Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:56, реферат
ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.
Расын
айтқанда, біз бұның шын мәнінде
неге бұлай екенін білмейміз, бірақ
былай деп ойлаймыз. Біріншіден,
сілекейде вирусқа қарсы
Тек егер сіздің аузыңызда бір жарақат, ойық жара болса, немесе тісіңіздің еті қанап жүрсе, онда ғана сіздің аузыңызға түскен вирусты жұқтырып алу мүмкіндігінің қаупі бар. Дәрігерлер белгілі болған АҚТҚ-ны жұқтырған жағдайлардың әрқайсысын да оның қалай болғанын анықтау үшін мұқият зерттеген. Менің білуімше бүкіл әлемде ЖҚТБ-ны сүйісуден жұқтыру туралы мәлімет анықталмаған.
Бірақ егер АҚТҚ бар адам біреуді тістеп алса, оған вирусты жұқтыруы мүмкін. Мен осындай екі жағдайды білемін. Біріншісінде бала өзінің інісін тістеп алған, ал екіншісінде қыз өзінің сіңлісін тістеп алған. Бұның сүйісуден қандай айырмашылығы барын түсіну оңай. Тура жылан шаққандай тістер теріден өтіп, сілекейдің біраз мөлшері жарақат арқылы ағзаға енді.
«Бұл менің жүріп жүрген жігітіммен сүйіспеуім керек дегенді білдіре ме?»
Әрине, жоқ! Дегенмен, егер шынын айтсам, мен жас әрі жалғыз басты жігіт болып, өзімнің жүріп жүрген қызымның ауру жұқтырғанын білсем, ыстық әрі ұзақ сүйісуден бас тартқан болар едім!
«Нәрестенің ана сүтінен ауру жұқтыруы мүмкін бе?»
Иә.
Нәрестенің аузының сілекей қабықшасы
мен асқазаны жұқа болатыны соншалық,
вирус одан өтіп кететіндіктен, бала
АҚТҚ-ны жұқтыруы мүмкін. Сондықтан
АҚТҚ жұқтырған ана нәрестесін өз
сүтімен қоректендірмегені жөн.
Алайда бұл көптеген жағдайларға
байланысты. Сәбидің іші өтіп, құсып
ауыратын тазалық сақталмаған
«ЖҚТБ-ны унитазға отырғаннан жұқтыру мүмкін бе?»
Жоқ!
«Сіз егер теріде ешқандай жара болмаса, вирус тері арқылы өте алмайды дейсіз. Бірақ егер осы рас болса, онда ол әйелден еркекке және керісінше қалай жұғады?»
Шынын
айтсақ, бұның неге осылай екенін расында
да білмейтіндігімізді мойындағанымыз
дұрыс. Бұл біздің екінші бір әлсіздігіміз.
Ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелерінің
терісі сезімтал, жұқа әрі нәзік
келеді. Сондықтан жыныстық қатынасқа
түскенде, олардың терісінде көптеген
ауырмайтын және тез жазылып кететін
тері жарықшақтары пайда болады. Солар
арқылы вирус енеді. Біз алдында
байқағанымыздай, жыныс жолдарының
басқа аурулары қанды жаралардың
пайда болуына көбірек
«Құдай ЖҚТБ-мен ауырған адамды сауықтыра ала ма?»
Иә!
Құдай Құдай болғандықтан, Өз қалауының
бәрін істейді. Ол өмір сыйлаушы және
Ұлы шипагер. Ол ЖҚТБ-мен ауырған
адамды ракпен ауырған және басқа
да науқастар тәрізді сауықтыра
алады. Құдайдың не үшін біреуді емдеп,
екіншісін емдемеуін ешкім
Сауығу
үшін сеніммен мінажат етуге қарағанда,
қорқынышпен мінажат ету
«Егер вирус несеппен сыртқа шықса, демек, бұл біздің өзендер мен су қорларынан ауру жұқтыратындығымызды білдіреді ғой?»
Қауіп төндіретін АҚТҚ емес, суда өмір сүретін диареяны тудырушы бактериялар.
«Мен Африкада ЖҚТБ-ны бәкене шыбындар (москиттер) таратады деп естідім. ЖҚТБ-ны масаның шаққанынан жұқтыру мүмкін деген рас па?»
Дүние жүзінде миллиондаған адам осы сұрақтың жауабын білгісі келеді және мен Африкаға барған сайын осы сұрақты қояды. Біз бұл сұрақтың жауабы африкандықтар үшін де, әлемнің басқа тұрғындары үшін де теріс екендігіне сенімдіміз. Егер ЖҚТБ шынымен осы жолмен таралатын болса, безгек (малярия) таралған аймақтарда ЖҚТБ те дәл солай таралар еді, өйткені безгекті бәкене шыбындар таратады.
Біз
сонымен қатар ЖҚТБ-ның
ЖҚТБ-ны таратуы мүмкін деп есептелетін жалғыз ғана жәндік — қандала. Өйткені ол қанды көп сорады, тасымалдайды және оның бір бөлігі келесі адамға енеді. Бірақ бұл қанның мөлшерінің аз болатыны сондай, АҚТҚ-ны жұқтырып алуыңыз үшін қандала сізді орта есеппен 15 мың рет шағуы тиіс!
«Шаштаразда сақал-мұрт алғанда, ұстараның жүзінен АҚТҚ-ны жұқтыруым мүмкін бе?»
Ұстараның жүзінде бір адамның қаны қалып қойып, дәл сол жүзбен екінші біреуді кесіп алса, ол АҚТҚ-ны жұқтырып алуы мүмкін. Ұстараның жүзін жай ғана жуып тазарту жеткілікті емес. Әк ерітіндісін немесе басқадай күшті дезинфекциялайтын заттарды қолдану керек, я болмаса, ұстараның жүзін өте жоғары температурада қыздыру қажет.
«АҚТҚ-ғатапсырылатын тест қаншалықты нақты?»
Тест алудың әдістері көп және олардың барлығы дерлік вирусқа қарсы пайда болатын антиденелерді іздейтін жанама әдістер. АҚТҚ-ны жұқтырып алған адамда антиденелер пайда болғанға дейін алты ай өтуі мүмкін. Егер адам вирусты қаңтар айында жұқтырып алса, оның анализдері шілде айына дейін теріс нәтиже беруі мүмкін. Ол осы уақыт бойы вирусты тасымалдаушы болса да, мұнысын тез арада анықтау қиын. Көпшілік жағдайда ең озат деген тексеру әдістері вирусты жұқтырғаннан шамамен алты аптадан кейін ғана (кейде одан сәл ертерек) анықтай алады. Кейде тест қате нәтиже беріп жатады, бұл әдетте дереу анықталатын анализдерде пайда болады. Тестен өту жолы өте күрделі болуы мүмкін және оның нәтижесін талқылау кейде қиынға соғады. Егер басқа аурулар да бар болса, соның әсерінен анализдің нәтижесі шатасып кетуі де мүмкін. Дәл осы себептен көптеген елдерде дәрігерлер екі түрлі әдісті қолданады, әрі арасында бірнеше апта өткен екі тест тапсыруды қолдайды. Вирустың өзін тікелей анықтайтын белгілі бір тестер де бар, алайда олардың бағасы тым қымбат және оларды атқару күрделі.
«Менің баламның АҚТҚ-ға тапсырған анализі оң нәтижелі. Бұл оның ауру екенін білдіре ме?»
Біріншіден,
кез келген тест кейбір жағдайларда
дұрыс болмауы мүмкін, міне, сондықтан
қате нәтиженің болмауы үшін тесті
қайта тапсыртқызады. Екіншіден, нәресте
дүниеге келгенде, тест дұрыс жауап
беруі мүмкін емес. Біз қолданатын
анализ АҚТҚ-ға қарсы ағзада пайда
болатын антиденелерді іздейді.
Бірақ жаңа туылған сәбидің денесінде
анасының антиденелері болады, сондықтан
науқас аналардың балалары өздерінің
антиденелерін өндірген-
Ана құрсағында жатқанда нәрестенің 90%-ы аурудан аман болады. Көптеген жағдайда АҚТҚ-ның анадан балаға берілуі босану кезінде болады. Ана жүкті кезінде халі неғұрлым ауыр болса, соғұрлым оның бойында вирустың көп болғаны және соғұрлым балаға ауруды жұқтыру мүмкіндігінің зор болғаны. Арнайы емделусіз шамамен әрбір төртінші сәбиде туылғаннан кейін АҚТҚ болады. Бірақ егер мына секілді дәрі-дәрмектер AZT (зидовудин) немесе АҚТҚ протеаза ингибиторларын анаға 14-аптадағы жүктілігінен босанғанға дейін және нәрестеге алты апта бойы берілетін болса, бұл ара қатыс 8:100 (жүзде сегіз 8%) құрауы ықтимал. Дәрі-дәрмектерді қолдану және іштен жарып баланы алу/кесарево сечение/ ауру жұқтыру жиілігін 1:50 (2 %-ға) дейін азайтуы мүмкін.
«Мен АҚТҚ ЖҚТБ-ны тудырмайды деп естідім.»
Алты миллиард халық тұратын әлемде түрлі себептермен ақылға сыймайтын пікірді ұстанатын адамдар әрқашанда табылады және бұл жерде ЖҚТБ қалыптан тыс жағдай емес. Соңғы жиырма жылдағы орасан зор ғылыми жетістіктерге қарамастан, мәселен, «ЖҚТБ-ның себебі нақты АҚТҚ дейтіндей ешқандай дәлел жоқ» деп айтатын бірен-саран дәрігерлер, ғалымдар және журналистер бар. Бұл өте қисынсыз әрі қауіпті пікір. Бұндай адамдардың өз пікірін тарататын мүмкіндіктері бар, өйткені бұқаралық ақпарат құралдары пікірі шектен шыққан адамдарды ұнатады, солардан жаңалық жасайды. Ең бір өкініштісі олар медицина ғылымын түсінбейді. Егер осылай ойласақ, онда шылым шегу өкпенің рак ауруын тудырады дегеннің ешқандай «дәлелі» жоқ болғаны. Дегенмен, темекі өнеркәсібін айыптауға оған қарсы дәлелдер жетерлік. Мәселен, зертханалардан никотин шайырларының жасушаға үлкен әсер ететінін көреміз. Біз шылым шегетіндерде оны шекпейтіндерге қарағанда өкпе рагымен ауру ықтималдылығы өте жоғары екендігін байқаймыз. Бірақ мен нақты бір адам шылым шеккендіктен, рак ауруына шалдығып өлім аузында жатқандығын дәлелдей алмаймын. Адамды өлтіретін шылым шегу емес, ағзаның тканьдарына ауру шақырып, ақыры адамды өлтіретін шылым шеккендіктің зардабы.
Шылым
шегуге қатысты дәлелдеме, АҚТҚ-ға да
қатысты. Біз зертханадан АҚТҚ-ның
қан құрамындағы ақ жасушаларды
(лейкоциттер) өлтіріп, оның жасушаға қалай
әсер ететіндігін көреміз. Біз адамдардың
неге туберкулез сияқты ауруларға шалдығатынын
білеміз. Оның себебі осы қанның ақ
жасушаларының бұзылуында. Адамның
АҚТҚ-дан болған «өлімі» оның шылым
шегуден болған «өлімінен» артық
емес. Олар ағзаның жасушасына АҚТҚ-ның
тигізген әсерінен өледі. Шын мәнінде
АҚТҚ-ны жұқтырғандар өлімінің көптігі
туберкулезге байланысты. Алайда мен
біреудің АҚТҚ-ны жұқтырғандықтан, туберкулезге
шалдығып өлім аузында жатқандығын
дәлелдей алмаймын. Кейбір адамдарда
АҚТҚ болса да, туберкулезден өледі
және оның өліміне АҚТҚ-ның еш қатысы
болмайды. Бірақ біз АҚТҚ-ны жұқтырғандардың
өмір сүру ұзақтығы ауру жұқтырмағандарға
қарағанда әжептәуір қысқа
Дені сау адамға ауруы бар бір литр қанды құятын болса, бірнеше жылдан кейін оның ауыратынын тіпті жас бала да түсінеді. Оның анализі жұбайы мен балалары сияқты АҚТҚ-ға оң нәтиже береді. Олардың бәрі ауырып ақыр аяғы өледі. Ал басқа адамға таза бір литр қанды құйса, ол жиырма жыл өтсе де дені сау болып жүре береді. Оның өзінің де, жұбайы мен балаларының да дендері сау болып, анализдері теріс нәтиже береді әрі ЖҚТБ-ға қатысы бар ешқандай аурумен ауырмайды. Мен АҚТҚ ЖҚТБ ауруын тудырмайды деп сенетіндерге АҚТҚ-ны жұқтырған адамның қанын өзіне құйып көруін ұсынамын. Бұны ешкім де істей алмайды, өйткені жүрегінің түбінде одан зор қорқыныш бар. Бірақ сондайлардың адам өміріне қауіп төнгенде жандары рақат табатын тәрізді. Нәтижесінде адамдардың көбі өледі, ал мен бұны қылмыс деп есептеймін.
Африкадағы ашық аспан астында өткізген пікір алысуымыз ұзақ уақытқа созылады және оған мыңдаған адам қатысады. Әрбір кездесудің соңында мен былай деймін: «Қазіргі кезде жыныстық қатынастан басқа ауру жұқтырудың кез келген түрінен адамдардың зәрелері ұшады. Менің мақсатым адамдардың ЖҚТБ-дан қорқынышын сейілту емес. Мен олардың түкке тұрғысыз нәрселерден емес, қайта қорқуға тұрарлық қатерден қорыққандарын қалаймын. Мен адамдардың ЖҚТБ-ға шалдыққандардың үйіне кіруге қалай қорықса, дәл солай жеңіл жүріске түсуден қорыққанын қалаймын.»
Әдетте
адамдардың маған қоятын сауалдарының
барлығы дерлік аурудың жыныстық
қатынастан тыс таралатын жолдарына
қатысты. Мен осы қауіптердің
көпшілігінің тым аз екендігіне сіздердің
көздеріңіз жетті деп үміттенемін,
сондықтан сіздерге шын мәнінде
істеп жүргендеріңізді
Төртінші тарау
Баратын жер жоқ
Рактан да жаман
Жиырма үш жасыңызда рак ауруымен ауыратыныңызды және ақырында өлетініңізді білгеннен артық қорқыныш болмас. Бірақ аурудың аты ЖҚТБ (СПИД, ЖИТС) болса, бұл одан да зор болмақ.
Сіз
өзіңізді соңғы бірнеше апта бойы
әлсіз сезініп әрі әбден
Содан соң дәрігер сіздің қатты науқас екеніңізді әрі келесі күні сізге күрделі операция жасалынатынын айтады. Ол сіздің ауруханада жоқ дегенде бір апта жататындығыңызды хабарлайды. Екі күннен кейін сізді қарау үшін тағы бір дәрігер келеді. Ол сіздегі рак ауруының өте сирек кездесетін түрі екендігін айтады. Ауру асқынған және болашағы тым бұлыңғыр.