Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 07:22, дипломная работа
Жер адамзаттың бірден бір тіршілік ететін мекені, адамзаттқа дүниедегі ең қажетті материалдық объект болып саналады.
Адамзат қызметіндегі құқықтық қатынастар объектісі болып табылатын жердің құндылығы оның өзгеше бір ерекшелілігінде, яғни ол - мемлекет пен жеке және заңды тұлғалар арасындағы жер пайдалануға байланысты туындайтын жер қатынастарын реттеудің өзгеше кешенділігі, өйткені жерді ешқандай да мүліктік немесе табиғи объектілерге теңеуге болмайды.
Кіріспе …………………………………………………………
І. Тарау. Жер қатынастарын реттеу, отандық және шетелдік тәжірибелер
I.1. Қазақстан Республикасының жер заңдарының қалыптасуы (1990-2004 ж.ж.) ……………………………….
1.2. Шетелдік жер құқық қатынастарына шолу……………..
II. Тарау. Жер заңдарының принциптері мен міндеттері
2.1. Қазақстан Республикасының жер заңдарының принциптері ……………………………………………………
2.2. Қазақстан Республикасының жер заңдарының
негізгі міндеттері ……………………………………………..
ІІІ. Тарау. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар
3.1. Жерге меншік құқығы ……………………………………
3.2. Жерге меншік құқығының субъектілері
мен объектілері ………………………………………………..
3.3. Жер пайдалану құқығы …………………………………
3.4. Жер пайдалану құқығының субъектілері
мен объектілері ……………………………………………….
3.5. Сервитут – жерге заттық құқық ретінде ………………..
IV. Тарау. Жер учаскесіне құқық шектері
4.1. Жер учаскесіне құқық шектері және жер учаскелеріне құқықтарды табыстау …………………………………………
4.2. Жер учаскелерін беру нормалары …………………….. ..
4.3. Бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскелері …………….
Қорытынды. …………………………………………….….….
Қолданылған әдебиеттер………………………………….….
Бүкіл қоғамдық кешендегі табиғат пен адам баласының арасындағы құқықтық реттеуші ретінде жер заңындағы басты мәселелердің бірі жердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы себепті жер заңдарында жер учаскесі иелері мен пайдаланушыларына ерекше міндеттер жүктеген.
Жер меншігінің иелері мен пайдалушылардың міндеті:
Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар дер кезінде мынандай іс-шаралар жүргізу керек:
жерді су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, балшықтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процесстерінен қорғауға;
бүлінген жердің қайта жаңғыртылуына, оның құнарлығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға (ҚР ЖК 140 - бабы) {3};
Нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған немесе халықтың өмірі мен денсаулығына өзге де түрде қатер төндіретін жер учаскелерін меншікке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруге тыйым салынған.
Жерді нысаналы пайдалануы заң нормаларында ең қажетті де маңызды орын алады.
Осы себепті, Қазақстан Республикасының жер қоры Жер кодексінің 1-бабы бойынша нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
а) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер;
ә) елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық-елді мекендердің) жері;
б) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жер;
в) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жер;
г) орман қорының жері;
ғ) су қорының жері;
д) босалқы жерлер.
Жерді санаттарға бөлу – жер заңындағы жерді нысаналы мақсатта қолданудағы ең маңызды мәселе. Осы санаттардағы құқықтық режимдер бойынша атқарушы органдар өз құзыреттері шегінде нақты жер учаскелерінің нысаналы мақсатын белгілейді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тек атқарушы органдардың құзыретіне жатады.
Жер заңдары бойынша, егер учаскені пайдалану осы Кодексте немесе өзге де заңдарда белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұзу арқылы жүзеге асырылса, атап айтқанда, учаске нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылық жері құнарлылығының едәуір төмендеуіне, не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарда көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен, жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін{3};
Ауыл шаруашылығы алаптары ең бірінші тек ауыл шаруашылығы мақсатына пайдалануға берілуі тиіс.
Ауыл
шаруашылығы емес мақсаттарға ауыл
шаруашылығына пайдалануға
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 97-бабының 3-тармағы бойынша ауыл шаруашылық алқаптары айрықша қорғалуға тиіс. Бұл жерлерді ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тек ерекше жағдайларда жол беріледі. Осы себепті, басқа жер санаттарына тән емес, ауыл шаруашылық алқаптарын құндылығына қарай бір түрден екінші түрге ауыстыру заң нормаларында белгіленген.
Ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдық принципінің тағы бір ерекшелігі Жер кодексінің 105-106 баптарында келтіріліп отыр. Осы нормалар бойынша ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі мен олардың сапасын қалпына келтіру арқылы ауыл шаруашылық өндірісінің деңгейін сақтау мақсатында төлемдер төлеу міндеттері белгіленген. Яғни, бұндай талап ауыл шаруашылығы жерелерін басқа мақсаттарға ысырапты алынуына экономикалық механизм жүзінде қорғалуын қамтамасыз етеді.{3}.
Бұл принцип Жер кодексінің 152 - 158 баптарында көрсетілген, және ол жер учаскесіне байланысты ақпараттар жүйесін құрайтын мемлекеттік жер кадастры арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, көлемі мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есебі мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар кадастрлық құжаттамаға енгізілген мәліметтердің дұрыс болуын қамтамасыз етуге міндетті {13}.
Жер
кадастрының мәліметтеріне
Мемлекеттік органдарға жер кадастры мәліметтерін беру тегін негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері ммемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
Жерді пайдалану мен қорғау іс-әрекеттері де екі сабақтас саланы қолдайды. Біріншісі жоспарлау болса, ал екіншісі қаржыландыру болып табылады.
Негізгі шарттың бірі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да іс-шараларменен кешенді түрде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу болып табылады.
Жер заңдарында жерді қорғау мен ұтымды пайдалану ерекше маңызға ие болып отыр. Осыған орай, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердегі барлық егістік алқаптарды есепке алу мен сол жердегі төмен өнім беретін бөліктерін айналымнан шығару жұмыстары жүйелі жүргізіліді.
Мемлекет
тарапынан қаржыландыратын
Жер заңдарының сақталуына мемлекеттік бақылаудың іске асырылуы үнемі қалыптасуда {12}.
Жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жерге орналастыру қызметімен жерге орналастыру жобалары арқылы жүзеге асырылады, себебі олар ұйымдастырушы да іс-шараларын жүйелеуші де болып табылады.
Жерге
орналастыру жобалары жер учаскелерінің
мүдделі меншік иелерінің және (немесе)
жер пайдаланушылардың
Жерді қорғау жерді қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан жердің негізсіз алып қойылуын болғызбауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа іс-шаралар жүйесін қамтиды.
Жерді қорғау мақсаттары Жер кодексінің 139-бабында айқындалған және де төмендегілерді құрайды:
Жер учаскелерінің меншік иелері мен пайдаланушылар жерді су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетпеуден, өндіріс пен тұтыну қалдықтарынан, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғауға түрлі іс-шаралар жүргізу қажет.
Жерді ақы төлеп пайдалану принципі жер қатынастарын реттеу саласындағы бірден-бір экономикалық механизм деп атауға болады.
Жер заңдары бойынша жер үшін төленетін төлемдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топ, ол жерді пайдаланғаны үшін төлем. Бұндай төлемдер жер және салық заңдары бойынша: жер салығы және жал ақы төлемдері болып екіге бөлінеді.
Жер салығын жер учаскелерін жеке меншік, тұрақты пайдалану және уақытша пайдалану құқығымен мемлекеттен алған тұлғалар төлейді. Жер салығын төлеушілер жал ақы төлемдерінен, ал жал ақысын төлеушілер жер салығын төлеуден босатылады.
Екінші топ, мемлекет тарапынан тұлғаларға жерге тиісті құқық беруде мемлекетке төленетін төлем, яғни мемлекет жер учаскесін жеке меншік құықығымен беруді, заңда көрсетілген жағдайлардан өзге кездерде, тек ақылы түрде жүргізеді.
Сонымен
қатар, жер заңдары бойынша, өтеулі уақытша
жер пайдалану құқығы да сатылып берілуі
мүмкін. Бұл ретте өтеулі уақытша жер пайдалану
құқығын сатып алу, осы құқық иелеріне
азаматтық – құқықтық мәмілелер жасауға
жол береді. Бұндай құқықты сатып алу тек,
аукциондық сатудан басқа кездерде, уақытша
жер пайдаланушының еркімен жүргізіледі,
яғни оларды мәміле жасауға мүдделі тұлғалардың
сұранысы негізінде іске асырылады.
Тұжырым. Жоғарыда аталған принциптер жер заңдарының негізгі принциптеріне жатады. Осы принциптерді талдау барысында қолданымдағы жер заңдарына қосымша ретінде төмендегідей принциптер:
«жерге байланысты құқықтардың тұрақтылығы» принципі, бұндай принципті енгізу қазіргі кездегі жеке меншік иелері мен жер пайдаланушылардың конституциялық мүдделерін қорғауға бағытталған болар еді;
«жерге
байланысты құқықтарды
іске асыруда Қазақстан
Республика азаматтарының (халқының)
құқығының басымдылығы»
принципі. Бұл принцип қолданымдағы жер
заңдарының нормаларынан туындап отыр,
өйткені, жер заңдары бойынша шетел азаматтары
мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жер учаскесіне
байланысты құқықтары Республика азаматтары
құқықтарымен салыстырғанда шектеулі.
Осы себепті, бұндай басымдықты алдыменен
жер заңдары принципіне енгізген қиысты
болады.
2.3. Қазақстан Республикасының жер заңдарының
негізгі міндеттері
Жер – табиғи ресурс, өндіріс құралы, кеңістіктік базисі ретінде кез-келген ммемлекеттің ұлттық байлығы, халықтардың әлеуметтік-экономикалық қолайлылығының негізі. Осы қағиданың және жоғарыда белгіленген жер заңдарының принциптері негізінде, мемлекеттің бүкіл жер қорын тиімді пайдалануды және де қорғауды қамтамасыз етуге арналған жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеудегі мемлекеттің алатын орны мен рөлі туындайды{14}.