Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 08:42, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі еліміздің маңызды және үлкен заңдарының бірі болып табылады. Конституцияға сүйене отырып, Азаматтық кодекс нарықтық экономика кезеңінде мынадай құқықтық негіздерді анықтайды: меншіктің түрлерін пайдалану механизмі мен теңдігі, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың құқықтық формалары, шарт бостандығы, кәсіпкерлердің шауашылық байланыстарындағы өз контрагенттерін өз бетінше анықтау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................…3

1 Құқық пен азаматтық құқықтың бастаулары, азаматтық құқықтық заңнама.

1.1 Құқық қайнар көзінің түсінігі.................................................................7

1.2 Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі............................................15
1.3 Азаматтық құқықтық заңнамалар..........................................................20
1.4Азаматты құқықтық нормативтік актілердің жүйесі мен нормативік актінің заңды күшіне енуін ресми жариялау...............................................23
1.5 Азаматтық заңдардың уақыт бойынша әрекет етуі мен азаматтық заңнаманың кеңістік пен тұлғаларға әсер етуі............................................26
1.6 Азаматтық заңнамаларды қолдану (заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы)...................................................................................................27

2 ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
2.1 Заңдар (заңнамалық актілер)...............................................................29
2.2 Азаматтық заңнаманы құрайтын нормативтік актілер.....................40

Қорытынды.......................................................................................................52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................55

Работа состоит из  1 файл

Аза.құқ.қайнар.көз.doc

— 275.00 Кб (Скачать документ)

Азаматтық заңнамалардың  ұқсастығына байланысты қолданылуы сот тәжірибесінде өте сирек кездеседі.

 

 

 

 

 

 

2    ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер

2.1  Заңдар (заңнамалық актілер)

Заң - қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конститутциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі қағидалар мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан Республикасы Конститутциясы 53-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акті. Ал заңдар-белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.

Барлық номативтік актілер өзінің заң күшіне байланысты заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге бөлінеді; оларға заң актілері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заң актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған өзгеде нормативтік құқықтық актілер жатады.

Конситутциялық  заңдардың ішінде жоғарғы заң  күшін ҚР Конститутциясы иеленеді. Ата заңымыз көптеген құқық салаларының  негізін қалайтын нормалардын тұрады. Олардың ішінде азаматтық құқықтың да нормалары бар.

     Қазақстан Республикасының  территориясында меншік қатынастарын азаматтық құқықтық реттеудің негіздері Конституцияда қалыптастырылған. Онда азаматтық-құқықтық мүліктік емес жеке құқықтардың да негізі көрсетілген, оларға: азматтың ар-ожданы мен қадір қасиеті, оның босатындығы мен жеке өміріне қол сұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия, хат алысу құпиясы, телефонмен сөйлесу, пошталық және телеграфтық хабарламаларға, тұрғын үйге қол сұқпаушылық.

Азаматтық заңнамалар жүйесінің ішінде салалық кодификацияланған  салалық нормативтік актілердің түрі ретінде ерекше орын Азаматтық кодекске беріледі. Азаматтық кодекс- азаматтық құқықтың негізін қалаушы қайнар көз.

Қазақстан Республикасының  азамттық заңдарына- Азаматтық кодекстен, Қазақстан Республикасының оған сәйкес қалданған заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарынан, Прламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), Азаматтық кодекстің 1-бабының 1,2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық кодекстің 1-бабының 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актілернде қамытылған нормаларды Азаматтық кодекстің ережелеріне қайшы келгенде осы кодекстің ережелері қолданылады.

Банктер мен  астық қабылдау кәсіпорындарының құрылуына, қайта ұйымдастырылуына, банкроттығына және таратылуына, банк қызметін бақылау мен оны аудиторлық тексеруге, асытық қабылдау кәсіпорындарының қызметін бақылауға, банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензиялауға, астық қабылдау кәсіпорындарының қойма куәліктерімен операцияларды жүзеге асыруға байланысты қатынастар банк қызметін және астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттейтін заң актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде Азаматтық кодекспен реттеледі.

Нарық жағдайында банктер мен оның клиенттері арасындағы қатынастар, клиенттер арасындағы банк арқылы қатынастар азаматтық заңдармен  реттеледі.

Азаматтық қатынастар, егер әдеттегі құқықтар, оның ішінде іскерлік қызмет өрісіндегіәдеттегі құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдармен реттеледі. Ал министрліктер мен орталық атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтық қатынастарды реттейтін актілер шығара алады. Ше ел азаматтыр мен азаматтығы жоқ азаматтар Азаматтық кодекстегі көзделген азаматтардың құқықтарын мен міндеттеріне азаматтық қатынастарға түске кезден бастап ие болады. Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика ішінде құжат шығару талап етілген басқа жағдайларды, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушысы ьолып табылатын халықаралық шарттар тікелей қолданылады.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі 1994 жылы 27 желтоқсанда  №269-ХІІІ (жалпы бөлімі), 1999 жылы 1 шілдеде  №-409-І (ерекше бөлімі) қабылданды. Қазіргі таңда кодекске көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Азаматтық заңдардың  бастаулары болып-азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болсада озбырлықпен араласына жол бермеуге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, рұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделген. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.

Тауарлар, қызмет және ақша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында емін-еркін орын аусытырып және айналысқа түсіп отырады. Егер қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, табиғат пен мәдени қазыналады сақтау үшін қажет болса, заң құжаттарына сәйкес тауарлар мен қызметтің орын ауыстыруына шектеулер енгізіледі.

Азаматтық заңдарды қолдану үшін ең маңызды азаматтық  құқықтық қатынастар туралы толық айтып  кетуіміз керек, өйткені осы азаматтық  қатынастар туындамас біз заңдарды қолдана алмаймыз.Азаматтық құқықты түсіну үшін азаматтық құқықтық қатынас категориясының маңызы зор. Азаматтық құқықтық қатынас дегеніміз- азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік, сонымен бірге жеке мүліктік емес қатынастар жатады (қатысушылары субьективті азаматтық құқықтары мен міндеттері арқылы бір-бірімен байланысты).

Демек, азаматтық  құқықтың пәні болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастардың реттелуін, қатысушылардың мінез-құлқының тиісті бағытта болуын азаматтық құқықтық нормалары анықтайды.

Азаматтық құқықтық қатынастың ерекшеліктері мынандай:

1. Азаматтық  құқықтық қатынастың субьектілері  бір-біріне тәуелсіз, заңдық жағынан тең.

2. Азаматтық  құқықтық қатынастар заңда көрснтілген  (ҚР-ң АК 7бап) және заңда көрсетілмеген  негіздер арқылы пайда болады.

3. Азаматтық  құқықтық қатынастың мазмұны  мен шарттары қалыптасуы барысында  тараптардың келісімі басым болады.

Азаматтық құқықтар бұзылған реттерде оны қорғау тәртібі  мен қорғаудың ерекшілігі, қоғамдағы  әрбір болып жатқан немесе болатын  азаматтық заңдарға негізделген  қатынастар азаматтық құқықтық қатынастар, өйткені ол азаматтық заң нормаларымен реттеледі, соның талаптарына бағынып, азаматтық құқықтық сипат алады. Демек, азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын тараптар арасындағы қатынастар – азаматтық құқықтық қатынастар деп аталады.

Азаматтық құқықтық қатынастың өзіне тән тиісті белгілері бар. Яғни ол белгілер азаматтық құқықтық қатынастың элементтері деп аталады. Ол элементтер: субъектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер), және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер).

Барлық құқықтық қатынастарда қатысушылар бір-бірімен  құқықтық байланыста болады, яғни олар субъективтік құқықтар мен міндеттерді  иеленеді. Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастың мазмұнын субьективтік құқықтар мен міндеттер құрайды.

Субьективтік  құқық дегеніміз - құқықты иеленетін  тұлғаның мүмкін болатын мінез-құлқы. Субьективтік азаматтық құқық мазмұны  бойынша әр түрлі. Субьективтік құқықтың мазмұнын тиісті субьектіге заң бойынша  берілген мүмкіндіктер құрайды. Ол қандай мүмкіндіктер. Мәселен, меншік құқығы мынандай мүмкіндіктерден тұрады: а) меншік иесінің иелігіндегі мүлікті иемденуге, пайдалануға және оған билік ету мүмкіндігі; б) кез-келген басқа тараптардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында олардың кедергі келтірмеуін талап етуі; в) меншік құқығы бұзылған ретте оны жою үшін құқық қорғау шараларын пайдалануға.

Азаматтық құқықтағы  міндет болып тиісті тұлғаның міндеті  болып табылатын мінез-құлық болып  табылады. Азаматтық құқықтағы міндеттер  әр түрлі. Азаматтық құқықтың көптеген нормалары диспозитивтік мазмұнда. Сонымен бірге тыйым салатын нормалар да бар. Тыйым салатын нормалар тиісті азаматтық құқықтық қатынастағы міндеттерді анықтайды. Әрбір азаматтық құқықтық қатынаста  екі жақ, құқық иеленетін және міндет жүктелетін тараптар болады. Екі жақта да тиісті тараптар бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Сонымен бірге азаматтық құқықтық қатынастағы бір тарап құқық иеленетін және міндет арқалайтын да тарап болуы мүмкін. (Мысалы сату-сатып алу шарты)

Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптардың басым көпшілігі азаматтар болып табылады. Конституцияның 10-шы бабына сәйкес ҚР-ның азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады.

Азаматтық құқықтық қатынастағы азаматтармен бірге шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар да қатыса алады. Шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы ҚР-ның Президентінің “ҚР-ның шет ел азаматтарының жағдайы туралы” заң күші бар жарлығымен анықталады. (1995 ж 19 маусым) Жарлықта көрсетілгендей Қазақстандағы шет ел азаматы болып ҚР-ның азаматы болып табылмайтын, өзінің шет мемлекеттің азаматы екендігін растайтын дәлелі бар тұлға  табылады. Азаматтығы жоқ тұлға болып ҚР-ның азаматы болып табылмайтын және басқа мемлекеттің азаматы екендігін растайтын дәлелі жоқ тұлға табылады. (33 бап)

 Жалпы құқықтық  қатынастың обьектісі болып тиісті  құқықтық қатынас бағытталған,  және белгілі бір әсер ететін  қоғамдық  қатынастар табылады. Адамдар  арасындағы қоғамдық қатынас  ретінде азаматтық құқықтық қатынас адамның мінез құлқына ғана әсер ете алады. Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастар обьектісі болып материалдық және материалдық емес құндылықтарға бағытталған субьектілер мінез-құлқы табылады. (115 бап)

Азаматтық құқықтық қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады. Мүліктік игіліктердің көпшілігі заттар. Азаматтық құқықта заттар өзіндік ерекшеліктеріне сай бірнеше түрлерге жіктеледі. Олар: азаматтық айналымнан шығарылған және азаматтық айналымнан шығарылмаған, бөлінетін және бөлінбейтін, қозғалмалы және қозғалмайтын, қосалқы зат және басты зат.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдарда көзделген  негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен  заңда тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызады.

Азаматтық заңдардағы нормалар өздігінен азаматтық құқықтық қатынастарды өзгертпейді, тоқтатпайды  немесе пайда болдырмайды. Азаматтық құқықтық қатынастың пайда болуы, тоқтатылуы немесе өзгеруі үшін құқықтық нормаларда көрсетілген тиісті жағдайдың болуы яғни заңдық фактінің болуы тиіс. Сондықтан заңдық фактілер құқық нормасы мен азаматтық құқық қатынастың арасындағы байланыс болып табылады. Заңдық факті болмаса бірде бір азматтық құқықтық қатынас пайда болмайды, өзгермейді және тоқтатылмайды. Яғни азаматтық құқықтық қатынастың пайда болуына негіз болатын жағдайлар заңдық факті болып табылады.

АК-тің 7 бабында азаматтық құқықтық қатынастың пайда болуының негіздері  көрсетілген. Олар:

  1. заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
  2. заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
  3. азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген шешімінен;
  4. заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде;
  5. өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым,  әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;
  6. басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан;
  7. азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
  8. заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

Заңдық фактілер тиісті азаматтық құқықтық қатынастың мазмұнына байланысты жәй және күрделі  болады. Заңдарда көрсетілген заңдық фактілермен қатар негізгі азаматтық  құқық мазмұнына қайшы келмейтін  басқа да бірнеше заңдық фактілер болуы мүмкін. Азаматтық құқықта заңдық фактілер өздерінің тиісті ерекшеліктеріне сай бір бірінен ажыратуға, тиісті азаматтық құқықтық қатынаста дұрыс қолдануына мүмкіндік беретіндей саралауға жатады.  

Азаматтық құқықта  заңдық фактілер бағытының мазмұнына байланысты уақиға мен әрекетке бөлінеді. Уақиға адам еркінен тыс болатын жағдайлар жатады. Мысалы табиғи апат, адам өлімі, бала туылуы т.б. Ал әрекет адам еркі арқылы болады. Мысалы келісім шарт түзу, міндеттемені орындау, мұра қабылдау т.б.

Әрекет мазмұнына  байланысты заңды және заңсыз әрекет болып бөлінеді.

Информация о работе Азаматтық құқықтың қайнар көздері