Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:56, реферат

Описание

ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.

Работа состоит из  1 файл

Туберкулез.docx

— 334.77 Кб (Скачать документ)

 

 

- Жұртшылықтың көзқарасы  түбегейлі өзгерді. Бұрындары  ВИЧ індетін «жиырмасыншы ғасырдың  обасы» деп атап, оны жұқтырғандарды  таспен атқылауға дейін барса,  қазіргі күні халықтың пікірі  басқаша екендігін көреміз. Оқушылардың  өздері бүгін СПИД-ке қарсы  күресуде кеселді жұқтырған адамға  достары мен отбасының қамқорлығы  өте маңызды екендігін атап  өтті, - деді Гүлсара Сүлейменова.

 

 

Мамандар қоғамдағы мұндай өзгерісті мектеп аясындағы тәлім-тәрбиелік  жұмыстардың нәтижесі деп түсіндіреді. Алайда ресми мәлімет көңіл көншітпейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, ғасыр кеселінің  таралу деңгейі биыл 15 пайызға артты.

 

 

- Қазақстан Республикасында  алғаш рет ВИЧ инфекциясы 1987 жылы  пайда болды. 2008 жылғы қарашадағы  мәлімет бойынша Қазақстанда  11 396 адам ВИЧ індетіне шалдыққан,  соның 228-і 14 жасқа дейінгі балалар, 791-і СПИД-пен ауырады, қатерлі  кеселден 617 адам көз жұмды, - деді  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  баспасөз хатшысы Жазира Тұрсынбекова. 

 

 

Қазіргі таңда ВИЧ/СПИД кеселін  республиканың барлық аймағынан  кезіктіруге болады. Әсіресе, ғасыр  індеті Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласында  кең тараған. Бұл аймақтарда осы  кеселмен ауыратын науқастар жалпы  республикалық көрсеткіштің 65 пайызын  құрап отыр.  

 

 

- ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың  70 пайыздан астамы нашақорлар. Қатерлі  дертке шалдыққандардың 86 пайызы 20-дан 39-жасқа дейінгі азаматтар.  Індетті жұқтырғандардың 73 пайызы  жұмыс істемейді. Биылғы жылдың  алғашқы он айында қатерлі  кеселмен 1993 науқас тіркелді, былтырғы  жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  15,5 пайызға жоғары, - деді ҚР Денсаулық  сақтау министрлігінің баспасөз  хатшысы Жазира Тұрсынбекова.

 

 

Бұдан бөлек, мамандар жұқпалы  дерттің құрсақ көтеруге жарамды  әйелдердің ішінде кең тарағандығына алаңдаушылық танытып отыр. Ресми мәлімет бойынша, осы уақытқа дейін Қазақстанда 908 жүкті әйел ВИЧ инфекциясымен тіркелген. Биылғы жылдың өзінде 153 бала қатерлі кеселмен бірге дүние есігін ашыпты.

 

 

Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі  күні әлемде 33 миллион адам ВИЧ инфекциясына шалдыққан. Біріккен ұлттар ұйымының шешіміне сәйкес қатерлі кеселмен күрес күнін  әлем халықтары жиырма жылдан бері атап өтіп келеді.СПИД (ЖҚТБ) және СЕН

ПАТРИК  ДИКСОН

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Автор жайлы бірер сөз

Кіріспе: Сенушілер  ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде

1 Тарау: ЖҚТБ — сізге де төніп  тұрған қатер!

2 Тарау: Вакцина, дәрі-дәрмек және  сақтандырғыштар

3 Тарау: Адамдар жиі қоятын сұрақтар

4 Тарау: Баратын жер жоқ  

5 Тарау: Сіз қалай ойлайсыз?

6 Тарау: Біз қайда бара жатырмыз?

7 Тарау: Біз не істей аламыз? Әрекет жасайтын мезгіл жетті

 

 

АВТОР ЖАЙЛЫ  БІРЕР СӨЗ

 

Патрик  Диксон 12 кітаптың, солардың ішінде «ЖҚТБ/СПИД/ЖИТС туралы шындық», «Геттодан қалаға», «Ояныштың белгілері», «Генетикалық төңкеріс» атты және т.б. туындылардың авторы. Ол дәрігер мамандығы бойынша  диплом алып, содан соң ракпен ауырғандарға, кейіннен ЖҚТБ-ны жұқтырған науқастарға  күтім көрсетуге маманданды. «ЖҚТБ  туралы шындық» деген кітабы жарық  көргеннен кейін, ол 1988 жылдың маусым айында «АСЕТ» атты халықаралық бірлестіктің негізін қалады. Бірлестіктің толық  аты — Aids Care Education and Training, яғни, ЖҚТБ: күтім, ағарту ісі және дайындау. Оның қызметі — өздерін ЖҚТБ-мен  ауырған науқастарға күтім көрсетуге  арнаған адамдарға білім беріп, оларды дайындау. Оның мақсаты —  ұлттық әрі халықаралық деңгейде ЖҚТБ індеті жайында сенім тұрғысынан түсінік пен көмек беру. Доктор Диксон 1991 жылға дейін АСЕТ-тің  бас директоры болды. Бүгінгі  таңда ол бірнеше тәуелсіз қозғалыстардың «Халықаралық альянс АСЕТ» атты бірлестікті  басқаруға көмек көрсетуде. Диксон, сонымен қатар, ата-аналары ЖҚТБ-дан  қайтыс болған жетім балаларды асырап алуға бағытталған «HIV Hope» (АҚТҚ-дан  зардап шеккендерге үміт) атты бағдарламаның  басшысы.

Доктор  Диксон кеңесшілік және болжамдау қызметіне  бағытталған «Глобал Чейндж»  компаниясының басқарушысы болып, көптеген үлкен корпорациялардың кеңесшісі  ретінде ақпараттық қоғам, жаңа технология, биотехнология, глобализациялау, жетекшілік, мотивация және корпоративтік құндылықтар  жайлы сұрақтарға қатысты дүние  жүзі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жиі-жиі түсініктеме беріп тұрады.

48 жастағы Патрик Диксон жұбайымен  Батыс Лондонда тұрады. Олардың  төрт баласы бар. Отбасы түгелдей  сенім жолымен жүреді.

 

Алғы сөз

Мен ағылшын дәрігері Патрик Диксонның  «ЖҚТБ және Сен» атты кітабының қазақ тілінде жарық көргеніне өте қуаныштымын. Ол бүгінгі күні Қазақстанда өте маңызды кітап. Оның авторы 1987 жылы мәсіхші сенушілердің назарын бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған ЖҚТБ эпидемиясы (індеті) мәселесіне аударған қауым жетекшілерінің алғашқыларының бірі. Оның «ЖҚТБ туралы ақиқат» атты алғашқы кітабы Англиядағы көптеген сенушілер қауымдарына терең әсер етіп, олардың АҚТҚ/ЖҚТБ індетіне қарсы күреске құлшынысын оятты. Диксонның жеке өзі қауымында бірнеше еріктілерден тұратын топ құрды. Өзі оларға ЖҚТБ-мен ауыратындарға күтім жасаудың, оларға үй жағдайында қызмет етіп, көмек көмек көрсетудің негізгі қағидаларын үйретті. Осы топтың үлгісі бойынша ауруларға қолдау көрсетуге арналған көптеген басқа да мәсіхшіл қызметтер пайда болды. «ЖҚТБ туралы ақиқат» атты кітаптың алғашқы басылымы жарық көргеннен кейін Англияда АСЕТ атты қайырымдылық ұйымының негізі қаланды ( Aids Care, Education, Training — ЖҚТБ: күтім, ағарту ісі,  дайындау). Бұл ұйым ресми түрде ЖҚТБ-ның алдын алумен, АҚТҚ-ны жұқтырғандарға күтім көрсетумен айналыса бастады. Көп ұзамай АСЕТ әлемнің басқа да елдерінде жұмыс істей бастады. «СПИД (ЖҚТБ) және Сен» кітабы «ЖҚТБ туралы шындық» кітабының қысқартылып, қалың оқырман жұртшылыққа түсінерлік етіп берілген түрі. 2002 жылы бұл кітап осы күндері ЖҚТБ эпидемиясын басынан кешіп жатқан Африка елдерінде таратылу үшін миллион тиражбен үшінші рет басылып шығарылды. Кітаптың соңында Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдегі, Орта Азия елдері мен Қазақстандағы АҚТҚ-ны жұқтырғандарға сенушілердің көрсетіп жатқан қызметтері жайлы бірқатар мысалдар берілген.

Соңғы бірнеше жыл ішінде ЖҚТБ-мен ауыратындар  саны бұрынғы ТМД елдерінде, соның  ішінде Ресейде, бұған дейін болып  көрмеген жылдамдықпен көбею үстінде. 1988 жылы наурыз айында алғаш рет  Иркутскіге келгенімде өзге шетелдіктер  сияқты мен де жергілікті ЖҚТБ орталығында  АҚТҚ-ға анализ тапсырдым. Сол жерде  мен дәрігерден Иркутск облысы бойынша 20-ға жуық АҚТҚ-ны жұқтырғандардың ресми  тіркелгені туралы білдім. Іштей бұл  тым аз көрсеткіш, сондықтан қатты  мазалануға негіз жоқ деп ойладым. Бір жылдан кейін 1999 жылдың наурыз айында қалалық ауруханалардың біріне бас  сүйегі – ми жарақатымен бір жас  жігіт түсті, тексеріс барысында  одан АҚТҚ   табылды. Шамамен сол  кезде басқа ауруханадан осыған ұқсас жағдайда АҚТҚ-ны жұқтырған  басқа бір ауру тіркелді. Ол да басына зақым алған жігіт оқитын училищеден болып шықты. Дәрігерлер нашақорларды анықтау үшін дереу сол оқу орнына аттанып, оқушыларды АҚТҚ-ға тексерістен өткізді. Суық хабар Иркутскіге лезде жайылды: тексеріс қорытындысы училищеде оқитын студенттердің көпшілігінде АҚТҚ-ға оң нәтиже берді! Бұл жігіттер есірткіні қан тамырына еккен, АҚТҚ-ны ортақ шприц пен инеден бір-біріне жұқтырған. Дәрігерлер нашақорларды жүйелі түрде тексере бастады, сонда жаңадан тіркелген вирус жұқтырғандар саны геометриялық прогрессиямен көбейе бастады. Осылайша жыл соңына дейін Иркутск қаласынан 2600-ден астам, облыс көлемінде 1200-ге жуық вирус жұқтырғандар анықталды. Қазір Иркутск облысында 17 000-нан астам АҚТҚ  жұқтырғандар бар. Осыған ұқсас жағдайлар Ресейдің басқа қалаларынан да байқалады, бүкіл ел көлемінде ЖҚТБ эпидемиясы басталды. Ресейдегі АҚТҚ жұктырғандар санының өсу темпі Африканың вируспен ең көп залалданған облыстарындағы тарау жылдамдығын басып озды.

1998 жылы Иркутскідегі мектеп оқушылары  арасында ЖҚТБ-ның алдын алу  жұмысын бастаған кезімде, көп  адамдар қатты уайымдап, мазасызданудың  қажеті жоқ. АҚТҚ тек оны  жұқтырып алу қаупі ерекше  төнетін топ: нашақорлар, гомосексуалдар  мен жезөкшелер үшін ғана қатерлі  деді. Эпидемияның басында АҚТҚ  жұқтырғандардың шынымен 97% –ын  нашақорлар құрады, бірақ бұл  қатерлі аурудың таралуының алғашқы  толқыны ғана болатын. Көп кешікпей  АҚТҚ халықтың басқа топтарына  да жетіп үлгерді. ЖҚТБ бұл  күндері көбіне жыныстық қатынас  арқылы тарайды — бұл эпидемияның  екінші толқыны деп аталады.  Ол біріншісіне қарағанда анағұрлым  қатерлі, өйткені төсек қатынасынан  ауру жұқтырып алдым-ау деп  сезіктеніп АҚТҚ-ға анализ тапсыруға  баратындарды табу қиын немесе  некен саяқ. Ауру жұқтырғаны жайлы  адамдардың көпшілігі тіпті білмейді де. Олар басқаларға ауру жұқтырып, өздерінің қауіпті өмір сүру қалпын одан әрі жалғастыра береді. Адам АҚТҚ жұқтырған болса да денсаулығы кінаратсыз болып, өзіне төніп келе жатқан қауіптен еш хабарсыз болып бірнеше жыл бойы өмір сүре бере алады.

Мен Иркутскіде АҚТҚ-ны жұқтырған алғашқы  адамдармен кездестім, олармен есірткіге  тәуелділерге арналған денсаулықты  қайта  қалпына  келтіру (реабилитация) орталығында танысқан болатынмын. Бұлар  не бары 20-25 жаста еді, менің құрдастарым  болатын. Тәрізі олар вирусты ортақ  шприц арқылы басқа нашақорлардан  жұқтырған іспетті. Мен  осы жігіттер мен қыздарға барып тұрдым, соңынан  дос болып кеттік. Жаратқан Иенің  көмегімен олар есірткіге тәуелділіктен  құтылды, бұған олар сондай қуанды, әйтсе де, олар өздерінің болашақтарынан қатты қорықты. Олар өздерін жақсы  сезінді, дендері сау болып  көрінді. Өздері қалыпты жастар сияқты олар да тамаша өмір жайлы армандады. Алайда АҚТҚ жұқпасының құрбандарына айналды, өйткені олар өз өмірлерінде орны толмас қате жіберді.   Олар сүйіспеншілік  пен түсінікке мұқтаж еді. Қазір  Ресейде және басқа да ТМД елдерінде  осындай он мыңдаған жастар бар және олардың саны күннен күнге ұлғая  түсуде.

2005 жылдың қантар айында Ресейде  АҚТҚ-ны жұқтырғандар ресми түрде  305 мыңнан аса тіркелді. Ал бұл  не бары ресми ғана көрсеткіш.  Бұлар тек АҚТҚ-ға қанын тексергенде  оған оң нәтиже бергендері  ғана. Ал қаншама адам тексерілмей  жүр? Дәрігерлер мұндай тексерісті  наркодиспансерлерде емделгісі  келетін нашақорларды, әскер қатарына  шақырылғандарды дәрігерлік комиссиядан  өткізгенде, жүкті әйелдерді бақылаған  кезде ғана жүргізеді. Ал бұлар  қоғамның шағын бөлігін ғана  құрайды. Дәрігерлердің көбі АҚТҚ  жұқтырғандардың шынайы саны  ресми тіркелгендерден әлденеше  рет көбірек деп ескертеді.  Бүгінде Ресейде  900 мың адам АҚТҚ  жұқтырған болуы мүмкін. ЖҚТБ-мен күрестің Бүкілресейлік федералдық орталығын басқаратын Вадим Покровский жуырдағы он жыл ішінде миллион ресейлік осы аурудан көз жұмуы мүмкін, Ресейдегі АҚТҚ /ЖҚТБ эпидемиясы тұрғындарының 30% осы ауруды жұқтырған «африкандық дәрежеге» жетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қандай қорқынышты сандар! Болашақта осы адамдардан қаншама адам жыныстық қатынас арқылы ауру жұқтырмақ? Ресейде 5 жылдан кейін АҚТҚ  жұқтырған қаншама бала дүниеге келмек?  Осындай мәселелер бізді алаңдатып, табанды іс-әрекеттерге итермелеуге тиіс.

  Бүгінгі  күні бүкіл әлемнің  басына төніп тұрған осындай  апатпен күресте Иса Мәсіхке  сенетіндердің ғана жеңіп шығатынына  күмәнім жоқ. Сенушілер қауымы  адамдарға өмірлеріне дұрыс бағыт  беруге көмектесетін теңізшілерге  арналған маяк іспетті, қоғам  үшін тұз бен нұр болуға  тиіс. Әлемнің көптеген басқа  елдеріндегі сенушілер осы қасіретпен  белсене күрес жүргізіп келеді. Олар жастар арасында ЖҚТБ-ның  алдын алу жұмыстарымен айналысып,  жұбайлық адалдық пен салауатты  өмір салты туралы Киелі кітапта  үйретілген құндылықтарға назарларын  аудартады. Сенушілер қауымдары  адамдардың кемшіліктерін әшкерелеп,  ар-ұждандарын оятып, олардың  жаман қылықтарына бола бастарына  төніп тұрған өлімге соқтыратын  қауіптің алдын алатын,  қоғамның  жағдайын дұрыс бағалап, ескертетін  дауысқа айналуға тиіс. Алайда  сенушілер тек айтып қана қоймай, ЖҚТБ-мен ауыратын адамдармен  қарым-қатынас жасаудың үлгісіне  айналып, өздері іс-жүзінде қызмет  көрсетулері де қажет. Көптеген  елдерде сенушілер АҚТҚ-ны жұқтырған  нашақорлармен, олардың отбасыларымен  жұмыс жасауда. Басқалары аурулардың  үйлеріне барып, оларға күтім  көрсетіп, ата-аналары өліп, жетім  қалған балаларды асырап алып, балалары ЖҚТБ-дан өліп, олардың  соңында қамқоршысыз қалған қарт  адамдарға көмек көрсетуде. АҚТҚ  жұқтырған адамдарға қызмет көрсетуді  мақсат етіп қойған көптеген  сенушілер ұйымдары мен қызметтері  бар. Олардың кейбіреулерінін  іс-тәжірибесі жайлы кітабымыздың  «Әрекет жасайтын мезгіл жетті»  атты соңғы бөлімінен оқи аласыздар.

ЖҚТБ-ға қарсы күреске жеке өз үлесіңізді қосу үшін сізге белгілі бір ресми  ұйымның мүшесі болу міндетті емес. Егер сіз АҚТҚ-ны жұқтырған адамның  жақын досына айналсаңыз, мұның өзі сіз атқарған үлкен іс. Ауру жұқтырған адамдар қоғамнан аластатылып қуылғандарға айналады, олар өздерін қоршаған адамдарға аурулары жайлы айтуға қорқады. Өйткені көбіне оларды қуғындайды, олардан тіпті ең жакын адамдары, достары қашқақтап, қорқатын болады. Заңға қайшы келетініне қарамастан ауруларына бола оларды жұмыстарынан босатады. АҚТҚ-ны жұқтырғандардың көпшілігі үшін аурудың өзі емес, маңындағы адамдардың бола олар тап болатын жалғыздықтың қорқынышы. Бұл аурулар әлі де болса тірі, бірақ көптеген басқалар үшін олар өлгендер санатында. Иса Мәсіх жер бетінде болған кезінде осы күнгі үмітсіз жағдайда жүрген АҚТҚ жұқтырғандар іспетті сол кездегі алапеспен ауыратындардан қашқақтап, бас тартқан жоқ. Иса адамдардың қате түсініктерін  әшкерелеп, ауру адамдармен қарым-қатынас жасап, олардың сауығуы үшін мінажат етіп, өз істерімен оларға Құдайдың сүйіспеншілігін көрсетті. Осындай адамдарға қайырымдылық көрсету, риясыз көмек беру жайлы үйретті (мысалы, қайырымды самариялық жайлы астарлы әңгімені есіңізге түсіріңізші). Иса өз өмірімен бізге басқалар үшін өз жанын құрбан етуге баратын сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетті. Ол басқа адамдарға қатысты біздің Оның қолдары, Оның жүрегі болу жауапкершілігін бізге үлестіріп берді. Бізге, яки, Оның қауымына, маңызды үндеу тасталды: ЖҚТБ эпидемиясы өзінің таралу жылдамдығын күшейтті. Әрекет жасайтын мезгіл жетті.

Мен осы кітабымыз адамдарға ЖҚТБ ауруына қатысты қалыптасқан  көптеген түсінік-нанымдарды жоюға, төніп  тұрған апаттың көлемін ұғынуға  көмектеседі деп үміттенемін. Мен  осы кітап сіздерге АҚТҚ  жұқтырған  адамдарға деген Құдайдың  көзқарасын ашып көрсетсін деп мінажат етемін. Жаратқан Иеміз сіздердің жүректеріңізге Өзінің рақымдылығын, іс-әрекет жасауға  деген құлшынысын, өзіңізді қоршаған басқа адамдар үшін Оның істейтін қолдары мен сөйлейтін ауыздары болуға деген ынта-жігерін сала гөрсін. Осы іспен Оның қауымынан басқа  кім айналыспақ?

 

Марек  Сланский -ТМД елдеріндегі АСЕТ-тің өкілі

 

Кіріспе:

 

Сенушілердің   ЖҚТБ-ға қарсы күреске ат салысуы

ЖҚТБ: дереу  әрекет ету қажет

 

Егер  еш нәрсе өзгермесе, 200 миллионнан астам  ерлер, әйелдер және балалар ЖҚТБ-дан (СПИД, ЖИТС) өлетін болады. Бұған дейін 20 миллионнан астам ересектер мен балалар ЖҚТБ-мен ауырып, қайтыс болды. Жаңа эпидемия бұрынғы қай кезге қарағанда да тезірек таралып, жыл сайын он жыл бұрынғы есеппен салыстырғанда төрт есе көп адамның өмірін алады. Адамдар оның қаупін жете түсінбейді немесе ол туралы еш ойлағылары да келмейді.

Информация о работе Туберкулез