Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

      Полистің пірі деп есептелетін құдайлар мүсіні қойылып, қала қазынасы сақталатын діни ғимараттар, халық жиналыствры мен діни мерекелер өткізілетін алаңдар да салынды.

      Храмдар қаланы көркейте түсті. Грек храмдары архаика сәулетінде ғимараттың негізгі типі болды, әр полис зрам салуда басқа қалалардан асып түсуге тырысты. Грек храмдары Микены мегаронынан тұрады. Эллин шеберлері сәулет өнері даму процесінде б.з.б. VII ғасырда ғимараттың колонналары салмақ көтеретін және тіреп тұратын тіреулерді ұтымды үйлестірудің терең ойластырылған жүйесін жасады.

     Осы біртұтас, көркемдік тұрғыдан ақылға қонымды жүйе кейінірек ордер деп аталды / ордо – деген латын тілінен аударғанда құрылыс тәртіп /.

     Архаикалық дәуірдің өзінде грек сәулетінде екі стиль: дорий және ионий қолданылды. Яғни грек сәулет өнерінің негізгі ордерлеріне дорлық және иониялық ордерлер жатады.Бірінші ордер негізінен Пелопоннес пен ұлы Грекияда  Сицилия мен Италияның оңтүстігіндегі грек отарлары осылай аталатын /.

      Екіншісі – негізінен Иония деп аталатын Кіші Азия жағалауынан дамыды. Грек храмының бірнеше типі жасалды, бірақ кең тарағаны – перитер. Ғимараттың бұл типі тек сәулет өнерінде ғана емес, дүние жүзі сәулет өнерінің одан әрі дамуында көрнекті рөл атқарды.

     Дорлық храм – периктер тас тұғырға әдетте үш жплпақ басқыштан тұратын стереобатқа орнатылған, табансыз дорлық колонна тікелей стилобатқа тірелген.

Стилобат / грек. колонна / - колоннадан көтеретін храм тіреуішінің, іргелігінің жоғары сатысы. Колонналық тұрғы – төмен қарай біркелкі жуандап, мейлінще мығым көрінетін энтазис.

Энтазис / сіресу, ширау / - колонна діңінің капительден іргетасқа қарай бірте –бірте жуандауы. Ғимараттың колоннаға құрылған жоғары жағы антаблемент деп аталады.

Капитель / латын. бас / - көлденең шатыр арсы, антаблемент тірелетін колоннаның жоғары ұшы.

Эхин / грек. / - дорлық капительдің дөңгелек профилінің дөңес қисықтау келген ортаңғы бөлігі.

Абака / грек. стол, тақта / - колонна капителінің жоғары бөлігі, әдетте архитрав / арқалық мәтке / сүйенетін тік бұрышты тас тақта.

Антабемент / франц. / - ғимараттың колонналар үстіне орналасқан, архитрав фриз бен кенереден тұратын жоғарғы бөлігі.

Ол архитравтық тегіс арқалығынан, шаршы тақта тастары –метопаларымен тура тартылған тік бұрышты триглифтері бар фризден, сондай – ақ кенереден құралған.

Храмдар қасбеттеріндегі итарқа шатырмен жиегі шығып тұратын кенере үшбұрыштар – фронтондар деп аталады.

Архитрав / грек. бастау / - тікелей колонналар капителінде жататын жалғастырушы мәтке, арқалық, антаблементтің төменгі бөлігі.

Метопа / грек. екіткөздің арасы / - әдетте бедерлі бейнелермен айшықталған төртбұрышты  тақта тас: триглифтермен қосылып дорлық ордер фризін құрайды.

Триглиф / грек. үш ойықты / - тік бұрышы тура тартылған үш сайлы, науалы тас метопалармен қосылып дорлық ордер фризін құрайды.

Фриз / франц. / - антаблементтің арқалық білік пен кенере арасынада орналасқан ортаңғы бөлігі.

Фронтон / франц. / - екі жағы тайпақ құламалы ғимарат шатырының астындағы үшбұрыш / итарқа алаң /.

    Метопалар мен фронтондар мүсінмен сәнделген. Дорлық храмның ішкі кеңістігі наос екі қатар колоннамен үш нефке бөлінген. Ортаңғы кеңірек нефке құдайдың мүсіні қойылған.

     Наос / грек. / - ежелгі грек храмының ортаңғы бөлігі, құдайлардың бейнелері қойылған ғибадатхана.

     Неф / франц. / - кеме храм үйінің, әдетте, жоспары төртбұрыш ұзына бойы созылған, қаз – қатар колонналармен, арқалар немес бағаналармен бөлінген бөлігі.

     Иониялық оржер дорлық ордермен салыстырғанда пропорция жеңілдігімен мен көзге түседі. Әсем колоннаның табанында тиянағы болған, Жоғары жағының жіңішкелігі дорлық ордерге қарағанда кемдеу. Оның каннелюраларының енсіздеу сайы колонна биіктігін айқындай түседі , ал капительді қос қошқар мүйізденіп иіліп келген валюталар.

      Каннелюры / франц. / - колонна діңін бойлай тік тартылатын сай – сай ойпаттар.

      Волюта / лат. Қиыршық, қошқар мүйіз / бұйра немесе шиыршық түріндегі әшекей.

      Иониялық ордерге жақын коринфтік ордер тек б.з.б. VII ғасырдың екінші жартысында пайда болды, ол колонналардың тым созылыңқы пропорцияларымен, өсімдік өрнектерімен әшекейленген капительдермен көзге түсетін.

      Храмдар құм қайрақ қорымынан немесе мәрмәр тастан қаланған. Колонна жеке – жеке дөңгелек барабандары бір –біріне ағаш немесе қола төлкелермен бекіту арқылы құрастырылған. Бұдан соң колонна қашалып жонылып, тегістеледі де, каннелюралар тартылады. Мұндай жұмыстан кейін колонна тұтас тастан ойылып алынған сияқты көрінеді.

     Архаика кезеңінің ең еңселі храмдарының бірі – Коринф тегі Аполлон храмы / б.з.б. VI ғасырдың екінші жартысында / қаланың ортасында орналасқан.

     Аполлон храмы - өзінің сәулеті жағынан қарсы бетінде алты колоннасы, ұзына бойында он бес колоннасы бар дорлық периптер. Оның колонналары мен антаблементі ежелгі дәуірде әдемі сырланған.

 

    7. Рим өнері.

     Б.з.б. 146 жылы Коринфтің құлауымен антика тарихының дәуірі аяқталады. Ионий теңізінің жағасындағы гүлденген бұл қаланы, грек мәдениетінің бастыорталықтарының бірін Рим елшісі Муммийдің солдаттары жер бетінен жоқ қып жіберді. Өртенген сарайлар мен храмдардан елші есебіне сан жетпейтін көркем қазыналарды тасып алып кетті, сөйтіп, Плиний жазғандай, бүкіл Римді шынында да мүсіндер қаптада.

       Одан кейін екі ғасыр өтті. Енді Рим ақсүйектері өнердің барынша қадірлеушілеріне айналды. Коринф қайтадан тамаша ескерткіштермен жасанып шыға келді.

      Ұзаққа созылған қанды қырқысулардан кейін ұлы Цезарьдің жиен немересі Август /б.з.б. 63 ж. – б.з.б. 14 ж / империяның негізін қалады, ол құжат жүзінде республика / бір кезде Римде патшалық өкіметті ауыстырған / сақталатын, бірақ мемлекеттің барлық өте маңызды лауазымдары / елші, трибун, мәртебелі абыз және т.б. / бір ғана императордың қолына жинақталатындай құрылымды тұңғыш рет орнықтырды.

       Ол өлгеннен кейін құдайға теңістірілген Цезарь республиканың бірден – бір державалы әміршісі болды.

      «Құай текті Августтың» Римді көріктендіру жөніндегі қызметі туралы Светоний былай деп жазды:

     «Астананың көрінісі державаның ұлылығына әлі сәйкес келмей жатты, Рим әлі де су тасқыны мен өрттен зардап шегетін. Ол кірпіш Римді қабылдап, мәрмәр Рим қалдырып бара жатырмын деп мақтаныш етуге болатындай етіп қаланы қайта салдырды, қаланың болашақ замандардағы қауіпсіздігі үшін адам ақыл – ойы алдын ала жеиеиінің бәрін жасады.

      Қоғамдық ғимараттарды ол өте көп салдырды. Топырлаған халық пен толып жатқан сот істері үшін екі алаңның жеткіліксіз екенін көріп, ол Филипп соғысы кезінде серт берді және ол соғыстар мен триумфтар туралы сенат осы жерде шешім қабылдайтын болсын, провинцияларға әскер басшылары осы арадан аттансын, жеңіспен оралған қолбасшылар триумфтың әшекей – жасауларын осында алып келетін болсын деген шешім қабылдады. Аполлон ғибадатханасын, сәуегейлердің айтуларына қарағанда, Палатин сарайының құдай жай түсіріп, таңдап алған бөлігіне салдырды, әрі храмға латын және грек кітапханасы бар протиктерді жалғады, қартайған шағында ол сенатиты көбіне осы жерде шақыратын болды... Кентебрия соғысы кезіндегі түнгі бір шеруде өзі отырып келе жатқан зембілдің дәл алдында жай түсіп, алау көтеріп келе жатқан құлды өлтірген кездегі қауіптен аман құтылғанының ескерткіші етіп жай айтқыш Юпитерге арнап храм тұрғызды. Бірқатар ғимараттарды басқалардың атынан салдырды. Сондай – ақ, басқа да көрнекті азаматтарға қаланы көріктендіруді талмай кеңес етіп отырды.

      Бүкіл қаланы ол округтер мен кварталдарға бөлді... Өртен ақтану үшін ол  әр жерге пост қойып, түнгі күзет ендірді, су тасқанын болдырмау үшін Тибрьдің арнасын тазартып кеңейттірді. Қаланың барлық жағынан келіп кірудң жеңілдету үшін ол Фламини жолын кеңейтуді қолға алды. Ал қалған жолдарды триумфаторларға өзара бөліп берді, олар соғыстан түскен олжа ақшаға бұл жолдарға тас төсеуге тиісті болды.

      Ол тозығы жетіп құлаған немесе өртеніп кеткен қасиетті ғимараттарды қалпына келтіріп, оларды да басқа ғимараттармен теңестіріп, бай тарту – таралғылармен жасаулады. Мәселен, ол бір жолдың өзінде Капитолий Юпитері ғибадатханасына он алты мың қадақ алтынды және елу миллион сестерций тұратын інжу мен асыл тастарды сыйға тартты».

      Сөйтіп, бір кездегі кішігірім мемлекет – қаланың ғаламат жеңістері тудврғвн ғаламат құрылыс дүниеге келді, оның ақылы мығым, сеніиі кәміл, ерік – жігерлі және есепшіл халқы басқаларға билік жүргізісі келді; алғашында өзіне көршілерін бағындырды, одан кейін Карфаген сияқты қаһарлы бақталасатын жайратып салды, ақыр аяғында антика дүниесіндегі құл иеленуші қоғамның дамуындағы соңғы кезеңді паш еткен өзінің толық үстемдігін баянды етті.

      Әйгілі Рим правосының негізі, римдік мемлекеттің бастамасы дәл римдік тархитектураның, бүкіл римдік өнердің дүниеге  келгені сияқты, республика заманынан басталды. Императорлық Рим бұл бастама – негіздерді нағыз әлемдік баянды етіп, дамытқысы келді.

      Ұлы қала мен бүкіл ұлы империяны көркейту – билеуші оетіндегі даналығы рим шежірешілері үлгі етіп ұсынытан Августтың ең бірінші міндеті осындай болатын. Көркейтін мен мәдени гүлдену. Мәдениет үшін грек тарихында Перикл заманы қандай мәнге ие болды. Асдий бұл ғасырды өздерінің данышпандықтармен рұрға бөлеп, Августтың даңқын аспанға көтерді. Ал Август әдебиетке табиға әуестігі  бойынша да, есеп бойынша да, қамқорлық жасап отырды.

      Август заманы өнердің гүлденуімен де көзге түсті, мұның өзі грек классикасының мұрасынан нәр ала отырып, Августтың жақын мұрагерлері тұсында да жалғастырылды.

      Грекия мен Этрурия Римді сәулет өнеріндегі өзінің жетістіктерімен кенелтті, мұның өзі Римнің жасампаздық аранында барлық өнердің ішіндегі ол үшін неғұрлым қажеттісі еді. Ал бұл арын өзінің аумақтылығы жағынан шынайы асқақ арын еді.

      Империяның өміп келе жатқан қалалары үшін маңызды күндері халық жиналатын жерде жаңа форумдар; табыс беретін бірнеше қабатты тұрғын үйлер, соттар мәжіліс құрып, сауда жүретін, ұзына бойына колонналар қатарымен бөлінген базиликалар деп аталатын кең портиктер; гладиаторлар өлгенінше шайқасы, христианды жыртқыштардың дал – дұл етуіне беретін ондаған мың көрермендер сыйып кететін орасан зор амфитеатрлар (әйгілі римдік Колизей тәрізді); аумақты жүзу бассейндері, дене шынықтыру жаттығуларына арналаған алаңдары... және бай кітапханалары бар, көбінесе қоғамдық өмір өзегі қызметін атқарып отырған термалар - әшекей жасаулы моншалар; императорлар мен рим легиондарының жеңістерін мадақтайтын монументтер қажет бола берді.

      Осы құрылыстардың барлығы да өзінің атқаратын міндетіне сәйкес болды, сонымен бірге техниканың соңғы жаңалығын да бейнеледі, әрі олардың бірқыдыру салмақты заңғарлығы жаңа туып келе жатқан римдік стильді оның эллиндік түпрұсқасынан ерекшелендіріп тұрды. Мұның өзі осыған дейін табылған архитектуралық формаларды жаңа қажеттіктерге сәйкестіріп шеберлікпен дамытқандық еді.

     Гректер мен этрускілер арқа мен күмбезді білетін. Бірақ бағзы замандағы антикалық тік бұрыштылықты жеңген осы архитектуралық формалар тек Римде ғана шегіне дете дамыды: Римде қисық сызық түзу сызықпен бәсекелес салатын болды.

     Триумф рәсімін, яғни жеңіп қайтқан қолбасшының Римге келіп кіруін бейнелейтін риумф аркасы – рим сәулетшілігінің ең тамаша жаңалықтарының бірі.

     Пантеон – бұл барлық құдайлардың, император үйі қорғаушыларының храмы, ол Римнің қол астына соншама әр түрлі ұлттарды сенім – иланымдар мен әдениеттерді кіргізген империяның біріктірушілік ой – арменын мадақтайды.

       Пантеон – көлемі жағынан ең ірі римдік күмбезді храм. Антика дүниесінде осыған дейін де, одан кейін де мұндай орасан зор күмбезді храмдар салынған емес. Дөңгелек ғимараттың диаметрі – 43,5 метр, оның биіктігіне тең. Мұндай алыпты ұстап тұру ұшін қалыңдығы алты метрге жететін шомбал қабырғалар қажет болды. Ал мұның өзі Пантеонның сырт келбетіне біршама ауырлық беріп тұрады, бірақ мұны таң – тамаша болған келушінің алдынан храм ішінде ашылатын ғаламат кеңістік жуып – шайып жібереді. Нағыз тұнып тұрған жарық сәуле! Жарық жоғарыдан  тоғыз метрлік тесік - әйгілі "Пантеон терезесінен" құйылып тұрады.Аспаннан төгіліп тұрған жарықтың астында тұрып, мұнда келген адам сәнді архитектурамен көмкерілген бүкіл осы шалқар кеңістікті осында храм күмбездерінің астына жиналған бейне бір әлемнің бөлшнгі іспетті қабылдайды.

      Римдік портретте біздің алдымыздан ежелгі Римнің рухы барлық қырларымен және барлық қайшылықтарымен ашылады. Римдік портрет – бұл бейне бір бет жүз арқылы әңгімеленген Рим тарихының өзі, оның болып көрмеген шарықтауы мен қайғылы ажалының тарихы іспеттес.

      Римдік мүсіндік портреттің стилі дәуірдің жалпы түсәінік түйсігімен бірге өзгеріп отырды. Документтік шыншылдық, құдай»ға балауға дейін жеткен әсірелеу, барынша өткір реализм, пчихологиялық тереңдік онда кезекпен – кезек алмасып, яки бірін – бірі толықтырып отырды. Бірақ римдік идея өмір сүріп тұрған кезде онда бейнелеу қуаты сарқылып қалған жоқ.

     Римдік тұрғын үйді (терезелерсіз, жарық ішкі аулалардан енетін) жоспарлау этрускілер мен эллинистік сәулет өнерінің элементтерін ұштастырды, алайда күйдірілген кірпіш пен бетон кеңінен қолданылды: бұл жаңалық неғұрлым берік және сыйымды ғимараттар салуға мүмкіндік берді.

      Помпейлік сурет өнерін төрт стильге бөл қабылданған. Ветрувийдің көрсеткендері императорлық дәуірге дейін пайда болған бірінші және стильге жататын. Бірінші стильдің суреттері бар болғаны тек мәрмәрленген қабырғаны имитациялау ғана еді. Екінші неғұрлым күрделі стильдегі сурет нишаларды, карниздерді бейне бір қабырғаларды жан –жақты итеріп тұрғандай болып көрінетін монументті пилястрларды елестетіп, көбінесе ұзап бара жатқан колоннада, асқаралы архитектура мен кеңістік сезімін тудырады. Бұдан кейінгі, үшінші стильде гүлдер мен гүл өрімдері көмкерілген жеңіл трельяждар арасында шағын суреттер, медальондар, оған қоса әдемі жолақтары бар жекеленген шағын кескндер салынып, бос бөлмелерге жасаулы жайлылық тартып тұрады. Ақырында, төртінші стильдің суреттерінді галереялары, балкондары, театрлық декорациялары мен өзінің әлем –жәлем салтанатымен адамның қиялын таң – тамаша қылатын сарайлық фасадтары бар мүлде фантастикалық архитектуралық композициялар басым түсіп жатады.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері