ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа

Описание

Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауына иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Салааралық, кешенді сипаттары меншік институты әлі де болса толық көлемде жалпы теориялық зерттеулердің пәні болған жоқ, әйтсе де әрқашан көптеген елдердің зерттеулерінің назарын аударуын жалғастыруда. Бұл ең алдымен меншік[1] қатынастарда ең басты әлеуметтік байланыстар мен процестердің іске асырылуына негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3


І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ------------------------------------------------------------------- 6
1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары ------------------------------------------------------ 9
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ----------------------------------------- 11


ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық ара қатынасы және меншік құқығын қорғау әдістері ----------------------------------------------------- 25

ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ

3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы --------------------------------------------- 41
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны ------------------------------------------- 47
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53

ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ -------

Работа состоит из  1 файл

1 диплом.doc

— 492.50 Кб (Скачать документ)

3.                  Азаматтық айналымда өз атынан қатысуы сотта жауапкер және  талапкер болу мүмкіндігін, өз атынан шарттар жасау, біржақты  мәмілелер жасау мүмкіндігін болжайды. Сәйкесінше, бұл үшін тағыда  оқшауланған мүлік (меншік) қажет.

4.                  Ұйымдық бірлік заңды тұлғаның белгісі ретінде заң жүзінде  бекітілген, бірақ болжамдалады ұйымдық бірлік заңды тұлғада  тиісінше тұрақты құрылымының: заңды тұлға атынан әрекет ететін  басқару органдарының болуын білдіреді.

 

 

3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері

 

           Қазақстан Республикасының заңдарының ішіндегі 30 тамыз 1995  жылғы ҚР Конституциясы ең жоғарғы заң күшіне ие болады. Бірақ  Конституцияда «заңды тұлғалардың меншік құқығы» туралы ешнәрсе  айтылмаған. Тек 6 бапта айтылғандай; «Қазақстан Республикасында   мемлекеттік меншік пен жеке меншік табылады және бірдей қорғалады». Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілер мен обьектілері, меншік иелерін өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді[1].

Иерархиялық бағыныштағы келесі кодификацияланған нормативтік құжат болып 27 желтоқсан 1994 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі болып табылады. Өзінің заңи күші бойынша қазіргі  уақытта ең маңызды орынды ҚР АК-нің жалпы бөлімі алады.

          Мұндайларға жатады:  

1.                  «Акционерлік қоғамдар туралы» 10 шілде 1998 жылғы Қазақстан  Республикасының заңы.

2.                  «ҚазССР-дағы қоғамдық бірлестіктер туралы» 27.08.91 ж. ҚазССР Заңы.

3.                  «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар  серіктестіктер туралы» 22 сәуір 1998 жылғы ҚР-ның Заңы.

Келесі төменгі сатыда Заң күші бар ҚР-ның Президентінің  жарлықтары тұр. Оларға жатады:

1. ҚР Президентінің «Шаруашылық серіктестіктер туралы» 2 мамыр  1995 жылғы №2255 заң күші бар жарлығы.

2. ҚР Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 19 маусым 1995 жылғы №2335 заң күші бар жарлығы.

3. ҚР Президентінің «Өндірістік кооператив туралы» 20 шілде де  1995 жылғы №2486 заң күші бар жарлығы.

4. ҚР Президентінің 23 желтоқсан 1995 жылғы «Жекешелендіру  туралы» №2721 заң күші бар жарлығы.

5. ҚР Президентінің 25 желтоқсан 1995 жылғы «Жылжымайтын  мүлікке құқықтарды және онымен жасалған мәлімелерді мемлекеттік тіркеу  туралы» № 2727 заң күші бар жарлығы.

6. ҚР Президентінің 17.04.95 жылғы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік   тіркеу туралы» № 2198 заң күші бар жарлығы;

7. ҚР Президентінің 5 қазан 1995 жылғы «ҚР-ның кейбір заң  актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және ҚР  Президентінің Заңды тұлғаларды тіркеу туралы заң күші бар жарлығы  №2489 заң күші бар жарлығы.

8. ҚР Президентінің 31 тамыз 1995 жылғы «ҚР Банктері және банктік  қызмет туралы» заң күші бар жарлығы;

Егер әрі қарай төмендей беретін болсақ, онда келесі сатыда  орталық атқару органдарымен қабылданған қаулылар орналасқан.   Мысалы:

1.  ҚР Үкіметінің №928, 21 қыркүйек 1998 жылғы «Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктер мен қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің үлгілік жарғыларын бекіту туралы» қаулысы;

2. ҚР Министрлер Кабинетінің 8 қазан 1992 жылғы «Қазақэкспорттастық» Қазақ Мемлекеттік Акционерлік қоғамын құру туралы №840 Қаулысы;

Заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты нормалар  министрліктердің және ведомоствалардың нормативтік актілерінде  мазмұндалуы мүмкін. Атап айтқанда, мысалы, министрліктердің,  мемлекеттік комитеттердің ведомоствалардың заңды тұлғалардың меншік құқығына қатысты әртүрлі түрдегі ережелер, нұсқаулар, бұйрықтар  қабылдауға құқықтары бар. Бұл заңдар экскурсы нақты заңды тұлғаның  меншік құқығын реттеуші құқықтық нысанынан қайда мазмұндалғанын дәлірек анықтау үшін келтірілген.    

4.   ҚР заңдары бойынша заңды тұлғалардың түрлері.

ҚР заңдары бойынша заңды тұлғалардың түрлері және нысандары  туралы айтып өтейік. Заңды тұлғалардың түрлерін және нысандарын дұрыс  сыныптаудан, мысалы заңды тұлға мүшесінің пайдылы мөлшерін алуға  құқығы тәуелді, немесе мысалы заңды тұлғаның түріне оның қатысушыларының заңды тұлға меншігіне қатынасы тәуелді яғни заңды тұлғаның нысаны белгілі бір құқықтық салдарға ықпалын тигізеді.

Азаматтық Кодекс заңды тұлғаларды қызметтерінің мақсатына байланысты екі түрге бөлінеді:

      А)  Коммерциялық;

      Б)   Коммерциялық емес.

   Коммерциялық заңды тұлға - өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым. 

   Коммерциялық емес заңды тұлға - өз қызметінің негізгі мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына  үлестірмейтін ұйым.

   Келтірілген сыныптау өте маңызды практикалық мәні бар, өйткені заңды тұлғалардың әрбір түрі ерекше құқықтық режимге бағынады. 

   АК 34-бабы 2 тамағында айтылғандай, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін. Ал коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

     Сәйкесінше, Азаматтық кодекс заңды тұлғалар деп заңның өзінде көрсетілген модельдердің бірі бойынша құрылған құрылымдарды ғана  танып отыр. Кез келген заңды тұлға заңшығарушыға белгілі және олармен   реттелетін модель бойынша міндетті түрде құрылуы тиіс[1].

 

 

3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны

 

              Шаруашылық серіктестіктен бастайық.

    Шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар – бұл бірнеше дербес коммерциялық заңды тұлғалардың түрін білдіретін тектік ұйым. Олар үшін белгілі бір олардың жарғылық (қоймалық) капиталының үлестерге бөлінуі болып табылады. Осы шаруашылық серіктестіктермен қоғамдарын басқа коммерциялық ұйымдардан ажыратады. Халықаралық стандартқа жауап беретін ұйымдық шаруашылық жүргізудің құқықтық нысандарының кең спектрі Азаматтық Кодекспен жеткілікті қарастырылған.

              Ресей заңдарында шаруашылық серіктестіктер деп жалпы атаумен кәсіпкерлік қызметті бірге жүргізу үшін құрылған бірнеше тұлғалардың шарттық бірлестігі түсіндіріледі[1].

                 Біздің заңдарда ҚР Президентінің 2 мамыр 1995 жылы №11555 «Шаруашылық серіктестік туралы» заң күші бар жарлығына сәйкес коммерциялық ұйым деп жариялық жарғылық қоры құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне бөлінген, өзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде  пайда табуды көздейтін заңды тұлға танылады.

Кез келген коммерциялық ұйым сияқты, шаруашылық серіктестік оның қызметінің мүліктік негізін  құрайтын және несие берушілердің мүдделеріне кепілдік беретін жарғылық (қоймалық) капиталға ие болуы керек. Жарғылық капитал – бұл құрылтай құжаттарымен берілген біріктіруге (бөлуге) шешім қабылданған ұлттық валютасында бағаланған сома немесе басқа жарна үлестері (бағалы қағаздар, мүлік және т.б.) Шаруашылық серіктестіктер жарғылық капиталын дәстүрлі түрде қоймалық капитал деп атайды, өйткені, мұндай кәсіпорындар коммерциялық қызметі үшін өз жарналарын біріктіретін құрылтайшылар арасындағы шартқа (жарғыға емес) негізделе отырып құрылған.

              Жарғы  капиталына жарна ретінде кез келген айналым қабілеті бар мүлік, мүліктік құқықтарды қоса алғанда бола алады. Жарғылық капиталға сол не болмаса басқа да жарналарды салуға жол беруге негізгі критерийі  болып  олардың қоғамның активтерінің сомасын ылғайту қабілеті табылады. Дербес шаруашылық серіктестердің  құқықтық жағдайын қаруға көшейік. Толық серіктестіктен бастайық:

1.           Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері  бойынша өзіне  тиесілі барлық мүлкімен орта жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады. Толық серіктестік қатысушылары жарғылық қорды құрайды, оның мөлшері қатысушылар жарғылық қорға жарналарын салған кезде ҚР – да заңменен анықталған 25 ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Барлық қатысушылардың шаруашылық серіктестігі мүмкіндігі үлесі олардың жарғылық қорға салған жарналарына пропорционалды. Толық серіктестіктің жарғылық қорының мөлшері, құрылу тәртібі және мерзімі құрылтай құжаттарымен анықталады.

2.           Шаруашылық серіктестіктің  келесі нысаны болып сенім серіктестігі  табылады. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен   (толық серіктестерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп    қатысушылармен қатар, мүлкіне өздері салған салымдардың жинытығы  мен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушылар да енгізетін және  серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп аталады.

3.                  Шаруашылық серіктестіктің тағы бір нысаны – бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 22 сәуір 1998 жылғы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР заңына сәйкес бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгілеген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке  қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өзлерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

                Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарына жауап беретін, ал бұл сауалға жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған   өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдары арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

  Заңды тұлғалардың кең тараған түрлерінің бірі болып акционерлік қоғам болып табылады. 10 шілде 1998 жылғы ҚР заңына сәйкес, акционерлік қоғам деп өз қызыметін жүзеге асыру үшін қаржатты тарту мақсатында акция шығарушы заңды тұлға танылады.

   Бұрын АҚ құқықтық режимі «Шаруашылық серіктестіктер туралы» жарлықпен реттеледі. 1998 жылы 10 шілдеде «Акционерлік қоғам туралы» ҚР Заңы қабылданды, онда АҚ қызметі егжей–тегжей белгіленген. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығы әрі қарай жеке қараудың пәні болады.

   Заң шығарушылық серіктестіктердің мүлкіне негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттарды сондай–ақ серіктестіктің дербес балансында құны көрсетілетін басқа мүліктерді жатқызған. Шаруашылық серіктестіктерге мүлік меншік құқығына тиесілі болады. Серіктестіктің мүлкінің қалыптасуының қайнар көздері болып табылады.

1. Жарғылық қорға қатысушылардың салған салықтары.

2. Оның қызметінен алынған табыстар.

3. Заң құжаттарымен тыйым салынбаған басқа да қайнар көздер[1].

Өндірістік кооперативті заңды тұлға ретінде қарастырамыз.

Өндірістік кооператив серіктестіктер мен қоғамдарға ұқсас өзімен бірге мүшелік негізде құрылған коммерциялық ұйым, яғни корпорацияны көрсетеді. Бірақ шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардан   айырмашылығы кооперативтер қатысушыларының мүліктерін біріктіруге ғана емес, сондай–ақ олармен құрылған ұйымның қызметіне олардың бірлескен және өз еңбегімен қатысуына негізделген. Өндірістік кооперативтер европалық жұмысшылармен өткен ғасырдың ортасында  Г.Ф. Шершевич пікірі бойынша «жұмысы нашар тұлғалар үшін капиталистердің делдалдығын жою» мақсатында құрыла бастаған.

                   Мемлекеттік кәсіпорын – комерциялық заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі Азаматтық кодекс нормаларымен және Қазақстан Республикасы Президентінің 19маусым 95 жылғы 2335 нөмерлі «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заң күші бар жарлығымен реттеледі.

Мемлекеттік кәсіпорындарға:

1. шаруашылық жүргізу құқығына негізделген.

2. оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады.

Мемлекеттік меншік түріне байланысты кәсіпорындар.

1. Республикалық меншікте болатын кәсіпорындар.

2. Коммуналдық меншікте болатын кәсіпорныдар болып бөлінеді.

                 Мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын құра алады. Мемлекеттік кәсіпорын мүліктік негізін негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттар, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында бағасы (құны) көрсетілген құндылықтар құрайды. Мемлекеттің кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болады.

              Егер «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» жарлықтың 10-бабында бекітілген ережеге шолу және талдау жүргізетін болсақ, онда келесіндей қорытынды жасауға болады.

1)    мүлік, оның негізінде мемлекеттік кәсіпорын қызмет істейтін, мемлекетің меншігі болып табылады, ал мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын мемлекеттік уәкілді органдар атқарады;

2)    мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді. Бұл жерде мысалы, жарналық салымдар болмайды, осы кәсіпорынның міндеттемелері бойынша мемлекеттік кәсіпорынның жұмысшыларының жауаптылығы болмайды.

Мемлекеттік кәсіпорындағы мүліктің құралу тәсілдері басқа коммерциялық заңды тұлғалардағы мүліктің құралу тәсілінен елеулі айырмашылықтары бар. «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» жарлықтың 10 бабында мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі:

1)     оған меншік иесі берген мүлік;

2)     өз қызметі нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай табысты қоса алғанда);

3)     Заң құжаттарымен тыйым салынбаған басқа да қайнар көздері есебінен құралады.

«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» жарлықтың 11-бабында мемлекеттік меншік түрі ауысқан кезде немесе ведомоствалық бағыныштылығын ауысқан кезде, кәсіпорында мүлікке құқығы сақталып қалады. Бұл бапта айтылғандай, заңдарда анықталған тәртіпте мемлекеттік кәсіпорынды республикалық меншіктен коммуналық меншікке берген кезде, немесе керісінше  немесе бір мемлекеттік басқару органдарынан  басқа бір мемлекеттік басқару органына берген кезде, онда  мұндай кәсіпорын оған тиесілі мүлікке шаруашылық жүргізу (оралымда басқару) құқығын сақтап қалады. Тағы бір тән белгісі мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешен болып табылатындығы, жылжымайтын мүлік және мемлекеттік меншік объектісі болып табылатындығы.

Информация о работе ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы