Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:56, реферат
ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.
Сарыарқада қала орталықтарының пайда болуы мал шаруашылыгының жаңа сапалы жапылымдық түріне және металдың жаппай, тауарлы өндіруіне байланысты мүмкін болды. Беғазы-дәндібай қоғамы мықты көсем басшылары бар ірі тайпалы бірлестіктерден құралған және олар мемлекеттік құрудың ерте сатысында тұрган. Көсемдер басқарган бірлестіктердің экономикалық, әкімшілік, саяси және идеологиялық орталықтары Кент, Бұғылы-2, Шортандыбұлақ сияқты қала дәрежелі қоныстарда болган.
Үш мың жыл бұрын Қарқаралы даласы бірегей де жарқын өркениеттің белгілерінің қалыптасу ошағы деңгейіне жетті.
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Әдетте ЖИТС-пен қала
тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз
жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық
еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм
т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік
жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық
Инфекция көзі. Вирус
жұққан адам — вирус тасымалдаушылар,
ЖИТС-пен ауырған адамдар
Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:
— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
—анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық қатынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық қатынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.
ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өңдеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.
Вирус адамға қан немесе
қан құрамынан тұратын
ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жүққан әйелдерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі.
ЖИТС-ке байланысты мәселелер баспасөз беттерінде тұрақты түрде көтеріліп отырғанына қарамастан, 6ұл проблемаға зор көңіл бөлу қажет.
АИВ инфекциясымен күресуде ДДҰ «Әдепсіздік нәтижесіңде өзіңді өлімге апарма!» деген ұранға сүйенеді.
Егерде сілекейден, көз жасы сұйығынан вирус табылса, оның жұғу мүмкіндігі қандай деген сауалға келсек, мұндай жолмен жұғу бүгінгі күнге дейін еш жерде кездескен емес.
Вирус қанмен жұғатын болғандықтан емделу қауіпті емес пе? Бұл сұраққа да теріс жауап беруге болады. Өйткені осы уақытқа дейін мұндай жолмен ЖИТС жұғу оқиғасы болған емес.
АИВ-тің шаңмен, ауалы-тамшылы, фекальды-оральды (ауыз қуысы арқылы) жолмен жұқпайтыны толық анықталған. Яғни адамдар сүйіскенде, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайдаланғанда, сондай-ақ тағамдар мен ыдыстар арқылы ЖИТС вирусы жұқпайды. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу қаупі жоқ.
Қан сорғыш және басқа жәндіктер (маса, бит, кене, бүрге, шыбын, тарақан, қандала т. б.) арқылы жұғу жолдары да анықталмаған.
Мысық, кой, жылқы, маймылдарда қоздырғышы АИВ-ке ұқсас иммундық тапшылық болатынына қарамастан, үй және жабайы жануарлардан ЖИТС жұғу жайлары кездеспеген.
ЖИТС жұғудан қалай сақтанады?
Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр.
ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:
— әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;
— жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.
Профилактиканың басты міндеті — ЖИТС тасымалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлык, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б.
Тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс.
Англияда осы бағытта
жүргізілетін жұмыстарға
Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды өнегелілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес.
Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады:
— салауатты, әдепті өмір сүру;
— кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу (жыныстық партнер көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі. Г. В. Сколубовичтің (1989) айтуы бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөкшелік — ЖИТС вирусын жұқтыру кепілі»);
— стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
— әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;
— презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);
—
қан құйғанда немесе донор қанынан
дайындалған препараттар
— маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
— ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.
Кез-келген азамат АИВ-инфекциясының
жұққан-жұқпағандығын анықтау
Қазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру.
ЖИТС — көп жағдайда
өлімге соқтыратын аса қатерлі вирустық
дерт. Қазақстанда осы қауіпті
ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен
мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі
құрылды. Оның құрамына республикалық,
облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы
күресу және аурудың алдын алу
орталықтары, диагностикалық лабораториялар
мен анонимдік кабинеттер кіреді.
Осындай қызмет жүйесінің күнделікті
жұмысын Республикалық ЖИТС-
Олардың жұмыс бағыттары мынадай:
1.
Вирус жұғу мүмкіндігі бар
«қатерлі топтарға» (группы
2.
Ауру ошағын анықтап,
Қазақстан Республикасында
5 жылдың ішінде (1987—1991) 4 млн 870 мың адам
арнайы тексеруден өтті. Екіқабат әйелдерді
тексеру және өз атын жарияламай тексерілу
жұмыстары кең түрде
«ЖИТС (СПИД) ауруының алдын
алу туралы» Қазақстан
Қазақстан Республикасында
тұратын не ұзақ мерзімге жұмыс атқаруға
келген әрбір шет ел азаматы Қазақстан
Республикасының «Халық денсаулығын
сақтау туралы» заңына сәйкес ЖИТС
вирусының жұққан-
ЖИТС-пен ауырған не вирусын
тасымалдаушы шет ел азаматтары Республика
аумағынан шығарылып
ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тканьдер) беретін донор бола алмайды. Әдейі және біле тұра басқа азаматтарға ЖИТС вирусын жұқтырушы, клиникалық, лабораториялық тексерілуден қашқақтаушы, өз жұмысын салақ атқару нәтижесінде ЖИТС вирусымен сау адамдардың зарарлануына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-пен ауыратындығын не оның вирусын тасымалдаушы екендігін рұқсатсыз жариялаушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Қорыта айтқанда, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі ЖИТС-тен қорғай алады.
Есіңізде болсын: Сіздің
денсаулығыңыз өзіңіздің
Желтоқсанның 1-і – Дүниежүзілік ВИЧ/СПИД індетіне қарсы күрес күні
01.12.2008
Талғат ДҮЙСЕНБЕК
Қазіргі таңда ВИЧ індетіне
шалдыққан 11 396 адам тіркеуде тұр. Қарағанды,
Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары
және Алматы қаласында осы кеселмен
ауыратындар жалпы
Қыстың алғашқы күні. Алматыдағы Офицерлер үйінің мәжіліс залы қала оқушыларына лық толы, бес жүзге жуық жасөспірім «Біз СПИД-ке қарсымыз!» деп ұрандатты:
- СПИД-ті тоқтат, уәдеңде тұр!
- Жыныстық қатынастың қауіпсіздігін қадағала!
- Кеселмен күрес, нашақорлыққа жол жоқ!
Дүниежүзілік ВИЧ/СПИД кеселіне қарсы күрес күнін қала оқушылары осылай атап өтті. Республикалық СПИД орталығының бас дәрігері Гүлсара Сүлейменованың пікірінше, қазіргі жастардың ғасыр дерті туралы жан-жақты ақпараты бар екендігі көрініп-ақ тұр.