Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция
1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Үздіксіз ізденістер мен қажырлы еңбегінің жемісі Шоқанның қазақ халңының тұңғыш суретшісі екендігін дәлелдейді. Оның өзіндік бір ерекшелігі - көрген затты жақсы есте сақтап, ойша салуға дағдылануы. Қоршаған ортаны бейнелеуде зерттеушілік әдіске бейім. Мысалы, "Рауғаш пен киіктің лағы" атты нобайын алсақ, мұнда шөптің құрылысы мен киіктің сұлу тұлғасы дәл ұқсастықпен бейнеленгендігін көреміз. Әр нәрсе табиғатына сай жарасымды бейнелеуді қажет етеді. Бұл қасиет суретшінің бойынан айқын көрінеді.
Ш.Уәлиханов ұзақ жолға шыққанда қасына суретші ертіп жүрмеген. Көргенін өзі бейнелеп қағазға түсіріп отырған. Оның бейнелік суреттері қолжазбаларының айқындаушы факторы болып табылады. Ол шексіз сахараның сан құбылған табиғатының ортасында жүріп, өнерін ұштаған.
Ш.Уәлихановтың "Салт аттылар мен қырғыздардың ат баптауы" атты өмірмен үйлескен нобайлары да шындыққа жанасады. Ол екі халықтың еншісі басқа болса да, елдігі бір, салт-дәстүрі сабақтасып жатқан туыс халық екендігін дәлелдей түседі. Шоқанның суреттері мен графикалық кескіндемелері сюжеттік жанрға тән. Мысалы, "Үш аян", "Алатау қырғыздарының қыз-келіншектері", "Шығыс Түркістан әйелдері" атты туындыларына қарап жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін ұғуға болады. Шоқан өз еңбектерін халық тағдырымен сабақтастыра білді.
Шоқан портреттік адам тұлғасын бейнелеуде сол адамның ішкі жан дүниесіне үңіле отырып, мінез-құлық ерекшелігіне айқын сипаттама береді. Өзінің "Автопортреті" - кәсіби типте орындалған шығарма. Ол өзінің замандасы Потанин келбетін еркін де батыл бейнелеп көрсетті. Оның графикалық туындылары арасында портреттік жанр басты орын алады. Шоқан - өткір ойлы, көргенін жаңылмай бейнелейтін аса шебер суреткер. "Алатау қырғызы" портреті түрлі-түсті бояумен бейнеленген. Кең даланың түкті кілемінде мығым отырған қырғыз азаматының тіккен жанары алысты болжайды, ұлттық киімі өн бойындағы ерекшелігін айқындайды. Шоқанның кез келген портретті шығармасын алып қарасақ, жанды сызықтың құдіретімен қас-қағым сәтте бейнеленген нобайлары асқан шеберлікпен туындаған. Адамдардың іс-әрекет жасаудағы тұлғасын дәлдікпен қағаз бетіне түсіре білген. "Жас қазақ", "Аға сұлтан", "Тезек төре", "Ұлы жүздің сұлтаны Мамырхан Рүстемов" т.б. портретті туындылары ұлттық мазмұнда өз шешімін тапқан. Шоқанның бейнелеу өнеріне қосқан үлесі - ұлттық мұражайымыздың асыл қазынасы.
Шоқан өз халқының өнерін дүниежүзілік мәдениетпен байланысты зерттеуде ұлттық бояуды сақтап қалуды арман етті.
Діни ұғымдар бай мен патша саясатын қолдап, халықты өз уысында ұстауға қолайлы еді. Осының бәрі де бейнелеу өнерінің кәсіптік даму мүмкіндіктерін шектеді. Революцияға дейін қазақтардың бейнелеу шығармашылығы қолданбалы сәндік өнер түрінде қалды. Өмір ағымының өзгеруіне қарай халықта жаңа мәдени талаптар мен сұраныстар пайда болды.
Ұлттық реалистік өнердің дамуына кедергі келтіретін негізгі қиыншылықтар дайын кадрлардың болмауы еді. Сондықтан Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуына жетекші рөл атқарған орыс суретшілері болды.
Қазақстан реалистік бейнелеу өнерінің қалыптасуында Н.Г. Хлудов студиясы да, Москва, Ленинград секілді орталық қалалардан келген К.Я.Баранов, Ф.И.Балкоев, П.Я.Зальцман шығармашылығының да, осы орталық қалалардағы көркем сурет академиясы мен басқа да жоғары оқу орындарын бітіріп елге оралған суретшілердің де тікелей үлгісі бар.
Қазақстан бейнелеу өнерінің бастауы 1877 жылы Алматыға келген орыс суретшісі Н.Г.Хлудовтың есімімен тікелей байланысты. Бұрын көрмеген жаңа әлем, бейтаныс әдет-ғұрыптар, көз үйренбеген бетпішіндер оны қатты тебірентті, ол осының бәрін асқан бір ыждағаттылықпен, құштарлықпен қағазга, кенепке түсірумен болды.
Ол Алматыдағы тұңғыш көркемсурет студиясын басқарды. Бірінші ұлттық қылқалам шебері Қастеев те Хлудовтан тәлім алған. Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы Қазан төңкерісінен кейін басталды. Бұл жылдарда көркем шығамалардың көрмесі маңызды оқиға болып есептелді.
Көрме 1928 жылы Семей қаласында, кейіннен басқа қалаларда да Петропавл, Қорған, Лениногорск, Қызылорда, Қарсақбайда болып өтті.
Қазақ бейнелеу өнері 30-40 жылдардан бастап қалыптасты. Оған әсіресе, Мәскеу, Ленинград суретшілері көп үлес қосты. 1933 жылы Қазақстан суретшілер одағының ұйымдастыру бюросы құрылды. Оның құрамында В.Сатков, Ә.Ысмайылов, Ф.Болкоевтар болды.
1940 жылы Республика суретшілерінің 1-ші съезі өтті. Қазақстан көркем өнерінің дамуының екінші кезеңінде, яғни 50-60 жылдары натураға, яки табиғатқа, болмысқа, заттың өзіне көбірек көңіл бөлсе, 60 жылдардан кейін бейнелеу публицистикасына бой ұру, қатаң стилді ұлттық тұрғыдан игеру, жаңа кейіпкерді іздеу тән болды.
Қазақстан өнерінде тұңғыш суретші қазақ қызы А.Ғалымбаеваның жұмыстары ерекше орын алады. Ол өз шығармаларында шығыс әйелдерінің нәзік те әдемі жүзі мен рухани биік тұлғасын көрсете білді. Қазақстан суретшілерінің таңдамалы шығармалары өмірді терең түсіну арқылы оның поэтикалық көрінісін білумен ерекшеленеді. Мұндай жұмыстар қатарына акварель бояуымен орындалған Ә.Қастеевтің, Е.Сидоркин, Ш.Кенжебаев т.б. шығармаларын жатқыза аламыз. Бұл графикалық шығармалар қазақ жерінде болып жатқан өзгерістерді көрсетті
Қазақ сәулет өнері
Қазақ сәулет өнері де өзінің бастауын ежелгі ғасырлар қойнауынан алады. Сонау қола дәуірінің өзінде қазақ жұрты аса тығыз қоныстанған, соның ішінде Орталық Қазақстан ерекше орын алды. Мұны соңғы жылдардағы археологиялық қазба жұмыстар нәтижелері де көрсетті. Ол кездегі орналасуы бір-біріне ұқсас елді мекендер 10-40 тұрғын үйлерден тұрды. Ең үлкен елді мекендердің ауданы 2-3, 5 га. жерге 80 құрылыс кешендері орналасты. Қола дәуірі кезіндегі бұл елді мекендер бекіністермен күшейтіліп, онда шамамен 300-500-дей адам қоныстанды. Осы елді мекендер маңындағы биікжерлерден, бата оқитын төмпешіктерден рулық қауымның тастан салынған құрбан шалу орны, қабірлер және мазарлар орындарының қалдықтары табылды.
VI ғасырда Қазақстанда феодалдық мемлекеттің дамуы тұсында қолөнер, сауда-саттық орталықтары дамыған қалалар жаңа сипатта салына бастады. Солардың ішінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар қалалары бар. Бұл қалалардың пайда болып, одан әрі дамуына сауда-саттық керуен жолдары зор ықпалын тигізді.
Иран мен Византиядан Қытайға баратын Ұлы Жібек жолы Жетісу арқылы өтті. Көшпенділердің бір бөлігі біртіндеп отырықшылыққа ауысты. Қала тұрғындары солардан құралды. Шу, Талас және Іле аңғарларында егіншілік пен қолөнердің ірі орталықтары пайда болды.
Оңтүстік Қазақстан қалалары негізгі үш бөліктен тұрды, ол: цитадель, шахристан, рабат.
Цитадель - қамал бекініспен қоршалған әкімшілік резиденциясы орналасқан қаланың ортаңғы бөлігі.
Шахристан - қаланың цитадель бөлігіне қатарлас көпестер, ірі жер иеленушілер, шенділер, қолөнершілер тұратын сыртқы биік дуалдармен қоршалған қаланың екінші бөлігі.
Рабат - қаланың қарапайым тұрғындарының баспаналары, көптеген қолөнер шеберханалары, сауда-саттық орындары бар бөлігі.
Негізінен алғашында көп қалалардың бұл бөліктері түгелдей болмады. Мысалы, Баба-Ата қалашығы алғашында бекініспен қоршалған мекен болса, кейіннен VIII-IX ғғ. резиденция сарайы түрінде қайта салынып, цитадель бөлігі пайда болды. Оның айналасын қоршай шахристан құрылыстары салынды.
ІХ-Х ғғ. цитадель және шахристан аумағын сазбалшықты қабырғамен қоршап, оның сыртына сауда-саттық кәсіпшілік орындары - рабат тұрғызылды.
Карахан кезеңіндегі қалалардың сауда-кәсіптік бөліктері ерекше дамып өсті. Осы кездегі сәулет өнерінің дамуына VII ғасырдағы араб шапқыншылығынан кейін Қазақстанға ислам дінінің ене бастауы ерекше әсер етті. Медреселер, мұнарлы мешіттер, моншалар т.б. салына бастады. Отырар, Тараз, Баба-Ата қалаларындағы салынған су құбыры, көпірлер сол кездегі қала құрылысы мәдениетінің жоғары дәрежеде дамығандығының дәлелі деуге болады. Су құбыры үшін қалаларда жерасты жолдары қазылып, оған су жүретін қыштан күйдірілген түтіктер бір-бірімен жалғанып салынды.
Х-ХІІ ff. Қазақстанда қала құрылысы тек оңтүстік-шығыста ғана емес, сонымен қатар басқа да аудандарда дами бастады. Оған Торғай өзені бойынан, Жездіден, Сарысудан, Кеңгірден табылған 60 қалашықтардың орындарын мысалға келтіруге болады. Қарахандықтар кезеңіндегі сәулет өнерінің ерекше даму дәрежесінің куәсі ретінде Тараз қаласы маңындағы ХІ-ХІІ ғасырларда салынған Айша-Бибі мазарын, Х-ХІ ғасырларда салынған Бабаджан-хатун мазарын, сол кездегі ерекше құрылыстың бірі - қызу жіберетін күрделі құбырлар жүйесі бар, бассейндері бар, қабырғалары фреска жазуларымен безендірілген Тараз моншасын және Жезқазған облысындағы ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған Жұбан-ана мазарларын айтуға болады. VI-XII ғасырлардағы құрылыс балшықтан, тастан, шымнан, ағаштан, қамыстан салынды. Ал ірі құрылыстарды тұрғызуға күйдірілген кірпіш пайдаланылды. Қалалардағы сарайлар, мешіттер, моншалар кірпіштен салынды.
Қазақтың зергерлік өнері
Қазақ халық қолөнерінің өткен ғасырлардағы жете дамыған түрлерінің бірі - зергерлік өнер. Ол ұлттық мәдениетіміздің тарихында ерекше орын алады. Бұл өнердің түптамыры сонау әріде жатыр. Ерте замандардың өзінде Қазақстан аумағында алтын, күміс, мыс, қалайы, қорғасын өндірілген. Соларды соғу, құю, қалыпқа салу арқылы еңбек құралдары, әшекей заттары мен әр түрлі бұйымдар жасалған.
Сол замандағы халық діни ұғымы бойынша тілден, кезден бойтұмар болатын әшекей заттар қорғайды деген сенімде болды. Зергерлік бұйымдардың көпшілігі ұзақ уақыт осындай бойтұмарлық рөл атқарды. Бұйымның материалы, түр-түсі, ою-өрнегі діни сенімдер мен аңыздарға сай алынды.
Металдан жасалған әшекейлік бұйымдар көбінесе күміс пен олардың қоспаларынан жасалды. Күміс -жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өңделетін металл. Оның осы қасиеттерін зергерлер барынша пайдаланды.
Металды көркемдік өңдеудің әр түрлі техникалық әдістері: соғу, құю, қалыптау, оюлау, қара жүргізу, эмальмен әсемдеу, заттың жиегін айнала өрнектеу, зерлеу, темірге күміс қақтау, алтын жалату қолданылды.
Күмісші шебер алуан түрлі бұйымдар жасайтын. Бұлардың ішінде әйелдерге арналған әшекейлік бұйымдар, сыртқы киімнің түймелері, сәндік заттар, киіз үйдің керегесін, уық, шаңырағын, есік ернегін зерлеу, ағаш және былғары ыдыс-аяқтың, музыка аспаптарының әшекейлері, сонымен қатар қару-жарақ, ер-тұрманды әшекейлеу ерекше орын алады.
Осы аталған зергерлік бұйымдардың көптеген түрлері Қазақ Мемлекеттік өнер музейінің қорында бар. Бұл әшекей бұйымдардың көбі XVIII ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың басында жасалған.
Батыс Қазақстанда жасалған заттардың әшекейлері ауқымды, өрнегі ірі келеді. Солтүстік Қазақстан зергерлік бұйымдарының ерекшелігі - құрылымының күрделілігі, формаларының әсемдігі, салпыншақтарының көптігі және бұйымдарға анық, маржан, терезе, тағы басқа тастардан көз салу болып табылады.
Орталық және Шығыс Қазақстан шеберлерінің шығармалары қарапайымдылығымен, пішіндерінің айқындығымен, әшекейлеу стилінің ықшамдығымен ерекшеленеді.
Оңтүстік Қазақстанда жасалған бұйымдардың өзгешелігі - ою-өрнегінің, нақышының көптігі, әрі күрделілігі, сылдырмақ салпыншақтары мен алтын жалатқан бөлшектердің жиі қолданылатындығында.
Қазақ жерінде қолөнердің дамуы б.з.д. уақыттан дамығанын тарихтан білеміз. Жауынгерлердің сауыттары мен қаруларының шебер жасалуы сол кездегі қолөнершілердің жетістігін дәлелдейді. Жетісу сақтарының тамаша ескерткіштерінің бірі -Есік обасы болып табылады. Ол Алматының шығысында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайында. Обаның диаметрі - 60 м, биіктігі - 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабір бар - орталықтағы және бүйіріндегі. Орталық қабір тоналған, ал бүйіріндегі аман қалған. Ғалымдар еденнің мүрде жатқан бөлігіне уық алтын таналармен әсемделген мата төсеніштің жайылғанын анықтады. Ал төсеніштің үстінде басы құбылаға қаратылып, қару-жарағын таққан адам жерленген. Антропологтардың анықтауына жүгінсек жерленген адам 17-18 жастар шамасында, оның бойы- 165 см болған.
Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлерде барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, құс бейнелері салынған. Мойнына тағылған алтын әшекейдің екі ұшында жолбарыстың басы бейнеленген.
Алтын адамның сол қолының жанында шиі алтындалған, алтын масақты оқ салынған. Осы арада сабы алтын таспамен оралған қамшы ,алтын жіппен кестеленген былғары қалта , ішінде қола айна мен бір кесек қына болған.
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері
Жоспар: 1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы
1. Әдістеме - белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету үшін істелетін іс-әрекет барысындағы әдіс-тәсілдерінің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді. Іс-әрекетті жүйелі әдістемелік бірлікте дұрыс жүргізу, яғни сол іс-әрекеттің мақсатына жетудің қысқа да нәтижелі жолын табу болып табылады.
Белгілі бір күрделі жұмысты жекелеген бөліктерге бөліп, жұмыстың әдіс-тәсілдерін жүйелі бірізділікпен пайдаланып біртіндеп орындайды. Ал суретші белгілі бір бейнені, көріністі бейнелеу үшін алдымен оны қарап, зерттеп, күрделілігін анықтап, содан соң бейнені жазықтық бетіне композициялық шешімін тауып орналастырады. Содан соң бейнедегі жекелеген заттардың көлемін, пропорциялық сәйкестігін нақты көрсетіп бейнелейді. Соңында бейнеленген жұмысқа қайтадан жалпы қарап, ондағы бейнеленген жұмысқа қайтадан, ондағы бейнелердің көркемдік үйлесімділігін, бірлігін тексереді.
Ал педагогика ғылымындағы әдістеме – оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі әдіс-тәсілдердің жүйелі жиынтығы.
Әдістеме негізінде, жалпы және жеке болып екі түрде қарастырылады. Біріншісінде – жалпы пәндер бойынша оқу-тәрбие мәселелеріне байланысты әдіс-тәсілдер жүйесі қарастырылса, соңғысында –жекелеген пәндер бойынша оқу-тәрбие жүйесі қарастырылады. Біз жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын бейнелеу өнері пәнін қарастырамыз.
Педагогика ғылымында оқыту әдістері, мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білім, іскерлік дағды игеріліп, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды. Яғни, оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың арасындағы оқу-тәрбие жұмыстарын нәтижелі етіп ұйымдастыру іс-әрекетінің тәсілдері. Дәлірек айтқанда, әдіс белгілі бір мақсатқа жету іс-әрекетін нақты жүйеге келтіретін тәсілдердің жиынтығы. Сонымен бейнелеу өнерін мектепте оқыту жұмысында жеке пән әдістемесі – педагогикалық дидактика негіздерін бетке ұстай отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дауына, көркемдік идеяларын түсінуге мүмкіндік тууы тиіс, яғни оқушылардың ойын, қиялын дамытуға, өз бетімен шығармашылық тұрғыда ізденіп жаңа білімді меңгеруіне ықпал жасауы керек.