ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа

Описание

Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауына иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Салааралық, кешенді сипаттары меншік институты әлі де болса толық көлемде жалпы теориялық зерттеулердің пәні болған жоқ, әйтсе де әрқашан көптеген елдердің зерттеулерінің назарын аударуын жалғастыруда. Бұл ең алдымен меншік[1] қатынастарда ең басты әлеуметтік байланыстар мен процестердің іске асырылуына негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3


І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ------------------------------------------------------------------- 6
1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары ------------------------------------------------------ 9
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ----------------------------------------- 11


ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық ара қатынасы және меншік құқығын қорғау әдістері ----------------------------------------------------- 25

ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ

3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы --------------------------------------------- 41
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны ------------------------------------------- 47
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53

ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ -------

Работа состоит из  1 файл

1 диплом.doc

— 492.50 Кб (Скачать документ)

                 Мүліктік кешен ретінде кәсіпорының құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, соның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметін дараландырылатын белгілерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгілері) және басқа да айырықша құқықтар енеді[1].

                Қарастырылатын келесі объекті заңды тұлға ретінде коммерциялық емес ұйымдар болады. Мақсаты ретіеде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық ұйым деп аталады. Бірақ меншік өзінің қызметін жүзеге асыру  барысында маңызды орын алады.

Қазіргі заңды күші бар Азаматтық кодекстің 105-110 баптарымен коммерциялық емес заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарының тізімі қарастырылған Сондай-ақ бұл ұйымдардың ұйымдық құқықтық қызметтері және мүліктік қатынастары  1991 жыл 27 маусымдағы «ҚазССР-ғы қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңымен және 1992 жылы 15 қаңтардағы «Дінге сену бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылы 15 қаңтардағы «Дінге сену бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «ҚР Заңын күшіне енгізу туралы» қаулысымен реттеледі.

                 Тұтыну кооперативінен бастайық, тұтыну кооперативінің (ҚР АК 108- бап) өндірістік кооперативтерден айырмашылығы олар қатысушыларының жеке еңбегіне негізделген бірлескен өндірістік немесе басқа шаруашылық қызмет үшін емес, оның мүшелерінің мүліктік салымдарын біріктіру арқылы қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылады.

Осы тұрғыдан өндірістік кооперативтер тұлғалардың бірлестігіне жақын болса да , оларды  капиталдардың бірлестігіне теңестіруге болады.

                 Тұтыну кооперативтернің қатарына тұрғын үй және тұрғын үй- құрылыстық, гараждық, саяжай, бақ өсірушілер серіктестері және т.б. сияқты кооперативтер жатады. Тұтыну кооперативімен өндірістік кооперативтің айырмашылығы олардың қызмкеттерінің сипаттары емес, оның мақсатында.

                Тұтыну кооперативі құрылтайшыларының шешімі бойынша Жарғы негізінде құрылады. Тұтыну кооперативінің жарғысында кооператив меншігіне қатысты мәліметтер, кооператив мүшелерінің жарнасының мөлшері туралы шарттар, кооператив мүшелерінің құрамы және жарна төлеу тәртібі туралы және жарна төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғандығы үшін олардың жауаптылығы туралы, қару органының құрамы  және құзыреті туралы және т.б. көрсетіледі. Жарна қоры қатысушылардың жарнасы есебіненқұралады және несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруда минималды кепілдік болып табылады[1].

              Қоғамдық бірлестіктер (ҚР АК 106-бап) – бұл ортақ мақсаттарына жету маќсатымен құрылған тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі. Қоғамдық бірлестік – бұл дербес ұйымдық–құқықтық нысандағы коммерциялық емес заңды тұлғалардың біртұтас тобын білдіретін тектік ұғым. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң олардың қатарына жатқызылады (8 бап):

-                            саяси партияларды;

-                            жаппай көпшілік қоғамдық қозғалыстарды;

-                            кәсіптік одақтарды;

-                            қоғамдық бірлестіктер одағын;

                  Заң қоғамдық бірлестіктердің меншік құқығына: ғимараттарды,

үйлерді, тұрғын үй қорларын,жабдықтарды, мәдени – ағартушылық және сауықтыру мақсатында мүлікті, ақша қаражаттарын, акцияларды, басқа да

бағалы қағаздарды және олардың жарғысымен қарастырылған қызметтерді материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мүліктерді жатқызады.

                Қоғамдық бірлестіктердің ақша қаражаты, егер төленуі жарғыда көзделген болса, бірлестіке кіру жарналарынан және мүшелік жарналардан; ерікті жарналар мен жиналған жылулардан; жарғыға сәйкес лекциялар, көрмелер, спорттық және өзге де шаралар, лоторея өткізуден түскен түсімдерден; өндірістікжәне өзге де шаруашылық қызмет кірістерінен; заң құжаттарында  тыйым салынбаған басқа да түсімдерден қалыптасады. Саяси мақсаттағы саяси партиялармен қоғамдық бірлестіктер, жыл сайын өздерінің бюджеттерін жалпыға мәлімдеу үшін жарияланады. Қоғамдық бірлестіктердің меншігі заңменен қорғалады. Коммерциялық емес ұйымдардың келесі бір өкілі болып бірлестіктер табылады.

Рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің  ортақтығы негізінде, заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады

Діни бірлестіктер заңды тұлғаның дербес ұйымдық–құқықтық нысаны болып табылады, ал өзінің түрлеріне қарай діни оқу орындарын; мешіттер, монастырлар және қзге де діни бірлестіктер құруға құқылы. Діни бірлестіктердің ұйымдық–құқықтық нысаны 15 қаңтар 1992 жылы «Дінге сену бостандығы  және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңымен реттелелі. Осы заңның 16-бабына сәйкес діни бірлестіктердің меншігіне: ғимараттар, ғибадат заттар, өндірістік, әлеуметтік және қайырымдылық мақсатындағы объектілер, олардың қызметі үшін қажетті ақша қаражаттарымен басқа да мүліктер жатқызылған. Діни бірлестіктерөз қаражаты есебіне сатып алынған немесе өздері құрған мүлікке меншік құқығы болады. Діни бірлестіктердің меншігінде сондай–ақ шетелдегі мүліктері болуы мүмкін. Осы заңның 17- бабына сәйкес, діни бірлестіктер оларға шарттық бастамада мемлекетпен, қоғамдық бірлестіктермен және азаматтармен берілген ғимараттарды, аумақтарды және мүліктерді пайдаланады. Бұл объетілер діни бірлестіктердің меншігі болып табылмайды. Діни бірлестіктер өзінің қызметін тоқтатқан кезде өздері пайдаланған мүліктерін меншік иесіне қайтарып береді. Діни бірлестіктер қызметін тоқтатқан кезде оның меншігіндегі мүлікке билік ету  оның жарғысына (ережесіне) және заңдық күші бар заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Заңменен қарастырылған ережені маңызды ережені ескерген қажет. Діни бірлестікке тиесілі ғибадаттың (діни) мақсаттағы меншіктен несие берушілердің талабы бойынша ақы өндіріп алуға болмайды.

                Коммерциялық емес ұйымдардың келесі нысаны болып қоғамдық қорлар болып табылады.

                 Азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және де өзге қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес қоғамдық қор деп танылады. Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады. Қоғамдық қорға  оның құрылтайшыларымен берілген мүлік қордың меншігі болып табылады. Қоғамдық қордың қаржы көзі болып ақшалар, сондай- аққұрылтайшыларының басқа да мүліктері, демеушілік, ерікті түрдегі жиналған жылулар және өзге де заңды түсімдер табылады.

                Қоғамдық қордың мүлкіне қор құрылтайшыларының мүліктік ќ±қықтары жоқ.

Сонымен, қорыта келгенде: Біріншіден, қорлар коммерциялық емес ұйымдар қатарына жатады. Қор кәсіпкерлік қызметпен оның жарғысында анықталған мақсаттарға жету үшін айналысуға құқылы. Екіншіден, қорда мүшелік жоқ. Үшіншіден, қорға оның құрылтайшыларымен берген мүлік, қордың меншігі болып табылады[1].

 

 

3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері

 

Біз бұрын жекелеген заңды тұлғалардың меншік құқығын жалпы тұрғыдан қарастырдық. Енді бұл құқықты акционерлік қоғамға (АҚ) қатысты талдаймыз.

                Экономикалық мазмұнына және мақсаттылығына байланысты акционерлік қоғамдардың барлық мүлкі әртүрлі мүліктік қорлар құра отырып бөліктерге бөлінеді. Акционерлік қоғамның мүлкін әртүрлі бөліктерге (қорларға) бөлу шарттар әртүрлі түсіндірмелерге ие болады. Кейбір ғалымдар мен мамандар «акционерлі капитал»  мен «жарғылық капитал» ұғымдарының күші бар, бірақ та әрдайым өзгеріп отырып, бөлуде. Бірақ «акционерлік капитал» және «жарғылық капитал» ұғымдарын тек «жарғылық капиталдың» кейбір шартты тұрақтылығы және «акционерліктің» динамикалығын ғана тұрғысынан бөлуге болады.

              «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жарғылық капитал – бұл қоғамның қатысушыларының (акционерлерінің) арасында бөлінген белгілі бір акциялар санына бөліеген мүлік. Акционерлік қоғамда жарғылық капитал басында–ақ бірдей үлестерге бөлінген, олардың әрқайсысы айналымдағы бағалы қағаз – акциямен көрсетіледі. Мұндай қоғамның акцияларын сату тек бастапқыда көптеген ұсақ салымшылардың арасында ыдыратылған елеулі капитал қалыптастырып қоймай, сондай-ақ оны қалыптасып келе жатқан нарық коньюнктурасынна сәйкес бір аядан екінші аяға тез арада қайта бөлуге мүмкіндік береді. Акционерлік капиталды тиісінше сандағы акцияға бөлудің құқықтық құрылымын приципиалды айырмашылығы мынады, ол акционерлік қоғамның мүлкін оның қатысушыларының – акционернерлерінің мүддесінде пайдалы пайдалануға және дамуы мүліктік мәселелерді ауыртпалықсыз шешуге мүмкіндік береді.

              Коммерциялық ұйымдардың қызметінің ұйымдық құқықтық нысандарының түрлеріне байланысты заңды тұлғаның мүліктік негізі – оның капиталының құқықтық негізінде өзгереді.

              Мысалы, ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 15,16 баптарында қарастырылғандай – қоғамның жарияланған жарғылық капиталына және қоғамдағы шығарылған жарғылық капиталы қатысты.

                Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталы шығарылатын болып жарияланған барлық акциялардың атаулық жиынтық құнынан тұрады және бірыңғай валютамен көрсетіледі. Жарияланған капитал мен шығарылған (төлнген) капитал арсындағы айырмашылық сомасына азайтылуы мүмкін.

Шығарылған капиталдың жарияланған жарғылық капиталдан айырмашылығы әрқашанда төленген болып табылады. Шығарылған (төлеген) жарғылық капиталдың мөлшері шығарылған акциялардың құнының номиналды жиынтығы тең, яғни шығарылған жарғылық капитал деп, айналымға жаңа акциялар шығару және осы акцияларды төлеу жолымен қалыптасатын капитал саналады.

                Басқа коммерциялық ұйымдардың мүлкінің түрлерінен айырмашылығы акционерлік қоғамға резервтік қор немесе қоғамның жарғысымен қарастырылған бірақ оның жарғылық капиталының (жарияланған жарғылық капиталының) 15 пайызынан кем емес мөлшердегі капитал иеленуге белгіленген. Бұл ереже «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 17- бабында бекітілген. Қоғамның резервтік капиталы мақсатталған сипатта болады және басқа қажеттіліктер үшін қолданыла алмайды. Резервті қорды қолданудың мақсаты не ұоғамның шығындарының пайдалы пайдалануға және дамуы мүліктік мәселелерді ауыртпалықсыз шешуге мүмкіндік береді. Коммерциялық ұйымдардың қызметінің ұйымдық құқықтық нысандарының түрлеріне байланысты заңды тұлғаның мүліктік негізі – оның капиталының құқықық негізінде өзгереді.

              Мысалы, ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 15-16 баптарында қарастырылғандай – қоғамның жарияланған жарғылық капиталына және қоғамдағы шығарылған жарғылық капиталы қатысты.

                Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталы шығарылатын болып жарияланған барлық акциялардың атаулық жиынтық құнынан тұрады және бірыңғай валютамен көрсетіледі. Жарияланған капитал жарияланған капиталмен шығарылған (төленген) капитал арасындағы айырмашылық сомасына азайтылуы мүмкін. Шығарылған капиталдың жарияланған жарғылық капиталдан айырмашылығы  әрқашанда төленген болып табылады. Шығарылған (төленген) жарғылық капиталдың мөлшері шығарылған акциялардың құнының номиналды жиынтығы тең, яғни шығарылған жарғылық капитал деп, айналымға жаңа акциялар шығару және осы акцияларды төлеу жолымен қалыптасатын капитал саналады.

                Басқа коммерциялық ұйымдардың мүлкінің түрлерінен айырмашылығы акционерлік қоғамға резервтік қор немесе қоғамның жарғысымен қарастырылған бірақ оның жарғылық капиталының (жарияланған жарғылық капиталының) 15 пайызынан кем емес мөлшердегі капитал иеленуге белгіленген. Бұл ереже «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 17 бабында бекітілген. Қоғамның резервтік капиталы мақсатталған сипатта болады және басқа қажеттіліктер үшін қолданыла алмайды. Резервті қорды қолданудың мақсаты не қоғамның шығындарының орнын толтыру, не оның облигацияларын өтеу және басқа қаражат болмаған жағдайда өзінің акцияларын сатып алу.

                Заңға сәйкес резервтік капитал қоғамды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап екі жыл ішінде қалыптастырылуы тиіс. Менің ойымша. Бұл өте ұзақ кезең. Ол мүмкін болса бір жылға дейін қысқартылуы қажет. Қоғамның резервті капиталы қоғамның таза табысынан жыл сайынғы қаржы бөлу жолымен қалыптасады. Резервті капиталға жыл сайынғы қаржы бөлу тәртібі,  мөлшері акционерлік қоғамның жалпы жиналысымен анықталады. Егер қандай да бір төлемдер нәтижесінде қоғамның резервтік капиталы оның жарияланған капиталынан 15 пайызға азайса, онда қоғам резервті капиталды көрсетілген мөлшерге толтыру үшін қаржы бөлуі жандандыруға міндетті[1].

                Жарғылық капитал мен резервті қорды қалыптастырудан басқа акционерлік қоғамның уәкілді органдары қоғамның таза табысы есебінен өзінің жұмысшыларын акционерлеу арнайы қорын (капиталын) құру туралы коорпоративті  шешім қабылдай алады. Осыған ұқсас арнай қорды құру қоғамының акционерлері болып табылмайтын және қоғамның еңбекті қатынаста болатын жұмысшылар үшін ғана мәні бар. Акционерлейтіе арнаый қорды құру белгілі бір жағдайларға маңызға және мәнге ие болады.Берілген жағдайда бұл акционерлік қоғаммен өзінің бағалы қағаздарын эмитентпен еңбекті қатынастарда формалды түрде болатын потенциалды акционерлер арасында тұратын үлестіру мақсатында сатып алудың нақты қайнар көзі.

                Нарықты қатынас жағдайларында акционерлік қоғамдар өздерінің акциоларын ірі инвесторлар арасында кең көлемде орналастыруға мүдделі[2].

              Акционерлік қоғамның мүлкінің түрлекрінің арасында жеке түрде оның таза активтері (акционерлік қоғамның өзінің мүлкінің құны) қарастырылады.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы оның таза активтеріне байланысты тікелей пропорционалды, ал оның белгілі бір жағдайларында бүтіндей алғанда АҚ әрі қарайғы қызметінің түріне байланысты. «Акционерлік қоғамдар туралы» заңда қоғамның оның таза активтерінің құны азайған жағдайда өзінің жарғылық капиталының азаюын жариялау туралы шешім қабылдауға міндеті қарастырылған. Қоғамның таза активтерінің құны қоғамның жарғылық капиталының төменгі мөлшеріне дейін азайған кезде қоғам ерікті тәртіпте немесе соттың шешімі бойынша таратылуға жатады.

Информация о работе ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы