ҚР Жер заңдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:22, дипломная работа

Описание

Жер адамзаттың бірден бір тіршілік ететін мекені, адамзаттқа дүниедегі ең қажетті материалдық объект болып саналады.

Адамзат қызметіндегі құқықтық қатынастар объектісі болып табылатын жердің құндылығы оның өзгеше бір ерекшелілігінде, яғни ол - мемлекет пен жеке және заңды тұлғалар арасындағы жер пайдалануға байланысты туындайтын жер қатынастарын реттеудің өзгеше кешенділігі, өйткені жерді ешқандай да мүліктік немесе табиғи объектілерге теңеуге болмайды.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………

І. Тарау. Жер қатынастарын реттеу, отандық және шетелдік тәжірибелер

I.1. Қазақстан Республикасының жер заңдарының қалыптасуы (1990-2004 ж.ж.) ……………………………….

1.2. Шетелдік жер құқық қатынастарына шолу……………..

II. Тарау. Жер заңдарының принциптері мен міндеттері

2.1. Қазақстан Республикасының жер заңдарының принциптері ……………………………………………………
2.2. Қазақстан Республикасының жер заңдарының

негізгі міндеттері ……………………………………………..

ІІІ. Тарау. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар

3.1. Жерге меншік құқығы ……………………………………

3.2. Жерге меншік құқығының субъектілері

мен объектілері ………………………………………………..

3.3. Жер пайдалану құқығы …………………………………

3.4. Жер пайдалану құқығының субъектілері

мен объектілері ……………………………………………….
3.5. Сервитут – жерге заттық құқық ретінде ………………..

IV. Тарау. Жер учаскесіне құқық шектері

4.1. Жер учаскесіне құқық шектері және жер учаскелеріне құқықтарды табыстау …………………………………………

4.2. Жер учаскелерін беру нормалары …………………….. ..

4.3. Бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскелері …………….

Қорытынды. …………………………………………….….….

Қолданылған әдебиеттер………………………………….….

Работа состоит из  1 файл

Дипломная работа РКУ.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)

       Батыс Алмания мен Шығыс Алмания  бірге қосылғаннан кейін Шығыс  Алманиядағы бұрынғы тәркіленген жерлердің иелерінің табылмауына байланысты 1,5 млн. га жер мемлекеттік меншікке кірді. Бұл жерлер келешекте жерді сатып алу құқығымен жалға беріледі. {20}

       Англия 

       Бұл елде жерге мемлекеттік меншік те және жеке меншік те бар. Англияда заң  бойынша меншік иелері өз жерлерін шет елдіктерге сатуға тыйым салады. Көпшілік ретте, фермерлерге жер мемлекет тарапынан және басқа меншік иелерімен жалға беріледі. Жалға беру келісіміндерінде жерді игеру, пайдалану және топырақ құнарлылығын сақтау тәртіптері өте қатаң анықталған.  

       Голландия

       Голландияда жердің 35%-ы мемлекеттік меншікте, ал 65% -ы жеке меншікте. Мемлекеттік меншікте қоғамға арналған жолдар, аэропорттар, ұлттық парктер, муниципалдық меншіктер, сонымен бірге теңіз маңынан игерілуге алған Флеволенд провинция маңындағы жерлер жатады.

       Жерді жалға алу бағасының жоғары болуы  себепті, Голландия фермерлері жерді  жеке меншікке алғанды жөн көреді.

       Италия, Жапония

       Заң бойынша Италияда жер иелері жер  учаскелерін алған кезде оны 30 жыл бойы сатуға құқығы жоқ. Елде негізінен ауылшаруашылықпен айналысатын өндірістік кооперативтердің меншігі орын алып отыр.

         Жапонияда заңда белгіленген  уақытқа дейін жерді сатуға  болмайды. Жердің бағасы жергілікті  органдардың бақылауында болады. {20}

       Испания

       Қоғамдық  меншіктегі жерлер Испанияның заңы бойынша жеке меншікке берілуі мүмкін, бірақ бұл процесс өте күрделі түрде өтеді. Алғашында жерге жеке меншік құқығы 10-12 жылға дейін сатуға тыйым салу алу құқығымен беріліп,  сонан соң,  жерді ұтымды пайдалану шарттары сақталған кезде ғана оған толық меншік құқығы пайда болады.  
 

       Израиль

       Израильде жердің 5%-ке жуығы жеке меншікте (Еврейлердің Ұлттық Қоры), қалғандары мемлекет меншігінде. Мемлекеттік меншіктегі жер, азаматтар мен заңды ұйымдарға 49-жылға дейін жал құқығымен беріледі.

       Жал құқығы мәміле мәні болып табылады.

       Қазақстан Республикасының жер заңдарында жал тәртібіндегі уақытша  жер  пайдалану құқығы мәміле мәні болып 1994 жылдан бастап енгізілді.

       Шығыс Еуропа

       Шығыс Еуропа елдеріндегі ХХ – ғасырдың 80-ші жылдарындағы болған елеулі саяси өзгерістер, осы елдердің экономикасында жекешелендірудің де тезірек басталуына және өздерінің аграрлық реформасында да кейбір ерекшеліктермен өткізілуіне себепкер болды.

       Мемлекеттік жерлерді ұсақ өндіріс иелеріне беру өндірістің дамуына себепкер бола алмады. Сол себепті,  ауыл шаруашылығы саласында үлкен жер массивтері негізінен коллективтік өндіріс иелеріне беріле бастады.

       Бұрынғы жер иелеріне жерлер қайтарылып беріліп, иесі табылмаған жерлер мемлекеттік  меншікке өтті. Бұрынғы мемлекеттік шаруашылықтың жерлері  меншікке сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді пайдалануға берілді.

       Румынияда жерді ұсақ бөлшектеуге және де үлкен  көлемде иеленуге заңдармен шектеулер  қойылған.

       Чех және Словакия Республикаларында кей  реттерде жеке меншікке өткен жерлерді коллективтік меншікке қайтару сияқты мәселелер де көтерілді.

       Венгрияда, Ұлы Отан соғысынан  бұрын жерлері  конфискациялаған жер иелеріне ақшалай  құн төленіп, жерді мемлекетпен  жалға беру орын алды. 1994 жылдың аяғында  ауыл шаруашылық жерлерінің 90 %-ы жеке меншікке өтті.

         Жеке кісілерге берілетін жерлердің  шекті көлемі 300 гектар, ал заңды  тұлғаларға –2,5 мың гектардан  аспайды. Бұл елде жер жеке  меншік құқығымен берілген кооперативтік  ұйымдық шаруашылықтар орын алған.

       Болгарияда  жерге жеке меншік социалистік одақ кезінде де аз мөлшерде болса да сақталып келген, 1991 жылғы  меншік туралы заң негізінде бұрынғы жер иелерінің құқықтары  қайта орнына келтірілді . Меншікке берілетін жерлердің көлеміне шектеулер қойылған (20-га дейін)

       Румынияның  Жер қоры туралы (1991 ж.) заңы бойынша ауылдағы бір отбасы 10 гектарға дейін жерді тегін алуға құқылы (бір кісіге 0,5 га), бірақта оның көлемі 100 гектардан аспауы керек.

       Польшада  жер жеке және мемлекеттік меншікте. Мемлекет тарапынан ірі жер пайдаланушылар мен ірі товар өндіруші шаруалар қолдау тауып отыр. Елді мекен жерлерінде мемлекеттік меншіктің үлесі басымырақ .{20} 
 

       Қытай

       Қытай елінің экономикалық рефромасы жан-ұялық  мердігерлік пен жерді жалға  беруден басталды. Көп провинцияарды  еңбекке жарамды адамдардың санына немесе жан басына қарап шаруа жан—ұяларға жерді жалға беруге қолға алынды.

       1986 жылы Бүкіл Қытай халықтық  өкіметінің Кеңесінде қабылданған  «Жерді басқару» заңы бойынша  Бүкіл мемлекеттік жүйемен жер  коллективті - социалистік қоғамның  меншігінде сақталды.  Алайда, жердің жалға беру құқығы мәміле мәні болып белгіленді.{20}

       ТМД және жақын елдер

       Ресейде жер 2001 жылы қабылданған Жер кодексі  бойынша жер жеке және мемлекеттік  меншікте. Шет елдіктер жерді тек  жал құқығымен иелене алады.

         Ресейдің жер заңдары мен Қазақстанның жер заңдарының ұқсастығы өте көп.

       2001 жылға дейін ауыл шаруашылығы  жерлері тек пайдалану құқығымен  беріліп келді, және осы жылы  қабылданған «Ауыл шаруашылық  жерлерінің айналымы туралы»  заңы бойынша аталған жерлерді  жеке меншікке берудің механизмдері анықталды.

       Ресей Федерациясында мемлекеттік меншік федеральдық және  муниципалдық меншік ретінде белгіленген.

         Украинада 1992 жылғы Жер кодексі  бойынша жеке, коллективтік, мемлекеттік  және коммунальдық меншік түрлері  белгіленген. Азаматтығы жоқ кісілерге жер жеке меншікке берілмейді. 2001 жылы қабылданған Жер кодексі бойынша ауыл шаруашылық жерлері жеке меншікке беріле бастады.

       Өзбекстан Конституциясы бойынша жер тек  мемлекеттік меншікте. Бірақ-та,  1994 жылғы Президент Жарлығы бойынша  сауда, қызмет көрсету сфералары орналасқан жер учаскелері меншік құқығымен берілуі мүмкін. Сонымен бірге,  аукцион арқылы жерді пайдалану құқығы сатылуы мімкін. Алайда ел Конституциясы бойынша жер тек мемлекет меншігі болып танылады.

       Қырғызстанда  жер жеке және мемлекеттік меншікте.  1998 жылы қабылданған жер заңдары бойынша меншікке өткен жерлерге мәмілелер жасауға шектеулер қойылып, ондай шектеулер 2002 жылы алынып тасталды.

       Түркменияда жер, 1993 жылғы ел Президентінің «Жерді жеке меншікке беру туралы» және «Ұжымшарлардың жерін жекешелендіру туралы» Жарлықтары бойынша жер жеке меншікке беріледі. Азаматтарға берілетін жерлердің шекті көлемі 50 гектар, ал ұжымшарларға жер алдыменен 2-жылға жалға, соңынан шарт міндеттері орындалған соң меншікке өтуі белгіленген.{16}

       Шет елдік жер заңдарын талдау барысында,  құқық реттеу тәжірибесіне байланысты, жер қатынастарын реттеудің төрт модельдік түрлерін бөлуге болады.

       1-модель  – жерге мемлекеттік меншік  монополиясы; 

       2-модель  – жерге мемлекеттік меншіктің  жеке меншіктен басымдылығы (ауыл шаруашылық жерлері мемлекет меншігінде);

       3-модель  – мемлекеттік меншік пен жеке  меншіктің бірдей дамуы. 

       4-модель  – жерге жеке меншік құқығының  мемлекеттік меншіктен басымдығы.  

       II. Тарау. Жер заңдарының принциптері

       мен міндеттері

         2.1. Қазақстан Республикасының  жер заңдарының принциптері.

       Жер заңдарының принциптері жер қатынастарын нормативтік-құқықтық реттеуде басшылыққа алынатын нормалар болып саналады және де оған жер заңдарының «қатардағы»  нормалары қарама-қайшы келмеуі  керек.

       Принциптер жүйесі динамикалық түрде өзгерістерге бейім, яғни қоғам мен құқықтық жүйенің дамуына байланысты олар да өзгеріп, бұрынғы принциптер жаңашыл принциптермен толықтырылып отырады.

       Қазақстан Республикасының жер заңдарының негізгі принциптері ең алғаш  рет Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жер туралы» Жарлығында бөлек бап болып белгіленді және де кейінгі қабылданған жер заңдарында да айқындалды.

       2003 жылғы 20-маусымда қабылданған  Қазақстан Республикасының Жер  кодексі бойынша жер заңдары  төмендегідей принциптерге негізделеді:

  1. Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі.

             Бұл принцип  Конституцияның 2-бабының 2-тармағына сәйкестендірілген  және де ол республика егемендігінің  негізгі принципіне бағытталған. Қазақстан Республикасы аумағындағы жерге жеке меншік тек жеке тұлғалар мен мемлекеттік заңды тұлғаларға, заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде ғана тиесілі және де жерге меншік құқығы Қазақстанның аумағының біртұтастығына шек келтірмеуі тиіс. Осы себепті, Жер кодексінің 6-бабының 7-тармағы бойынша шетелдік мемлекеттерге Қазақстан Республикасы территориясының аумағында жер учаскесі тек жер пайдалану құқығымен ғана беріледі.

       Жер кодексі жобасын Парламентте  талқылау барысында шет елдік  мемлекеттердің дипломатиялық өкілділігі үшін жер учаскелерін осы мемлекеттердің меншігіне беру мәселесіне байланысты Қазақстан Конституциялық Кеңесінде Парламент Мәжілісінің төрағасының  сұранымы талқыланып, осы мәселе бойынша аталған Кеңестің ресми жауабы берілді.

       Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің 2003 жылдың 23-сәуіріндегі Қаулысы  бойынша шет елдік мемлекеттерге  Қазақстан аумағынан жер тек  жал тәртібінде пайдалану құқығымен  берілетіні нақтыланды. {Каз. правда № 140 от 15.052003г.};

  1. жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау.

       Мемлекет  тиісті заң актілерін қабылдай отырып, жерді иеленуге және пайдалануға  байланысты туындайтын жер қатынастарын реттеп отырады. Бұндағы басты принцип, ол  жерге залал келтірмей, оны  табиғат объектісі ретінде қорғай отырып болашақ ұрпаққа сақтап қалдыру мәселесі бірінші жолға қойылған. Бұндай талаптар Жер кодексінің түгелге дерлік баптарында келтірілген және олар Конституцияның 31-бабымен тікелей байланыста. Яғни, мемлекет адамның өмір сүруіне қолайлы табиғи жағдай туғызуға бағытталған эконмикалық, саяси, әлеуметтік және рухани сипаттағы шаралар кешенін іске асыру мақсатымен заң жүзінде сан алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмысына талаптарды күшейтеді ;

  1. жерді қорғау және ұтымды пайдалану.

       Бұл талаптар Жер кодексінің баптарында толықтай қамтылып отыр. Яғни,  Кодекстің 90 - бабы «Жекелеген санаттардағы жерді  алып қоюды шектеу» бойынша суармалы ауыл шаруашылығы алқаптары, билогиялық, мелиорациялық, ғылыми зерттеу тәжірибелік алаңдар, орман және су қоры жерлерін басқа мақсаттар үшін алып қоюға шектеулер қойып отыр.    

         Жерді қорғау мәселелері бойынша  Жер кодексінің 17-тарауы (139-143 баптар) түгелдей арналып отыр. Аталған  баптарда жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері, жерді қорғаудағы меншік иелері мен жер пайдаланушылардың міндеттері, жердің жай-күйіне әсер ететін, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және басқа да объектілерді жобалау мен пайдалануға беруге қойылатын экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптар белгіленген. Сонымен бірге,  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жердің құқықтық режимдері бекітілген және т.б.

       Жерге залал келтіргені үшін, немесе залал  келтіруге жол бергені үшін қызметтік тұлғалар мен азаматтар заң алдында заң түрінде тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жаза жауапкершілігіне тартылады (168-бап); {3}.

       4) экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету. Аталған принцип, жоғарыда аталған принциптермен тығыз байланысты және де   Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабына сәйкес нормалар енгізіп отыр, яғни «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды».

Информация о работе ҚР Жер заңдары