Туберкулез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:56, реферат

Описание

ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.

Работа состоит из  1 файл

Туберкулез.docx

— 334.77 Кб (Скачать документ)

 

Кім өзін «аурудан қауіпсізбін» деп айта алады?

Италияда  ЖҚТБ-ны нашақорлардың обасы (чумасы) деп айтады. Ал Африкада оны ерлер мен әйелдердің обасы дейді. Ұлыбританияда алғашқыда бұған гейлердің ауруы деген атақ таққан. Бірақ бәрі де өзгереді. ЖҚТБ — қарым-қатынас ауруы және оның вирусы арақатынас жолымен таралады. Ол ерлер клубтарында, фабрикаларда, кеңселерде, би кештерінде, мектептерде таралады.

Бір нәрсені шүбәсіз айтса болады: ЖҚТБ ешқандай шекараны  білмейді —  ұлтты да, нәсілді де, жеке басты  да, жыныстық бағытты да. Вирус жыныстар арасында, жыныстық қатынаста болған бір жынысты адамдар арасында немесе қан я болмаса бір адамның  денесінен бөлінетін сұйықтардың  басқа біреудің қан айналымына енген  кезінде таралады.

Ұлыбританияда АҚШ-тағыдай алғаш ауру жұқтырып, ең көп жапа шеккендер гомосексуалдар қауымдастығы. Өзіміз байқағандай, таяқтың  бір ұшы бір топқа бірнеше  жыл бұрын тиіп кетсе болғаны, мәселе 100 есе ұлғаятыны анық. Егер сіз сол топтың мүшесі болсаңыз, бұл сізді ЖҚТБ-мен ауырасыз деген  жалған әсерде қалдыруы мүмкін.

 

 Түйеқұстың  қылықтары  

Әрдайым адамдарға тым кеш болмайынша, өздеріне қауіп төніп тұрмағандай  көрінеді. Үкімет те солай ойлайды. Сан-Францисконың билік иелері  Нью-Йорк пен Лос-Анджелестегі жастарды өлтіріп  жатқан ЖҚТБ деп аталатын жаңа ауру туралы бәрін білді. Олар аурудың  таралу белгілерін өз қалаларынан іздей  бастады. Бірақ олар уақытты бекерге  өткізіп алды. Үкімет басы бұл мәселенің  жедел екендігін түсінгенде, гей  қоғамдастығындағы әрбір төртінші адам АҚТҚ-ны жұқтырған болып шықты. Дәл осындай оқиға Азия мен  Африканың көптеген жерлерінде орын алған, бірақ онда вирус әйелдер  мен ерлер арасындағы жыныстық қатынас  арқылы таралған.

Көптеген  қауымдардың жетекшілері түйеқұс  іспетті «бастарын құмға сұғып  жасырады». Олар маған: «Біздің қауымда  ЖҚТБ мәселесі жоқ», — дейді. «Онда  сіздің қауымыңыздың басқалардан ерекше болғаны ғой», — деп жауап қатамын. Қауымдар өсіп жатқан жерде адамдар  сенім жолына түсіп, өмірлері өзгереді. Бірақ егер бір керемет болмаса, олар жұқтырып алған АҚТҚ өзінен-өзі  жоғалып кетпейді.

 

«ЖҚТБ бұл  жерде ешқашан болмайды»

Орталық Африканың кейбір бөліктерінде барлық жас әйелдер мен ерлердің әрбір  бесіншісі ЖҚТБ-дан өлімге кесілген. Енді біз ЖҚТБ Африкада АҚШ-тағыдай 60-жылдары болғандығын білеміз. Барлық медицина қоғамының қырағылығына қарамастан, адамдар осы аурудан өліп жатқан. Ал 1983 жылы Африкада ЖҚТБ-мен ауырған  деген тек бір ғана мәлімет  тіркелген. Тек сол жылы ғана біз  Орталық Африкада болып жатқан апатты кенеттен түсіне бастадық. Он мыңдаған адам ЖҚТБ-дан көз жұмып, миллиондаған адам ауру жұқтырған. Оларға көмек беру тым кеш болды.

Азияның кейбір бөліктері мен ТМД елдерінде  індет тез жайылуда, мысалы Шығыс  Еуропада (Ресей Федерациясы, Украина  және Белоруссияны қоса есептегенде) және Орталық Азияда АҚТҚ-ны жұқтырғандар саны небары біразырақ жылдың ішінде күрт өсті — 2004 жылдың соңына қарай  бұл көрсеткіш 1,4 млн адамға жетті. Он жылдан аз уақыт ішінде 10 еседен аса өсті. 2004ж. АҚТҚ-ны жұқтырғандар саны шамамен 210 000 құраса, сол 60 000 адам ЖҚТБ-дан көз жұмды. Тек Индиядағы  Мумбай (бұрынғы Бомбей) қаласының  өзінде әр түні 1000-нан аса адам ауру жұқтырады. Солтүстік-шығыс Үндістанның  шамамен 40000 тұрғыны бар ауылдарына барғанда солардың 8000-ы күре тамырға  героин шаншитынын, ал 4000-ы ауруды әлдеқашан  жұқтырғанын білдім. Мен өлім аузында  жатқан бағушының ұлының қасында  болдым және оның үлкен ағасы да әлдеқашан ЖҚТБ-дан қайтыс болған екен. Бүкіл ұрпақ апатқа ұшыраған. Әйтсе де, жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалатын қарапайым  жол бар.

 

Соғыстан  да жаман

Егер  АҚТҚ-ны жұқтырғандар алты апта ғана өмір сүретін болса, онда АҚШ-тың халқы  аза тұтып, экономикасы төмен  құлдырап, бүкіл халық дүрлігер еді. Вьетнамдағы он жылға созылған соғыста  АҚШ әскерінің 50 000 жас жігіті қыршын кеткен. Қазіргі уақыттағы миллионнан аса АҚТҚ-ны жұқтырғандарды есепке алатын болсақ, ЖҚТБ-мен салыстырғанда  майданда қаза тапқандардың саны болмашы  ғана болып көрінеді. Тіпті сіз  осы кітапты сатып алғаннан кейінгі  аралықта, АҚШ-та ауру жұқтырды деген  бірде-бір мәлімет тіркелмеген  күнде де, ондағы ажалы жеткендердің саны Вьетнамның жиырма соғысына пара-пар  болмақ.

Ал  Африкада ше? Біз қолға қару алдыратын  дау-дамайлар эпидемияның таралуына  септігін тигізетінін білеміз. Бүгінгі  күндегі соғыстардың көпшілігі  халықтар арасындағы емес, азаматтық  соғыстар. Бұл миллиондаған босқындардың елден безіп кетуіне жол береді. Заң мен тәртіп бұзылғанда және қарулы топтар көшелерді бағындырып немесе торуылдап, қозғалысты тоқтатып жатқанда, денсаулық сақтау жүйесін қолдап, көтермелеу мүмкін емес. Алдын алу ұйымдары күйрейді, ауру еш кедергісіз таралады. Тәртібі нашар қарулы жасақ топтарында ер адамдардың жиі жыныстық серіктері көп болады, оларды не қарудың күшімен не көрсетер қызметінің төлемі ретінде мәжбүрлейді. Нәтижесінде АҚТҚ аса жылдамдықпен таралады.

Кейбір  ресми емес мәліметтер бойынша Кенияның бірқатар әскер топтарындағы АҚТҚ жұқтырғандардың  саны 90%-ды құрайды. Біз Оңтүстік Африканың  көптеген қоғамдарында мәселенің өршіп  тұрғанын білеміз, онда әрбір бесінші  адам ауру жұқтырған. Бұл — жүз  миллиондаған адамға ойға кіріп-шықпайтындай күйрете соққы беретін індет.

 

Кім сонда  қауіпсізбін демек?

Егер  сіз АҚТҚ-ны жұқтырмасаңыз және ауру жұқтырмаған, әрі тәуекелге бел  байлап есірткіні күре тамырға шаншымайтын  не қауіпті медицина процедураларына  жүгірмейтін, өз серігіңізге адал болсаңыз, сізге ЖҚТБ тарапынан қауіп төнбейді.

 

ЖҚТБ жайлы  еш жаңалық жоқ па?

Жыныс жолдарымен жұғатын аурулар жүздеген жылдар бойы бар болып келеді. Қырық  жыл бұрын мерезге (сифилис) қарсы  дәрі табылғанша, ол мыңдаған адам өмірін алған. Соз (гонорея) үнемі жылдам таралған және осы күнге дейін біздің дәрі-дәрмектермен емдегенімізге көбіне бой бермейді. Ең бір мәселе туғызатын ауру —ұшық (герпес), бұл ауруды жұқтығанда жыныс  жолдарында күлдіреген жаралар пайда  болады және жыныстық қатынас жасау  мүмкін емес. Ол өмір бойы біресе пайда  болып, біресе жоғалып отырады. Оның ешқандай емі жоқ. Егер сіз жыныстық қатынасты жасөспірім шағыңызда  бастасаңыз әрі жыныстық серіктеріңіз көп болған болса, жатыр мойнының рагымен ауырып қалуыңыз әбден мүмкін. Көптеген әйелдер бедеу болып қалған. Бұл көбіне әйелдерді іштен бүлдіретін жыныс аурулармен байланысты. Әдетте бұл денсаулыққа зиян келтіргеннен кейін ғана білінеді.

 

Екінші  тарау

Вакцина, дәрі-дәрмек және сақтандырғыштар

 

Ешкім де жалғыз ЖҚТБ-ның өзінен өлмейді

 

ЖҚТБ  — белгілі бір вирустың ағзаңызды  соншалықты әлсіретіп, оған басқа микробтардың енуіне жол беріп, сізге ажал әкелетін жағдайдың атауы. Әдетте сіздің ағзаңыз  зиянды микробтарды оңай жойып жібереді. Бұлай болудың себебі, сіздің бойыңызда  иммунитет бар. Сіздің иммундық қорғанышыңызға қатты зиян тигенде, біз сізге  иммундық тапшылықтан жапа шегіп  жүрсіз деп айтамыз. Кейбір адамдар  әлсіз иммундық жүйемен туады, ал басқаларда иммундық жетіспеушілік  аурудың нәтижесінде дамиды. АҚТҚ ағзаға инфекцияның салдарынан енетін болғандықтан, біз бұл ауруды жұқтырған  қорғаныш тапшылықтың белгісі (ЖҚТБ) дейміз.

АҚТҚ  — адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (вирусы) деп талдап түсіндіріледі, бұл ЖҚТБ-ны тудыратын қоздырғыштың (вирустың) ғылыми атауы.

Қандай  атауды қолдансақ та, инфекцияның  даму сатылары бар екендігін түсіну маңызды. Ең алдымен адам инфекцияны тасымалдаушыға айналады, бұған қарамастан ол өзін жақсы сезінеді. Содан соң  аурудың ушығуының алғашқы белгілері  пайда болады және кейін ол өлімге әкеп соғады. Бұл үрдіс бірнеше  жылға ұласады. Адамның сырт келбетіне  қарап оның бойында инфекцияның  бар-жоқтығын ажырату мүмкін емес.

 

Вирус (қоздырғыш) дегеніміз не?

Вирус роботқа немесе компьютер бағдарламасына ұқсас. Онда сіздің тәніңіздің жасушаларына вирусты қалай көбірек өндіру керектігін үйрететін нұсқаулар  бар. Вирус дегеніміз — ішінде генетикалық бағдарламасы бар ақуыз  құты. Бұндай бағдарлама сіздің шашыңыздың түсін, мұрныңыздың немесе құлағыңыздың пішінін анықтайды. Гендер сіздің бойыңыздағының бәрінің қандай болуы тиіс екенін алдын ала бағдарлап қойған және бір таңқаларлығы тәніңіздің әрбір  жасушасының ішінде дерлік сіздің дәлме-дәл  көшірмеңізді жасап шығаруға жетерліктей  барлық нұсқаулар бар!

 

Жауынгер  жасушалардың құртылуы

Вирустың  ішіндегі бағдарлама бар-жоғы бір немесе екі нұсқаудан тұрады, бірақ бұл  нұсқаулар дұрыс емес. Егер осы  вирус қанның ақ денешіктерінің ерекше түрлерінің біреуінің үстіне кірпік қағым уақыттан сәл көбірек жабысып  тұра алатын болса, вирус кішкентай  көпіршік тәрізді жарылады да, жасушаның  ішіне өлтіретін бағдарламаны бүркіп жібереді. Бірнеше минуттан кейін  жасуша осы бағдарламаны өз «миына», яғни ядросына, көшіріп алады да, енді бұл жасушаның ядросы әрдайым  сол бағдарламамен жүретін болады.

Бірнеше апта, ай немесе тіпті жылдар бойы ауру жұқтырған жауынгер жасуша қан тамырларында не дененің тканьдарының арасында жүзіп  жүре береді. Бұл жасушаның бір  ғана мақсаты бар: микробтарды тауып, оларды құрту. Микробтардың жүздеген түрі бар және ақ денешіктердің әрбір  түрі олардың арнайы бір түріне шабуыл жасау үшін жаратылған.

 

Біз неге ауырамыз?

Вирус жауынгер жасушалардың белгілі бір  түріне ғана шабуыл жасайды және олардың  саны азайған сайын ағзаға белгілі  микробтарды өлтіру қиынға соғады. Сіз әдеттегі жөтел мен суық тигеннен лезде айығып кетесіз. Әдеттегі микробтардың көпшілігі тез өледі, әйтсе де, біреуі не екеуі кедергісіз өсе береді. Нәтижесінде еш күтпеген өкпе инфекциясы, құрт ауруы (туберкулез) немесе басқа аурулар туындайды.

Осындай микробты кездестіргенде жауынгер жасуша әрекет ете бастайды. Жылдар бойы маужырап келген күйден оянып, жасуша қарқынды жылдамдықпен антиденелерді өндіре бастайды. Бұл антиденелердің пішіні микробтың үстіне дәлме-дәл сәйкес келіп, антиденелер микробтарды  орап алып, оларды өлтіреді. Бірақ егер жасушаның бағдарламасы өзгеріске  ұшыраған болса, механизм тоқтап қалады. Жаңа бағдарлама іске кірісіп, жасушаның  антиденелерді өндіруін тоқтатуды  бұйырады. Бұйрыққа бағынып жасуша антиденелердің орнына жаңа вирустарды өндіре бастайды. Неғұрлым жасуша ұзақ ауырса, соғұрлым ол ұлғая түседі. Ақырында ол жарылып, қанға миллиондаған жаңа вирустарды шашады. Олардың әрқайсысы  қанда бар-жоғы бірнеше минут  қана тұрақтайды. Сол уақыт ішінде ол балғын таза ақ жасушаға жабысып, жарылады, жаңа жасушалардың — жауынгер жасушалардың бағдарламасын өзгертеді, мәселен, ми жасушаларын. Біраз уақыттан кейін  ағза әлсірейтіні соншалық оны басқа  да қабынулар (инфекциялар) меңдей бастайды.

Осы инфекциялардың кейбіреулері жеңіл  сырқатқа әкеп соқтырады немесе адам салмағын жояды. Алайда өкпе инфекциясы емдеуге оңайлықпен көнбейді, тіпті  адам өмірін әкетеді. Ешкім де ЖҚТБ-ның  өзінен өлмейді. АҚТҚ-ны жұқтырған адамның  иммундық қорғанышы бұзылғаннан  кейін, оның денесін әлсірететін  басқа бір жұқпалы аурудың  немесе ЖҚТБ-мен байланысы бар  рак ауруының нәтижесінде қаза болады. АҚТҚ-ны жұқтырғандар көбіне туберкулезден  қайтыс болады.

 

Емдеу, вакцина  және сақтандырғыш жайлы таңғаларлық  «жаңалықтар»

Біз ЖҚТБ-ға қарсы жасалып шығарылған ғажайып жаңа дәрі-дәрімектер туралы апта сайын дерлік оқып не естіп  жатамыз. Бізге біреу вакцина  тауыпты, енді сақтандырғышты (мүшеқапты) қолданса, жыныстық қатынаспен айналысу қауіпсіз дейді. Егер осылар рас болса, бұл шынымен жақсы жаңалық. Бірақ  ол солай ма? Кейбіреулер егер пәктігін жоғалтпаған адаммен жыныстық қатынасқа  түссең, ЖҚТБ-дан айығасың дейді. Сандырақ. Адамдардың соншалықты сенгіштігі таңғалдырады.

Сіздің  оқитындарыңыз бен еститіндеріңіздің  көбі — бос сөз. Егер кейбіреулер  айтып жүргендей ЖҚТБ-ның дәрісі табылса немесе жақсы вакцина  табылған болса, дәрігерлер, медбикелер және үкіметтер уайымдауларын доғара алар еді. Бәрінің де инфекцияның  таралуының алдын алу қамын ойлап  жүруінің себебі оның ешқандай емі  жоқтығында және ертелі-кеш пайда  болу мүмкіндігінің аздығында. Қазіргі  уақытта тиімді вакцина жоқ және алдағы онжылдықта табылып қалуы  да неғайбіл. Одан сорақысы — көпшілік жұрт ойлағандай сақтандырғыштар (мүшеқаптар) сондай қауіпсіз де емес.

Мен жуық арада вирусты өлтіретін, ағзамызға  қауіпсіз дәрі-дәрмектер шығарылады деп үміттенемін. Сол іске асқанда, бізде тұмаудың, әдеттегі суық тиюдің, полиомиелиттің, сарыаурудың (гепатит), ұшықтың (герпес) және көптеген басқа  аурулардың, сонымен бірге ЖҚТБ-ның  де дәрі-дәрмектері болады. Бірақ оған әлі алыс.

Қазіргі шақта бізде оны жүзеге асыратындай  қажетті технология жоқ. ЖҚТБ-ны емдеу  үшін бізге ағзаның ішіндегі әрбір  жеке жасушамен жұмыс жасай алатындай  ғажайып құралдарды ойлап табу керек. Адамды Айға немесе Марсқа қондырудың өзі ЖҚТБ-ға қарсы дәріні ойлап  табумен салыстырғанда, оп-оңай ғана шаруа. Оны тапқан адамның есімі  ең ұлы өнертапқыштардың бірі ретінде  адамзат тарихында мәңгі қалатын  болады. Ол туралы ХХІІ ғасырда да кітаптар жазылатын болады. Ал бізге әзірше жүздеген лақап «емдеулер» жайлы  оқуға тура келеді. Мәселе ЖҚТБ-ға шалдыққан  адамдардың сол аурудың өзінен өлмеуінде. Өзіміз байқағандай, адамдар ЖҚТБ-ның  ағзаны әлсіретуінің нәтижесінде пайда  болған аурудан немесе инфекциядан  өледі. Дененің осы инфекциялардан құтылуына көмегін тигізетін  дәрілердің бәрі науқасқа үлкен қолғабыс бола алады. Науқастар үйлеріне сергек болып оралады және кейде бірнеше  ай бойы өздерін жақсы сезінеді. Олар тағы бір жаңа инфекцияны қабылдағанша, адамдар оларды айығып кетті деп ойлайды. Және бұл лақап сөз бен жалаң мәліметке жол ашады: «Мен мына ерекше антибиотикті қабылдай сала бір күннен кейін ауруымды түгелдей ұмытып, ауруханадан шықтым. Енді менде ЖҚТБ жоқ».

Информация о работе Туберкулез