Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:56, реферат
ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.
Секс дегеніміз — театр қойылымы емес. Бұл, мүмкін, адамзатқа тән тығыз қарым-қатынас пен терең сезімді білдіру жолы шығар. Бірақ егер әңгімеңіз жараспаса, ол сіз үшін ләззәт бермейтін келеңсіз әрі бос дүние, тіпті ақыр аяғы еш пайдасы жоқ кез келген өткінші сезімге айналады.
Колледжде оқып жүрген кезімде бір қыз бен жігіттің менің бөлмеме келгені есімде. Сол түні олар бір-бірімен бірнеше рет төсектес болды, бұл екеуінің де алғашқы жыныстық қатынас тәжірибесі еді, бірақ олар осылай істегеніне кейін қатты өкінді. Олар сенуші емес еді және олардың адамгершілік қасиеттеріне бұның еш қатысы болмады. Олар сексті суға ерімейтін кофе деп түсінген: яғни, екі адамның махаббаттың тілін тауып, бірін-бірі рақатқа бөлеуді үйренулері үшін уақыт керек. Алайда олар бұны тым ерте бастаған.
Мен әйеліммен жақындасқанда оған ешқашан одан өзге ешкіммен төсектес болмағанымды айта алатыныма қуанамын. Менің тәнім тек қана онікі және менің өзім де онікімін. Бұнда бір үлкен күш бар. Егер басыма қиындық түссе — бұндай уақыт кез келген қарым-қатынаста болады — мейлі ол ұзаққа созылмаса да, басқа әйелмен жыныстық қатынасқа түсуге азғырылудан арашалайтын кедергі мен үшін «кім көрінгенмен төсектес бол» деген бұрынғы әдетке оралудан әлдеқайда жоғары.
Жақсы жыныстық қатынастағы өмірдің құпиясы
Дегенмен, әуел бастан толықтай бір-біріне жарасымды жұп болмайды. Тығыз қарым-қатынасты орнату уақытты талап етеді. Адамдар әр түрлі, міне, тура сол сияқты ерлі-зайыпты жұптар да бірегей, әртүрлі келеді. Бір адамның жаны рақат табатын нәрседен екінші адамның жиіркенуі мүмкін. Жақсы жыныстық қатынас құру үшін бір-бірімен оңаша жеке жерде уақыт өткізіп, қамқорлап, демеу беріп, түсінісіп әрі ұнамды дұрыс қарым-қатынас жасау керек. Мүмкін, көптеген жұптардың бір-бірін неғұрлым жан-жақты, жақсырақ танып-біле бастағаннан кейін, олардың төсек қатынастарының да жақсара түсетіні дәл осы себептен шығар. Ең негізгі талап — жұптың екеуі де бір-біріне толығымен алаңсыз беріле алатындай толықтай оңаша да алаңсыз жағдай болуға тиіс. Ал бұл жылы да жақын қарым-қатынас, әсіресе, әйелдер үшін маңызды. Өзіңізді толықтай қауіпсізбін деп сезінгенде ғана мүлдем еркін бола аласыз.
Егер төсек қатынасы ерлі-зайыпты арасындағы жылы да жақсы қарым-қатынаспен толықтырылмаса, онда жұбайлар толықтай емес, жарым-жартылай ғана ләззәт алумен шектеледі. Бұл одан да жақсырақ қатынасты іздеуге себеп болады. Басқа адам немесе «бұны жасаудың» басқа бір әдісі бұрынғылардың бәрінен де жақсырақ болып көрінуі мүмкін. Әрине, қауіпті төсек қатынасы сізді баурап алуы мүмкін, міне, көңілдестіктің тартымдылығы осында, бірақ жұбайыңыздың көзіне шөп салудан гөрі тұрақты қатынасты жаңартудың көптеген жақсы әдістері бар: айталық, екеуіңіз үшін де әдеттен тыс жерде махаббатпен айналысуыңыз.
Жақсы жыныстық қатынасты бұзудың жолы
Көптеген
елдерде қыздар бұндай нәрселерді әдетте
өздері кездесіп жүрген ер адамдардан
әлдеқайда ерте түсінеді. Оларға тұрақты
әрі қауіпсіз махаббаттың артықшылықтарын
айтудың қажеті жоқ. Шын мәнінде
(өздерінің шешіміне /ойына қарсы)
кейбіреулердің достарымен төсектес болуға
келісулерінің негізгі бір
Өкінішке орай, тәжірибе бізге бәрінің де керісінше екендігін айтады. Сол қызды сыйлап, тіпті табынып жүрген жігіт оған енді басқа құнсыз қыздар секілді қарайтын болады. Әйелдердің еркектерді өзіне қаратуының ең негізгі әдістерінің бірі — ол әйелдің құпиясы, ал өзінің досымен төсектес болуға келіскен сәтте-ақ, құпияның ашылуына қауіп төнеді. Киелі кітап еркек әйелмен жақындасқанда, ол оны «танып-біледі» дейді. Қандай да бір мағынада оның жан дүниесінің сыры ашылады.
4. Жыныстық қатынас және қауым
Қауымдағы абыржу
Құдай жыныстық қатынасты жаратқан: ал некеден тыс болатын жыныстық қатынасқа Ол қамығып, ренжиді.
Қазіргі кезде қауымның кейбір бөліктерінде барлық сұрақтарға байланысты қайшылықтар байқалады. Қайта тірілу ешқашан болмаған және Киелі кітапқа толықтай сенуге болмайды деген оймен Исаны Құдай Ұлы деп қабылдамай, Оның пәк қыздан туылғанын мойындамай-ақ, кейбір елдерде епископ болуға болады деген әсерде қаласыз. Қауымның көптеген тарихи ілімдері мен Киелі кітаптың маңызды бөліктерін қабылдамауды ұйғарған адамдардың тобы құрылғаннан кейін, үлкен мәселе туындайды. Нәтижесінде кез келген адамның пікірі маңызды болады. Демек, қанша адам болса, сонша дін бар сияқты көрінеді.
Адал болу — ер жүректілік
Егер мен Киелі кітаптың өмір туралы не айтатынын түсіну үшін оны әр жерінен, 1-2 аяттан емес, шынымен толықтай мұқият оқып шықсам, онда маған өте-мөте сақ болу керек. Контекстің әрбір жерінен сөздерді теріп алып, оны өз дегеніңізге келтіріп талқылау тіптен қиын емес. Өте маңыздысы — жалпы мағынасы.
Мынау — Киелі кітапта жыныстық қатынас туралы айтылған нәрселерге байланысты жасаған менің қорытындыларым. Сіз Киелі кітапты өзіңіз үшін оқып шығуыңыз керек. Не жайлы айтылып жатқанына көзімді анық жеткізу үшін, егжей-тегжейлі конспект жазып, анықтама әдебиеттерді қолдана отырып үш жыл ішінде мен Киелі кітапты қатарынан үш рет оқып шықтым. Менің айтайын дегенім — сол жұмысымның нәтижесі.
Киелі кітап бізге әуел баста Құдай әйел мен еркекті Өзіне рухани жағынан ұқсас етіп жаратқандығын үйретеді. Құдай еркектің әйелге үйленгенін және бір-біріне өмір бойы бағышталған әйел мен еркекті біріктіретін жыныстық қатынастың ғажайып сый әрі құпия болғанын қалады.
Осы жомарт тәндік махаббаттан қауіпсіз әрі сүйіспеншілікке кенелген шаңырақта ата-әжелерімен, аға-әпкелерімен, жиен-бауырларымен және отбасы өміріне өз еркімен ат салысатын жалғыз басты адамдармен бір ұяда өсіп-тәрбиеленетін балалар дүниеге келеді.
Неке — қоғамның негізгі іргетасы. Сондықтан сенуші ата-анасы ажырасып кеткен, отбасында зорлық-зомбылық болған, ерлі-зайыптылар бір-бірін алдап, көздеріне шөп салған, әрі бір-біріне қолдау көрсетуден қалған жанұяда жүрегі қатты жараланған, жасқаншақ, өз-өзіне сенбейтін балалардың өсетінін көргенде, оған таңғалмайды. Вандализмнің, есірткі мен ішімдікке салынудың және басқа да жағдайдардың көптеп байқалуының себебін жастардың бақытсыз отбасынан көруге болады.
Киелі
кітап жақсы да тұрақты некеге
септігін тигізетіндердің бәрін
қолдай отырып, некенің қоғам қалыптасатын
іргетас іспетті рөлін
Мансап қуған әйелдер балалы болуды алдыңғы он жылдыққа қалдырады. Өкініштісі сол, ақыр аяғы әйел сәбилі болуды қалаған сәтте көбіне өзінің дүниеге нәресте әкелу қабілетінен айырылғанын біледі, ал денсаулығы нашар не жарымжан бала табу қаупі одан бетер күшейеді. Медицинада тұңғыш баласын отыз жастан кейін босанған әйелдер «кексе» ана болып есептеледі, өйткені дәрігерлер әйелдердің денесі тұңғыш баланы тым кеш босануға жаралмағанын біледі.
Жыныстық қатынас неке үшін жаралған
Киелі кітап некені жақтап, оған қауіп төндіретін барлық нәрсеге қарсы тұратындықтан, ол жыныстық қатынастың тек некелері қиылған ерлі-зайыптылар арасында болуға тиіс екенін мақұлдайды. Жүкті болуға қарсы дәрілер ойлап табылғаннан шамамен жиырма жыл бұрын төсек қатынасы жүкті болып қалу қаупін білдіретін, ал нәресте үнемі әке мен шешеге мұқтаж. Кез келген отбасылық дәрігер сізге кездейсоқ қарым-қатынастың балаларға да, отбасы өміріне де кері әсерін тигізетінін айтады. Иса некеден тыс болған жыныстық қатынас — күнә деп үйрететін дәстүрлі іліммен келісетінін анық айтады. Шын мәнінде Ол одан әріге барып, некеден тыс жыныстық қатынас туралы ойлардың өзінің — күнә екендігін айтады.
Мен
сіздердің мұнымен
Шектен шығу
Кейбір адамдар бір жынысты өзара ынтызар ерекше адамдардың бар екенін дәлелдеуге тырысқан. Киелі кітап бізге адамдардың нәпсілерінің қозуы көптеген түрлі жағдайларда болатындығын айтады. Бұл айдан анық. Киелі кітап еркектің еркекпен, ересектердің балалармен, еркектердің өз аналарымен, адамдардың жануарлармен жыныстық қатынасқа түсетіні жайлы, жын-ойнақ, жезөкшелік және көптеген басқа нәрселер туралы айтады. Гомосексуалдардың жыныстық қатынасы жайында Киелі кітаптың бірқатар жерінде тікелей айтылады — ол тыйым салынған нәрселердің бірі.
Дегенмен, Киелі кітап сонымен қатар, мысалы, Рут пен Нағима секілді әйелдер және Дәуіт пен Жонатан секілді ер адамдар арасындағы жақын, жылы қарым-қатынас туралы да суреттейді. Егер қаласа, Дәуіт пен Жонатан тәндік тұрғыдан өте жақын бола алар еді, бірақ олар өзара жыныстық қатынасқа әуестенбеді.
Кезінде жұртқа тартымды көрінген сенім
Адамдар бұл әділетсіздік қой дейді. Өзінің сүйген жігітінің басқаға үйленгенін білген қызға немесе Исаның соңынан ергендердің арасында некелесуге лайықты ешқандай қалыңдық жоқ деп ұйғарған жігітке жалғыз қалуға мәжбүр екендіктерін қабылдау өте қиын. Ал айналасында әйел не күйеу боларлық адамдар толып жүрсе де, бірақ олардың қай-қайсын да жұбай ретінде көз алдына елестетуге болмаса және бірде-біреуі болашақ ана не әке деп сенім артуға лайықты болмаса, онда бұл одан бетер қиынға соғады.
Біз осы жыныстық қатынас үстемдік етіп тұрған заманда ер адам басқа адаммен төсектес болып, өзінің жыныстық белсенділігін көрсетпесе, онда ол табиғат заңына қайшы деп есептеуге дағдыланып кеткенбіз. Бұл әйелге де қатысты, бірақ оның бір ғана айырмашылығы бар: әдетте жас жігіттің жыныстық сұранысы жас келіншекке қарағанда әлдеқайда жоғары. Өмірінің жартысында бұл жағдай көбіне керісінше өзгеретін болады.
Мәсіхшілік
сенім сәнді (мода) қумайды және мәсіхтік
дәстүр некесіздікті, яки пәктікті
әрдайым жоғары тұтқан. Бұның үлгісін
бізге Исаның Өзі және елші Пауыл
да көрсеткен. Қауымның алғашқы құрылған
уақытында жыныстық азғындыққа түскен
адамдар көп болған. Бірақ Иса
да, Пауыл да Құдайдың бәріміздің алдымызға
қойған мақсаты ретінде тұрақтылықты,
тәртіпті, ұстамдылықты, пәктікті және
адалдықты сақтауымыз керектігін нақты
айтады. Келесі жүзжылдықта адамдар
жыныстық қатынас пен жыныс жолдары
арқылы таралатын жұқпалы аурулар
үстемдік етіп тұрған заманда жүктілікке
қарсы ойлап шығарылған дәрілерден
кейін туып-өскен бірінші және
екінші ұрпаққа таңғалып қарайтын болады.
Өкінішке орай, олар шаңырақтың шайқалып,
отбасының күйреуі жүз
5. Күтім көрсету — келісу емес
Мүмкін,
сіздер менімен келіспейтін
Іс жүзінде күтім көрсету
Бір әйел маған ЖҚТБ ауруына шалдыққандардың өздерін ауруға душар еткен бұрынғы өмір сүру салтын құптамаса да, науқастарға жандары ашып, оларға күтім көрсететіндігі үшін кейбір сенушілерге налитынын айтқан еді.
Мен
оған оның күтім көрсетуді келісумен
шатастырып алғанын айттым. Медицинада
бұл екі сөз бір мағынаны білдірмейді.
Егер мен дәрігер ретінде өзім
қолдайтын партияға дауыс беретін,
менің сенімімді ұстанатын, мен
баратын қауымда Құдайға
Бүгінгі
күнде бүкіл әлемде ЖҚТБ-ға шалдыққандар
мен аурудың алдын алу
Алтыншы тарау
Сіз қайда бара жатырсыз?
Өлім
аузында жатқандарға күтім
Қатыгездіктің озбырлығы
Өлімнің бетіне көз алмай қарау үшін ержүректік керек. Бұндай жағдай ең алғаш рет мен мектепте оқып жүргенде болған. Мен машина көп жүретін жолмен келе жатқанымда кенеттен бір әйелді автобустың қағып кеткенін көрдім. Ол қансырап, дем ала алмай тұншыға қырылдап жерде жатты. Біз бәріміз оның жанына жиналдық. Мен ешқашан мектепте алғашқы жәрдем көрсеткен емеспін және сол сәтте не істеу керектігін білмедім. Біреу зақымданған әйелдің басын көтерді. Жүрегі аузына тығылып, есі шыққан жүргізуші кабинадан шықты, «жедел жәрдем» шақырдық. Мен алысырақтан әйелдің кенеттен құсып, қақалып, бірден көгеріп барып жан тапсырғанын көрдім.
Мен болған жағдайдың қатігездігіне қайран қалып үйге қарай бет алдым. Біз бұндай сан алуан жағдайларды теледидардан үнемі көреміз, бірақ сондай жағдай өз көз алдыңызда болғанда, ажалдың шынайылығын сезінеміз. Мен кейінірек әлгі әйелдің шалқасынан жатып, құсығына шашалып өлгенін естігенде, одан бетер жаным түршікті.