Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 08:42, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі еліміздің маңызды және үлкен заңдарының бірі болып табылады. Конституцияға сүйене отырып, Азаматтық кодекс нарықтық экономика кезеңінде мынадай құқықтық негіздерді анықтайды: меншіктің түрлерін пайдалану механизмі мен теңдігі, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың құқықтық формалары, шарт бостандығы, кәсіпкерлердің шауашылық байланыстарындағы өз контрагенттерін өз бетінше анықтау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................…3

1 Құқық пен азаматтық құқықтың бастаулары, азаматтық құқықтық заңнама.

1.1 Құқық қайнар көзінің түсінігі.................................................................7

1.2 Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі............................................15
1.3 Азаматтық құқықтық заңнамалар..........................................................20
1.4Азаматты құқықтық нормативтік актілердің жүйесі мен нормативік актінің заңды күшіне енуін ресми жариялау...............................................23
1.5 Азаматтық заңдардың уақыт бойынша әрекет етуі мен азаматтық заңнаманың кеңістік пен тұлғаларға әсер етуі............................................26
1.6 Азаматтық заңнамаларды қолдану (заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы)...................................................................................................27

2 ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
2.1 Заңдар (заңнамалық актілер)...............................................................29
2.2 Азаматтық заңнаманы құрайтын нормативтік актілер.....................40

Қорытынды.......................................................................................................52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................55

Работа состоит из  1 файл

Аза.құқ.қайнар.көз.doc

— 275.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының 10 маусым 1996 жылғы N 6-I “Авторлық құқық  және сабақтас құқықтар туралы” Заңы авторлық құқыққа мынандай сипаттама  берген: авторлық құқық - автордың мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтары. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Заңмен Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған: Оларға:

1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған  және сол сияқты);

2) ауызша (көпшiлiк  алдында айтушылық, көпшiлiк алдында  орындаушылық және сол сияқты);

3) үнжазба немесе  бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);

4) бейнелеу (сурет,  нобай, көркемсурет, жоспар, сызба,  кино, телебейне - немесе фотокадрлар  және сол сияқты);

5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және  сол сияқты) түрiндегi жарияланған  туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады.

Авторлық құқық  мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң  нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындылары және дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.

Авторлық құқық  идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.

Туындыға деген  авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену құқығымен байланысты емес.

Материалдық объектiнi меншiктену құқығының немесе материалдық  объектiнi иелену құқығының өзгеге берiлуi, сол объектiде көрсетiлген туындыға қандай да болсын авторлық құқықтың ауысуына өздiгiнен әкеп соға алмайды. Бұл заң да заматтық заңнамалардың біріне жатады.

ҚР Азаматтық  кодекс жадталған жүйе құратын заң  болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын  реттейтін құқықтық негіз болып  қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды. Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы.   

Кәсіпкерлердің  құқығы мен заңды мүдделерін қорғау—бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-шаралар жүйесі. ҚР АК 9 бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді—сот, арбитраж немесе аралық сот арқылы.

Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерлікпен айналысатын  кәсіпкерге АК 2 бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің негізгі  қағидаларының біреуі бекітілген—кім болса да жеке істерге араласпауы. Бұл қағиданың мағнасының бірі—билік және басқару органдарына кәсіпкерлер өз мүлкіне қалай билік жүргізіп, өз пайдасын бөліп, кірісін пайдаланып жүргеніне ықпал жасауға тыйым салынуын қамтамассыз етеді. Осы қағидаға сәйкес сондай-ақ ешкімнің рұқсатын, келісімін алу, ақпарат беру қажет емес, егер осыған ұқсас талаптар тікелей заңмен бекітілмесе.

Шағын кәсіпкелікті құқықтық реттемес бұрын біз біріншіден, кәсіпкерлік түсініктің мағнасын түсінуіміз қажет.

Оған ҚР АК 10 бабы келесідей анықтама береді: “Кәсіпкерлік—ол  меншік формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды қанағатандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады” делінген. /2/

Осы анықтамаға сәйкес кәсіпкерлік шаруашылық қызмет келесі қажетті белгілермен сипатталады.Біріншіден:

а) нарықта өнім, қызмет көрсету, жұмыстар өндіру және сату арқылы кіріс (пайда) алуға бағытталған;

б) бастама болып  табылады, яғни кәсіпкердің тек өз ықтияры бойынша оның мүддесіне  сәйкес және оның өз қарауы бойынша  жүзеге асырылуы мүмкін. Небір жетекші  органның немесе тұлғалардың бұйрығы немесе тікелей нұсқауы бойынша іс-әрекетті жүзеге асыруды кәсіпкерлік деп есептеуге болмайды;

в) кәсіпкердің  толық мүліктік дербестігі базасында  жүзеге асырылады. Кәсіпкер мүліктік базаның  меншігі болып табылады, ол кәсіпкерлік барысында болуы мүмкін мүліктік шығын мен шығыстың толық қаупін көтереді;

г) кәсіпкер азаматтық  айналымда өз атынан сөйлейді;

Ал екіншіден, кәсіпкер ҚР Азаматтық кодексінің 10 бабының 3 тармағын зерттеуі керек, онда кәсіпкерлерді қорғау және қолдау тәсілдері қаралған. Яғни:

1) кәсіпкерлік  қызметті, қызметтің лицензияланатын  түрлерінен басқа, ешкімнің рұқсатын  алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіншілігі. Конституцияның 10 бабы ҚР-ң әр  азаматының, арнайы рұқсат талап  етілетін қызмет түрлерінен басқа(лицензия), ешбір шектеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығын бекітеді. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың негізгі міндеті не өз- өзінен немесе оны ойдағыдай емес жағдайда жүзеге асырған кезде мемлекеттік немесе азаматтар мүддесін бұзуы мүмкін түрлерін шектеу болып табылады. Кәсіпкерлікті лицензиялауға заңнамалық негіз болып 1995 жылғы 17 сәуірдегі ҚР “Лицензиялау туралы” Заңы қызмет атқарады. Лицензияны беру шарттары бұзылған жағдайда ол заңсыз деп мойындалуы мүмкін. Лицензияны мерзімінен бұрын тоқтату, кері қайтарып алу, оның іс-әрекетін тоқтата тұру немесе оны заңсыз деп мойындау заңнамалық актілермен бұлтартпай белгіленген және сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу үшін оған қатаң сәйкес болуға тиіс;

2) кәсіпкерліктің  барлық түрлерін экономиканың  барлық саласында бір тіркеу органда шамасынша жеңіл тіркеу тәртібі.

 ҚР 1995 жылғы  17 сәуірдегі “Заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркеу және филиалдар  мен өкілеттіктерді есепке ала  тіркеу туралы” Заңмен заңды  тұлғаларды тіркеудің жалпы тәртібі  белгіленген, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарды да. Тіркеу кезінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңдылығы тексеріледі.

ҚР кәсіпкерлік  қызметті және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің көптеген саны қабылданған. Оларға ҚР 2006 жылғы 31 қаңтардағы “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңдары, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу туралы", Бас прокурордың 2004 жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен бекітілген шаруашылық субъектілер қызметін тексерудің барлығын есепке алу бойынша нұсқауына сәйкес Кәсіпкер оларға оның қызметін тексерумен байланысты сұрақтар пайда болған жағдайда жүгіне алады.

Соымен қатар  Қазақстан Республиксында нормативтік  базаны құрайтын «Неке және отбасы туралы», «Банкроттық туралы», «Лицензиялау туралы», «Қаржылық лизинг туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдары мен басқада заңдар қызмет атқарады.

Жоғарыда келтірілген  заңдар азаматтық заңнаманың бірі ғана болып табылады, бұл заңдардың барлығы бастауларын ҚР Азаматтық кодексінен алады.

Нормативтік актілердің ішінде азаматтық заңнамалардың  қайнар көзі болып Президент жарлықтарының  алатын орына маңызды. Президент  шығаратын нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртібі мен нысандарын Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Мысалы:Қазақстан Республикасынын Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен  жасалатын   мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы 22 желтоқсан 1995ж, Қазақстан Республикасынын  Президентінін зан күші бар Жарлығы «Шет ел азаматтарынын Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы» 19 маусым 1995ж, Қазақстан Республикасынын Президентінін «Шаруашылық серіктестіктері туралы» 2мамыр 1995ж. Заң күші бар Жарлықтарын айтуға болады.

Жоғарыда айтылғандай, нормативтік акті-құқықтың негізгі  және дамыған түрі. Нормативтік актілер  құқықтың қайнар көзі болп тек Қазақстанда  ғана табылмайды, оның тарихи және даму тарихы бар. Құқықтың салт-дәстүр нормаларына  қарағанда қазіргі заңдар көптеген басымылықтарға ие. Атап аитатын болсақ, нормативтік актілерді тиісті өкілетті органдар мен лауызымды тұлғалар, тиісті қалыппен реквизиттерді сақтап, қолданылу саласын анықтап, әлеуметтік қажеттіліктерге байланысты өзгерістер енгізе алатын дәрежеге  жетті. Оның бірнеше белгілері бар,

-біріншіден: ол мемлекеттік сипатта болады, яғни ол тиісті өкілетті органдармен тиісті тұлғаларға орынталуын талап ететін сипатта болады, -екіншіден: окілетті орган дар мен лауазымды тұлғалардың өкілеттілігі шеңберінде ғана шығарылатын нормативтік актілердің күшін белгілеген. Мысалы министр тек нормативті бұйрық ғана шығара алады,

-үшіншіден: арнайы процедураларды сақтау қажет,

-төртіншіден: субьективті, қолданылу терреториясы мен уақыты   

белгіленеді.

-бесіншіден: мазмұны нормативті және жалпыға міндетті болады.15

Қарапайым заңдар маңызды қоғамдық салаларды реттегенімен Конститутцияға толықтырулар мен өзгерістерт енгізе алмайды, сондықтанда Парламаентте басым көпшіліктің дауысымен қабылданады. Парламенттің қаулыларының ерекшелігі ол тек заңдармен реттеліп қойған жеке мәселелер бойынша шығарылады.

Президенттің  жарлықтары Конститутцияға сәйкес мемлекеттің сыртық және ішкі саясатының бағыттарын айқындайды. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ету үшін, оны Конститутцияға және азамттық заңдарға сәкестендірілуі, оның қолданылуын белгіленген тәртіппен тоқтата тұру, мемлекеттік тіркеу кезінде заңдарға сәйкестігін тексеру арқылы қамтамасыз етіледі.

Азаматтық кодексте Қазақсатн Республикасының жеке азаматтық құқықтар ғана емес жалпы заңдардың пайда болуы үшін негіз салады.

Қазақстан Республикасының 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, 1995 жылдың 1 наурызында күшіне енген Азаматтық кодексі нарықтық экономика жағдайында дамып келе жатқан құқықтық реттеу үшін негіз болып табылатын мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттеуші кодификацияланып жүйе құрған заң болып табылады.

Қазақстанда қазіргі Азаматтық кодекс қабылданғанға дейін 1964 жылы қабылданған Қазақ ССР-нің Азаматтық кодексі қолданылып келді. Ол сол кезеңнң саяси құрылымына сәйкес орталықтан басқару арқылы командалық бұйрық беру жүйесі мен жеке меншікпен жеке кәсіпкерлікке тиім салу қағидасымен реттелетін нормалардан тұратын еді.

Қазақстанның барлық азаматтық  заңнамасы соның ішінде Казақ  ССР-нің Азаматтық кодексі жалпыодақтық азаматтық заңнамаға тәуелді  болып ешқандай өз еркі бойынша, әрекет ете алмады.

Бұндай  экономиканы  мемлекеттік реттеуді басқару жүйесі Одақтас республикалардың ыдырауымен Қазақстан Республикасының түбегейлі экономикалық реформасының арқасында қарама-қашылықтарды тудырды. Қазақ ССР - нің Азаматтық кодексі көмектесудің орнына азаматтық қатынастарды қиындықтарға алып келді. Оған енгізілген өзгертулер мен толықтырулар пайдасыз болып оның жалпы негізін жаңарту мәселесі тұрды.  Оның жаңару қажеттілігі Қазқстандық заңгер мамандардың тез арады егеменді жаңа Қазақстан Республикасының экономикалық саяси көзқарастарына сай келетін, нормалары қалыптасқан заңдарды қабылдап алу мәселесі пайда болды. Заңшығарушы азаматтық кодексті қабылдар алдын ол: меншік туралы, шаруашылық қызметтің бостандығы мен кәсіпкерлікті дамыту туралы, акционерлік қоғамдар  мен шаруашылық серіктестіктер туралы, шет ел инвеститиясы туралы, кәсіпорындар туралы, бәсекелестік пен монопольия туралы заңдарды жаңа экономикалық жағдайларға бейімдеп қабылдады.

Бірақ олардың  ортақ кемшіліктері: асығыс ақылдаспай қабылдануы көптеген заң нормаларындағы олқылықтарға әкелді. Сөйтіп сол кезеңге лайықты заңнамалық база қажет еді. Ол кезде жаңа азаматтық кодекс қабылданғанға дейін азаматтық заңнаманың негізін ССРО азаматтық заңнамалары құрап 1991жылдан бастап 1993 жылдардағы заңдар біршама азаматтық қатынастарыд реттеуде тиімділік көрсетті.

1994 жылдың аяғында жаңа Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі) дайындалып оның қабылдануымен қолданыстағы азаматтық заңнамалар өз күшін жойды.

Азаматтық кодекс құқықтық қатынастардың пайда болуын, анықтамасын, мазмұнын; қатысушылардың өзара құқықтары  мен міндеттері оларды қорғау, құқықтарыд бұзғаны үшін жауапкершіліктерді қамтиды. Осылайша азаматтық қатынастардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан нормаларға сүйенетін болды.[Коментарии]

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вывод.

      Современные   проблемы    источников    гражданского    права    можно

охарактеризовать следующим  образом:

      1. Во- первых  вопрос о федеральном законе  слабо  решен  в  Гражданском

Кодексе.

      2. Во- вторых  интеграция России в мировую  экономику приводит  к  тому,

что международные правовые акты и договоры  занимают  все  большее  место  в

российском законодательстве.

     3.В –  третьих производится усложнение  системы  источников  гражданского

права нормативными актами Союза ССР и РФ.

      4. В четвертых  - понятие источников  гражданского  законодательства  в

соответствии с ГК является “узким” и не  включает  в  себя  всех  источников

гражданско-правового  регулирования,  научная  доктрина  дает  более  широкое

понятие законодательству,  чем  Кодекс,  в  связи  с  тем,  что  гражданское

законодательство находится  в стадии развития.

5.  В  пятых  -  главенствующая  роль   Гражданского   Кодекса   в   системе

гражданского  законодательства  не  решает   всех   проблем,   связанных   с

применением  норм  гражданского  права,  поскольку  отношения,  регулируемые

гражданским правом, очень  объемные и постоянно  изменяются,  развиваются.  В

этой  связи  является  актуальным  применение  иных  источников  гражданско-

правового регулирования, что в свою очередь вызывает определенные  трудности

Информация о работе Азаматтық құқықтың қайнар көздері