Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 17:56, реферат
ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚПАСЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН КӨЗДЕРІ
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылыДүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.
Мен өмірімде алғаш рет көрген ЖҚТБ-мен ауырған адамды ешқашан ұмытпаймын. Ол жас жігіт, студент болатын, аурухана бөлмесінде жатып қара терге малынған, қақырығына тұншығып, демін әрең алып, тұла бойын үрейлі қорқыныш билеген еді . Оның бетінде оттегінің маскасы, денесінде көптеген түтікшелер болды. Жігіт сол жан түршігерлік бөлмеде мүлдем жалғыз жан тапсырайын деп жатыр екен.
Мен
әлемдік деңгейдегі күллі медициналық
құралдармен жабдықталған, дәрігерлер
дайындайтын Лондондағы бір ауруханада
осындай аурудың жападан жалғыз
қалғанын көріп, қатты күйзелдім. Бірақ
1987 жылғы жағдай осылай болатын. Бұл
Ұлыбританияда өлім аузында жатқан
ауруларды күтетін ешбір
Мен бұдан былай бекер қарап жүре алмадым. Сол бөлімшеде Құдайға рухани жағынан ұқсас етіп жаратылған көмекке өте мұқтаж бір адам жатты. Мен оның өмір сүру салты және ауруға қалай шалдыққаны жайлы барлық сезімдерімді шетке ысырып қойып, оған күтім көрсетіп, жәрдем бергеннен басқа не істей алар едім?
Тіпті оның өз отбасы сол жігіттің сырқат екенін де білмейтін. Олар өзімнен бас тартады деп қорқып, ол құпиясын өзімен бірге о дүниеге алып кетпекші болды. Ішіп жатқан дәрілері оның жан азабын жеңілдетуге еш дәрменсіз еді. Бұл өлім аузында жатқан ауруларды күтетін медицинаның одан жиырма жыл бұрынғы дамымаған күйіне ұқсас болды.
Мен
дәрігер-онколог білімін алып, өлім
аузында жатқан аурулардың үйлеріне
барып күтім көрсетуге
Алайда
ЖҚТБ науқастарынан тек медицина
қызметкерлері ғана бас тартқан
жоқ. Сенушілер қауымдары да оларды
саусақпен шұқып көрсетіп, моральдік
пікірталас жүргізді, ал олардың нақты
беретін көмегі тым аз еді. Менің
де олардан айырмашылығым болмады:
осынау бір ұнамсыз жаңа аурумен
айналыспаудың сылтауын табуға тырыстым.
Содан кейін өзімнің қаншалықты
тасжүрек болғандығымды әрі осындай
науқастарға деген менің
Бұл кітап «ЖҚТБ туралы шындық» атты кітаптың қысқа нұсқасы ретінде алғаш 1989 жылы жарық көрген. Оның мақсаты әр түрлі сенушілер қауымдарын ЖҚТБ-мен жапа шеккендерге жанашырлықпен қол ұшын беруге жігерлендіру болды. Ондағы басты назар ауруларға күтім көрсету және мектептердегі ағартушылық, алдын алу шараларына бағытталды. Сенім тұрғысынан ЖҚТБ жайында қысқа да әсерлі кітап жазуды өтінген әлемнің әр жеріндегі адамдардың сұранысы бойынша бұл кітап түзетулер енгізіліп, толықтырылып, қайта басылып шықты.
Менің
1989 жылғы ескерткен барлық нәрсем
дерлік, өкінішке орай, бүгінгі күнде
шындыққа айналды. Дегенмен, миллиондаған
адамның шеккен ауыр азабы мен
қайғысы болашақта өткен-
АҚТҚ-ны
(ВИЧ-ті) жұқтырғандардың саны 60 миллионға
жеткенмен, эпидемия әлі де болса
өзінің бастапқы кезеңінде. Африкалық
үлгідегі инфекция Азияның және басқа
да құрлықтардың көптеген елдерінде
кең ауқымда тарала бастады. Бірақ
та біз 15 жыл бұрын Угандада көргеніміздей
үкімет тарапынан ЖҚТБ-ға қарсы аса
белсенді, көп сатылы шаралар жан
түршігерлік аз көлемде жасалуда.
Көптеген елдерде ЖҚТБ-ға қарсы күресте
сенушілер алдыңғы қатарда ат
салысуда. Оңтүстік Африкада архиепископ
Десмонд Тутудың бағалауынша
АҚТҚ-ны жұқтырғандарға көмек беру
қоғамдық бағдарламаларының 60%-дан
астамын сенушілер қауымдары
мен ұйымдары атқаруда. Үндістандағы
ЖҚТБ-ға қарсы мәсіхшілер қозғалысы
25 мың қызметшіні жұмылдырған. Олар
ауруларға күтім көрсетуге
Мұны, сонымен қатар, бастамасы 1988 жылы кішігірім ұйымнан ұласқан Мәсіхтің атынан жанашырлықпен әрекет етуге тырысатын тәуелсіз агенттіктердің дүниежүзілік «АСЕТ» бірлестігінен де көреміз. Бұны, сондай-ақ, «Операция Мобилизация», «Самариялықтың қапшығы», «Тир Фонд», «Уорлд Вижн», «Мәсіхшілік көмек» және «Құтқару Әскер» тәрізді жүздеген сенушілер ұйымдарының қызметтерінен көреміз.
Уганда
— үкімет және сенімге негізделген
ұйымдар жұмыла әрекет еткенде қандай
нәтиже шығатынын көрсететін тамаша
мысал. ЖҚТБ-ның алдын алу
Әр дәстүрді ұстанатын мәсіхшілер қарапайым екі мақсат үшін еш қиындықсыз біріге алады:
Біз
— мәсіхшілер ЖҚТБ мәселесіне тап
болғанда, көбінесе ешқандай әрекет етпейміз
немесе бір нәрсенің бұрыс екендігін
мәлімдеу үшін Киелі кітапқа не қауым
ілімдеріне сілтеме жасауға асығамыз.
Осындай әрекетімізден біз
Мысал үшін «Жохан жазған Ізгі хабардағы» Иса және неке адалдығын бұзған әйел туралы әңгімені алайық. Шын мәнінде әңгіме жұрт алдына шығарылмаған ер адам жайлы. Екі адам күнә жасаса да, ер адамды, оның күнәсін көзге іліктірмей, ашынған бір топ еркек тек әйелді өз беттерімен жазалаудың сылтауын іздеуде. Исаның өмір сүрген заманында иерархия болатын: әйелдердің неке адалдығын бұзуы өлім жазасына кесілетін, басқа күнәлар соншалықты ауыр жазаланбайтын, ал еркектің неке адалдығын бұзуы сөзге тұрмайтын жайт секілді еді.
Исаға
осы екіжүзді көзқарас жиіркенішті
болды. Ол бір-ақ ауыз сөзбен үкім айтушылардың
бетін қайтарды: «Араларыңда кімде-кім
күнәсіз болса, сол әйелге бірінші
болып тас лақтырсын». «Бүгінгі тұрғыдан
айтқанда, сіз газет дүңгіршектеріндегі
әдепсіз журналдарға көзін
Ешкім
орнынан қозғалмады. Алдымен үлкендері,
содан кейін басқалары бірінен
соң бірі шығып кетпейінше, Иса
олардан көз алмай қарап
Мәсіхші бола тұра біз, Исаның айтқан екі нәрсесінің арасында қалып қоямыз: біз немесе әдеп пен ахлақ (мораль) жайлы айтуға асығып, басқаларға үкім шығарып күнә жасаймыз немесе нақты әдеп пен ахлақ ережелері жоқ терең тұңғиыққа құлай тұра, Құдайдың мейірімділігі мен сүйіспеншілігін жариялауға асығамыз. Құдайдың шексіз сүйіспеншілігін және Оның мүлтіксіз өмір жайлы ережелерін бірге ұстанатын Исаның жолымен жүру үшін бізге Оның көмегі қажет.
Жаратылыстың
басталуынан Аянға дейін Киелі
кітап ілімдері мынаны үйретеді: өздерін
өмір бойына бір-біріне арнап некелескен
әйел мен еркектің жыныстық қатынастағы
біртұтастығы — бір тамаша сый
әрі екеуінің арасындағы махаббат пен
достықтың шарықтау шегі. Құдай жыныстық
қатынасты ұнатады, бірақ некеден
тыс жыныстық қатынас Оған ұнамайды.
Киелі кітап некеден тыс
Киелі кітап бізге жыныстық қатынасты екі адам «біртұтас» болғандағы құпия, рухани оқиға ретінде көрсетеді. Біз бұл оқиғаның тәндік жағын көреміз. Ерекше, қайталанбас адамды жасау үшін, әйелдің жарты жасушасы еркектің жарты жасушасымен қосылып, сөзбе-сөз айтқанда, біртұтас дене құрайды. Осындай бір-біріне қарама-қайшы талаптармен біз қалай өмір сүре аламыз? Исаның салып кеткен жолы анық: біз мұқтаждардың бәріне бірдей олардың соған қалай тап болғанына қарамастан, Құдайдың шартсыз сүйіспеншілігін көрсетуге шақырылғанбыз.
Егер менің үйімнің жанында машина соғылып, біреу ауыр жарақат алған болса, мен оған жәрдем беру үшін жүгіріп далаға шығамын. Мен оның мас болғандықтан апатқа ұшырағанын біліп, кетіп қалмаймын. Оған «жедел жәрдем» машинасында не жатқан палатасында маскүнемдіктің зияндығы жайлы уағыз да айтпаймын. Бірақ та мас күйде машина жүргізу қаншалықты қауіпті екендігі туралы барлық таныстарыма айтатын боламын.
Біз
АҚТҚ/ЖҚТБ-ны жұқтырған адамдарға
жәрдем беріп, күтім мен сүйіспеншілік
көрсетуге шақырылғанбыз. Біз адамдарға
барынша көмек беруге шақырылған
қызметшілерміз және бұл біздің артықшылығымыз.
Тіпті олардың өмір сүру салтын қоштамаса
да, мәсіхшілердің науқастарға
Мен Исаның жоғалған ұл жайлы айтқан әңгімесі туралы жиі ойлаймын. Ол өзіне тиесілі еншісін алып, оны үйінен шалғай жерде ысырап етті. Егер ол үйінен алыста жүргенде АҚТҚ-ны жұқтырып, ақылға келуге мұршасы болмай көзін жұмса, не болар еді? Мен оның әкесінің бір күні ертеңгілік тамақта газет оқып отырып, ұлының қайтыс болғандығы жайлы хабарландыруды көргендегі күйін көз алдыма елестете аламын. Ол жасқа булыға: «Он жыл бойы ешқандай телефон да шалмай, хат та жазбай, хабар-ошарсыз кеткен ұлымыздан қалған белгі осы», — деп жұбайын шақырар еді.
ЖҚТБ ауруына шалдыққан көптеген адамдар ешбір үмітсіз әрі Құдайсыз бұ дүниеден өтіп жатыр. Біздің көктегі Әкеміз адамдардың өз бетімен жүруіне еркіндік берсе де, Ол ешбір жанның да құрығанын қаламайды, қайта, Өзінен бір күн болса да ажырамауын тілеп, олар үшін аза тұтып қайғырады. ЖҚТБ ауруына шалдыққандар бүгінгі күннің алапестері — арам деп саналған науқастары. Олардан жұрттың бәрі де үркіп, алыстан қашады. Исаның алапеспен ауырған адамға қолын тигізгені 2000 жыл бойы еске алынып айтылып жүрген тарихқа енді. Бұл Өзінің жанын біз үшін қиғаннан кейінгі Құдайдың сүйіспеншілігінің ең керемет көрінісі болды.
Ерікті жәрдем беруші мәсіхші науқастың үйіне кіргенде, Иса да онымен бірге сол үйге енеді. Исаның Өзінің денесі жоқ, Оның рухани денесі — сенушілер қауымы. Оның көмек берер қолы, жүрер аяғы, жайдарлы күлкісі, жұбататын даусы, елжіреген жүрегі, басынан сипап еркелетері — біздерміз.
Адамдар өмірде байқай алатын Құдайдың тек бір ғана бөлігі — Исаның мендегі не сіздегі өмірі болатын шығар. Біз үйге кіріп біреуді құшақтасақ, оған су, дәрі не тамақ әкеліп берсек немесе біреудің қолын алатын болсақ, біз де тарихқа енеміз. Демек, біз Құдайдың сүйіспеншілігін көрсетіп, көбіне өзін Құдайдан мүлдем алшақ сезінетіндерге Оның жүрек сырын ашамыз.
Құдай
жолын елеп-ескермеудің
Көптеген
жұптар үшін өз дендерінің саулығына
сенімді болудың бірден-бір