ҚР Жер заңдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:22, дипломная работа

Описание

Жер адамзаттың бірден бір тіршілік ететін мекені, адамзаттқа дүниедегі ең қажетті материалдық объект болып саналады.

Адамзат қызметіндегі құқықтық қатынастар объектісі болып табылатын жердің құндылығы оның өзгеше бір ерекшелілігінде, яғни ол - мемлекет пен жеке және заңды тұлғалар арасындағы жер пайдалануға байланысты туындайтын жер қатынастарын реттеудің өзгеше кешенділігі, өйткені жерді ешқандай да мүліктік немесе табиғи объектілерге теңеуге болмайды.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………

І. Тарау. Жер қатынастарын реттеу, отандық және шетелдік тәжірибелер

I.1. Қазақстан Республикасының жер заңдарының қалыптасуы (1990-2004 ж.ж.) ……………………………….

1.2. Шетелдік жер құқық қатынастарына шолу……………..

II. Тарау. Жер заңдарының принциптері мен міндеттері

2.1. Қазақстан Республикасының жер заңдарының принциптері ……………………………………………………
2.2. Қазақстан Республикасының жер заңдарының

негізгі міндеттері ……………………………………………..

ІІІ. Тарау. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар

3.1. Жерге меншік құқығы ……………………………………

3.2. Жерге меншік құқығының субъектілері

мен объектілері ………………………………………………..

3.3. Жер пайдалану құқығы …………………………………

3.4. Жер пайдалану құқығының субъектілері

мен объектілері ……………………………………………….
3.5. Сервитут – жерге заттық құқық ретінде ………………..

IV. Тарау. Жер учаскесіне құқық шектері

4.1. Жер учаскесіне құқық шектері және жер учаскелеріне құқықтарды табыстау …………………………………………

4.2. Жер учаскелерін беру нормалары …………………….. ..

4.3. Бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскелері …………….

Қорытынды. …………………………………………….….….

Қолданылған әдебиеттер………………………………….….

Работа состоит из  1 файл

Дипломная работа РКУ.doc

— 322.00 Кб (Скачать документ)

           Бөтен жер учаскесін шектеулі  нысаналы пайдалану құқығы (сервитут):

        -тікелей нормативтік құқықтық  актіден;

       -мүдделі  тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарттық негізінде;

       -жергілікті  атқарушы органың актісі негізінде;

       -сот  шешімі негізінде;

       -заң  актілерінде көзделген өзге де  жағдайларда пайда болуы мүмкін {3}.

       Егер   нормативтік   құқықтық   актіде  мүдделі  тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарт негізінде  шарт негізінде сервитут белгіленуі көзделсе, соңғылардың мұндай шарт жасаудан бас тартуына немесе жер пайдаланушы қоятын талаптарына мүдделі тұлға, меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап қою арқылы сот тәртібін дауласа алады.

         Жеке    тұлғалардың     жалпы    жұрт    кіруге    жабық    емес жер учаскелерінде  еркін, қандай да бір рұқсатсыз  болуға құқығы бар.

         Егер біреудің жеке меншігіндегі  немесе жер пайдалануындағы жер  учаскесі қоршалмаған болса немесе  жеке меншік иесі немесе жер  пайдаланушы учаскеге өзінің  рұқсатынсыз кіруге болмайтынын  өзге де әдіспен белгілеп қоймаса,  егер жеке меншік иесіне немесе  жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, бұл учаске арқылы кез келген адам өте алады.

         Жердің жеке меншік иесімен,  жер пайдаланушысымен және осы  жерге көрші тұлға арасындағы  келісім негізі бойынша мынандай  жеке сервитуттар қойылуы мүмкін:

       -меншік  иесінің немесе жер пайдаланушышының өз учаскесіне басқа жолмен өтуі мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе үлкен шығындарды керек етсе, көрші немесе өзге де жер учаскесі арқылы жаяу және көлікпен жүріп өтуде;

       -қажетті  электр қуаты, байланыс желілерін  тарту және пайдалану, сумен, суағармен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының көрші немесе өзге де учаскеге сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын басқа да мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін белгілеу (3).

         Жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығының субъектісі шарт негізінде жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға сервитутқа байланысты барлық залалдарды өтеуге тиіс.

          Шартта сервитут үшін ақы белгіленді  мүмкін.

          Мемлекет меншігіндегі және пайдалануға  берілмеген жер учаскесі бойынша сервитут белгіленген кезде, сервитут үшін төленетін ақы жергілікті бюджетке түседі (3).

       Жер кодексіндегі сервитут құқығы бұл заңның алдындағы осындай құқықтардан  өз айырмашылығы бар. Бұл ретте Жер  кодексінде сервитуттар жеке және қауымдық сервитуттар болып дараландырылды. Бұндай жіктеу сервитуттарды белгілеуде туындайтын негіздемелерді және оларды бір-бірінен ажырату үшін керек болды.

       Қауымдық  сервитут мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жер учаскелерін алып қоймай белгіленуі мүмкін. 

       Қауымдық  сервитуттар:

        -ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және де  өзге де ғибадат объектілеріне  жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен өту;

     -жер  учаскесін коммуналдық, инженерлік, электр және де басқа да  желілер мен тораптарды, сондай–ақ  көлік инфрақұрылымының объектілерін  жөндеу мақсатында пайдалану;

     -жер  учаскесінде межелік және геодезиялық  белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру;

     -су  алу және суат;

     -жер  учаскесі арқылы мал айдап  өту;

     -жер  учаскесін белгіленген мерзімде  және белгіленген тәртіппен   аң аулау, жер учаскесінде орналасқан  тұйықсу айдындарында балық аулау,  жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану;

     -іздестіру,  зерттеу және басқа да жұмыстар  жүргізу мақстында жер учаскесін  уақытша пайдалану;

     -жағалау  белдеуіне еркін өту;

     -мемлекеттік  органның шешімімен жер учаскесін  мәдени-көпшілік іс – шаралар  өткізуге пайдалану;

     -қоғамдық  және мемлекеттік мүделерге байланысты өзге де жағдайлар үшін  белгіленуі мүмкін.

       Жер учаскелерін іздестіру жұмыстары  үшін пайдалану,  Жер кодексінің 71- бабында көрсетілген.

         Геологияның, геофизикалық іздеу,  геодезиялық, геоботаникалық, жерге  орналастыру, археологиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алмай-ақ жүргізе алады. Осы жұмыстарға пайдалану туралы рұқсатты және қолданатын мерзімін жергілікті атқарушы органдар (аудандық, қалалық, ауылдық, облыстық) береді.

         Сервитуттың тоқтатылуы жер заңдары  бойынша:

    1. сервитуттың қолданылуы құқық иесінің бас тартуы, ұзақ уақыт (3 жыл) пайдаланылмауы, сервитут белгіленген мерзімнің өтуі нәтижесінде, тараптар арасындағы келісім негізінде, сот шешімі негізінде және заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылады.

       2) сервитуттың қолданылуы заң актілерінде  немесе тараптардың келісімінде  көзделген негіздер бойынша біржақты  тәртіппен тоқтатылады.

    1. сервитут оны құқық иесінің тиісінше пайдаланбауына байланысты жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының талап етуі бойынша, сондай-ақ ол белгіленген себептердің ендігі жерде болмауы себепті сот тәртібімен тоқтатылуы мүмкін {3}.

         Егер сервитут тікелей нормативтік-құқықтың актіден туындалмайтын болса, оның пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы жылжымайтын мүлікке не онымен мәміле жасау құқықтарын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен кадастрлық мемлекеттік тіркелуге тиіс. 

       IV. Тарау.  Жер учаскесіне құқық шектері

       4.1. Жер учаскесіне  құқық шектері 

       және  жер учаскелеріне құқықтарды табыстау

       Жер учаскесіне заттық құқықтар басқа заң  актілерінде өзгеше белгіленбесе осы  учаске шекарасындағы топырақтың үстіңгі  қабатына, тұйық су айдындарына және екпелерге қолданылады.

       Жер учаскесінің меншік иесі мен жер  пайдаланушының топырақ астындағы  жер қойнауын пайдалануы жер учаскесінің  нысаналы мақсатына сәйкес және жер  қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтін заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

       Жердің  меншік иесі мен жер пайдаланушыға осы учаске астындағы кең тараған пайдалы қазбаларды өз қажеті үшін өндіруге құқық, жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру кезінде бірге жүзеге асырылады.

       Жер учаскесінің меншік иелері мен пайдаланушылары  өз құқықтарын заңдарда белгіленген шектерде жүзеге асырады.

       Мемлекет  меншігіндегі және пайдалануға берілмеген жер учаскесіне жеке меншік  немесе жер пайдалану құқығын табыстауды жергілікті атқарушы органдар жер заңдарында белгіленген құзыреттері шегінде  жүргізеді.

       Жер заңдары көлемінде жерге құқықты  табыстаудың жалпы реті төмендегідей болып белгіленген:

  1. жер учаскесіне тиісті құқық табыстау туралы өтінім жасау;
  2. мәлімделген өтінімді қанағаттандыру мүмкіндігін анықтау;
  3. жерге орналастыру жобасын әзірлеу және бекіту;
  4. жер учаскесіне құқық табыстау туралы атқарушы органның шешімін қабылдау;
    1. берілген жер учаскесінің шекарасын белгілеу;
  1. жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты әзірлеу және құқық иесіне беру;
  2. жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеуден өткізу.
 

       Өтініште өтініш беруші жер учаскесін пайдалану нысанын, шамаман оның орналасқан жерін, көлемін көрсетуі тиіс.

       Өтініш  үш ай мерзімде қаралып нәтижесі өтініш иесіне берілуі керек.

       Атқарушы  органның тапсырысы бойынша аймақтық жерге орналастыру қызметі, ал елді мекендерде сәулет пен құрылыс органдарымен бірлесіп жер учаскесін беру мүмкіндіктері туралы өз ұсыныстарын атқарушы орган жанындағы арнаулы комиссияға ұсынады.

       Арнаулы комиссияның тұжырымы бойынша жерге  орналастыру жобасы жасалынып, оның негізінде атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі жобасы дайындалады.

       Шешім, құзыреттеріне қарай, атқарушы органның, яғни әкімшіліктің қаулысымен ресімделеді.

       Үлкен сұранысқа ие жер учаскелері мен  жер учаскесіне өтеулі жал құқығы жер аукциондарында сатылуы мүмкін. Аукционда сатылатын жер учаскелерінің тізбесін жергілікті атқарушы органдар анықтап, өкілетті органдар бекітеді. Қазіргі уақытта бұл мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметінің             №      қаулысымен  бекітілген.

          Тұжырым. Қолданудағы осы жерге құқық беру тәртібіндегі өтініштерді қарау мерзіміне байланысты біршама кемшіліктер бар сияқты.  Бұндай кемшілік жер учаскесіне құқықтарды табыстау барысындағы әр түрлі жұмыстарды қамтуына және әр түрлі орындаушыларға байланысты болып отыр. Мәселен жерге орналастыру жобасы, оған келісім алу, жер учаскесінің жобасын шаруашылық субъектілер өтініш берушімен шарт негізінде жасайды, сондықтан да заңда бұндай істерді атқару мерзімі заң белгіленген мерзім ішіне кірмеуі керек. Сонымен бірге жер учаскесіне құқықтарды рәсімдеу барысында әр түрлі мемлекеттік органдарда аталған мәселені қарауға нақты уақыттық мерзім қою осы органдардың жауаптылығын арттырар еді. 

       4.2. Жер учаскелерін  беру нормалары 

       Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері қызметтің осы түрлеріне жер бөлудің заңдарында белгіленген тәртібімен бекітілген нормалар бойынша не сәулет-қала құрылысы немесе құрылыс құжаттамасына сәйкес белгіленеді.

       Жер учаскелері Қазақстан Республикасының  азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

  1. ауылдық жерлерде өзіндік үй шаруашылығын (маңындағы және егістік тілімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін – суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суарылатын жерде 0,15 гектар;
  2. жеке тұрғын үй құрылысы үшін – 0,10 гектар;
  3. бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін – 0,12 гектар;

       Жер учаскелерін аталған мақсаттар  үшін қайталап тегін беруге жол берілмейді.

       Егер  жоғарыда көрсетілген тегін берілетін  жер учаскесінің көлемі жоғары болса, қалған қосымша жер учаскесінің көлемі жер иесіне ақы арқылы төлеп алуға мүмкіндігі бар.

       Жоғарыда  келтірілген жеке меншік құқығымен  берілетін жер учаскелерінің  шекті (жоғарғы) мөлшерін жергілікті жағдайлар  мен ерекшеліктерге қарай жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен белгіленеді.  Сондай-ақ тауарлы ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін жеке меншік құқығымен болуы мүмкін жер учаскелерінің көлемін облыстық атқарушы және өкілді органдардың бірлескен шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. {3}

       Жер заңдарында жер иесіне белгіленген  көлемнің жоғары болмауына шек қойылған, ал Азаматтық Кодекстің 191 «Жеке  меншікте тұрған мүліктің құны мен  мөлшері шексіз» - деп келтіруі бір  жағынан заңға қарама-қайшы болып  көрінеді. Бірақ бұл мәселе, Конституцияның 6-бабына сәйкес, яғни  жер жеке меншікте  заңдарда белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде болуы мүмкін деген қағидаға сай келеді. Яғни, жерге байланысты шектеулер жер заңы жүзінде анықталатынын айтуға болады.

       Сонымен бірге, Азаматтық Кодекстің 193 – бабы бойынша «Жердің жеке меншік құқы мен басқа да табиғи ресурстар … жер заңы мен басқа да заңдармен ерекшеліктері іске асырылады» деген нормалары айтылған тұжырымдарды дәлелдейді.{2}.

       Жер жеке меншігінің регламенттік жолы жер  зањында құқықтық нормалармен бекітілген.

Информация о работе ҚР Жер заңдары