Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа
Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауына иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Салааралық, кешенді сипаттары меншік институты әлі де болса толық көлемде жалпы теориялық зерттеулердің пәні болған жоқ, әйтсе де әрқашан көптеген елдердің зерттеулерінің назарын аударуын жалғастыруда. Бұл ең алдымен меншік[1] қатынастарда ең басты әлеуметтік байланыстар мен процестердің іске асырылуына негізделеді.
КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3
І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ------------------------------------------------------------------- 6
1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары ------------------------------------------------------ 9
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ----------------------------------------- 11
ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық ара қатынасы және меншік құқығын қорғау әдістері ----------------------------------------------------- 25
ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ
3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы --------------------------------------------- 41
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны ------------------------------------------- 47
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53
ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ -------
Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің борышы бойынша егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе оған өзі кіргеннен кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына қарамастан жауап береді.
Ал серіктестік мүлкіндегі өз үлесінен астам бөлігіндегі толық серіктестіктің борыштарын өтеген қатысушы өзінің алдында серіктестік мүлкіндегі өз үлесінің мөлшеріне тең үлестік жауапкершілікті мойнына алатын өзге де қатысушыларға тиісті бөлігінде кері талап қоюға құқылы. Сонымен қатар, толық серіктестіктен өз қалауымен шыққан немесе серіктестіктен соттың шешімі бойынша шығарылған қатысушы сондай-ақ қайтыс болған қатысушының серіктестіктен бас тартқан құқықты мирасқоры серіктестіктен өздері шыққан кезге дейін пайда болған серіктестіктен міндеттемелері бойынша серіктестіктің өздері серіктестіктен шыққан жыл ішіндегі серіктестік туралы есеп бекітілген күнен бастап екі жыл бойы жауап береді. Бір қатысуға немесе үшінші жаққа өз үлесін беру арқылы серіктестік мүлкіндегі өз үлесінен несие беруші /немесе берушілер/ ақы өндіріп алу арқылы шыққан қатысушы, сондай-ақ қайтыс болған қатысушының серіктестікке қабылдаудан бас тартқан құқықтық мирасқоры серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Ал толық серіктестік тоқтатылғаннан кейін қатысушылар серіктестік тоқтатылған күннен бастап екі жыл бойы ол тоқтатылған кезге дейін пайда болған серіктестік міндеттемелері бойынша жауапты болады.
Толық серіктестің осы бапта көзделген міндеттемелері бойынша өздерінің жауапкершілік тәртіп өзгешелік қатысушылардың келісімі жарамсыз болып табылады.
Ал серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылар мен қатар жауапкершілігі толық серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестік кәсіпкерліктің қызметі жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады.
Сондай-ақ азамат тек бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады.
Сенім серіктестігіндегі толық серіктестік толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды.
Сенім серіктестігінің салымшысы алғашқы салымын және қосымша жарнамаларын құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде әдіс пен тәртіп бойынша салуға міндетті.
Сенім серіктестігі салымшысының:
1. Серікестік пайдасының жарғылық қордағы өзіне тиесілі үлесін құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша алуға құқылы.
2. Серіктестіктің жылдық есебімен және балансымен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етуге.
3. Жарғылық қордағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін заң құжаттарында және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша басқа салымшыға немесе үшінші жаққа беруге құқығы бар. Салымшының өз үлесін басқа біреуге түгел беруді оның серіктестікке қатысуын тоқтатады.
4. Қаржы жылы аяқталған соң серіктестіктен шығып кетуге және өз салымын құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша алуға құқығы бар.
Егер салымшы сенім серіктестігінің мүдделерін көздеп тиіс өкілетінсіз мәліме жасаса, оның әрекетін серіктестік мақұлдаған жағдайда мәліме бойынша ол несие берушінің алдында толық көлемде жауап береді. Егер ол мақұлданбас салымшы үшінші жақтың алдында заңдар бойынша өзінің ақы өндіріп алынатын бүкіл мүлкімен жеке жауап береді.
Сенім серіктестігінің жарғылық қоры оның қатысушылары салатын салымынан құрылады. Шаруашылық үрдісінде шаруашылық өзгертілуі мүмкін. Салымшылардың салымдарын есептемегенде жарғылық қор толық серіктестіктерінің сенім серіктестігі мүмкіндігі үлесін белгілейді.
Жарғылық қордың мөлшерін сенім серіктестігінің толық серіктестіктері белгілейді және ол заң құжаттарында белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмау керек. Салымшылар үлесінің жиынтық мөлшері сенім серіктестігінің жарғылық қорының елу процентінен аспауға тиіс.
Сонымен қатар, сенім серіктестігінің жарғылық қорын азайтуға оның барлық иесіне берушілеріне хабарлағаннан кейін жол береледі. Несие берушілер бұл ретте тиісті міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын өздері шеккен залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз – бір немесе бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігін айтамыз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ортақ жауапты болады.
Олардың саны отыздан аспауы керек, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар. Басқа жағдайда – ол бір жыл ішінде акционерлік қоғам етіп қайта құрылуға бұл мерзім өткеннен кейін егер оған қатысушылардың саны отызға дейін немесе сот тәртібімен тартылуға тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды.
Өзінің кез-келген қатысушылардың талабы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметіне аудиторлық тексеру жүргізілуге тиіс.
Заңдарда және құрылтай құжатында көзделген басқа реттеуде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен көпшілік алдында есеп беру талап етілмейді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік оған қатысушылардың бір ауыздан қабылданған шешім бойынша өз еркімен қайта құрылуы немесе тартылуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру мен жаратудың өзге негіздері Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен және заң құжаттарымен белгіленеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тек қана акционерлік қоғам болып құрылуға құқылы.
Кез-келген уақытта серіктестік пен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы оның басқа қатысушыларының келісіміне қарамастан серіктестіктен шығуға құқылы. Бұл орайда оған заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен әдіспен және мерзімде мүліктің құны серіктестіктің жарғылық қорындағы оның үлесіне қарай төленуге тиіс.
Жарғылық қордың мөлшерін жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшылары белгілейді және ол заң құжаттарында белгіленген ең төменгі мөлшерде кем болмауы керек. Сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық қорын азайтуға оның барлық несие берушілеріне міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоұталыуын енемес орындалуын және өз шығындарының өтелуін талап етуге құқылы.
Осы белгіленген тәртіпті бұз отырып жарғылық қорды азайту мүдделі адамдардың арызы бойынша сот шешімімен жауапкершілігі шектеулі серіктестік жаратуға негіз болады.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауп еберетін ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде өткізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
Өз акцияларын сатқысы келетін жабық акционерлік қоғамның акционері олардың қоғамның басқа қатысушыларына емес қоғамның өзіне сатып алуды ұсынуға міндетті. Егер қоғамның қатысушылары немесе қоғамның өзі акцияларды сатып алудан бас тартса, акционер қоғамның келісімен акциялардыүшінші жақтарға сатуға құқылы.
Құрылтай құжаттарында өз әрекеттерімен қоғамның мүдделерін едәуір дәрежеде бұзған қатысушының сот бойынша жабық акционерлік қоғамнан шығару көзделуі мүмкін. Шығарылып жіберілген қатысушының акцияларын қоғам ықтиярсыз сатып алады.
Акционерлік қоғам жарғылық қорды толық өтеп болғаннан кейін және әрі кеткенде өздері жұмыс істей бастаған үшінші жылы осы уақытқа қарай жылдық баланстарды тиісінше бекіткен жағдайда жарғылық қордың мөлшерінен аспайтын мөлшеде облигация шығаруға құқылы.
Акционерлік қоғамның:
1. Барлық жарғылық қорды толық төлеп біткенге дейін;
2. Егер дивидент төлеудің нәтижесінде жарғылық қордың мөлшері азайып қалса дивиденттерді жария және төлеуге құқығы жоқ.
Егер басқа \негізі\ шарушылық серіктестік оның жарғылық қордағы басымырақ қатысуына қарай не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес не мұндай серіктестік қабылдайтын шешімдерді өзгеше түрде белгілеу мүмкіндігі бар шаруашылық серіктестік еншілес серіктестік деп танылады.
Еншілес шаруашылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің борыштары бойынша жауап бермейді.
Негізгі шаруашылық серіктестігі еншілес шаруашылық серіктестігімен жасалған шарт бойынша соңғысына ол үшін міндетті болып табылатын нұсқау беруге құқылы, ол мұндай нұсқаларды орындау үшін еншілес шаруашылық серіктестігімен жасасқан мәмілелер бойынша онымен бірге субсидиялық жауапты болады.
Негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінан еншілес шаруашылық серіктестігі оның борыштары бойынша жәрдем көрсету жөнінен жауапты болады.
Еншілес шаруашылық серіктестігінің қатысушылары \акционер\ негізгі шаруашылық серіктестігінің оның кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігіне келтірілген залалдарды өтеуі, егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе талап етуге құқылы. Еншілес шаруашылық серіктестігі ережелерінің осы бапта көзделмеген ерекшеліктері шаруашылық серіктестіктер туралы және монополистік қызметті шектеу туралы заң құжаттарында белгіленеді.
Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма процентен астамы басқа \қатысушы басымырақ\ заңды тұлғаныкі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады. Басымырақ заңды тұлға акционерлік қоғам акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң құжаттарында көзелген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті. Акционерлік қоғамдардың бір бірінің жарғылық қорларына өз ара қатысуын егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе әрбір жарғылық қордың жиырма бес поцентінен асыруға болмайды. Бір бірінің жарғылық қорына өзара қатысушы акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында жиырма бес проценттен артық дауысты пайдалана алмайды.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет негізінде олардың өз еңбегінен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруге негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп аталады.
Кооператив мүшелері екеуден кем болмауға тиіс.
Өндірістік кооператив мүшелері кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив туралы заңды көзделген мөлшермен тәртіп бойынша қосымша жауапты болады. Кооперативтерді меншік құқығы кооперативтік мүлікке ие болу, пайдалау, билік ету тәртібін реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Кооператив меншік құқығының субъектісі – кооператив ұйымы болып табылады \ұжым, оның мүшелері\.
Кооператив көбінесе өзінше құрылым болып құралады да мемлекеттік қоғамдық кәсіпорын ұйым мекеме жанында құруға болады. Соның өзінде құрылған кооператив өз мүлкіне меншік құқығын сақтайды.
Ортақ меншіктің ерекшелігі субъектілерінің көптігі, объектінің жалғыздығы.
Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.
Мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілене отырып \үлестік меншік\ немесе ондай үлестер белгіленбейді ортақ меншікте болу мүмкін.
Мүлікте ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншік қоры заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігінде мүлік болып түскен кезде пайда болды, оның өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды, өйткені ол заңға сәйкес бөлуге жатпайды.
Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады.
Бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі бойынша, ал келісімге қол жетпеген жағдайда сот шешімі бойынша ортақ меншікке осы адамдардың үлесті меншігі белгіленуі мүмкін. Ортақ меншік субъектілері өз еркімен тең мүлікті иемденеді, пайдаланады, билік етеді. Ортақ меншік құқығының объетивті мазмұны бұл екі немесе бірнешеге тұлғаға бір бүтін мүліктің тән екендігін бекітуші ретінде қорғаушы құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Ортақ меншік құқығы субъективтік мазмұны немесе бірнеше адамның өздеріне тән бүтін мүлікті өз еркінше иемденуге, пайдалануға, билік етуге құқылы.
Мүлкіне ортақ меншік үлесетін меншік болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Бұндай мүлікке үйлер, саяжай, мәдени тұрмыстық, шаруашылық қымбат заттар жатады. Қазіргі уақытта үлестік меншікке өндіріс құралдары мүліктік комплекстер жатуы мүмкін.
Үлестік меншік құқығының пайда болу негіздері азаматтардың әртүрлі құқықтылық мәмілелер нәтижесінде бірлесіп алған мүліктер бөлінбейтін заттарды екі немесе бірнеше адамға мұраға қалдыру бірнеше тұлғаның өз күштерімен, құралдарымен мүлік құруы болып табылады. Егер үлесті меншікке қатысушылар үлесінің мөлшерін заң құжаттары негізінде анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі мүмкін болмаса, үлестер тең деп саналады.