ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа

Описание

Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауына иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Салааралық, кешенді сипаттары меншік институты әлі де болса толық көлемде жалпы теориялық зерттеулердің пәні болған жоқ, әйтсе де әрқашан көптеген елдердің зерттеулерінің назарын аударуын жалғастыруда. Бұл ең алдымен меншік[1] қатынастарда ең басты әлеуметтік байланыстар мен процестердің іске асырылуына негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3


І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ------------------------------------------------------------------- 6
1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары ------------------------------------------------------ 9
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ----------------------------------------- 11


ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық ара қатынасы және меншік құқығын қорғау әдістері ----------------------------------------------------- 25

ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ

3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы --------------------------------------------- 41
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны ------------------------------------------- 47
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53

ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ -------

Работа состоит из  1 файл

1 диплом.doc

— 492.50 Кб (Скачать документ)

        Жєне меншік құқығының негізгі соңғы элементі – бұл билік ету құқығы – бұл мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (ҚР АК 188-баб  2, тармақ) .

       Меншік иесі өзінің затын жалға, кепілге және т.б. берген кезде оның  затқа билік етуді жүзеге асыратындығына күдік жоқ. Меншік иесі өзіне  қажет болмай қалған затты жойған кезде немесе оны тастаған кезде немесе зат өзінің қасиеті бойынша өндіріс немесе тұтынудың бір реттік актісіне пайдалануға ғана есептелсе мұндай затқа қатысты меншік иесінің  әрекеттерінің заңи саралау өте қиын.

       Билік ету құқығын Суханов былай анықтаған, мысалы, «күшті» құқық  ретінде, оның меншік иесінде болуы, меншік иесін басқа титулды  иеленушілерінен (соңғылары кейбір кезде сол немесе басқа шектер осы  мүмкіндіктерді  иеленеді) жеңіл  ажыратуға  болады[1].

       Меншік иесінде бір мезгілде барлық үш аталған құқықтар жинақталады.  Бірақ кейбір жағдайларда бұл тізімді оған, мысалы, меншік иесінің өзінің  мүлкін басқару немесе бақылау бойынша айрықша құқықтарын енгізу  арқылы ұлғайтуға әрекет жасау кездесуде. Бірақ біздің көзқарасымыз  бойынша бұл көзқарас негізсіз, өйткені басқару мәні бойынша меншік  құқығын жүзеге асырудың бір мысалы ратінде көрініс табады, ал бақылау  меншік иесінде басқа бір тұлға жүзінде иеленген жағдайда ғана туындайды. Бірақ кейбір жағдайларда олар меншік иесіне емес, мүлікті басқа заңды  иеленушілеріне (сол немесе басқа шектеулермен) тиіс болуы мүмкін, атап  айтќанда, жалға алушы меншік иесімен жасалған шарт бойынша оның  мүлкін иеленіп және пайдаланып қоймай, сондай-ақ соңғысының келісімімен мүлікті жалға беруге (яғни, үшінші жаққа жалға беруге), оның жағдайын  немесе мақсатын жақсартатын өзгерістер енгізуге, яғни белгілі бір шекте   оған билік етуге құқылы. Сондықтан көптеген ғалым цивилистер  Венедиктов А.В., Генкин Д.М., Корнеев С.М, сондай-ақ Суханов Е.А. белгілі  «триаданы» (үштікті) атаумен шектеледі, олар меншікті «өзінің билігімен  және өзінің мүддесінде, өзінің қарауы бойынша және басқа тұлғалардан  тәуелсіз» жүзеге асыруды көрсетті. 

       Жоғарыда аталған барлығынан келесідегі қорытынды жасауға болады,  субьективтік меншік құқығы – бұл меншік иесіне бекітіліп берілген заң  жүзінде қамтамасыз етіліп берілген өз қарауы бойынша және өзінің  мүддесінде осы мүлікке қатысты заңға және басқа да құқықтық құжаттарға қайшы келмейтін және басқа тұлғалардың заңменен қорғалатын құқықтарын бұзбайтын кез келген әрекеттер жасау мүмкіндігі, сондай-ақ оның шаруашылық үстемдігі аясына барлық үшінші жақтардың араласуын жоя алатын мүмкіндік[1].

 

 

1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары

 

        Енді біздің Республикалық заңдарда меншік құқығының қандай  нысандары мен түрлері анықталған соны талдау қажет.

        ҚР Конституциясының 6-бабында айтылған: Қазақстан  Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және  бірдей қорғалады. ҚР АК сондай-ақ меншіктің екі нысанын қарастырған:  жеке ол ҚР АК  191–ші бабында бекітілген және мемлекеттік, ол ҚР АК 192  -ші бабында бекітілген. Меншікті екі нысанға бөлу Конституцияда олардың мемлекетке, сондай-ақ меншік құқығы субьектісіне қатыстылығы белгілі бойынша жүргізілген[1]. Осыған байланысты жеке меншік мемлекеттік емес ретінде түсініледі. Егер меншік құқығы субьектісі ретінде мемлекет (мем. органдар арқылы) болса, онда сөз мемлекеттік жауапкершілік туралы   жүреді. Ал мемлекеттік емес заңды тұлғалар немесе азаматтар субьектілер  ретінде болса, жеке меншік туралы айту қажетті. Осылай, меншік жалғыз  ғана, ал оған субъектілер: мемлекетте, әкімшілік – аумақтық бірлестіктерде,  заңды тұлғаларда, азаматтарда болуы мүмкін. АК жеке меншікті  мемлекеттік  емес ретінде, оның мәнді белгілерін ашпай-ақ шығару тәсілі арқылы  анықтайды. Осыдан туындайтын мемлекеттік емес обьектілердің меншігінің құқықтық режимі бірдей болады. Меншіктің нысанынан оның түрлері туындайды. Заңдар меншікті екі түрге бөлуге жол береді: мемлекеттік меншік АК сәйкес екі түрге бөлінеді: республикалық және коммуналдық. Бұл ереже ҚР АК 192-бабында бекітілген. Республикалық меншік өз кезегінде республикалық қазынадан және мелекеттік республикалық заңды тұлғаларға  бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Ал коммуналдық меншік жергілікті  қазынадан және коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен  тұрады.

       Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тқлғаларға  бекітіліп берілмеген өзга де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны   құрайды.

        Мемлекеттік меншікті мүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға  шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп   берілуі  мүмкін[1]. Ал жеке меншікке келетін болсақ, АК 191 бабына сәйкес, ол азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Осылай, ұжымдық меншік және азаматтардың меншігі заң жүзінде «жеке меншік» ортақ терминімен біріктірілген.

        Социалистік құрылыс кезінде біз білетініміздей жеке меншік жалдамалы еңбекті пайдаланушы меншік ретінде түсінілді. Кейінірек, «Қаз ССР–ғы меншік туралы» заңға сәйкес жеке меншік ретінде пайда табуға бағытталған азаматтардың меншігі түсінілді. Қазіргі түсінік бойынша мемлекттік меншік болып табылмайтын меншік жеке меншікке жатқызылады. De lege ferenda бөлу критериясы көпшілік және жеке меншік болуы керек[2].

       Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар оларға тиесілі мүліктің барлығына меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясына көпшілік саны мемлекетке тиісті болуы, бұл меншіктің мемлекеттік екендігін білдірмейді, меншік нысаны әрқашанда жеке болып қалады. Сонымен бірге жеке меншіктің жеке (тұтыну) және азаматтардың жеке меншігі болып ішкі бөлінуі қарастырылған.

        Жеке меншіктің айрықша түрі ретінде кондоминиумдар меншігі көрінеді[3]. «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 31-бабының 1 тармағына сәйкес кондоминум ұжымдық меншік ретінде көрінгенімен, ұжымдық меншік ұғымы осы азаматтың заңдарға жоқ екендігін ескерген жөн. Азаматтық заңдармен ортақ меншік қарастырылған, ол екі түрге бөлінеді: үлестік және бірлескен меншік.

Жылжымайтын мүлікке меншік кондоминиум нысаныда туындауы мүмкін, бұл кезде жылжымайтын мүліктің жеке-дара бөліктері азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке (бөлек) меншігінде болады да, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікте болмайтын бөлектері меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығанда тиесілі болады. Ортақ мүліктегі әрбір меншік иесінің үлесінің мөлшері және оны күтіп ұстауға кеткен шығындарға қатысу дәрежесі егер заң құжаттарында немесе шарттарда өзгеше көзделмесе жеке-дара (бөлек) меншікте болатын мүліктің бөлігінің мөлшеріне байланысты болады.

        АК 209-бабында сәйкес екі немесе бірнеше адамныњ меншігіндегі мүлік оларға артық меншік құқығымен тиесілі болады. Мысалы, заңды тұлғаның меншігіндегі мүлік оның құрылтайшыларына олардың заңды тұлғаның жарғылық капиталына салған белгілі бір үлестерде тиесілі болуы мүмкін. Осыдан «үлестік меншік» ұғымы туындайды. Ол заңды тұлғалардың және олардың құрылтайшыларымен тікелей байланысты (әрине бұл заңды тұлғалардың түріне және нысанына тәуелді). Ортақ бірлескен меншік АК-те екі түрде бекітілген – ерлі-зайыптылардың және шаруа (фермер) қожалығының мүшелері. Бірақ олар заңды тұлғалар болып табылмағандықтан сөз ары қарай ортақ үлестік меншік туралы жүретін болады. Сонымен, заңды тұлғалардың меншік құқығының нысандарымен түрлерін сипаттаған кезде мүліктің құқықтық режимінің мазмұнымен ерекшелігі мүлікті сол немесе өзге де нысандарымен түрлерге жатқызуға байланысты екендігін ескерген жөн.

 

 

1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы

 

Енді меншік құқығына ие болу негіздері туралы айтып өту қажет. Заңды немесе жеке тұлға мүліктің меншік иесі болып қай кезден басталады?

        Меншік құқығына азаматтық құқықтық субъектілері әртүрлі негіздер бойынша ие болады. ҚР АК 235 – бабы меншік құқығына ие болу  негіздеріне арнайы арналған. Бірақ заңды бұл құқыққа ие болу негіздері  толық көрсетілген.

        Меншік құқығы белгілі бір оқиға және әрекетті негізде пайда болады және жойылады, олармен объективтік құқық нормаларын меншік құқығына ие болуды байланыстырады. Мұндай оқиға немесе әрекет заңи фактілер болып табылады және меншік құқығына ие болудың және тоқтатудың негізі немесе тәсілі ретінде қарастырылады.

        Меншік құқығын алу тәсілдері бастапқы және туынды болып бөлінеді.

         Бастапқы тәсіл кезінде меншік құқығы бұрын болмаған заттарға алғаш рет туындайды.

         Туынды тәсілдерге алушының меншік құқығы алдыңғы меншік иесінің құқығына негізделуі тән. Жаңа меншік иесінің құқығы тоқтатылады[1].

          Меншік құқығының пайда болуының туынды тәсілдеріне шарттар (сатып алу-сату, сыйға қайта құру жатады. Бұл жерде меншік құқығы  бастапқы меншік тарту, алмастыру және т.б.), мұраға беру (өсиет бойынша)  және заңды тұлғаны қайта құру жатады. Бұл жерде меншік құқығы бастапқы меншік иесінің және иеленушінің еріктері бойынша жиі туындайды. Бірақ кейбір жағдайларда бастапќы меншік иесінің еркі ескерілмеуі керек. Мысалы, заң бойынша мұраға алу кезінде оның білдірілуі қажет емес.

Жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді. Бұл ереже ҚР АК 235-бабы 1 тар мағында бекітілген. Меншік құқығына ие болудың барлық тәсілдерінің ішінде адам қоғамының өмір сүруіне негіз және қажетті жағдай ретінде материалдық өндіріс анықтауышы мәнге ие (жеміс, өнім, табыс).

Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығын басқа тұлға сатып алу-сату, сыйға тарту, алмастыру немесе басқа да осы мүлікті оқшаулау туралы мәмілелер негізде ие болады. Меншік құқығына ие болудың келесі бір негізі: азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығын өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдар көшеді.

Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған реттерде оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорларына – заңды тұлғаларға көшеді. Бұл да ҚР АК 46-бабында бекітілген.

Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативінң мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады.

Туынды негіздерге сондай-ақ мүлікті ұлт меншігіне алу (АК 249 бап. 4т), жекешелендіруді (АК 249бап, 3т), реквизициялау және тәркілеуді (АК 249 бап, 3,4 т), жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыруды (АК 249 бап, 5т), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алуды (АК 249-бап, 6т) жатқызуға болады.

Меншік құқығына ие болудың бастапқы негіздерін қарастырайық. 

Бұл күші бар заңдарға сәйкес:

1.            Дайындалған немесе жасалған затқа құқық (АК 235-бап, 1 тармақ);

2.            Мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерге, өнімге, табысқа (АК 235-бап, 1 тармақ);

3.            Өңдеу (АК 237-бап);

4.            Жинауға не аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке  айналдыру (АК  241-бап);

5.            Иелену  көнелігі  (АК  240-бап);

6.            Иесіз заттарға меншік құқығы (АК 242-бап);

7.            Меншік иесі бас тартқан қозғалмалы заттар (АК  243-бап);

8.            Олжа (АК  245-бап);

9.            Қараусыз жануарларға меншік құқығын алу (АК 278-бап);

10.       Көмбе (АК 247-бап);

11.       Меншік иесінен алынған мүлікті иелену (АК  278-бап);

     Енді меншік құқығының тоқтатылу негіздерін қарастырайық.

Бұрынғы заңдардан қазіргі заң күші бар АК айырмашылығы АК меншік  құқығын өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуына жеке 14 тарауды  «Меншік құқығын мен өзге де заттық құқықтардың тоқталуы» арнаған.

          АК 249-бабында меншік құқығының тоқталу негіздері қарастырылған.

          Меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген,  меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қараған немесе жойылған  және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік  құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады[1].

          Меншік иесінен мүлікті мәжбүрлі түрде алуға заң бойынша жол  берілмейді, өйткені, меншік заңменен қорғалады. Бірақ сонда да  Азаматтық   кодекспен мүлікті меншік иесінен ықтиярсыз алып қоюға негіздер  көрсетілген, атап айтқанда мына реттерде:

1.                  Меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріліп алынған  ақы айналымға түскен;

2.                  Заң құжаттарына сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын  мүлікті ықтиярсыз иеліктен айырған;

3.                  Реквизициаланған ;

4.                  Тәркіленген ;

5.                  Жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айырған ;

6.                  Күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер ;

7.                  Күші бар заңдарда көзделген өзге де реттерде.

 

      Менің пікірімше, айтылған бапқа түсінік беру қажетті.

Басқа тұлғалар тарапынан меншік иесімен мүлікті ықтиярсыз алып қоюға  жол берілмейді, егер ол өзіне тиесілі мүлікке заңды негіздерде иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асырса, және осыменен үшінші жақтың құқықтарын бұзбаса, яғни басқа тұлғалардың құқықтарын  шектемесе. Меншік иесінен меншігін заңды негіздер бойынша алып қоюмен басқаша жағдай туындайды, яғни, құзіретті органдар қажетті жағдайда тұлғаның билік ету құқығына ие болады. Осылай, мемлекеттің құзіретті  органдары меншік иесіне мүлкіне билік ету бойынша құзіретке ие болады. Осыдан туындайтын сұрақ, меншік иесіне тиесілі мүлікті пайдалану, иелену  немесе билік ету айырықша құқық болып табылады ма немесе табылмайды ма? Бұл өте даулы сұрақ, бірақ себебі менің бітіру жұмысымның тақырыбы «ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы», сондықтан мен осы тақырыпқа тоқталып қана өтпей, өзімнің тақырыбымды тікелей ашуға көшемін.

Информация о работе ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы