Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:56, реферат
ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.
Ешқандай жаңалық жоқ
Адамдар ЖҚТБ эпидемиясын ойлап қатты абыржиды. Олардың ойынша ЖҚТБ төбеден жай түсіретіндей тылсым дүние іспетті. Олардың жасы кішілері үлкендермен сөйлескені немесе тарихи кітаптарды оқығаны жақсы. Өзіміз байқағандай, ЖҚТБ жыныстық жолмен таралатын көптеген аурулардың бірі ғана. Бұл аурулар адамдар арасында жүздеген жылдар бойы болғандықтан, ЖҚТБ-ның де ғасырлар бойы қандай да бір түрде бар болуы әбден мүмкін.
Мерез (сифилис) Құдайдың қарғысы болып па еді? Ол бірнеше ғасыр бұрын бастап оба (чума) секілді таралып келді. Мерездің ешқандай дауасы болмады. Ол адамдарды бедеу етіп, түрлі аурулар туғызатын. Мерез жүректің, қан тамырларының, бүйректің, бауырдың ақыр аяғы мидың да жұмысын бұзған. Ертеректе бұл дерттің соңғы сатысын «санасыз мүгедек» деп атаған. Ол сондай жанға аса жағымды өлім емес!
Пенициллинді ойлап тапқан кезде неге Құдай кенет ойын өзгертіп, эпидемияның тоқталуына жол берді? Егер ЖҚТБ Құдайдың қарғысы болса, онда мерездің де қарғыс болғаны.
Киелі кітап бізге көптеген нәрселерден ләззәт ала алатынымызды, бірақ шектен асқандық біз үшін зиян екендігін айтады. Міне, сондықтан ішімдікке салыну жақсы емес. Осыған орай адамның ішімдікке салынып, бауыр циррозынан не басқа аурудан қайтыс болуын Құдайдың қарғысы деп айтуға бола ма?
Мен дәрігер болғандықтан ЖҚТБ-ның жай ғана ауру екенін білемін. Ол ұзақ уақыт бойы жануарларда болған әдеттегі вирустан шыққан. Секс — бұл еріншек вирустың бір адамнан екіншісіне берілуінің ыңғайлы әдісі және оған қоса вирустың мөлшері бірден көп беріледі. Болашақта ЖҚТБ-ның шипасы табылса, жыныстық жолдармен таралып, ауру тудыратын көптеген басқа қоздырғыштардың пайда болатыны даусыз. Сондықтан ЖҚТБ ешқандай гейлердің обасы емес және мен оны бәрімізді бірдей дүрліктіру үшін Құдайдың жіберген қаһары деп те ойламаймын.
2. Себеп және салдар
Дұрыс ақыл бізге «өмірде еңбегіңе қарай жемісіңді жейсің» немесе Иса айтқандай «не ексең, соны орасың» дейді. Бұл Киелі кітапта айтылған сөзді мән бере қабылдайтын сенуші ретінде жеке пікірім. Мен сіздің менімен келісуіңізді немесе менің қорытындыларымды қолдауыңызды сұрамаймын, әйтсе де, бұның бәрі дұрыс ақылмен бір ымыраға келеді деп ойлаймын.
Егер адамдар басқалай өмір сүрсе, аурудың көпшілігінен құтылуға, тіпті жоқ дегенде аурудың түрін жеңілдетуге болатындығын кез келген дәрігер біледі. Адамдар өз денсаулықтарына көбірек мән бере бастағандықтан, кейбір елдерде жүрек-қан тамыры аурулары сәл де болсын сирегірек кездесетін болды. Олар өздерінің салмақтарын қадағалап отырады, дене шынықтыру жаттығуларын жасайды. Көптеген елдерде шылым шегу де азая бастады. Бұл, әрине, жақсылықтың нышаны, өйткені никотин адамды нағыз тәуелділікте ұстайтын есірткінің бір түрі. Сіз әрбір шылымды шеккен сайын никотинді жұтып, тыныс тарылтатын түтінді ішке сорасыз. Темекі тарту жалғыз Ұлыбританияның өзінде бір жыл ішінде 120 мыңға жуық адамның өмірін алып отырады.
Денсаулық
сақтаудың алдын алу жүйесінің
бәрі де адамдарға аурудың себебі
мен салдарын көрсетуге негізделген:
егер сіз темекі тартсаңыз — өкпеңізге
зиян келтіресіз; рөлге мас күйіңізде
отырсаңыз — жолдан шығып, біреуді
басып кетесіз; таңертең ішімдікке
тойып алсаңыз — күні бойы өзіңізді
жаман сезінесіз; залалданған инемен
егілсеңіз — гипатитті не ЖҚТБ-ны
жұқтырып алуыңыз мүмкін. Себеп және
оның салдары — бұл біз
Мен
қызымды жақсы көретіндіктен, оны
зардабын тигізетін барлық нәрседен
қорғануға тырысамын. Егер ол әпкесі
жататын екі қабатты төсектің
үстіңгі жағына шығып кетсе, мен
оны түсіріп аламын, себебі ол құлап
кете ме деп қорқамын. Ол бір рет
сол жерден құлағаннан кейін қайтадан
шықпайтын шығар, бірақ мен оның
құлап түсуін мүлдем қаламаймын. Бала
кезіңізде ата-аналарыңыз сізге
«оны бүйтпе, бұны сүйтпе» деп күніне
жүз рет айтқан шығар. Олар бұның
бәрін тек сіздің қамыңызды ойлағандықтан,
сіздің қауіпсіздігіңіз үшін айтатын.
Анаңыз, мысалы, пештің есігі ыстық
екенін және оған қолыңызды тигізсеңіз
қатты күйіп қалатыныңызды
Бірақ ешбір адам баласы айтқанды тыңдайтын тіл алғыш болып туылмаған. Әдетте бұл бір не екі келеңсіз жағдайды талап етеді: «Мен саған айттым ғой. Сен тыңдамадың. Келесі жолы менің айтқан тілімді алатын бол.» Міне, біз осылайша үйренеміз.
Қызық ойлар
Кейбір
адамдардың Құдай туралы ойлары қызық
болады. Олар Оны қандай да бір ғарыш
тираны не бұзақы, я болмаса Онымен
ешқашан тілдесе алмайтындай
айдаладағы біреу деп ойлайды. Киелі
кітап бізге Құдайдың жердегі
тәндік әкемізден мың есе жомарт
та қайырымды Әке екендігін
Біздің қамымызды ойлайтындықтан, Ол бізге жәрдем беруді қалайды әрі қателік жасаудан сақтайды. Әйтсе де, Ол бізді жеке тұлға ретінде құрметтейді және ешқашан Өз ырқына көндіріп, өмірімізге үстемдік етпейді. Ол үнемі біздің қасымыздан табылып, қол ұшын беруге әрқашанда дайын, бірақ біз Одан Оның көмегін сұрауымыз керек. Ол еш уақытта бізді мезі қылмайды және ешқашан бізді жалғыз тастап кетпейді. Біз ұзақ уақыт бойы Оған бетімізді бұрмай жүре аламыз, бірақ Ол бізді құшақ жайып қарсы алуға әрдайым дайын. Біз Оны өзімізге деген сүйіспеншілігінен айыратын еш нәрсе істей алмаймыз. Әйтсе де, біз Одан алыстап кетуге әуеспіз және бұның бізге осы өмірде де, болашақ өмірде де зардабы тиеді.
Мен Исаның жоғалған ұл туралы айтқан астарлы әңгімесі жайлы жиі ойланамын. Жас жігіт қалаға барып ойына келгенін істеу үшін әкесінен кетіп қалады. Алайда көп ұзамай-ақ өз бетімен кету сорақы өмір екенін түсінеді. Оның өмірінің расымен-ақ шырқы кетеді. Барлық ақшасын жұмсап бітірген соң, ақыр аяғы тамақ сатып алу үшін, мардымсыз тиын-тебенге бола жұмыс істеуіне тура келеді. Ол әкесінің өзін кешіріп, қайта қабылдайтынына күмәнданады.
Ақырында әбден күдері үзілгеннен кейін, тіпті әкесі оны отбасы мүшесі ретінде қабылдамаған күнде де, тіпті үйге құл болсам да, қайтып барайын деп шешеді. Ол үйіне жақындап қалғанда уайымдай бастайды, бірақ әкесі оның үйге келе жатқанын алыстап байқап, оған қарай жүгіреді. Ұлы қатты ұялғанынан әкесінің бетіне де қарай алмайды, бірақ әкесі оны құшақтап үйге кіргізуге асығады. Отбасының кейбір мүшелерінің жақтырмағанына қарамай, барлық жұмысын тастап, мерекелік ас дайындайды. Иса бізге бұл астарлы әңгімені біз Құдайдан тым алысқа ұзап кетсек те, Оның сүйіспеншілігі ешқашан сарқылмайтынын көрсету үшін айтқан.
Киелі кітап мен үшін салауатты өмірдің таптырмас жолбасшысы. Бізге Киелі кітапта тыйым салынған нәрселер тым көп болып көрінеді: олай істеме, бұлай істеме. Менің балаларым айтқандарымның бәрі де шын мәнінде олардың пайдасы мен бақыты үшін екендігін түсінбесе, мені тым қатал адам деп есептер еді. Тым ессіз әке болу үшін өз балаларының өміріне қауіп төнуіне әрдайым ықпал етіп, соны көре тұра қол қусырып отыра беру керек. Егер Құдай адамдар қаулаған әлемді жаратып, олар мұқтаж болғанда ешқандай көмек те, ақыл-кеңес те бермей, әлемді адамдардың өз қарамағына беріп қойса, бұл Құдай тарапынан тым ерсі болып көрінер еді.
Өз өмірінің тамырына өзі балта шабу
Құдай
сіздің қателіктердің салдарына
қалай жол бермеуді, бақытты да
баянды өмір сүру керектігін білгеніңізді
қалайды. Киелі кітаптың іші себеп
пен салдардың мысалдарына
Киелі кітап бізге егер өз өміріңізге өзіңіз нұқсан келтіргіңіз келсе, адамдармен қарым-қатынасыңызды үзу оның ең жақсы жолы екендігін айтады. Жай ғана кез келген бір адаммен емес, қайта сізге ең жақын достарыңызбен, туыстарыңызбен не құрбыларыңызбен қарым-қатынасты үзу.
Ал егер сіз отбасыңызбен қарым-қатынасыңыздың түп тамырын үзгіңіз келсе, онда некеде тұрмайтын бөтен адамдармен жыныстық қатынасқа түсу — мұның ең жеңіл жолы.
Өмірдің соңында жалғыз қалудың жолы
Бірқатар адамдар 35-45 жас аралығында
ерекше қиын күй кешеді. Олар
өмірде некелесіп отбасын
Көптеген
әйелдер күндердің күнінде
Ерлер де өмірдің бітпес сауық-сайраны аяқталғанын әрі жасы келіп қалғанын кенеттен түсінуі мүмкін. Олар енді бұрынғыдай көз тартарлықтай күші тасыған азамат емес. Олардың есіне аларлықтай естеліктері болғанымен, өмір бойғы қарым-қатынасы жоқ және оны қайдан табарын да білмейді, өйткені олардың ойларында жүрген әйелдердің көбі баяғыда-ақ өздерінің теңін тауып алған.
Шаңырақты шайқаудың жолы
Егер еркек бір-ақ күнде өзінің шаңырағын шайқауды қаласа, ол үшін, мысалы, әйелінің досымен махаббат құрып, әйелінің көзіне шөп салудың өзі жетерлік. Оған қоса ол өз балаларынан да айырылып, тіпті дос-жарандарының сыйластығынан ада қалуы мүмкін. Осындай жағдай басына түскендерге көмектесейтін біздер адамдар неге мұндай көзге анық түсетін нәрселерді көрмейді деп қайран қаламыз. Олар сондай нақұрыс шешімдерді қабылдауын доғармайтындықтан, кез келген есі дұрыс адам оларға сырттай қарап, бұның бәрі бақытсыздықпен бітетінін көре алады.
Егер сіз жас жігіт болып некеңіздің аз-ақ жыл ішінде күлпаршасы шығатынына сенімді болғыңыз келсе, оны жүзеге асыру үшін қалған уақытыңызда мүмкіндігінше барлығымен бірдей төсек қатынасына түсу ең тиімді жол. Бұндай мінез-құлықтар төлқұжатқа мөр басқаннан немесе неке қию рәсімін өткізгендегі бір сағат ішінде еш өзгермейді.
Егер сіз миыңыз бен денеңіздің белгілі бір жолмен жүруін бағдарлап қойған болсаңыз, онда бір сағат ішінде адал да мүлтіксіз әйел не күйеу болып шығу қиынға соғады.
Некеге дейінгі жыныстық жақындық сіздің жұбайыңызға аса үлкен қысым келтіреді: «Джеки төсекте сенен әлдеқайда жақсы болатын. Ол мені шынымен қоздыра алатын.» Немесе «біз төсекке әр кез жатқан сайын, Биллдің мені қалай құшақтағанын ойлаймын... Ол бұны былай істейтін.»
Мен өмірімде жыныстық қатынасқа түскен жалғыз жан өз әйелім екендігіне қуанамын. Біз он бес жасқа толғаннан бастап ол менің ең жақын досым болып және біз, міне, 24 жыл бойы бақытты некелі өмір сүріп келе жатырмыз. Сонымен бірге мен үйленгенге дейін екеуіміздің де ешқашан төсек қатынасына бармағанымызға қуанамын. Бұл біз үшін екеуіміздің бір-бірімізге деген адал берілгендігіміздің көрсеткішіне айналды. Неке қию күніне дейін бәрін де өзгертетін мүмкіндік болды. Көптеген атастырылған жастар үйленбей қалады, ал неке құрғандардың көпшілігі бақытсыз өмір сүреді.
Адамдар бақытты некеге не жататынын және өз теңіне қосылайын деп жатқанына көз жеткізу керектігін білгендері абзал. Ең жақсы негіз ол — достық қатынас, ортақ қызығушылық пен ортақ сенім. Отбасыңыз бен достарыңыздың қолдауы да маңызды екені рас, өйткені қиын-қыстау күндері олардың қолдауы өмір сүруіңізге жеңілдік береді. Бәріміз де өсе келе өзіміз де, алға қойған талаптарымыз да өзгеретіндіктен, өмір бойына құрған кез келген қарым-қатынас көптеген хикаяларды бастан кешеді.
Біз жұбайымыз екеуіміз ара-қатынасымыз үшін өзімізге ортақ тіл ойлап таптық. Ол ешкімге емес, тек екеуімізге ғана тән. Бұл біздің құпиямыз. Осы ерекше кеңістікке ешкім де бас сұға алмайды. Әрбір кездескен сайын біз осы өзгеше бірлігіміз бен берілгендігіміздің белгісін қолданамыз.
Киелі кітап әйел мен еркек қосылғанда олар қандай да бір мағынада «біртұтас» болатындығын айтады. Секс дегеніміз — бұл жай сезім ғана емес, ол құпия да. Ең жақсы жұбайылық өмір әдетте тек бір ғана адаммен тұрақты махаббат құратын, уақытты бірге өткізетін, өздерін толықтай некеге арнайтын, өздерін ерлі-зайыптылардың бірі ретінде мән бере қабылдайтын, бір-бірін шын ниетпен тыңдайтын және әрқашан дүниеге жұбайының көзқарасымен қарауға тырысатын адамдар арасында болады. Ал бұл бір-біріне тәндік ләззәт бере алуды да қамтиды.
3. Жақсы
жыныстық қарым-қатынастағы
Жыныстық қатынас, яғни, секс дегеніміз — тәндік әрекеттен де көп нәрсені білдіреді. Мен медицинада адамдарға жөндеуге не жеке бөлшектерін ауыстыруға болатын машиналарға қарағандай қарағаннан мүлдем аулақ кеткенімізге қуанамын. Себебі адам машина емес адам ғой. Жалпы медицина тұрғысынан қарайтын болсақ, біз адамның бүйректегі тастан не аппендициттен маңызды екенін мойындаймыз. Оның адамдық болмысын құрайтын жеке мұқтаждықтары, сезімдері, үміті мен үрейі бар екенін және осының бәрі шын мәнінде аурудан әлдеқайда маңызды екенін де білеміз. Ауру — қолайсыздық. Ол сенің шынында кім екеніңдей болуыңа кедергі жасайды.
Беттері жылтыраған журналдар сексті керемет шипа немесе сәндік әшекей секілді көрсетеді. Күнделікті секс барлық мәселені шешіп, ақыр соңында дәрігерлерді бізге қажетсіз етеді деген әсерде қалдырады. Егер сіз жүйелі түрде жыныстық қатынас жасап тұрмасаңыз, онда ол сізді жетілмеген, жыныстық қатынасқа салқын не қабілетсіз немесе кәдімгі ақымақ деп ойлауға мәжбүр етеді. Бірақ мен бұл жерден ерекше рақатқа бөлену мен толымдылықты байқамаймын. Дәл сол журналдар төсек қатынасында бағы жанбаған адамдардың әңгімелеріне толы. Олар бұл жайлы біреуге айтудан қорқады, сондықтан оны қағаз бетіне түсіруге мәжбүр.