Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 08:42, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі еліміздің маңызды және үлкен заңдарының бірі болып табылады. Конституцияға сүйене отырып, Азаматтық кодекс нарықтық экономика кезеңінде мынадай құқықтық негіздерді анықтайды: меншіктің түрлерін пайдалану механизмі мен теңдігі, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың құқықтық формалары, шарт бостандығы, кәсіпкерлердің шауашылық байланыстарындағы өз контрагенттерін өз бетінше анықтау.
Кіріспе.........................................................................................................…3
1 Құқық пен азаматтық құқықтың бастаулары, азаматтық құқықтық заңнама.
1.1 Құқық қайнар көзінің түсінігі.................................................................7
1.2 Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі............................................15
1.3 Азаматтық құқықтық заңнамалар..........................................................20
1.4Азаматты құқықтық нормативтік актілердің жүйесі мен нормативік актінің заңды күшіне енуін ресми жариялау...............................................23
1.5 Азаматтық заңдардың уақыт бойынша әрекет етуі мен азаматтық заңнаманың кеңістік пен тұлғаларға әсер етуі............................................26
1.6 Азаматтық заңнамаларды қолдану (заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы)...................................................................................................27
2 ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
2.1 Заңдар (заңнамалық актілер)...............................................................29
2.2 Азаматтық заңнаманы құрайтын нормативтік актілер.....................40
Қорытынды.......................................................................................................52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................55
1) Эдикт немесе жарлық – бұған барлық нормалар тұтастай реттелінген (жеке немесе жариялы сала).
2) Мандат –
мемлекет қызметкерлеріне
3) Рескрипт – жеке тұлғалардың сауалдарына императордың жіберген жауабы.
4) Декрет – императордың сот шешімі.
Римдік заңгерлер қоғамда жоғары беделге ие болып, үстем таптың қатарына жатты. Олардың қызмет жағдай жоғары орында тұрды. Заңгерлердің ақыл-кеңестері нормаларды түсіндірулерінің маңызы зор болды. Заңгерлердің құқық жасаушылық қызметтері б.э. III ғ. Классикалық деңгейге жетті. Негізгі өкілдері Цицерон, Аквиллия, Галла, Муция, Манилия, Капитон, Ульпиан, Гая т.б.
Императорлық
кезеңде нормативтік
V ғасырдың төртінші жартысында алғашқа ресми кодификация жасалынды. Император Феодосий II (Codex Thedosianus) (Феодосиев кодексі) Константиннің кезіндегі нормалардан бастап бәрін жүйелеп жинақтады. Ол 16 кітаптан тұрды және Феодосив Новелл деп аталды.
Юстинианның еңбегінде
(б.э. 6 ғасыр) құқық жазылған және жазылмаған
болып екіге бөлініп
Әдет құқығы - Рим құқығының қалыптасуының ежелгі нормасы. Әдет құқығының нормалары Рим құқығында терминдер арқылы белгіленеді.
Ежелгі дәуірде жазылған заңдар болмады. Шаруашылықтың қарапайымдылығы, жалпы мемлекеттік қоғамдық қатыынастардың күрделі болмауы заңды қажет етпеді. Оларды реттеуді әдет құқығы нормалары іске асыра алды.
Кейін келе, мемлекеттің нығаюы, қоғамдық қатынастардың күрделенуі әдет құқығының нормаларынан реттеу қабілеттігінің жетімсіздігін байқатты. Императорлық кезінде әдет құқығының нормалары заңдарға орын берді. Өйткені орасан үлкен аймақта әдет- ғұрыптың өзінің бір болуы мүмкін емес еді.
Жергілікті жерлердегі қалыптасқан әдет нормалары орталықтан басқарудың талаптарына қайшы келе берді.
Әдет нормалары көп уақыттан бері қолданылуына байланысты маңызды болса да заңнан күшті бола алмады. Яғни, императорлық кезеңде әдет нормаларының біршама жүйеленіп заңдарға айналдырылды.
Республикалық кезеңде заңдар халық жиналысы арқылы қалыптасты. Сонымен бірге Римде көп заңдар болмады. Құқықтың қалыптасуының Римдік ерекшелігі болды. Олар магистраттардың эдикті және заңгерлер әрекеті.
Кодификация (сұрыптау) – қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші және әдетте құқықтың белгілі бір саласын, қосалқы саласын құрайтын қолданыстағыкүллі қалыпты материалды терең де жан-жақты талдау және қайта қарау негізінде жүзеге асырылатын белгіні айтады.
Юстиниан кодификасиясы – император Юстиниан кезінде VI ғ. жүргізілді. Негізгі мақсаты рим құқығын жаңа мемлекетке өтуіне сай жетілдіру болып табылған. Рим құқығы ескірген нормалардан көптеген институттар пайда болып, өзгертіліп, толықтырылған.
Юстиниан жинағының
негізгі бөлігін бірнеше
Жоғарда қарастырлған құқық қайнар көзінің тарихы қазіргі күндегі нормалардың қалыптауы үшін маңызды болып табылады.
Енді біз қоғамның дамуы мен қалыптасқан құқық қайнар көздерінің ерекшеліктеріне тоқталайық.
Құқық қайнар көзінің материалдық мағынасы қоғамдық қатынастардың дамуымен тығыз байланысты. Оларға өмірдің материалдық өндірісі, экономикалық-шаруашылық байланыстардың жүйесі, меншіктің түріне байланысты құқықтың пайда болуы мен әрекет етуі жатады. Жеке меншікке құқық адамның барлық құқықтарының бастау болады.[1]
Құққтың қайнар көзі ретінде ең бірінші құқықтық сананы түсінуіміз керек. Олай болуына құқықтық нормалардың заңи мағынада жасалуы, яғни мемлекеттің еркін білдіру болып табылады. Ашып айтатын болсақ құқықтың түрін мемлекет қандай әдіспен қалыптастыратындығы, оның қоғам мүшелерінің санасына жеткізу. Бұл әдіс терминологиялық деп аталады. Енді құқық формаларына тоқала кетейік.
Рим құқығында қайнар көзің қалыптасумен біз құқықтық әдет-ғұрыптық бастауларын білеміз. Жалпы құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз – тұрақты қатынастардың қалыпты қайталануынан қалыптасқан тәртіп ережелері. Тұрақты қатынастарға отбасылық, жер, мүліктік қатастарды айтуға болады, өйткені бұл қатынастар қоғам мен адамның дамуында маңызды орын алады. Мысалы мұндай нормалар әр халықтың мақал-мәтелдерінен көрінеді. Жаңа зерттеулер бойынша жер, мұрагерлік, отбасылық құқық нормалрында әдет-ғұрып номаларынан қалыптасқан заңдар Африканың мемлекеттерінде, Азияда, Латын Америкасында кездеседі. Мемлекет әдет-ғұрыпқа өзінің көзқарасын түрлі формада байқатады. Мысалы: біреулеріне тиім салады, ал біреулерін дамытуды қолдап отырады.
Қазақстандық заңшығарушылар қоғамның қызығушылығы үшін сауда-саттық қарым қатынастарды халықаралық шарттармен реттеуде қалыптасқан әдет-ғұрып нормаларын пайдаланатын жағдайларда кездеседі. Өйткені әлгі күнге дейін ағылшын соттарында істі қарау кезінде тарихи қайнар көздерге де сілтемелер жасап отыратын жағдайлар орн алады.
Құқықтың қайнар көзі ретінде, оның ішінде азаматтық құқықтағы «шаруашылықты жедел басқару» ұғымы мен нормалары заңгер А.В. Венедиктовтың шаруашылықты социалистік формада ұйымдастыруға байланысты қалыптасқан. Ал шарттарды құқықтың қайнар көзі деп тануымыз үшін оның мазмұнында заңи нормалардың болуы талап. Азаматтық құқық саласында халықаралық шарттардың атқаратын ролі өте зор , өйткені халықаралық шарт дегеніміз- мемлекетттер мен халықаралық құқық субьектілерінің арасындағы ортақ қызығушылығы көрсетілген озара құқытар мен міндеттерді белгілеген келісім болып табылады. Бұл туралы Вен конвенциясының 2- бабынан көруге болады.
Нормативті-құқықтық акті, бұл ең негізгі және құқық фомасының жаңарған түрі. Ол үкіметтің номативтік мазмұнындағы актісі. Нормативтік акті жеке істер бойынша мазұнында нормалар қалыптасқан қайнар көз болып табып қана қоймай, істі шешеді.
1.2
Азаматтық құқық қайнар
Азаматтық заңдарға АК-тің 1-ші бабында көрсетілген қатынастарды реттейтін заңдар жатады. Бұл жерде 1-ші баптың 3-ші тармағында көрсетілгендей тараптар арасындағы қатынастар мүліктік және мүліктік емес сипатта болғанымен, отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды арнайы салалық заңдар реттейді. Ал азаматтық заңдар тек сол арнайы заңдармен реттелмеген жағдайларда ғана сол қатынастарға қолданылады. Сонымен бірге билік жағынан бағыныштағы тараптар арасындағы мүліктік және салық жөніндегі мен бюджеттік қатынастарға заң құжаттарында тікелей көрсетілмесе азаматтық заңдар қолданылмайды.
Азаматтық құқық
пен азаматтық заң терминдері
өзара байланысты болғанымен де өзіндік
үлкен айырмашылығы бар. Азаматтық
құқық азаматтық құқықтық қатынастарды
реттейтін нормалардың
Азаматтық құқықтың дерекнамалары заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын екі түрге бөлінеді. Сонымен бірге халықаралық шарттар (конвенция) да азаматтық құқықтың бастауларына жатады (АК-тің 3-бабының 8-тармағы).
Барлық азаматтық заңдар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық субъектілерге бірдей қолданылады. Қандай да бір министрліктер, басқа да орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар өз бастамасымен азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін актілер шығаруға құқы жоқ. Бұл органдар тек заңдарға бағынышты туынды актілер шығара алады.
Азамттық құқықтың нормалары диспозитивті және императивті болып бөлінеді.
-Императивті
нормаға мазмұны нақты қатаң
нұсқаулық сипаттағы және
-Диспозитивтік нормаға тараптардың тиісті мәселе бойынша келісімдері болмаған ретте, оның орнын толтыру үшін қолданылатын нормалар жатады. (шартта көзделген ретте). Яғни диспозитивтік норманың мазмұны тараптардың шарт еркіндігі принципіне негізделген болып табылады.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып нормалары деп аталатын екі түрге бөлінетіні жоғарыда айтылды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық құқықтық қатынастар төмендегі заңдармен реттеледі. Солардың ішінде Азаматтық Кодекстің орны бөлек. ҚР АК-тің жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, оған бірнеше өзгертулер енді. Сонымен азаматтық құқықтың нормалары заңда және басқа да заң актілерінде орын алады.
Қазақстан Республикасының “Нормативтік актілер туралы” заңында барлық нормативтік құқықтық актілер заңдық күштері бойынша айқындалған. Нормативтік құқықтық актілердің ішінде Конституцияның ең жоғарғы күші бар. Оның нормалары тікелей қолданылады. Конституцияда азаматтық құқықтық қатынастарды да реттейтін нормалар бар. Мәселен оның 6-шы бабында Қазақстанда жеке және мемлекеттік меншік тең негізде танылатындығы және қорғалатындығы айтылған.
Конституцияның
26-шы бабында азаматтардың жеке меншігі
туралы мәселелер жан жақты
Конституциядан кейін, 1994 жылы қабылданып, 1995 жылы 1-ші наурызда күшіне енген азаматтық кодекстің (жалпы бөлімі) заңдық күші бойынша күші бар. Оның ерекшелігі сонда, нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымының нормативтік қоры қалыптасқан. Қазақстан Республикасының “Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңы бойынша заң актілеріне мыналар жатады: Конституциялық заң, ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы, ҚР Парламентінің қаулысы, Сенат пен мәжіліс қаулысы. Күші бойынша нормативтік актілер жүйесінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері заң актілерінен кейін тұрады.
Президенттің заң күші бар жарлығы мен қатар жай жарлықтары да бар. Оларда азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен қатар Үкімет қаулылары да заңға тәуелді нормативтік актілеріне де жатады. Олардың көпшілігі азаматтық құқықтың нормалары болып табылады. Сонымен бірге азаматтық құқықтық нормаларына министрліктің, мемлекеттік ведомствалары мен комитеттердің жалпы орталық атқарушы органдардың нормативтік актілері де жатады.
“Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңда орны көрсетілмесе де Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы сот Пленумының азаматтық заңдарды талдау мен түсіндіруге байланысты нормативтік қаулылары азаматтық құқықтың қайнар көзіне жатады. Бұл құқықтық құжаттардың жалпыға бірдей заңды күші бар.
Азаматтық кодекстің 3-ші бабының 4-ші тармағында азаматтық қатынастар заңдарға қайшы келмейтін әдет нормаларымен, соның ішінде іскерлік қызмет өрісіндегі әдет нормаларымен де реттелетіндігі айтылған. Іскерлік қызмет өрісіндегі әдетті қолдану мүмкіндігі АК-тің 272-ші бабында да көрсетілген. Бұл кәсіпкерлік қызмет барысындағы қалыптастырылған ереже. Іскерлік қызмет өрісіндегі әдет ережелерінің маңыздылары Халықаралық сауда палатасының ұсынысымен жинақталған. Әдет нормалары заңға қайшы келмеуі тиіс, сондықтан ол диспозитивтік мазмұнда болады.
ҚР-ның Конституциясының 4-ші бабында көрсетілгендей барлық заңдар, халықаралық шарттар мерзімді басылымдарда басылады. ҚР “Нормативтік актілері туралы” заңының 31-ші бабында көрсетілгендей ҚР-ның заң актілері Парламент жаршысында, Егеменді Қазақстан (Казахстанская правдада), Заң журналарында және Заң газетінде басылымдарында ресми түрде жариялатындығы көрсетілген. Конституцияның 62-ші бабында Парламенттің заңдар қабылдайтындығы, оның қаулыларының ҚР-ның аумағында қолданылатындығы көрсетілген. Бірақ оны шығарған орган оның күшін кейбір аймақтар бойынша шектеуі мүмкін. Азаматтық заңдардың күші сонымен бірге оның қолданылу топтары бойынша да анықталады.
Арнайы заңда көрсетілгендей нормативтік құқықтық актілер төмендегідей сатылардан тұрады. Ең басында Қазақстан Республикасының Конституциясы, одан кейін: конституциялық заңдар; кодекстер; заңдар және Президенттің заң күші бар Жарлықтары; Президенттің нормативтік жарлықтары; Парламенттің нормативтік қаулылары; Үкіметтің нормативтік қаулылары; орталық атқарушы органдардың нормативтік қаулылары (Заңның 4-ші бабы).
Нормативтік құқықтық актілер туралы заңның 6-шы бабына сәйкес күші жағынан әртүрлі актілердің нормалары бір-бірімен қайшы болса, онда күші басым актінің нормалары қолданылады. Егер күші бірдей актілердік арасында қайшылық болса онда күшіне кейін енген акті қолданылады.
Қазақстан таныған халықаралық құқық нормалары, қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын барлық халықаралық шарттар (конвенциялар) отандық заңдардың алдында басымдыққа ие. Бұл жағдайда тек қана Конституцияның 3-ші бабының 4-ші тармағына сәйкес мемлекетаралық келісім шарттар ратификацияланған жағдайда ғана басымдыққа ие болады.