Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 08:42, дипломная работа

Описание

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі еліміздің маңызды және үлкен заңдарының бірі болып табылады. Конституцияға сүйене отырып, Азаматтық кодекс нарықтық экономика кезеңінде мынадай құқықтық негіздерді анықтайды: меншіктің түрлерін пайдалану механизмі мен теңдігі, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың құқықтық формалары, шарт бостандығы, кәсіпкерлердің шауашылық байланыстарындағы өз контрагенттерін өз бетінше анықтау.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................…3

1 Құқық пен азаматтық құқықтың бастаулары, азаматтық құқықтық заңнама.

1.1 Құқық қайнар көзінің түсінігі.................................................................7

1.2 Азаматтық құқық қайнар көзінің түсінігі............................................15
1.3 Азаматтық құқықтық заңнамалар..........................................................20
1.4Азаматты құқықтық нормативтік актілердің жүйесі мен нормативік актінің заңды күшіне енуін ресми жариялау...............................................23
1.5 Азаматтық заңдардың уақыт бойынша әрекет етуі мен азаматтық заңнаманың кеңістік пен тұлғаларға әсер етуі............................................26
1.6 Азаматтық заңнамаларды қолдану (заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы)...................................................................................................27

2 ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
2.1 Заңдар (заңнамалық актілер)...............................................................29
2.2 Азаматтық заңнаманы құрайтын нормативтік актілер.....................40

Қорытынды.......................................................................................................52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................55

Работа состоит из  1 файл

Аза.құқ.қайнар.көз.doc

— 275.00 Кб (Скачать документ)

Жалпы уақиға мен  әрекет бір-бірінен олардың пайда  болуы, басталуына тиісті субьектінің  еркіне байланысты ажыратылады.

4. Азаматтық  құқықтарды саралау және қорғау

Азаматтық құқықтар мазмұнына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар; а) мүліктік және мүліктік емес, б) абсалюттік және салыстырмалы в) заттық және міндеттемелік.

Мұндай бөлініс  азаматтық құқықтың нормаларының қандай қоғамдық қатынастарды реттеуіне байланысты жүргізіледі.

Мүліктік құқықтық қатынас қандай да бір экономикалық мазмұнда болады. Азаматтық құқықтың қатынастың белгілі бөлігі мүліктік қатынастар. Азаматтардың мүліктік құқықтары  құқық қабылдаушыға өтсе, ол мүліктік емес құқықтық қатынасты құқық қабылдаушылық болмайды. Мүліктік құқықтық қатынастар азаматтық заңның нормаларымен реттелетін мүліктік құндылық қатынастары негізінде пайда болады.

Барлық азаматтық  құқықтық қатынастар субьектілер арасындағы қатынастың құрылымына байланысты абсолютті және салыстырмалы болады. Салыстырмалы құқықтық қатынаста құқық иеленетін тұлғаға қарсы міндет иеленетін нақты белгілі тұлға немесе тұлғалар тұрады. Мәселен, үлестік меншіктегі қатысушылар арасындағы қатынас – салыстырмалы  құқықтық қатынас. Өйткені бұл құқықтық қатынастың субъективтік құрамы нақты белгілі. Абсолюттік құқықтық қатынаста құқық иеленетін тұлғаға қарсы жақ белгісіз бір қатысушы тұлғалар болуы мүмкін. Мәселен, кез келген авторлық құқықтың бұзылуына байланысты қатынас абсолюттік құқықтық қатынас. Өйткені құқық бұзушылардың қатары алдын ала белгісіз тұлғалар болады.

Тиісті құқық  иеленетін тұлғаның мүддесін қанағаттандыру тәсіліне байланысты азаматтық құқық  қатынастар заттық және міндеттемелік болады. Заттық құқық қатынаста құқық иеленетін тұлғаның мүддесі затпен тікелей қатынаста бола отырып оның пайдалы қасиеті арқылы қанағаттандырылады. Ал міндеттемелік азаматтық құқықтық қатынаста тиісті құқық иеленетін тұлғаның мүддесі оның алдындағы міндетті тараптың белгілі бір материалдың  құндылықты беру  әрекеті арқылы қанағаттандырылады. (Мыс мүлікті беру, құн төлеу, жұмыс орындау.)

Азаматтар мен  заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық  құқықтарды өз қалауынша пайдаланады. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру  басқа құқық субъектілерінің  құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру – бұл құқық иеленушінің өз қалауынша берілген мүмкіндіктерді пайдалануы. Ол мүмкіндіктерді пайдалануды да пайдаланбауды да өзі шешеді.

Азаматтық заң  құқық иеленушілердің өз азаматтық құқықтарын еркін жүзеге асыруына мүмкіндік берумен қатар, олардың құқықтарын қорғауды да қамтамасыз етеді. Оның негіздері АК-тің 9-шы бабында наты көрсетілген. Жалпы саралайтын болсақ, азаматтық құқықтар құқық иеленушінің тиісті қатынастағы жоғары тұрған органға, сотқа жүгіну және өзін-өзі қорғау арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органға  жүгінуде мемлекеттік баж салығы төленбейді, сонымен қатар шағымды  шешу жолы мен уақыты жылдам болады. Мемлекеттік органдарға жүгіну азаматтың сотқа жүгіну құқығынан айырмайды. Әрбір азамат  құқығы бұзылғанда немесе дауға түссе ол сотқа жүгіне алады. Сот құқықты тану, құқықты бұзатын немесе бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тыйым салу, залалды өтеу, міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару және моральдық залалды өтеу тәсілдері арқылы құқықтарды қорғауды  жүзеге асырады.

Өзін-өзі қорғау тәсілі әрбір құқық иеленушінің  өзінің белсенділігі арқылы өз құқығының  бұзылмауын немесе қалпына келтіруін  қамтамасыз етуі. Бұл жағдайда зардап шегуші құқық бұзушыға бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап ету арқылы жасаған әрекетінің негізінде болады.

Сонымен жоғарыда анықталған азаматтық құқықтық қатынастардың  туындауымен азаматтық заңдар өз қызметіне кіріседі.

Кодификацияланған заңдармен бірге азаматтық құқықтың қайнар көздеріне азаматтық құқықтың пәні болып табылатын арнайы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарда жатады. Мысалы: ҚР сақтандыру туралы заңы сақтандыру саласындағы сақтандырушы ұйымдар мен азамттардың, заңды тұлғалардың, олардың өзерінің арасындағы қатынастарды реттейді: ҚР тұрғын үй туралы заңы, азаматтардың жылжымайтын мүлкі болып табылатын тұрғын үлармн тұрғын жайларға деген меншік құқықғы мен пайдалану құқықтарын реттейді. Ал ҚР тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңы: нарық заманында тұтынушының құқықтарын қорғайды. Осы және басқада заңдар қоға үшін маңызды салаларда құқықтық қатынастарды реттейді.

 

 

    1. Азаматтық заңнаманы құрайтын нормативтік актілер

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызындағы №213-1 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңында, нормативтік құқтық актілер – референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесетоқтата тұратын нысандағы жазбша ресми құжат деп көрсеткен.

Нормативтік актілердің ішінде азаматтық заңнамалардың  қайнар көзі ретінде басты ролді ҚР Президенті мен Үкіметі шығаратын нормативтік құқықтық актілер алады.  Бұл нормативтік актілердің тобына кіретіндер заң күшін иеленеді. Сондада Азаматтық кодексте көрсетілген қатынастар басқаша реттелуі мүмкүн, олай болуы кодекспен немесе басқа заңдармен қарастырылған. Осылардың ішінде Президент жарлықтары жоғарғы заң күшін иеленеді. Егер заңдармен реттелген болса жарлық заңның қызметін атқарады.

Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдардың, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім өкілеттілік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ. Сосын, мемлекетік органдар мен лауазымды адмдар қалдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.

Нормативтік құқықтық акілердің  негізгі және туынды түрлерін білеміз, бұл актілерге тоқталғанымыз дұрыс балады.

Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар  жатады:

1.Конституция,  конституциялық заңдар, кодекстер,  заңдар:

2. ҚР Призидентінің  Конституциялық заң күші бар  Жарлықтары, Жарлықтары, ҚР Призидентінің заң күші бар Жарлықтары, өзгеде нормативтік құқықтық Жарлықтары:

3.ҚР Парламаенті  мен оның палаталарының нормативтік  қаулылары:

4.ҚР Үкіметінің  нормативтік қаулылары:

5.ҚР Конситуциялық Кеңесінің,Жоғарғы Соттың және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары:

6.ҚР министрлері  мен өзгеде орталық мемлекеттік  органдар басшыларының нормативтік  бұйрықтары:

7.Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары:

Азаматтық заңнамалардың  ішінде Азаматтық кодекстің алатын орыны зор. Кодификацияланған салалық нормативтік актілер қоғамдық қатынастарды реттеуде азамттық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттейді.

Қазақстанның Азаматтық  кодексі азамттық заңнаманың негізгі орталық актісі болып табылады. Бұл ережеге Азаматтық кодекстен тундайтын қатынастарды реттейтін заңдар да жатады. Егер басқа заңдарда коллизиялық нормалар болса басшылыққа Азаматтық кодекстің нормалары пайдаланылады.

Азаматтық кодекстің  жалпы бөлімі 24 тараудан тұрады. Бүгінгі күнге дейін кодекске жаңа нормалармен толықтырулар енгізіліп келеді. Оның себебі Қазақстандағы мүліктік қатынастардың күрделенуі мен нарықтық қатынастардың дамуында деп айтуға болады.

 Кодификацияланған  заңдармен бірге азаматтық заңнамаларға  арнай заңдарды да жатқызамыз. Мысалы, ҚР «Сақтардыру туралы» заңы сақтандырушы органдар мн азаматтардың арасындағы сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттесе, ҚР «Тұтынушылар туралы» заңы  кәсіпкерлер мен тұтынушылардың арсындағы тұтынушылар құқығын қорғайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұлардан басқада заңдар негізгі нормативтік актілерге жатпасада алтын орыны бар. Солардың бірнешесіне тоқталып кетуіміз керек;

  "Акционерлік қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 223-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; N 24, 1072-құжат; 2001 ж., N 23, 321-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат) күші жойылдып, Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заң акционерлік  қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары  мен міндеттерін, сондай-ақ олардың  құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін; оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.

Қазақстан Республикасының  акционерлік қоғамдар туралы заңдары  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Заңның 3-бабымен Акционерлік қоғамның анықтамасы берілген. Оларға:

1. Өз қызметін  жүзеге асыру үшін қаражат  тарту мақсатымен акциялар шығаратын  заңды тұлға акционерлік қоғам  (бұдан әрі - қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің  мүлкінен оқшауланған мүлкі болады  және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап  береді.

2. Қоғамның акционері  оның міндеттемелері бойынша  жауап бермейді және Қазақстан  Республикасының заң актілерінде  көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.

3. Қазақстан  Республикасының заңдарында көзделген  жағдайларда акционерлік қоғамның  ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық  емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

4. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.

5. Қазақстан  Республикасының заң актілерінде  қызметтің жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.

6. Қоғамның фирмалық  атауы болады, онда "акционерлік  қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанын  көрсету және оның атауы қамтылуға  тиіс. Қоғамның атынан кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі – делінген.     

 Заңның құрылымына келетін болсақ; жалпы ережелерден, қоғамды құру,     қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары, қоғамды басқару, қоғамның аффилиирленген тұлғалары, жасалуына қатысты ерекше талаптар  белгіленген қоғамның мәмілелері,қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті, қоғамның ақпаратты жария етуі, қоғамның құжаттары, қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату,қорытынды және өтпелі ережелер тұрады.        

Ал, «Жауапкершілігі  шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан  Республикасының 1998 ж. 22 сәуірдегі N 220-I Заңы,  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуы мен таратылуын белгілейді.

Заңның 2-бабында  « Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» ұғымы берілген. Яғни, бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін делінге. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептелмейтіндігі де айтылған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Ал заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береретіндігі осыны дәлелдейді.

Заңмен серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауаптылығы белгіленген.

Заңның 3-бабымен «Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік» болып, қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады деп құқықтық жағдайын анқтаған. Сонымен қатар, қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Ал қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінетіндігі мен басқада нормалар бекітілген. Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогресстің жедел дамуы салдарынан санаткерлік құқық саласында көптеген заң бұзушылықтар орын алып отыруда. Жай ғана қарапайым мысал ретінде, қазіргі кездегі нарығымзды қаптап отырған арзан қарақшылық дыбыс және бейне-дыбыс өнімдерін келтіруге болады.

Информация о работе Азаматтық құқықтың қайнар көздері