрі жетілуінің нәтижесінде Альбертидің бірқатар әдістері қате деп бабылды. Ол екінші кітабындағы сурет салуда ілмені пайдалануды ұсынушы еді.
Ілмені пайдалану әдісіне дәлірек тоқталатын болсақ, бейнеленетін зат пен суретшінің арасына кергішке керілген мөлдір қағаз немесе жұқа мөлдір мата, кей жағдайда жіптерден торлап керілген кергіш қойылды. Суретті нәрсені әдейі әзірленген көздеу құралы арқылы нысанаға ала отырып ілме бетіне түсірді. Бұл әдіс перспектива заңдылықтарын дәл сақтап бейнелеуге мүмкіндік жасады, сонымен қатар айтарлықтай кемшілігі де болдыҒ ол сурет салуды маханикалық жобалауға айналдырды.
Дегенмен 15 ғасырда бейнелеу әдістемесінің дамуына суретші-ағартушы Альбертидің қосқан үлесі зор болды. Бейнелеу әдістемесінің дамуына үлкен әсерін тигізген Леонардо да Винчидің «Живопись туралы кітап» еңбегін айтуға болады. Альберти сияқты Леонардо да Винчи де бейнелеуге негізгі пән ретінде қарады. Леонардо «ілме» арқылы бейнелеу тәсілі оқушыларға зиян екенін айтып «Бұл ойластырылған құралдан бас тарту керек, өздігінен суретсала алмайтын адамдар үшін бұл бағыт ақыл-оыларына зиян келтіреді және оның көмегінсіз ешбір жақсы дүние жасай алмайды» деп жазды.
Леонардоның болымды әдітерінің бірі өткен жаңа материалды бекіту мақсатында есте сақтау арқылы есте сақтау арқылы сурет салу болды. Ол: «егер сен жаңа танысқан нәрсені жақсы есіңде сақтағың келсе, онда мына тәсілді пайдалан: бір нәрсені бірнеше мәрте көшіріп салған соң, ол есіңде қалды деп ойласаң, онда оны үлгіден қарамай бейнелеп көр», - деп жазды.
Қайта өрлеу дәуірінің ұлы неміс суретшісі Альберхт Дюрер бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі жөнінде, сондай-ақ жалпы өнер мәселелері жөнінде аса құнды теориялық еңбектер қалдырды. Ол өзінің «...кім де кім өзі нені болса да білсе, қажет еткен өзгелерге соны оқыту керек» деген гуманистік көзқарасымен де ерекшеленді.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне енгізген Дюрердің «көлемді жалпылау» әдісі аса құнды жетістік болды. Сол кездегі ағартушы-суретшілер кеңнен пайдаланған бұл әдіс қазіргі кезде де бейнелеуге оқытудың классикалық әдістерінің бірі ретінде қолданылып жүр.
Осыған дәлірек тоқталатын болсақ: адам саусақтарын білезік буынына дейінгі бейнесін перспективада дұрыс бейнелеу өтке қиын, ал оқуды жаңа бастаған адамға мүлдем алынбайтын қамал тәрізді. Осы қиындықты жеңілдету үшін қол саусақтарын бірінші қарапайым геометриялық пішінге айналдырып, яғни «көлемді жалпылап» бейнелеуді ұсынды. Күрделі пішінді адам басын бейнелеуді жеңілдету мақсатында Дюрер бейнелеудің алғашқы сатысында қолданылатын әр түрлі геометриялық пішіндерден тұратын, ағаштан шабылып жасалған тәрізді адам басының үлгісін жасады. Ол үлгі обрубовка деген атпен әлі де көптеген оқу орындарында пайдаланылып келеді.
Дюрердің күрделі пішіндеріне талдау жасау және адам басының құрылысын зерттеп ережелері қазіргі кездегі бейнелеу өнерін оқытуға арналған әдістемелік әдебиеттердің барлығында дерлік кездеседі. Ол жалпы педпгогика және оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жөнінде де бірқатар пікірлер қалдырды.
Қайта өрлеу дәуірі суретшілерінің ісін қорыиындылай келіп, олардың біріншіден, бейнелеу ережелерінің ғылыми теориялық негіздерін жасаудағы шексіз еңбектерін атауға болады. Олардың перспектива заңдылықтары жөніндегі еңбектері кеңістікегі үш өлшемді нәрселерді жазықтық бетіне бейнелеудегі қиындықтарды жеңуге көмегін тигізді.
Кейбір қайта өрлеу дәуірінің суретшілері барлық бағытын перспектива, жарық, көлеңке, пропорциялық заңдылықтарды ғылыми тұрғыдан зерттеуге арнады. Қайта өрлеу дәуірінің шеберлері практик-суретшілерге ғана емес, сонымен қатар педагогтарға бейнелеу өнерінің аса құнды үлгілерін, ереже заңдылықтарын қалдырғанымен, олар өз алдарына оқыту мен тәрбие жүйесін жасауды мақсат етіп қоймады.
Бұл маңызды жұмыспен ХVІ ғасырдың аяғында ашылған көркем Академия айналыса бастады. Осы уақыттан бастап бейнелеуге оқыту арнаулы оқу орындарында жүргізілді.
ХVІІ ғасыр бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихындағы жаңа педагогикалық жүйе Академиялық жүйенің қалыптасу кезеңі болды. Жаңа жүйе тек оқушыларға ғана емес, сонымен қатар педагогке де нақты талаптар қоя бастады. Оқыту әдістемесі және тәрбие ғылыми негіздерге сүйене отырып, құрылуы керек деп табылып, Академия ұстаздары «өнер, суретші жетістігі – ол құдайдың сыйы емес, еңбекпен ғылыми танымның нәтижесі» деп уағыздады.
Академиялық жүйемен оқытудың ерекшелігі өнерге оқыту, ғылыми ағарту және биік мақсаттарға тәрбиелеумен қатар жүргізіледі.
Академиялық жүйе бойынша бейнелеуді меңгерген оқушы қоршаған ортаға ғылыми көзқарасы қалыптасып, әлемді танытады. Бұдан, бейнелеуге оқу барлық адамға пайдалы деген ойды тек өнер адамдары ғана емес, сонымен қатар халық ағарту ісінің қайраткерлері де насихаттай бастады.
Бейнелеу өнерін жалпы білім беретін пайдалы пән ретінде тану жөнінде чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670 жж), ағылшын педагогы және философы Джон Локк (1632-1704 жж) «Тәрбие туралы ойлар» кітабында, француз философ-энциклопедисті Жан Жак Руссо (1712-1778 жж) «Эмиль» еңбектерінде жазды. Руссо қоршаған орта шындығын тану үшін балалардың сезім мүшелерін нәрсеге қарап сурет салу арқылы дамытуға болады деп жазды. Ол сурет салуды табиғат аясында өткізу керек, өйткені оқушы перспективалық заңдылықтарды өз көзімен көріп, түсінеді, сонымен қатар табиғатты байқау арқылы ол өзінің талғамын тәрбиелейді, табиғатты сүюді үйренеді, оның әдемілігін түсінеді. Бейнелеуге оқыту тек қана нәрседен қарап бейнелеуге негізделуі керек. Баланың табиғаттан басқа оқытушысы немесе нәрсенің дәл өзінен басқа көшірмесі болмауы тиіс, үйді-үйден, теректі-теректен қарап бейнелеуі керек деген болатын.
Бірақ, осындай белгілі адамдардың қолдауы бола тұра ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге өз алдына жеке пән ретінде енгізілмеді. Тек ХІХ ғасырдың басында Швейцария педагогы Иоганн Генрих Пестолоциидің (1746-1827 жж) ықпалымен бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енгізіле бастады. Пестолоции сурет салуға оқытудың, әсіресе бастауыш сыныптарда маңызы зор екендігін айтады. Оның айтуынша жазуға үйренбес бұрын сурет салуға үйрену керек, өйткені сурет салу дағдысы жазуды меңгеруді жеңілдетеді.
Дұрыс ойлану үшін қоршаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол біліктілікке жетудің бірден-бір тәсілі – сурет салу деді.
Пестолоции сурет салуға оқыту әдістемесі туралы көзқарасын өзінің «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» кітабында жазды. Пестолоции өзі суретші болмағандықтан, сурет салу әдістемесінің кәсіби ережелерін жасамады, бірақ сурет салуда көз мөлшерді дамытуға, нәрсе көлемін түсінуге сурет салу әдісін меңгеруге жеке-жеке әдістеме жасау қажет екендігін айтты. Осы жұмыстарды оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды. Пестолоциидан соң бейнелеу жалпы білім беретін пән ретінде барлық бастауын мектептерге енгізіле бастады. Сонымен қатар орта білім беретін мектептерге де арналған бейнелеу әдістемесіне байланысты еңбектер көптеп басылып жарық көрді. Соның ішінде Пестолоциидің шәкірті Иосиф Шмидтің еңбектері аса жоғары танымал болды.
И. Шмидтің ойынша бейнелеуге оқыту барысында арнаулы жаттығулар дайындау қажет:
1. қолды дамытуға және оны сурет салуға дайындау жатттығуы;
2. әдемі пішінді табу және жасау жаттығуы;
3. елестетуді дамытуға арналған жаттығу;
4. нәрселерді геометриялық бейнелеу жаттығуы;
5. перспективада бейнелеуге жаттығу.
ХІХ ғасырдың І жартысында ағайынды Александр және Фрединанд Дюпюлердің жасаған әдістемелері ерекше танымал болды. Сол кезде оларжасаған әдістеме дұрыс, жаңа және алдыңғы қатарлы деп табылып, дүние жүзінің көптеген оқытушыларының тәжірибесінде қолданылды. 1835 жылы Парижде олар қолөнершілерге және оқытушыларға арнап ақысыз бейнелеу мектебін ашты. Ағайынды дюпюилер өздерінің әдістемелерін осы мектепте пайдаланды. Фрединанд алғашқы оқыту сатысының әдістемесімен жұмыстанды, ал Александр адам баласын және адам денесін бейнелеуді оқыту әдістемесін жасады.
Ресейде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өте ертеде қалыптасты.
ХІ ғасырда кітап графикасы мен миниатюра өзінің жоғарғы дамуында болды. Осы кездегі үлгілер бейнелеу өнерімен шұғылданған оқушылардың сурет салу сауаттылығын меңгергенін байқатады. Бұл кездегі суретті жалпы ұштықпен салу дами отырып, бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесі көшіріп сурет салумен шектелді. Ресейде сурет салу жалпы білім беру пәні ретінде ХVІІІ ғасырдың басында бірінші рет дами бастады.
Сурет жалпы білім беру пәні ретінде кең өріс алып, 1732 жылы Кадет корпусында, 1747 жылы Ғылым академиясы жанындағы гимназияда, 1764 жылы Воскресенск монастыріндегі кішігірім сурет шеберханасында өрбіді.
Осы оқу орындарының бәрі кәсіби-суретшілер дайындауды алға мақсат етіп қойған жоқ, олар өз тәрбиеленушілеріне қарапайым білім беретін мақсатты ұстанды.
1735 жылы неміс және орыс тілінде И.Д.Прейслердің «Негізгі ереже немесе көркем сурет салудағы қысқа жетекшілік» атты сурет туралы оқулық жарық көрді. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосқан Сурет Акакдемиясының суретші-педагогтары А.П.Лосенко және В.К.Шебуев көп еңбек сіңірді.
ХІХ ғасырдың басында орыс көркем академиясы Батыс Европа көркем академияларының алдыңғы қатарынан орын ала бастады. Орыс көркем академиясының алғашқы түлектерінің бірі – О.А.Кипренский.
XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырда Орыс көркем академиясы сурет мектебінің Ресейдегі ең үздік әдістемелік орталығы болып саналды.
1834 жылы А.П.Сапожниковтың «Суретсалу курсы» атты жалпы білім беретін оқу орындарына арналған алғашқы оқулық жарық көрді. А.П.Сапожников әдістемесінің мақсаты көріністен, яғни тұлғадан қарап сурет салудың негізін қалайды.
1804 жылы училище, гимназияларға орта мектептерде сурет пәні ретінде қабылданды. 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін даярлайтын курс ашылып, Ресей мектебін бейнелеу өнері маманы бойынша мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды.
Жалпы алғанда, бейнелеу өнеріне сабақ ретінде көңіл аударылуы және оның әсіресе тәрбиелілік мәнінің зерттелуі 1970 жылдардың аяғы, 1880 жылдардың басынан басталды. Мысалы, 1978 жылы Я.Я. Чарнецкийдің «Преемственности в изобразительной деятельности дошкольников и младших школьников как фактор формирования художественных интересов учасщихся» атты зерттеуі жарық көрді. Онда балабақша жасындағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қызығушылық сезімін қалыптастыру жөнінде айтылады. Келесі бір зерттеу жұмысы В.Т. Тихомировтың «Восприятие произведений изобразительного искусства как средство общего и нравственного развития младщих школьников» /1983/ деп аталады. Бұл жұмыста бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы туралы айтылады. Осы тұрғыдан бұл жұмыс біз зерттеп отырған мәселемен үндесіп жатыр. Тақырыпта көрсетілгендей автор бейнелеу өнері пәніндегі қабылдаудың жалпы тәрбиелік ықпалы мен әсіресе, адамгершілікке тәрбиелеудегі ықпалын тәптіштеп ашуға ден қояды.
ХХ ғасырда Ресей бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Кеңес үкіметіне дейінгі ғылыми ізденістердің аясында болды. Оған мысал ретінде Г.В. Беданың «Бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздері» еңбегін келтіруімізге болады.
Кітаптың мақсаты – бейнелеу өнері мұғалімдерінің кәсіби деңгейлері мен дайындығын көтеру болып табылады. Кітапта реалистік бейнелеу өнерінің сауаттылығы мен суретті көріністен салудың композициялық принциптерінің теориялық және практикалық сұрақтары қарастырылады.
Дәріс 2.
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы
Жоспар:
1. Алғашқы қауым өнері
2. Мысыр өнері
3. Ассирия,Эгей өнері
4. Грек классикалық өнері
5. Архаика өнері
6. Эллинизм өнері
7. Рим өнері
8. Қайта өрлеу мәдениеті
9. Орыс өнер тарихы
10. Қазақ бейнелеу өнері
1. Алғашқы қауым өнері
Қола ғасыры мен темір ғасыры адамзат дамуындағы асқаралы баспалдақтар болды.Ұлы
өзендер – Нілдің, Ефрат пен Тигрдің, Индтің, Хуанхэнің аңғарларында біздің заманымыздан бұрынғы 3-4 мыңжылдықтың өзінде алғашқы құлиеленуші мемлекеттер