Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

      Рим мен Мысыр... Фаюм портреттері – бұл портреттер алғаш рет Мысырдағы Фаюм жазирасына жақын жерден табылғандықтан осылай аталған, грек – рим дәуірі станоктік сурет өнерінің бізге дейін жеткен бірден – бір үлгілері деуге болады. Көбінесе бейнелеушінің әлі көзі тірісінде, балауыз бояумен ағашқа салынған бұл портреттер мысырлық салт бойынша өлген адамның бетіне қойылып отырды, мұндай портреттердің аса құнды жинағы Мәскеудегі бейнелеу өнері мұражайында сақталған.

     

     

 

      8. Қайта өрлеу мәдениеті

       V ғасырдың аяғында ұзаққа созылған готтар мен ғұндардың шапқыншылығы Батыс Рим империясын құлатты. Бұл оқиға тек бір ғана мемлекеттің тағдырын шешіп қойған жоқ, ол сонымен қатар бүтіндей бір саяси-экономикалық формацияның, атап айтқанда, құл иеленушілік өндіріс тәсілінің тағдырын шешті, жаңа қоғамдың қатынастарға - феодалдық өндіріс тәсіліне жол ашты.

      Орта ғасырлар тарихы деп аталатын дәуірде дүние жүзілік мәдениет пен өнер тарихында жаңа кезең басталды. Бұл  кезең "Қайта өрлеу мәдениеті" деген атпен тарихқа енді. "Қайта өрлеу" (Возрождение) деген термин Италияда XV ғасырда пайда болды, алғаш рет бұл түсінік жазушы және суретші Джорджо Вазари еңбектерінде, әсіресе, оның "Ең атақты суретшілер, сәулетшілер және мүсіншілер" атты төрт томдық зерттеулерінде қолданыла бастады.

     XV-XVI ғасырлардағы Италия мәдениеті қайраткерлері мен гуманистері өз дәуірлерінде өнер өрлеуін аса жоғары бағалады. Антикалық мәдениет үлгілерінен соң ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропа елдерінде тағылық, кертартпа заман үстем болып келді, тек енді ғана гүлдену, өркендеу дәуірі басталды деп есептеді. Италияда басталған бұл өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбұрыс бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голландия, Финляндия және т.б. көптеген елдерге тарады.

        Италияда XIII ғасырдың өзінде крепостнойлық право жойылды, қалаларда капиталистік қатынастар қалыптаса бастады. Сондықтан, қайта өрлеу мәдениеті жаңа тұрпаттағы, бірақ буржуазиялық мәдениет еді. Орта ғасырлық қалалар дами келе сауданың, қолөнердің және мәдениеттің орталықтарына айналды.

     Қайта өрлеу дәуірінің туғызған мәдениет үлгілері антикалық мұралар үлгісімен сабақтас жалғасты. Бірақ ол ескіні қайталау емес еді. Уақыт талабына сай мазмүны жағынан байи түсті, жаңа түрге ие болды, жаңа стиль қалыптасты. Осылай қайта өрлеу дәуірі қалыптасып, қанат жая бастады.

    Қайта өрлеу дәуірі туғызған қайраткерлер жан-жақты білім алған, ғылым мен мәдениеттің барлық салаларынан хабары мол, шын мәнінде сегіз қырлы бір сырлы жандар болды. Олар көптеген тілде сөйлеп, айлап -жылдап баратын жерлерге сапар шегуден жалығады. Әлемді шарлап, қоғамда, табиғатта болып жатқан сан  алуан құбылыстарға зер сала қарады, олардың заңдылығын, өзара байланысын түсіндіруге тырысты. Шапшаң дами бастаған ғылым мен техниканы өз қызметтеріне жаратты. Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері анатомия, археология, математика, философиямен шұғылданды.

     Осындай сапалы іздену, өмір құбылыстарын парасатты зерттеу, тамаша жеміс берді. Ренессанс шеберлері болашақ ұрпаққа көркемдік мәні терең реалистік өнер үлгілерін тарту етті.

     Италия - Қайта өрлеу мөдениетінің алтын бесігі. Онда өнердің озық үлгілері дүниеге келді. Бейнелеу өнері (кескіндеме, мүсін), әдебиет, поэзия саласында теңдесі жоқ, қайталанбас жұмыстар жасалды. Данте мен Джотто, Петрарка мен Бокаччо, Донателло мен Мазаччо, Леонардо мен Рафаэль т.б. есімдермен байланысты қалыптасқан мәдениет бүкіл адамзат баласының мақтанышына айналды. Енді, күллі әлемді тамсандырған таланттардың шығармашылығын қысқа да болса таратып айтып көрелік.

Джотто

      Италияның даңқын асырған ұлы суретшілердің бірі –Джоттоди Бондоне осыдан 700 жылдан астам бұрын, 1276 жылы Флоренция маңындағы Веспиньяно қалашығында дүниеге келіпті. Өнер тарихын зерттеуші Джорджо Вазаридің айтуына қарағанда, Джотто өмір бойы жоқшылық зардабынан құтыла алмаған кедей диқанның үйінде, көп баланың бірі болып өседі.

     Алғыр ойлы, арманшыл бала шаршап-шалдығуды білмейді. Таңның атысы, күннің батысы ізденумен, үйренумен уақыт өткізеді. Кірсе шыққысыз, сиқырлы бояуларға мол Чемабуа шеберханасы бала қиялын тербетіп, бағдарын айқындауға өлшеусіз әсер етеді. Осы кездері Флоренциядағы Санта Мария новелла шіркеуін көріп, ондағы бейнелеу өнерінің керемет үлгілерімен танысады. Кескіндеме өнерінің тылсым сырларына терең үңілуге ден қояды.

     Бұдан кейін 1290-1300 жылдары жас Джотто "мәңгі қала" Римде болып, антикалық дәуірдің теңдесі жоқ мұраларымен жан-жақты танысады. Өнер жолына сусап келген ол осында үлкен үйрену мектебінен өтіп қана қоймайды, қиялын тербеген небір ғажайып ойларын қылқалам жетегіне береді. "Навичелла" атты мозайкалық шығарма, міне, Римде өткізген жылдардың алғашқы жемісі еді.

     Суретшінің ең әйгілі шығармасы - "Иуда ишараты". Орасан зор көркемдік және психологиялық шеберлікпен жасалған туынды Джотто есімін бүкіл Италияға әйгілі етті. Көзінің тірісінде-ақ оны "Флоренцияның ұлы азаматы" деп атады, ерекше құрметке бөледі.

     Өмірінің соңғы жылдарында Джотто Неаполь, Болонья, Милан қалаларын аралап, көптеген қоғамдық қызмет мекемелерін көркемдеуге қатысты.

     Джотто 1337 жылы 8 қаңтар айында Флоренцияда қайтыс болды.

     Дантенің замандасы, Чимабуэнің шәкірті, суретші, мүсінші, сәулетші мамандықтарын бірдей игерген салиқалы азамат Джотто ди Бондоне сурет өнерінің атасы болып қалды.

      

     9. Орыс өнер тарихы

     Ежелгі Орыс өнері X-XVII ғасырларды қамтиды. Көркем Академия тәрбиеленушілері ортағасырлық жанды бейне шығармаларын көшірумен шұгылданған.

    Ең алғаш ежелгі орыс өнерін зерттеп бастаған -Ф.И.Буслаев. Ол әсіресе XIX ғасырдың 60-70 жылдары осы ғылыммен терең айналысты. Мамандығы бойынша тіл маманы болғандықтан, негізінен халық өнеріне көп көңіл бөлді.

Жанды бейне шығармалары жаңартылып отырғандықтан, Буслаев оларды көне түрінде көре алған жоқ. Көбінесе икондар түсі уақыт өте келе өзгеріп, жаңа бояулармен боялды.

    Ежелгі орыс өнері шығыс славяндардың көркем мәдениетінен бастау алды. Ағаштан, саз балшықтан ежелгі славяндар өздерінің үйлерін, қорғандарын тұрғызды. Өз құрылыстарының алған бөлігін геометриялық және өсімдік тектес оюлар бейнесінде ойып, әсемдеуге тырысты.

      Славян шеберлері, әсіресе әшекей бұйымдарын жасауда шеберлік танытты. Алқа, сырға, тұмаршаларды металл өңдеудің күрделі техникасын қолдана отырып, әр түрлі өрнектермен әшекейледі.

      996 жылы алғашқытас храм тұргызылды. Владимир князі өз табысының оннан бір бөлігін шіркеу қорына беріп отырғандықтан, оны десятина деп атады.

      Киев Русінде үш славян халықтары - орыс, украин, беларустардың өнері бірлесіп дамыды.

      Киев храмдарында Византиядан әкелінген жәнғ жергілікті жерде дүниеге келген икондар болды. Қолжазбалардан икон жазатын шеберханалардың болғанын білуге болады. Тіпті Алимпий атты алғашқы икон жазушы суретшінің де есімі бізге белгілі.

      Ал, Киев Русіндегі қолданбалы оіюр озінің әр түрлігімен, жоғары техникалық шеберлігімен, көркем талғамының жетілгендігімен ерекшеленеді.

      XII ғасырдың басында Новгород республикаға айналып, өнердің дамуына өз үлесін қосты. XII ғ. екінші жартысында Новгородтың сәулеті жаңа қырынан көріне бастады.

      Монғол-татар шапқыншылығы сәулет өнерінің гүлденуін кенеттен тоқтатты. 1237-1240 жылдары болған Монғол шапқыншылығы орыс халқының мәдениетіне едәуір шығын әкелді. Өнер шығармалары өртеніп, қиратылып, тоналып қана қоймай, осы шығармалардың шеберлерін тұтқынға әкетті немесе өлтірді.

     Бірақ та Новгород XIV бірінші жартысында экономиканың дамуына байланысты өз мәдениетін көтерді.

     XV ғасырда новгородтық храмдардың көлемі кішірейіп, XII ғасыр сәулетінде көрініс тапқан архаизм пайда болды. Олар - Илья, Петр және Павл шіркеулері.

     XIV ғ. Новгородтағы монументті жанды бейненің гүлденуі Византиядан келген суретші Феофан Грекпен байланысты. 1378 жылы Феофан Сиас Приображения шіркеуін көркемдеді.

     Өнердің дамуына көп үлес қосқандардын, бірі - Андрей Рублев. Ол икон және шіркеулерге роспись жазуда ерекше орын алды.

      III Иван тұсында Мәскеу құрылысы кеңінен дамыды. 1475-1479 жылдары Мәскеу Кремліндегі Успен соборы салынды. Оның құрылысына итальяндық сәулетші Аристотель Фиораванти шақырылды.

     ХVғ. аяғы -XVI ғ. басындағы жанды бейне дамуы тамаша суретші Дионисия есімімен байланысты.

      XVII ғасырда ағаштан жасалған сәулеттің даму кезеңі болды.

      XVII ғасырдың екінші жартысындағы икон жазудың шебері Симон Ушаков болды. Ол өзінің шығармаларында ескіше дәстүрді жаңаша бағытта көрсетті.

      X-XVII ғасырлардағы Орыс өнері өзінің даму кезеңінде өте маңызды рухани құндылықтарды дүниеге әкелді.

      XVII ғ. Орыс көркем мәдениетінің бейнелеу өнері барлық түрлерінің жан-жақты дамуының кезеңі болып табылды.                                                                                                    

      XVII-XVIII ғ. Ресей өміріндегі көлемді алмасу, орыс архитектурасына үлкен өзгеріс алып келді. Салынған  құрылыстарда жаңа материалдар, жаңа құрылым   көрініс тапты.   

     Орыс бейнелеу өнерінің тарихында 1871 жылы алдыңғы қатарлы суретшілердің бірігуінің арқасында көшпелі суретшілердің бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестік "Көшпенділер" атымен орыс бейнелеу өнерінің тарихында қалғаны белгілі. Аталмыш бірлестік құрамында И.Крамской, В.В.Перов, И.Е.Репин, В.И.Суриков, А.Саврасов, И.И.Шишкин, ағайынды Васнецовтар, Ярошенко, Поленов, Левитан, В.Серов секілді суретшілер болды. Көшпенділер өз мақсаттарын қоғамға қызмет ету деп білді. Олар шығармаларында өздері өмір сүрген қоғам құрылысын сынға алды.

      "Көшпенділер" арасында И.Е.Репин (1844-1930) шығармашылығының алатын орны ерекше болып табылады. Ол 13-14 жасында-ақ үлкендермен қатарлас шіркеуге иконалар жаза бастады. Ал 19 жасында Петербургтегі Императорлық көркем академияға оқуға түседі.

      Академияны бітіруге екі жыл қалғанда "Волгадағы бурлактар" картинасын бастады. Осы шығармасы оның суретшілік қабілетін танытты. Репин бурлактарды бірінші рет Волгада емес Невада көрді. Бурлактардың аянышты халі суретшінің жанын тебірентіп, осы белгілі туындысының дүниеге келуіне себеп болды. Ол Волгаға барып, бурлактармен танысып, эскиздер, этюдтер, натураға қарап бірнеше суреттер салды. Біраз жөндеуден өткен 3 метрлік шығарма нәтижесінде 1873 жылы көрмеге қойылып, көрермен ықыласына бөленді. Бұл белгілі туындысымен қатар "Курск губерниясына крестік жорық", "1581 жыл, 16 қараша, Иван Грозный және оның ұлы Иван", "П.М.Третьяковтың портреті" туындылары да тарихта ерекше орын алады. И.Е.Репин "суретші міндеті - халыққа қызмет ету" деп түсінді.

     Орыс өнерінде жанды бейнені суреттеу алдыңғы орында тұрғанымен де, киімдерді кестелеу, ағашты көркем ою, қабырға сурет, тоқымашылық, қыштан бұйымдар жасау өнері де жан-жақты дамыды. Орыс суретшілері орыстың ұлттық көркем мәдениетін дамытты.     

 

     10. Қазақ бейнелеу өнері

     Алғашқы қоғам дамуы кезіндегі суретшілер әр түрлі бұйымдар мен жануарларды, тіпті адамдар бейнесін тас бетіне немесе сүйекке шеберлікпен қашап, ою арқылы айқын сызықтармен түсіре білген. Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде Қазақстан аумағында пайда болып, қазіргі кезге дейін сақталған петроглифтерді айтуға болады.

     Петроглиф дегеніміз - тас бетіне қашап салынған бейнелер,таңбалар.

     Тастағы таңбалар Қазақстан аумағында Маңғыстау түбегінде, Қапшағай маңында, Шығыс Қазақстан таулы аймақтарында т.б. жерлерде кездеседі. Жартас бетіне салынған шығармашылық бейнелердің белгілі орталығы Жетісу өңірі болып табылады. Мұндағы бейне көріністерде адамдардың түрлі жануарларға: ат, таутеке, өгіз, құлан, елік, маралдарға аңшылық ету кезеңдері бейнеленген.

      Тастағы таңбалар туралы мағлұматты қазақтың ғұлама ғалымы, этнограф Ш.Уәлиханов жинақтаған.

      Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың орта шенінде бейнелеу өнерінің кәсіптік салаларында еңбек еткенін, ол қазақ халқының шын мәніндегі тұңғыш суретшілерінің бірі екендігін ен, алғаш зерттеп, дәлелдеген академик Ә.Х. Марғұлан еді.

     Шоқанның ұлттық бейнелеу өнерінің кескіндеме мен графика жанрларына әкелген айтулы жаңалығы 1972 жылы Қазақ КСР-інің "Ғылым" баспасынан Әлкей Хақанүлы жарыққа шығарған III.III. Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағына "Графикалық мұралар" деген атпен енді. Шоқанның графикалық мұраларының жинақталып, әрі жекелеген әрбір туындысының салынған мерзіміне қарай кезеңдік тақырыптарға топтастырылып, суреттердің көбіне дерлік ғылыми тұрғыдан жүйелі талдау жасалынып, арнайы жеке альбом ретінде баспа бетін көруі - қазақ халқының бейнелеу өнері тарихындағы айтулы кезең десе де болады.

      Қазақ халқының тұңғыш ғалымы - Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ж.ж.) бала кезінен сурет салуға әуес болады. Ол Кадет корпусында оқып жүріп, сурет салуға деген құштарлығын одан әрі шыңдай түседі. Шоқан тас мүсіндермен қатар таңбалы тастардағы бейнелік суреттерді қағазға түсіріп, жүйелі зерттеуді көздеген. Сонымен қатар, ол қару-жарақ түрлері, ұлттық киімдер мен киіз үйдің қыр-сырын жақсы білген. Оның садақ, қорамсақ, кісе, селебе, желауыз, сойыл, қамшы нобайларынан ұлттық мұраның үлгісін көруге болады. Шоқан он екі жасында "Жатақ" атты суреттемесін жазады. Суретші бұл еңбегінде киіз үй мен түйеші баланы өте нанымды бейнелейді. Бұл оның тырнақ алды туындысы болса да, бояу үйлесімдігі жарасымды үндестік тапқан шығарма болып табылады. Ол ұдайы өзін қоршаған ортадағы өмір тіршілігін шынайы бейнелеуге ұмтылады. Шоқан Кадет корпусында оқып жүргенде сурет пен сызу пәндерінен жүйелі білім алады.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері