Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 11:06, лекция

Описание

1. Бейнелеу өнерінің әдістемесі пән ретінде
2. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің даму тарихы

Работа состоит из  1 файл

Изо- лекции.doc

— 914.00 Кб (Скачать документ)

      Мұнда бірінші орынға Афины ие болды. Бірте-бірте осы тең құқылы қалалардың одағы державаға айналды. Афиналықтар одақтастарына өз үстемдігін жүргізе бастады. Афины басты флотболды. Афинымен одақтас мемлекеттерде демократиялық құрылыс, ал Спартаны қолдаған қалаларда олигархиялық құрылыс жеңіп шықты. Афины мен Спартаның тайталасы одан кейін б.з.б. V және VІ ғасырлардағы Грекияның тарихын айқындап берді.

      Б.з.б. V ғасырлардың ортасындағы Афинының гүлденуі / б.з.б. 444-429 ж.ж./ оны Ежелгі Элладаның аса ірі экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналдырып, атақты ақындардың, тарихшылардың, философтардың назарын аударды. Афины тұрғындары Диониснің құрметіне өткізілген /көптеген/ көктемгі мерекелерде Акрополь бауырындағы театр ойын-сауықтарға баруға арнаулы жетон берілген. Грек трагедиясы мифтік тұрғыда, қаза табумен аяқталатын. Көрермендерге ой салып, адамгершілікке, сезімталдылыққа тәрбиелеп, этикалық асыл қасиеттері нығайтты.

      Б.з.б. V және ІV ғасырларда жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен суретшілердің даңқты V ғасырлардағы сәулет өнері архаика сәулетінде қалыптасқан. Дорлық ордер храмдары жетекші орын алды.

      Бұл белгілер б.з.б. V ғасырдың екінші жартысында италияның оңтүстігіндегі грек отары Пестум қаласында салыған тәңірия Посейдонның храмы деп есептелген. Аумағы 60х24 м2 ғимарат алып жатыр. Құм қайрақтан қаланағн. Шатырды сүйеп тұрған колонна дорлық храмға тән үш баспалдаққа тірелген. Храмды қоршаған колонналар мұқият ойластырылып жасалған. Қарсы бетінде – тау, ұзына бойына – он үш. Гера храмы классикалық сәулет өнеріне тән белгі.

      Классика өнерінің қаһармандық сипаты әсіресе, фронтондарында, әдетте, мәрмәрдан қашалған мүсіндер қойылып, метопа тақталары бедермен айшықтанатын дорлық  храмдардың мүсін әшекейлерінен айқын сезіледі. Мүсіншілер бұл бейнелер сюжетін мифологиядан алды. Классика дәуірінің суретшілері мифке жүгінденде ескі аңызды жаңартып, өз заманына байланыстырып сала бастады. Б.з.б. V ғасырдың шеберлері барлық  дәуірлердегі сәулетшілер мен мүсіншілер алдында тұрған өнер мәселелерінің бірі – сәулет өнері мен мүсін өнерін байланыстырып ойдағыдай шешімін тапты.

      Ежелгі Элладаның классикалық өнері тарихында б.з.б. 470-456 жылдары парос мәрмәрін жасалған Олимпиядағы Зевс храмының мүсін әшекейлері көрнекті рөл атқарады. Оны жасаушылардың есімдері белгісіз қалды. ХІХ ғасырлардағы қазба жұмыстары кезінде табылған бұл мүсіндер Олимпия мұражайында сақтаулы.

      Храм метопаларында Гераклдың он екі ерлігі, шығыс фронтонында күйме жарыстарының пайда болуы туралы миф, батысында құдайлар мен қаһармандардың тағы кентаврлармен шайқасының көріністері бейнеленген.

      Батыс фротон композициясының сюжеті – лапифтер тайпасының көсемі Пейрифой өзінің үйлену тойына құдайларды, қаһармандар мен көрші кентаврлар тайпаларын шақырғаны туралы миф. Кентаврлар мас болып алған соң, әйелдер мен жігіттерді, соның ішінде Пейрифойдың қалыңдығы Дейдамияны ұрлап алып қашуға тырысады. Қаһармандар олармен шайқасқа түседі.

      Мүсіндердің ұзындығы – 26 метрден асады, биіктігі – 3 метр. Композиция орталығына мүсінші лапифтерге жеңіс әкелген жарық пен өнер құдайы Аполлонның тұлғасын орнатқан. Сол жақта қылышын ұстаған Пейрифой, ал оының қасында өзіне қадалған кентавр Евритонды шынтағыдан итеріп тұрған Дейдамия бейнеленген.

    Зевс храмының батыс фронтонындағы мүсіндерді жасалған шеберлер мүсін композициясын құрастыру тәсілдерін меңгерген.

      Б.з.б. V ғасырдың бірінші жартысындағы мүсіндердің таңдаулы нұсқаларының бірі – б.з.б 470 жыл шамасында белгісіз талантты шебер жасаған делбешінің қола мүсіні.

    Классикалық өнердің зор жеңісі адамның архаика өенрінің шарттылығынан құтылған тәуелсіз, табиғи қалпын бере білу шеберлігінде жатыр.

     Афиныға б.з.б. 470-450 жылдар аралығында сыйлыққы әкелінген мәрмәр бедерде тәңірия кескін – балғын қыз келбеті сұлулық мен әсемдікке толы. Афины найзағайға сүйеніп тұр, басына коринфтік биік дулыға, бет ажары, бүкіл кескіні ойлана қалған бір сәтті сипаттайды.

      Б.з.б. 470-460 жылдарда Италияның оңтүстігіндегі грек қалаларының бірінде жасалған бедер де ерекше көркемдік қасиетімен дараланады. Парос мәрмәрінен жасалаған үш тақтада мүсінші бас көріністе Кипр аралының маңында теңіз  тоқынының көбігінен жаратылған Афродита туралы аңызды бейгелеген, судан шыққан тәңірияның екі қыз сақтықпен абайлап сүйеп келеді. Тақта тасқа орналасқан пішіндер байсалды, классикалық тас түйін композициясын құрайды. Пішіндер тек мифологиялық сюжетпен ғана емес, көрерменнің мифологиялық сюжетін асқақ сезімді оятуда зор мәні бар.

      Қапталдағы тас тақталарда тәңірияның қызметшілері бейнеленген. Біреуінде жалағаш сыбызғышы қыз сәл шалқайған қалпында көпшіліктің үстіне еркін жайғасып отыр.

      Қарсы тақтада отырған әлгі қыздан аумайтын, ұзын киім жамылған, ол Афродитаға құрбандық алып келді. Алдында шоғы жайнап тұрған биік қорқорға жұпар иісті дән тастап отыр.

       Б.з.б. V ғасырдың екінші ширегі – грек өнерін дамытудың аса маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл – қауырт ізденістердің кезі, мүсін шеберлерінің адам қимылының реалистік бейнелеу тәсілдерін игеру, пішін қимылының көркемдік мүмкіндіктерін ұғыну кезі.

     Грек мүсін өнерінің шынайы үздік шығармасы – құдай посейдонның сол заманда сомдалған, Артемисион мүйісі маңындағы теңіз түбінен табылған қола мүсіні. Посейдон мүсіні – асқақ қола құйма өнерінің ғажайып үлгісі. Б.з.б. V ғасырдағы тап-тұйнақтай пішін адам денесінің сұлулығы мен пропорциясын мейлінше келімті жеткізе алатын қола мүсіншілердің сүйекті материалына айналды.

      Б.з.б. V ғасырдығ аса ірі екі мүсіншісі Мирон мен Поликлет қоламен жұмыс істеген. Мирон, Элевтрлік Мирон – б.з.б. V ғасырдың бірінші жартысындағы гректің даңқты мүсіншісі Фидий мен Поликлеттің ілгері замандамы. Бостияда туған, б.з.б. V ғ. бас кезіндегі аса ірі шебер Агеладтың қолында оқыған, Афиныда жұмыс істеген.

     Мирон штаты архаикалық өнер дәстүрлерінен қол үзіп, қимыл-қозғалысты беру таңғажайып шеберлікке жетті. Ол жасаған жеңімпаз атлеттер мүсіндері ерекше танымал болды. Мирон мүсіндерінің көбісін қоладан құйды. Мирон өз өмірінің көбісін Афиныда жұмыс істеумен өткізді, шығармасының гүлденген шағы б.з.б. V ғасырдың екінші ширегі еді. Оның шығармаларының көпшілігікке ең танымалысы – б.з.б. 460-450 жылдар арасында жасалған «Диск лақтырушы мүсіні», ол атлетикалық жарыс жеңімпазын мадақтайды. Диск ұстаған қолы барынша кейін қарай қайырылған. Жалаңаш балғын жігіт еңкейе алға ұмтылған. Миронның жаңашылдығы – грек өнерінде алғашқылардың бірі болып, мүсін өнерінде қимыл әсерін дере алғандығында.

     Поликлет – грек мүсінші әрі өнер теоретигі. Б.з.б. 480 жыл шамасышда туған. Шығармасы 460-410 жж гүлденген. Б.з.б. V ғасырдың аяғында дүние салды. Ертедегі жазулар мәліметтеріне қарағанда, Поликлет мүсіншісі Агеладтың шәкірті болған. Шебер алтынмен піл сүйегінен алып діни мүсіндерді сомдаумен айналысқан. Поликлеттің «Амазонка» атты еңбегі Фидий, Креселай мен Фрадмон қатысқан бәйгеде бірінші орын алды. Оның шәкірттері мен мұрагерлері көп болған.

       Фидий Храмид – ұлы гректің б.з.б. V ғасыр данышпан мүсіншісі. Оның шығармасында афиналық құлиеленушілік, демократияның шарықтап гүлденген шағында эстетикалық мұраттар аса айқын көрініс тапты. Фидиф б.з.б. 500 жыл шамасында Афиныда дүниеге келді. Оның ұстаздары арасында мүсінші Агелад пен кескіндемеші Полигтон болды.

        Мүсіншінің балалық және жастық шағы грек-парсы соғысы тұсында өткендіктен ол бүкіл өмірін дерлік парсыларды жеңген грек халқын мадақтайтын ескерткіштер жасауға арнады.

         

      5. Архаика өнері.

      Гректер бала күнінен бастап, қартайған шағына дейінгі ұдайы жаттығу арқылы тәрбиеленеді. Дененің шымырлығын, рухани ұстамдық арттыратын гимнастикалық жаттығулар олар үшін күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі.

      Атлетиканың өрістеуіне жалпы гректік жарыстар да едәуір жол ашты, олардың арасында Олимпиялық ойындар маңызды орын алды. Осы жарыстардың жеңімпазы құдайлармен пара – пар есептелді.

       Грек атлеттерінің ежелгі замандардан бастап жаыстарға жалаңаш түсетін дәстүрі өнерді өркендетуде маңызды рөл атқарды. Мүсіншілер мен суретшілер жігіттердің жалаңаш денесін көріп, олардың сұлу сымбатына, бұлшық еттеріне қызыға қарап, адам қимылы мен дене пропорцияларын сақтап сомдай бастады.

       Архаикалық өңердің ең ертедегі ескерткіштерінің бірі – б.з.б. VII – VI ғасырлар шамасында тарғыл мәрмәрдан жасалған курстың мүсіні. Курстар – жігіт, бозбала деген мағына білдіреді. Ол Сунион мүсініндегі теңіз тәңірі Посейдон храмының маңынан табылған. Мұндай мүсін көбінесе құдайларға сыйлық ретінде тартылатын. Жалаңаш жігіттің 3 метрлік тұлғасы тұтас алып тастан қашалған. Адам бойынан әлдеқайда асатын мүсіннің мөлшері мен қарапайым геометрияландырылған сұлбасының өзі оған монументтік ерекше айбын береді. Ол пішіннің қимылсыз қатып қалған қалпынан айқын байқалады.

     Ежелгі Мысыр мен грек архаикалық ырқақтығына тән мүсінді ада денесінің бүкіл мөлшері профиль мен фас жазықтығы арқылы берілетін. Мұндай әдіс мүсіншіден архаикалық өнерде үстем болып келген тұтас қамту заңын, бейненің тік тұрған қалпы мен пішінді құрастыруда симметрия принциптерін сақтауды талап еткен. Курстардың архаикалық мүсіндерінің мысырлық туындылармен ұқсастығын тіпті ежелгі жазушылар да атап өткен.

       Курс бейнесі бүкіл архаикалық өнерге арқау болып таралған.

       Б.з.б. VI ғасырда эллиндік полистерде монументтік пластика кең тарады. Құдайлар мен мифологиялық қаһармандардың мүсіні қалалар алаңдарында, храмдар мен ғибадатханаларда орнатылған.

      Архаика өнері. Өлгендердің бейітіне құлпытастар мен бедер бейнелі тақта тастар – стеллалар қойылған. Храм фронтондары, метополары мен фриздері сәндік мүсіндермен әшекейленді. Мүсін тастың неше түрінен қашалып, ағаштан жонылып, күйдірілген балшық – терракотадан жасалған. Терракота – итальян тілінен аударғанда күйдірілген топырақ немесе балшық деген мағына береді.

      Б.з.б. VI ғасырдың екінші жартысында Самос аралынан кейін Элладаның басқа да қалаларында қоладан құйылған тұңғыш мүсіндер дүниеге келді. VI ғасырдың алғашқы жартысында мәрмәр тастар кеңінен тарады.

       Мүсіншілердің шығармашылық мүдделері б.з.б. VI ғасырдың өзінде айқындалған архаикалық өнердің екі негізі бейнесін жасау – жалаңаш жігіт пен ұзын киімге оралған әйелді мүсіндеу.

      Б.з.б. VI ғасырда Аттика шеберлері өнердің тамаша туындыларын жасады. Осы тұста Афины Элладаның аса маңызды қолөнерлік және сауда қалаларының біріне айналды.

       Афинының экономикалық және мәдени өрлеуіне б.з.б. 560 жылы өкіметі басып алып, қаланы 30 жылдан астам уақыт басқарған Писистрит тираниясы едәуір жәрежеде ықпал жасады.

      Писистрат заманынан бастап Афины грек мәдениетінің орталығына айналды. Тиран қалаға аса көрнекті суретшілер мен ақындарды тарта бастады.

      Жыл сайын екі рет көктем мен күзде халық үшін шарап құдайы Дионистің құрметіне көңілді мереке ұйымдастырылды. Сөйтіп театр өнері қалыптасты.

      Кемел кезеңіне жеткен архаикалық өнердің таңдаулы туындыларына б.з.б. VI ғасырдың екінші жартысындағы мүсіндер жасады.

     Писистрат пен оның балаларының тираниясы заманында афиналық құл иеленушілердің нәзік эстетикалық талаптарына гректер қора деп атаған қыздардың тамаша бірнеше ондағаны табылды. Олардың көбісі б.з.б. VI ғасырдың екінші жартысына, Аттикада иониялық шеберлер жұмыс істеген кезге жатады. Б.з.б. 530 жыл шамасында парос мәрмәрінен қашалған. Шебер жүн матадан ұзын пеплос / лыпа / киімін, белін буынған қыздың қимылсыз қалпындағы кескінін бейнеленген.

      Қыз басына сән берген қола шір сақталмаған, құлағында сырғасы болған, мүсінші мәрмәрда қыздың албыраған жүзін, қиықшалау, баданадай көз жанарын, қиғаш қасы мен сәл езу тарта жымиған ойлы күлкісін таңғажайып нәзіктікпен жеткізген.

     Иониялық шеберлер жасаған коралар аттикалық мүсіндерден анағұрлым сезімтал, сәндірек сияқты.

      Соңғы архаика кезеңінен жеткен азғана діни мүсіндердің үлгісі – Италияның оңтүстігіндегі грек отары Таренттен табылған мәрмәр тәңірия. Мүсінші кімді бейнелегенін айту қиын: Гера ма, Персефона ма, әлде Афродита ма, белгісіз.

      Архаикалық дәуірдің монументтік өрнек өнері сақталған жоқ, Афины керамикасы афинылық экспорттың дәстүрлі өнімдері – май мен жүзім шарабы сияқты кең сұранымға ие болды, бүкіл грек әлеміне тарады. Б.з.б. VI ғасырдың орта шенінен  V ғасырдың ортасына дейін, афиналық құмыралар басқа қалалардың бұйымдарын ығыстырып отырды.

      Қара пішін стилінің аса ірі шебері - б.з.б. VI ғасырдың үшінші ширегіне жататын Эксекий болды.

      Өз құмыраларына ол әдетте ″Эксекий жасады″ деп қол қоятын. Оның таңдаулы  шығармаларының бірі – б.з.б. 540 жыл шамасында жасалған таңғажайып килик / шара /.

       Эксекий ұнататын сюжеттер – Геракл ерліктері, грек аңызына айналаған жауынгер әйелдер. Амфоралардың бірінде суретші Ахилл мен оның досы Аякстың асық ойнап жатқанын бейнеленген.

      Атфора тұтқасы мәнерлеп салынған жапырақтармен өрнектелген. Композициялық шешімі тамаша құрылған. Қызыл пішінді құмыра өрнегі  б.з.б. VI ғасырдың соңғы үшінші бөлігінен бастап, VI ғасыр бойында дамыды.

          

           6. Эллинизм өнері.

 

1.       Б.з.б. XI – VIII ғасырлар – Гомер кезеңі өнері.

2.       Б.з.б. VIII – VI ғасырлар – Грек архаикасы өнері.

3.       Б.з.б. V – IV ғасырлар – Грек классикасы өнері.

4.       Б.з.б. IV ғасырдың аяғы – I ғасыр.

 

      Ежелгі  Эллада өміріндегі зор қоғамдық өзгерістер архаикалық кезең өнерінде жарқын сипат тапты. Құл иеленуші полистердің өсуі моеументтік сәулет өнерінің дамуына, Грекияның көптеген қалаларында салына бастаған храмдар құрлысына тікелей ықпал жасады, б.з.б. VII ғасырдан бастап храмдар салуға тасты пайдалана бастады.

Информация о работе Бейнелеу өнерінің әдіснамалық негіздері