Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:56, реферат

Описание

ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.

Работа состоит из  1 файл

Туберкулез.docx

— 334.77 Кб (Скачать документ)

 

Адамдар Африкада бәрі де басқаша дейді

Көптеген  адамдар Африканың басқа елдерден қандай айырмашылығы бар деген сауалға  жауап таппай басын қатыратын. Сіз  өзіңіз шешуіңіз керек. Оны ұйғару өз қолыңызда. Кейбіреулер африкандықтар  АҚТҚ-ны қабылдауға аса бейім, сондықтан  да ауру сол жерде аса жылдам қарқынмен  тарайды дейді. Бұл айтылған ой Лондонның  клиникаларының бірінде өткізілген зерттеулердің нәтижесінде теріске  шығарылды. Дәрігерлер есеп жүргізгенде қателескендігін жұрт алдында мойындағанға дейін, алты ай бойы осы айтылған ой бүкіл әлемге жария болып келді.

Ал  басқалар африкандықтар тәртіпсіз  жеңіл жүріске тым әуес дейді. Адамдар неге сенгісі келсе, соған  сенеді. Африканың қайсыбір аймақтарындағы ер адамдардың  жүріс-тұрысы оларды жеңіл жүріске итермелейтіні  анық, бірақ бұның өзі африкандықтардың арасында ЖҚТБ-ның неге сонша кең  тарағанын түсіндіре алмайды.

Тағы  бір болжам ЖҚТБ эпидемиясы медицинада тазалықтың болмауынан, яғни лас ине  мен залалданған қаннан деп түсіндірілді. Бірақ шындық былай дейді: егер осының бәрі рас болса, онда күре тамырына инемен дәрі жіберілген әр жастағы  адамдар жаппай вирус жұқтырған  болар еді, алайда ауру жұқтырғандардың  көпшілігі жыныстық қатынасқа белсенді жастағы жігіттер мен жас қыз-келіншектер. Ақырында біреулер белгілі бір ауруды жұқтыру, ағзаның басқа инфекцияларды  жұқтыруына да жол береді деп мәлімдеді. Мәселенің түбі осында деп пайымдауымызға аса маңызды негіз бар. Дұрыс  ақыл бізге кімде-кім АҚТҚ-ны жұқтырғанға  дейін ұзақ мерзімді ауруға тап болған адам болса, оның ЖҚТБ-ға қарсы тұруға дәрменсіз екендігін айтады. Көбіне бұған безгек және басқа да тропикалық аурулар себепші бола алады.

Алайда  ең жақсы түсіндірме ол — жыныстық қатынастан жұғатын аурулар. Олар барлық жерде де бар, бірақ денсаулық  сақтау мекемелер жүйесі  нашар  дамыған елдерде жыныстық қатынаспен берілетін созылмалы ауру әдеттегіден  де жиірек кездесейтін. Оған қоса, байланыс жүйесі жақсы дамыған елдерге  қарағанда нашар дамыған жердегі  ауру жұқтырған адамның жыныстық серігінің  кім екенін анықтау  анағұрлым қиын. Біз егер адам соз, мерез немесе осыған ұқсас ауруды жұқтырған болса, осы вирустардан  теріде қалған кішкентай жаралардың ЖҚТБ вирусының ағзаға енуіне оңай жол беретінін білеміз.

Үндістандағы  Мумбай (Бомбей) сияқты елді-мекендерде АҚТҚ-ның тез таралуының бірден-бір  себебі сол үлкен қаладағы ересектердің жартысы дерлік емделмеген жыныстық қатынастан жұғатын ауруларды тасымалдауында.

Сіздер  көріп отырғандай, Орталық Африкада орын алған жайттардың қандай да бір  дәрежеде Батыста да қайталанатыны  хақ. Африкада болып жатқан жайттардың бәрін көре тұра, Ұлыбританияда ЖҚТБ-ның  қаупі гейлер мен нашақорларға ғана төніп тұр деп мәлімдеу — нағыз  ақымақтық. Тек ақымақтық қана емес, надандық болуы тиіс: 2001-жылы Ұлыбританияда  жаңадан ауру жұқтырғандардың көбі гетеросексуалдар болатын, олардың  көпшілігі ауруды басқа елдерден жұқтырып алып келген.

 

Инфекциядан қалай сақтануға болады?

Сіздің  келесі рет жыныстық қатынасқа түсетін  адамыңыз менің өмір бойы серігім  болады деп шешім (әлі қабылдамаған болсаңыз) қабылдағаныңыз жөн шығар. Біреулер сізге өмір осындай бірқалыпты емес деп айтуы мүмкін. Мысалы, егер ол адамның жыныстық қатынасқа түскен бірнеше серіктесі болған болса  ше? Немесе сізде де сондай болған болса  ше? Сіздің серіктесіңіз көзіңізге  шөп салса, немесе есірткіні күре тамырға егетін болса ше?

АҚТҚ-ға анализ тапсыру мәселесі қиын да күрделі, әрі әрбір адам және әрбір жұп  айрықша. Егер айтарлықтай қауіп  төніп тұрса, онда сіздердің игілігіңіз үшін біреуіңіздің не екеуініңіздің  де анализ тапсыруыңыздың зор мәні бар шығар. Сіздерге дәрігердің немесе ЖҚТБ орталығының медициналық ақыл-кеңесі керек.

Егер  әлі де қабылдамаған болсаңыздар, тағы басқа бір шешім қабылдауға тиіссіздер, яғни, ешқашан және ешқандай жағдайда біреудің қанының ізі қалатындай күмәнді инемен тамырыңызға дәрі жіберуден үзілді-кесілді бас  тартыңыз.

 

Қауіп-қатерді  қалай жоюға болады

Егер  сіз осы өте қарапайым екі  нәрсені ұстансаңыз, ауру жұқтырып алу қаупін нөлге дейін азайтасыз. Қауіп-қатер тек егер сіздің серіктесіңіз тәуекел етуін тоқтатпай, яғни, сізге  адал болмауын жалғастыра берсе немесе өзіңіз дәрігерлік не күтім көрсету  саласында жұмыс істеп жүрген болсаңыз ғана сақталады. Ал сіз соңғы топқа жататын болсаңыз, онда күтім көрсету кезінде өзіңізді қалай сақтай алатыныңыз жайлы түсінікті де анық нұсқау алуға тиіссіз.

Басты ереже аурулардың қанын немесе дененің  сұйықтарын мүмкіндігінше өз теріңізден алшақ ұстаңыз.

Келесі  тарауда ЖҚТБ-ға қатысты адамдардың көкейінде жүрген күмәндар мен мәселелерді  қарастыратын боламыз.

 

Үшінші  тарау

 Адамдар жиі қоятын сұрақтар

 

Көңілді алаңдататын бір жайт — адамдар  шынымен білуге тиісті нәрселерді сұраудан қорқады.

«Менің  жігітім онымен төсектес болғым келмегендіктен, мені сүймейсің дейді.»

Бірақ бізге бір нәрсе нақты түсінікті: ол сізді сүймейді немесе сүйсе де сыйламайды. Егер ол сізді өзіне  тәндік берілуге мәжбүрлейтін болса, бірақ  өз мойнына ешқандай жауапкершілікті  алғысы келмесе, онда оған сізбен қарым-қатынас  құрғаннан гөрі ләззәт алу маңыздырақ.

«Менің  жігітім маған мен де пәкпін дейді, бұл қауіпсіз болуы тиіс.»

Егер  ер адам сізбен төсек қатынасына түскісі  келсе, өз дегеніне жету үшін ол бәрін  де айтады. Әлемде жүрегі жаралы қыздар мен біреуге алданып қалған әйелдер  жетерлік. Олардың бұндай жағдайға душар болуы осы арқылы оны  өзіме қаратып аламын деген ойынан не қарым-қатынасымыз үзіліп қалар  деген қорқынышынан, я болмаса  оның бір күні үйленеміз деген  уәдесіне сеніп қалуынан. Бірақ оған үйленіп «өмір бақи бірге боламын» деген ой жігіттің санасына кіріп-шықпаған.

Мүмкін, сіз «Отбасым болса екен, мені сүйетін  және аялайтын, балаларымның жақсы  әкесі бола білетін күйеуім болса  екен» деп армандайтын шығарсыз. Ал сіздің жігітіңіз өз мойнына ешқандай міндетті жүктегісі келмейді, оның ойы тек ләззәт алу ғана. Және ол басқа біреуді кездестіргенде немесе сіз оны зеріктірген сәтте-ақ табанын жалтыратады. Бірақ оған дейін ол сізге естуді армандайтын  сондай тамаша әрі жылы сөздер айтады: «Мен сені сүйемін. Сен менің жалғызымсың. Мен бар өмірімді саған арнаймын.»

Шыныңызды айтыңызшы: тіпті ол пәк болған күнде  де өмір бақи басқа қызбен жатпайды деп ойлайсыз ба? Шынымен солай  ма? Ол сізден басқа ешбір жанға  көзін салмайтын жігіт пе? Егер ол некеге отырмас бұрын сізбен жыныстық қатынас жасауға қаншалықты асық болса, үйленгеннен кейін де солай  біреумен болуды құмартатыны айдан  анық.

«Біз келесі жылы үйленбекшіміз. Біз әлі жақындаспадық. Егер шындығын айтсам, менің де, оның да бұрын жақындасқан адамдарымыз  болған. Бізге үйленбес бұрын ЖҚТБ-ға тест тапсыруымыз керек пе?»

Бүгінгі таңда бұл көптеген елдерде, әсіресе, ауру жұқтырған адаммен некелік  өмірге аяқ басуға орасан зор қатерін  төндіріп тұрған Африкада аса маңызды  сұрақ болып табылады. Көптеген адамдар  дәл осы себеппен ЖҚТБ-ға тест тапсырғысы келеді. Меніңше, бұның орынды себебі бар. Бәрі де төнген қатердің қаншалықты екендігіне байланысты. Жақын арада  маған қауымның бір мүшесі жолыққан еді. Ол бірнеше жыл бұрын Құдай  жолына түскенге дейін героинді күре тамырына салатын болған. Сенімнің нәтижесінде өмірін өзгертіп, әдетінен арылған. Оған келесі қадам жасамас  бұрын ЖҚТБ-ға анализ өткізу қажет  пе?

Осы сұрақтардың бәрі сарапшы мамандардың  жеке ақыл-кеңесін қажет етеді. Бұлардың бәріне ешқандай біркелкі «дұрыс» жауап  жоқ. Жалпы алғанда мынадай жағдай: егер сізде немесе сіздің болашақ  серігіңізде АҚТҚ-ны жұқтырып алдым-ау деген қауіп болса, онда екеуіңіздің де бір-біріңізге деген сүйіспеншілік пен қамқорлығыңыз үшін анализ тапсырғаныңыз абзал. Сүйікті адамыңыз сіздің кесіріңізден көз жұмса, одан асқан сорақылық жоқ шығар. ЖҚТБ мәселесі аса күрделі болып табылатын елдердегі қауымдар ЖҚТБ-ға тапсырылған анализдің нәтижесі туралы анықтамасыз неке қиюдан бас тартады. Егер екеуінің де анализі теріс нәтижелі болса, бұл — керемет қуанышты хабар.

Егер  біреуінің анализі оң нәтижелі, ал екіншісінікі теріс нәтижелі болса, бұндай некенің ақыры қиынға соғады. Мен мұндай адамдарға некеге отыруға  болмайды деп айтып жатқаным жоқ. Бұл олардың жеке бастарының шешімі, бірақ олар төніп тұрған қатердің қаншалықты ұласып тұрғанын түсінуі  шарт. Әр жақындасқан сайын күйеудің мүшеқапты дұрыс пайдалануы және өздерінің бір-біріне деген көңілі мен құштарлығын көрсету үшін жыныстық қатынастан басқа жолдарды іздеуі керек. Нәрестенің дүниеге келуі  болашақ анаға не әкеге қауіп  төндіретіндіктен, мүмкін, оларға баланың  туылуынан бас тарту керек  шығар. Егер екеуі де ауру жұқтырған  болып шықса, вирусты бір-біріне жұқтырғаннан өлім қаупі төнбейтіндіктен, оларға үйленбеудің ешбір себебі жоқ. Дегенмен, олардың алдында нәрестелі  болсақ па, әлде болмасақ па деген таңдау бар: яғни нәресте АҚТҚ-ны жұқтырады  немесе ол тым ерте, балалық шағында  жетім қалады деген қауіп.

Ең  жақсысы ЖҚТБ-ға анализ тапсыру жайлы  ЖҚТБ орталығындағы немесе жыныстық қатынастан жұғатын ауруларды қарауға  бағытталған клиникалардағы мамандармен  сөйлескен дұрыс. Ауруханалардың көбінде  осындай бөлімдер бар. Әдетте бұл  үшін олар құпияны толықтай сақтайды және сақтауға міндетті болғандықтан, алдын ала келісудің қажеті жоқ, әйтпесе ешкім ешқашан оларға бармас еді.

АҚТҚ қаншалықты жұқпалы?

АҚТҚ  — мәселен, В гепатитінің вирусына қарағанда жұғу жылдамдығы бәсеңдеу вирус. Мысалы, АҚТҚ-ны жұқтырған адамнан  қан алып жатқан дәрігер байқаусыз  инені өзіне тығып алды делік. Біз көптеген осыған ұқсас жағдайлардың соңы адамның АҚТҚ жұқтыруына себеп  болмайтынын білеміз, қауіп 200-ден  бірді құрайды. Яғни, дәрігер АҚТҚ жұқтыру үшін орта есеппен лас  инені өзіне екі жүз рет  кіргізіп алуы тиіс. Өйткені АҚТҚ жұқтыру  үшін оның мөлшері бұдан әлдеқайда  көп болады. Бірақ В гипатитінің  вирусын жұқтыру үшін, орта есеппен  инені бес-ақ рет кіргізіп алу  жеткілікті.

Сонымен, егер медициналық егілудің қаупі 200-ден  бірді құрайтын болса, сіздің қолыңызға  шашырап кеткен қанның ештеңеге тұрмайтыны айқын. Қол терісінің бүтіндігі  — АҚТҚ-ға қарсы жақсы кедергі. Алайда қанның көзге шашырауы қауіпті. Ал героин секілді нашаны ортақ бір  инемен салу одан да қауіпті, өйткені  алғашқы салған адамның қаны ауруды қалғандарына сөзсіз жұқтырады.

Әйел  мен еркек арасындағы жыныстық қатынас  кезінде егер олардың ауру жұқтырған  біреуі сақтандырғыш қолданбаса және жалпы алғанда сау, яғни жаралардың белгісі болмаса, онда АҚТҚ жұқтыру  қаупі шамамен 200-ден бірді құрайды. Бірақ екеуінің біреуінде шанкроид немесе соз (гонорея) сияқты жазылмаған жыныстық ауру болса, ауру жұқтыру қаупі  он я болмаса жиырма есе жоғары болуы мүмкін. Егер адам ЖҚТБ-мен  ауырса, бұл солай болады.

Сонымен, АҚТҚ-ны жұқтыру жылдамдығы көптеген адамдар ойлағандай соншалықты тез  емес. Егер осы рас болса, неге ол кейбір жерлерде өте тез таралады? Бұның себебі жеке жыныстық қатынаста  қауіп азырақ болғанымен, бұл жағдай миллиондаған адамдар арасында жиі  қайталанатындықтан, қауіптің ұлғая  түсуінде және вирустың бір адамнан  екіншісіне өту мүмкіндігінің өте  көптігінде.

«Мен уайымдап жүрмін, өйткені біреулер маған ЖҚТБ-ны кейбір нәрселер арқылы жұқтыруға болады дейді, ал басқалар олай емес дейді.»

Көптеген  адамдар расымен абыржып жүр  және көпшілігі алып-қашты сөздерден  қорқады. ЖҚТБ-ны бір ыдысты қолданғаннан, сүйісуден немесе жүзу бассейніндегі  судан немесе масаның шаққанынан, я болмаса, тағы басқа нәрселерден  жұқтыруға бола ма? Бұл сұрақтарға жауап бермей тұрып, біз күнделікті кездесетін қауіптерді қарастырайық.

Адам  әр кез автобуспен немесе машинамен  жүргенде апатқа ұшырауы мүмкін, ал автобуста тұмау жұқтыруы да мүмкін. Оны ит қауып алуы, үйге кетіп бара жатқанда тонап кетуі мүмкін. Әлем негізінен қауіпті жер, дегенмен, барлық нәрсеге жөнімен қараған дұрыс, әйтпесе, уайым адамды ауруға шалдықтырады. Кейбіреулер осындай нәрселерден қорқатыны соншалық, үйден шығудан қалған. Оларға мамандардың көмегі қажет. Басқалар оларды күлкі етіп: «Болып қалуы мүмкін деген сәтсіздіктің қаупі соншалықты болмашы екендігін адамдар неге түсінбейді?» — дейді.

Бірақ ЖҚТБ-ға келгенде, тіпті өте ақылды адамдардың өздері қызық нәрселерге сенеді. Ересек адам посылканы жауынның астына есік алдына тастап кетеді, өйткені  ол сол жерде тұратын адамдармен сөйлесуден қорқады. Қоғамдық орында қызмет ететін жұмысшы бір шыны шай ішуден қорқады. Қауымда адамдар қауіпсіз екеніне қарамастан, ортақ «ыдыстан»  немесе «кеседен» ауру жұқтырып аламын ба деп, Нан үзу рәсіміне қатысудан  қашқақтайды. Конференциядағы кейбіреулердің ғана сөз сөйлеген қонақпен қол алысуға  батылы жетеді.

Бірнеше жыл бұрын мен қызмет ететін АСЕТ-тің  қоғамдық жұмысы үшін командаға дереу  кеңірек кеңсе іздеуге тура келді. Ұзақ уақыт ізденістен кейін біздің ойымыздан шығатын орын табылды, бірақ ол жердің иелері біз олардың  дәретханаларына «ауру жұқтырамыз»  деп қорқып, бізден бас тартты. Ең бір қисынсызы, егер мен сіздерге жоғарыда айтылғандардың бәрі қауіпті  емес десем, маған ешкім де сенбейді. Ал егер мен бәрібір қандай да бір  қауіп бар десем, онда сіздер өмірлеріңіздің қалған бөлігін уайыммен өткізулеріңіз  мүмкін. Менің міндетім сіздерді қорқыту  немесе жұбату емес. Мен сіздердің  өз беттеріңізше қорытынды жасай  алуларыңыз үшін шындықты білгендеріңізді  қалаймын. Бірнеше мысалды қарастырайық:

«Мен газеттен бір эксперттің ЖҚТБ-ны тамақ арқылы жұқтыруға болады деп айтқанын оқыдым. Осы рас па, жоқ па?»

Жоқ! Әрине, теориялық тұрғыдан алғанда  егер де науқас даяшы өткір пышақпен қолын кесіп алып, қолын сіздің табағыңыздың үстіне ұстап тұрып, тамағыңызға  қанын әбден тамызса, содан оны  сізге бергенде даяшының қаны аузыңыздың кішкентай жарасы арқылы сізге өтетіндей  сіз тіліңізді тістеп алсаңыз  да, ауру жұқтыру мүмкіндігі шамалы ғана. Бірақ «автобуспен жүруге болмайды, әйтпесе, апатқа ұшырайсың» деу қаншалықты ақымақтық болса, бұл да соншалықты ақымақтық.

«ЖҚТБ-ны сүйісуден жұқтыру мүмкін емес деп  айтады, бірақ мен вирус сілекейде  болатынын және біреудің тістеп алғаннан ауру жұқтырғанын естідім.»

Осы айтылған сөздің екеуі де рас. ЖҚТБ-ны шақыратын вирус ауру жұқтырған  адамның кез келген ағза сұйықтығында болады. Ол сұйықтықта барлық уақытта  емес, кейде ғана және өте аз мөлшерде болады. Егер вирус сілекейде болса, онда неге адамдар сүйіскеннен ауру жұқтырмайды?

Информация о работе Туберкулез