Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:56, реферат

Описание

ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.

Работа состоит из  1 файл

Туберкулез.docx

— 334.77 Кб (Скачать документ)

АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қатысты сенушілердің бағдарламалары адамдардың әр түрлі мұқтаждықтарына  бағытталуы мүмкін. Бұл жобалардың табысты болуы үшін осы бағдарламалар  бағытталған адамдар топтарымен және сол аймақта жұмыс істейтін (сенбеушілердің ұйымдарын қоса есептегенде) басқа да ұйымдармен бірігіп қызмет еткен абзал.

Жобаны  құрмас бұрын өзіңізге төмендегідей сұрақтар қойғаныңыз жөн:

 

  • Бағдарламалары жүзеге асуы үшін жоба жергілікті сенушілер қауымдарымен, әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік  емес ұйымдармен қалайша бірлесіп қызмет ете алады?
  • Осы аймақта басқа адамдар, басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар не істеуде және осы мәселелерді олар қалай шешуде?

 

Бағдарлама  мен жобаны дайындау барысында «Жобаның циклі» схемасын қолданған пайдалы.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мәселе мен мұқтаждықтарды зерттеп білу

Бүгінгі күннің жағдайы туралы мәлімет жинап, ең басты шынайы мұқтаждықтарды табу қажет. Ең алдымен, бағдарлама өз жұмысын  бастамас бұрын сол аймақтағы  қажеттіліктердің жағдайын сипаттау керек. Бұл жоба аяқталғанда оның арқасында  жағдай қаншалықты өзгергенін бағалай  алу үшін қажет. Жоба бағытталған  адамдардың қолдауынсыз еш нәрсе  істемеңіз. Бұл жобаға сол адамдардың өздері қызығушылық танытуға тиіс. Осы аймақта жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың тәжірибесін ескеріңіз, бәрін қайтадан басынан бастағанша, бар нәрсені жалғастыра беріңіз. Осы сатыда мынадай сұрақтар қойған дұрыс:

 

  • Қандай мұқтаждықтарды таптыңыз және оларды қандай адамдардан таптыңыз? Бұл  мұқтаждықтар неліктен пайда болған?
  • Бұл мұқтаждықтарды АҚТҚ-ны жұқтырып алған науқастар қалай білдіреді? Олар нені өзгертуді қалайды?
  • Науқастар қандай ресурстардан көмек ала алады?
  • Қауым адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруды қалай ма және олар мәсіхшілік құндылықтарға қаншалықты сай келеді?
  • Осы аймақта басқа да жобалар мен ұйымдар не істеуде? Олардың тәжірибесі қандай? Жаңа жоба ресурстардың үнемсіз шығындалуына әкеліп соқтырмай ма?
  • Тиімділікті арттыру үшін сол жобалармен бірігіп жұмыс істеуге бола ма?

 

  1. Мұқтаждықтар мен жағдайды анық сипаттау дұрыс әрі сол жағдайға лайықты жоба жасауға көмектеседі

 

  1. Жобаны дайындау және жоспарлау

Жобаны  дайындаудың барлық кезеңдерінде осы  жоба бағытталған адамдар да белсене  ат салысулары қажет. Сіздің жобаңыз  бағытталған мәселелер мен мұқтаждықтарға өзінше әрекет еткен жергілікті адамдардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескеріңіз. Осы жағдайды қалайда  өзгерту жолында жергілікті тұрғындардың қабілеттері жететіндігіне сенім  артпаған кезде үлкен қателік  жасаймыз. Ол адамдарды жобаға кірістіргенде  олардың шешім қабылдауға қатысатыны күмәнсіз және солай олар кейін өз өмірлеріне ықпал ететін әрекет жасайды. Бұл адамдарға өздерінің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік береді, яғни бұл  — адамдардың өз күштеріне сеніп, әрекет етулеріне ықпалын тигізетін  негізгі жолдардың бірі. Құдайдың сүйіспеншілігі барлық адамдарға арналған және Иса көбіне жағдайы нашар  және басқалар оны кемтар деп санайтындарға  Өз достығын ұсынған. Олар әйелдер, балалар, қариялар, науқастар болатын. Иса  оларды құрметтеген және олардың  болмашы үлесін бағалаған.

Жобаны  дайындауда келесі сұрақтарды шешу керек:

 

  • Жобаның негізгі мақсаттары не? Ал түпкі (ақырғы) мақсаты ше?
  • Бұл мақсаттарға қандай әдістермен қол жеткізілмек? Жоба қай жерде және қалай жүзеге аспақ?
  • Жобаға кім қатысады?
  • Жоба бағдарламасы қанша мерзімге арналған?
  • Жоба қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік мақсаттарға қашан жетпек?
  • Өздеріне арналған жобаны дайындауға адамдар қалай қатыстырылған?
  • Қоғам өзінен бөлектеп аластатқан немесе шеттеткен адамдарға жоба

    қалай ықпал етеді?

  • Жергілікті тұрғындар мен аластатылған не шеттетілген адамдар

    арасындағы қарым-қатынастың  өзгеруіне жоба қандай ықпал  жасайды?

 

Ұйымдастырушылық  құрылым

  • Ұйымдастырушылық құрылым ұйымның барлық қызметкерлеріне қызмет етуі әрі мәлім болуы керек. Адамдардың өз мәселелері бойынша кімге бара алатынын және кімнің неге жауапты екенін білгені өте маңызды.
  • Еріктілердің ниеттері дәлелді болуға тиіс.
  • Машықтанған қызметкерлердің міндетті түрде қажетті тәжірибелері мен қабілеттері болуы керек.
  • Қызметкерлерді бастапқы тиісті дайындықтан өткізіп, әрі қарай оларды жүйелі түрде үйретіп отыру аса маңызды.
  • Барлық қызметшілер — штаттағылар болсын, еріктілер болсын — жобаны дамытуға өз ұсыныстарын қоса алуы үшін олардың қолдаушылары болуы тиіс және қызметтері жүйелі түрде бағаланып отырулары қажет.

 

Жетекшіліктің сапасы

АҚТҚ/ЖҚТБ саласында ең тиімді еңбек ететіндер  — мемлекеттік емес ұйымдар. Олар осы топтағы адамдармен бірге  қызмет етіп қана қоймай, оларға өздері қызмет көрсетеді. Басқаларға қызмет ету  жетекшіліктердің де ниетіне айналуы  керек. Жақсы үлгі көрсететін кішіпейіл  жетекші өзгелерге қарағанда  басқалардың мұқтаждықтарына қызмет ететін команданы әлдеқайда жақсырақ құрып, ұйымдастыра алады.

 

  • Жетекшіні сайлаған кезде оның жетекшілікте қаншалықты тәжірибелі және басқаларды жұмылдыруда қаншалықты нәтижелі екендігіне мән беріп, қарастырған жөн.
  • Жетекші өз қызметкерлері арасында және олар қызмет көрсететін адамдармен жақсы қарым-қатынастың орнығып, дамуы бағытында ат салысуға тиіс. Жетекші сол аймақта жұмыс жасап жатқан басқа да жобалармен және ұйымдармен дұрыс қарым-қатынас құра білуге міндетті. Штаттағы қызметкерлермен жақсы қарым-қатынаста болып жіберілген қателер мен көңіл қалушылық жағдайларды ескеру нәтижелі еңбек ете алатын тиімді жұмыс тобын құруға негіз болады.
  • Жақсы қарым-қатынас жетекшіге адамдарды дұрыс ынталандыруға мүмкіндік береді әрі бұйрық пен әмірдің күшімен басқарудың қажеттілігін азайтады.
  • Жақсы жетекші адамдардың қабілеттері мен дарындарын дамытады. Осылайша олар сол ерекшелектерін істеген жұмыстарында тиімді пайдалана алады.
  • Жетекшінің бәріне түсінікті, анық әрі нақты мақсаты болғаны абзал.
  • Жетекші өзін өзгелердің орнына қойып, олардың ішкі жан дүниесін сезіне білгені шарт.

 

Мәсіхші жетекшілерде Исаның мінез-құлқын бейнелейтін  көрнекі қасиеттер болуы тиіс: Киелі кітапқа сай ойлауы, кішіпейілділігі, мінез-құлқының  біртұтастығы және өзгеге қызмет етуге құлшынысы. АҚТҚ/ЖҚТБ саласында бұл қасиеттер кез  келген басқа қабілеттерден гөрі әлдеқайда маңызды. Бұндай тұлғалар басқа адамдарды, қауымдарды ЖҚТБ эпидемиясы мәселесіне сырт қарамай, белсене араласуға  жұмылдыра алады.

 

  1. Қаржы және басқа да қорларды іздестіру

Жоба  арнайы жасалынған адамдардың сол жобаға қатыстырылуы оның өздерінікі екендігін  сезіндіреді. Адамдар тобы бағдарламаның  өздерінікі екендігін түсінгенде, оған көбірек қолдау көрсетіп, дамыта түседі. Әдетте сол қоғамнан барлық ресурстарды  табу қиын, бірақ ресурстардың қандай да бір бөлігінің қоғамның өзінен табылғаны өте маңызды. Сыртқы ресурстарды  бірте-бірте азайтып, ал жергіліктілерін  арттырып отыру керек. Қаржы көздерін іздегенде жергілікті бизнес өкілдеріне, жергілікті әкімшілікке, басқа да мемлекеттік  емес ұйымдарға, фондыларға, қауымдарға баруға болады.

Мына нәрселерді бірден анықтап  алған жөн:

  • Біздің қоғамымыздан және жоба арнайы жасалған адамдар тобы арасынан қандай ресурстардың (қаржы, адам, транспорт, техника) көзін табуға болады?
  • Қоғамнан тыс қандай ресурстарды іздеу керек? Қайдан және кімнен іздеуге болады?
  • Уақыт өте жергілікті ресурстардың өсуі мен сырттан келетіндерінің кемуі немен байланысты?
  • Жоба қандай ұзақ мерзімді өзгеріс енгізеді?
  • Қасірет шеккен адамдар жоба аяқталғаннан кейін де одан пайда көре ме? Қандай пайда көреді және неге?

 

  1. Жобаны жүзеге асыру және бақылау /мониторинг

Әрбір табысты жобада оны басқаратын жақсы  менеджмент болуы тиіс. Бағдарламаны нәтижелі жүзеге асыру үшін оны қысқа  мерзімді тапсырмаларды бірте-бірте  орындай алатындай етіп бірнеше  кезеңдерге бөліп тастаған жөн. Жобаны жүзеге асыру барысында икемді шешім қабылдауды талап ететін әр түрлі тосын жағдайлар кездесіп отырады. Алға қойылған мақсаттар қаншалықты табысты не табыссыз жүріп жатқанын көре алу үшін және қолдан келмейтін шараларды мезгілінде өзгерте алу үшін, жобаның қалай іске асырылып жатқаны туралы мәліметтер жүйелі түрде жиналып отырылғаны дұрыс. Бұл мәселелерді қызметкерлермен, еріктілермен және осы жоба арнайы жасалған адамдармен бірігіп шешкен ұтымды.

 

  1. Атқарылған жұмыстарға талдау жасау және нәтижелерді бағалау

Жоба  бағдарламасының тиімділігін бағалау  үшін оның нәтижелері туралы мәліметтер жинау қажет. Бағдарламаның тиімділігін  талдағанда көп нәрсе бағалау  әдісін таңдауға байланысты. Ол шынайы (объективті) болуға тиіс. Жобаны бағалағанда  статистикалық мәліметті ғана жинау  жеткіліксіз, бұған қоса жобаға қатысы бар адамдардан сұрақ-жауап алған  жөн. Бағдарламаның арқасында жүзеге асқан өзгерістерді дәлірек бағалай  алу үшін, қол жеткізген жетістіктерді  бағдарламаны бастамай тұрғандағы жағдаймен  салыстыру керек. Талдау және бағалау  кезінде өзіңізге төмендегідей сауалдарды қойған абзал:

 

  • Осы бағдарлама адамдардың мұқтаждықтарына  қаншалықты жауап бере алады?
  • Бағдарлама алға қойған мақсаттарына қаншалықты жете алды?
  • Оның мықты жақтары қандай?
  • Бағдарламаның әлсіз жақтары мен кемшіліктері қандай?
  • Осы жоба өздеріне арналып жасалған адамдар жоба туралы не ойлайды және оған қалай қарайды?
  • Бағдарлама жұмысына АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауыратындардың өздері қаншалықты белсенді араласты және неліктен?
  • Бағдарламаны жүзеге асыруда қаражат қаншалықты тиімді жұмсалды?
  • Бағдарлама қандай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер әкелді?  

 

Бағдарламаның мықты және әлсіз жақтарын анықтап, содан соң онымен жұмыс істеу  үшін талдау керек. Бағдарламаның нәтижелерін  бағалап және талдап болғаннан кейін, қайтадан жоба таңдап, бүкіл циклді басынан бастап жүргізу керек.

 

ЖҚТБ індетінің  Қазақстанда және оның айналасындағы  елдерде дамуы.

 

Қазақстанда және оның айналасындағы көршілес елдерде  ЖҚТБ індеті даму үстінде. Оның бұл  аймақтағы ең көп таралуы Ресей  федерациясында тіркелген. Мұнда шамамен 900 000 адамның АҚТҚ-ны жұқтырғандығы  айтылады. Ең көп зақымданған аймақтар тізімінде Қазақстанмен шектескен  Самара, Орынбор облыстары бар. Сондай-ақ, Қазақстанмен шектесіп жатқан Шыңжан провинциясы Қытайдағы АҚТҚ-ны жұқтырғандардың  саны бойынша төртінші орында.

АҚТҚ-ның  Орталық Азия, Кавказ республикаларында  пайда болуы өте төмен күйінде (0,3%-дан төмен) қалып отыр. Ал індеттің жалпы таралуы тіркелгендер санына қарағанда барлық жерде де өсу, көбею  үстінде. Мысалы, Өзбекстанда осы  қауіпті індет соңғы жылдарда ғана, яки, жаңадан таралуда. Барлық мәлімденген АҚТҚ деректерінің  91%-ы 2001-2003 ж.ж. аралығында анықталған. 22 кестеде көрсетілгендей, 2500-ден астам  адамның ауру жұқтырғаны мәлімденді.

Қазір індет Өзбекстанда   кең жайылу үстінде. Бұған коммерциялық секс үлкен роль атқаруда.

АҚТҚ  жұқтырғандар арасындағы әйелдердің ара  қатынасы  жыл сайын ұлғайып  келеді. Ол 2001 жылғы 12%-дан 2003 жылы 18%-ға көтерілді. Елдің барлық аймағынан  дерлік ауру жұқтырғандар тіркелген. Эпидемия, әсіресе, ел астанасы Ташкент (48%) пен  оның айналасындағы елді мекендерде (20%) шоғырланған.

Қырғызстанда  Қазақстанмен салыстырғанда індет  айтарлықтай төмен және ол негізінен  есірткіні тамырға шаншу арқылы тарауда. Көп тараған жері Ош пен  Чу облыстары және Бішкек қаласы. Ересек тұрғындардың ең кем дегенде 2%-ы  есірткіні тамырға (шаншумен) егіп қолданады  деп ресми болжанған елде АҚТҚ-ның  жылдам және кең жайылуына зор  мүмкіндік бар.

Кавказ  аймағында жүргізілген жаңа зерттеулер бұл індеттің Азербайжанда шұғыл  дамып жатқанын көрсетті. Баку қаласындағы  көшеде есірткіні тамырға шаншитындардың әрбір төртіншісі АҚТҚ-ны жұқтырғандар. Бұл көресткіш көшеде тәнін сататындар арасында 11%-ды, ал олардың бұл кәсіппен кафе-мейрамханаларда, саунада айналысатын  әріптестері арасында 6% құрайды. (WHO Regional Office for Europe, 2004, ДДСҰ — дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы).

  Қазақстан республикасында эпидемия шетелдік студенттердің арасында 1987 жылдан басталды. Ауруды жұқтырудың тіркілген саны ең күрт көбейген кезі 2001 жыл (1175 адам) болды. 1987-2004 ж.ж аралығында Қазақ Республикасы тұрғындарының арасында АҚТҚ-ны жұқтырудың динамикасын көрсететін кесте.

Информация о работе Туберкулез