ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 15:25, курсовая работа

Описание

Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауына иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Салааралық, кешенді сипаттары меншік институты әлі де болса толық көлемде жалпы теориялық зерттеулердің пәні болған жоқ, әйтсе де әрқашан көптеген елдердің зерттеулерінің назарын аударуын жалғастыруда. Бұл ең алдымен меншік[1] қатынастарда ең басты әлеуметтік байланыстар мен процестердің іске асырылуына негізделеді.

Содержание

КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3


І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

1.1. Меншік құқығының түсінігі, мазмұны ------------------------------------------------------------------- 6
1.2. ҚР-дағы меншіктің түрлері және нысандары ------------------------------------------------------ 9
1.3. Меншік құқығына ие болу және оның тоқтатылуы ----------------------------------------- 11


ІІ ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

2.1. Мемлекеттік меншіктің құқығының теориалық-құқықтық аспектілері----14
2.2. Мемлекеттік меншік және жеке меншік ұғымының құқықтық ара қатынасы және меншік құқығын қорғау әдістері ----------------------------------------------------- 25

ІІІ ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН АНЫҚТАУ

3.1. Заңды тұлғалар үшін меншік санатының маңызы --------------------------------------------- 41
3.2. Заңды тұлғалардың меншік құқығының құқықтық негіздері ----------------------- 45
3.3. Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұны ------------------------------------------- 47
3.4. Акционерлік қоғамдардың меншік құқығының кейбір ерекшеліктері--------53

ҚОРЫТЫНДЫ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 61

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ -------

Работа состоит из  1 файл

1 диплом.doc

— 492.50 Кб (Скачать документ)

              Үлесті меншікке барлық қатысулардың келісімі олардың әрқайсыларының ортақ мүлікті құру мен көбейтуге қосқан салымдарына қарай қатысушылардың  үлестерін анықтау мен өзгерту тәртібі  белгілненуі мүмкін.

                Ортақ мүлікті белгіленген тәртіпті сақтай отырып, оны бөлмей жақсартуға өз есебінен жүзеге асырған үлесті меншік қатысушының ортақ мүлікке куәлікке құқықтығы өз үлесін тиісінше ұлғайтуға құқы бар.

              Үлестегі меншіктегі мүлікті билік ету оның барлық қатысушыларының келісуімен жүзеге асырылады.

                Сондай-ақ, үлесті меншікке әрбір қатысушы өзінің үлесін өз қалауы бойынша сатуға сыйға тартуға өсиет етуге, кепілге беруге, сонымен қатар, заңда көрсетілген шарттарды сақтай отырып, оған өзгеше түрде билік етуге құқылы.

                  Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның даралық қатысушыларының  келісуімен, келісімге келмеген жағдайда сот белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.

    Ал, үлесті меншікті әрбір қатысушы ортақ меншіктің өз үлесі мөлшеріне тән бөлігі өзінің иелендіруіне және пайдалануына бөлінуіне құқылы, ал, бұл мүлік болмаған жағдайда өз үлесіне тиесілі мүлікті иеленетін және пайдаланатын басқа қатысушылардың тиісті ақша сомасын немесе өзге де  өтем төлеуді талап етуге құқылы.

                Сондай-ақ, азаматтардың ортақ мүлігінің құрамына үлесті меншіктегі мүлікті пайдаланудан алатын жемістер, өнімдер мен табыстар келіп түседі. Жемістің, өнім мен табыстың одан кейінгі бөлуі, үлесті меншікті қатысушылары арасында, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, олардың үлестеріне сәйкес жүргізіледі.

                Ортақ мүлік бойынша өз үлесіне сәйкес, салықтар, алымдар және өзге де төлемдер төлеуге, оны күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға үлесті меншіктің әрбір  қатысушы қатысуға міндетті.

Үлесті меншік құқығындағы үлесті бөгде адамдарға сату кезінде сонымен қатар, сататын үлесті оның сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға салып сату реттерінен басқа тән жағдайларда үлесті меншіктің қалған қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады.

       Үлесін сатушы оның сату бағасын және оның сатудың басқа шарттарын көрсете отырып, үлестің меншіктің басқа қатысушыларының өз үлесін бөтен адамға сату ниеті жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Егер үлестегі меншіктің басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал бас қа мүлік жөнінде хабар алған күннен бастап он күн ішінде сатып ала алмаса, сатушы өз үлесін кез келген адамға сатуға құқылы.

       Сондай- ақ, үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып сатылған жағдайда үлесті меншіктің кез келген басқа қатысушы үш ай ішінде сотта өзіне сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы.

    Үлесті сатып алудың басым құқығын басқа біреуге беруге рұқсат етілмейді.

      Жоғарыда көрсетілген бұл ережелер айырбас шарты бойынша үлесті иеліктен айыру кезінде де қолданылады.

      Үлес – яғни, үлес меншік құқығындағы егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе шарт жасасқан кезден бастап, шарт бойынша сатып алушыға ауысады.

       Мемлекет тіркеуге немесе нотариат куәландыруға тиісті шарт бойынша үлесті меншік құқығындағы үлестің ауысатын кезі, егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе ноториалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншік құқығы тіркеуге немесе нотариат куәландырылған кезден бастап, шарты нотариаттың куәландыру да мемлекеттік тіркеуге қажет болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады.

      Ал, үлесті меншіктегі мүлік оған қатысушылар арасындағы келісім бойынша өздерінің арасында бөлінуі мүмкін.

      Негізінде ортақ мүлікті бөлу немесе біреуінің үлесін шығарудың әдістерімен шарттары жөнінде келісімге келе алмаған жағдайда үлесті меншікке қатысушы ортақ мүліктен өз үлесін заттай бөліп беруді талап етуге құқысы бар.

       Егер үлесті заттай бөліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікті шамадан тыс залал келтірмеймейінше мүмкін болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетуге құқылы.

       Үлесті меншікке қатысушыға  оның құқығында үлесіне заттай бөліп берілетін мүліктің меншік құқығында оның үлесіне тиісті сомасын немесе өзге өтем төлеу арқылы жөнге келтіреді.

       Басқа меншік иелерінің үлесті меншікке қатысушыға оның үлесін заттай бөліп берудің орнына өтем төлеуіне қатысушының келісуімен жол беріледі. Тиісті менші иесінің үлесі шамалы болып, нақты бөліп шығару мүмкін болмай және ол ортақ мүлікті пайдалануға онша мүдделі болмаса, сот бұл меншік иесінің келісі болмаған жағдайда да үлесті меншікке қатысушыларды оған өтем төлеуге міндеттей алады.

Ортақ бірлескен меншіктің түрлері:    

1.            Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;

2.            Шаруа \фермер\ қожалығының ортақ меншігі;

3.            Жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік;

4.            Жай серіктестік түрінде болады.

       Сондай-ақ, заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқада түрлері көзделуі мүмкін.

       Ортақ бірлескен меншік, егер оған қатысушылары арасындағы шарт өзгеше көзделмесе, тағайындалады және қолдануда болады.

       Бірлескен меншіктің пайда болу  шарттарының бірі некеге отыру болып табылады.

       Ерлі-зайыптылардың некеге отырған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны немесе олардың әрқайсысына тиесілі бөліктерде ерлі-зайыптылардың арасына тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады.

       Ерлі-зайыптыларға некеге тұрғанға дейін және олардың некеге тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының мүлкі болып табылады.

       Қымбат бағалы және басқа әсемдік заттарын қоспағанда, жеке пайдаланудағы заттар /киім-кешек/ некеде тұрған кезінде ортақ қаражатына сатып алынғаны мен, олар пайдаланған жұбайдың меншігі болып табылады.

       Егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнына едәуір қаражат жұмсалғаны анықталса, олардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі болуы мүмкін.

       Ерлі-зайыптылардың ортақ меншікке қатынастары неке бұзылуы нәтижесінде тоқтатылады да бірлескен меншіктің бөлінуіне әкеліп соқтырады.

       Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбегендіктен, бірлескен меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады.

       Сол сияқты шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ қаражатына шаруашылық үшін сатып алынған жер учаскесіндегі екпелер, шаруашылық және өзге де  қора–қопсы құрылыстары және басқа да құрылыстар, өнім беретін мал, күш көлігі, құс, көлік құралдары, құрал–сайман және басқа мүлік болады.

       Фермерлікпен айналысатын шаруа қожалығының қызметі нәтижесінде алынған жемістер, өнім және табыс шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланады.

        Шаруа қожалығының мүлкін иемдену, пайдалану және билік ету қожалықты бірлесіп жүргізіп жатқан тұлғалардың келісімімен жүргізіледі. Келісімге келе алмаған жағдайда дау сот арқылы шешіледі.

        Егер шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан шығатын болса, шаруашылықтың өндіріс құрал жабдықтары бөлінуге жатпайды. Қожалықтан шыққан адамның бұл мүлікке ортақ меншіктегі өз үлесіне сәйкес өтем алуға құқығы бар.

        Ал, қожалық мүлкі негізінде шаруа қожалығының мүшелері шаруашылық серіктестігінін немесе кооператив құруы мүмкін. Қайта құрылған мұндай шаруа қожалығының заңды тұлға ретінде фермер басқа жарналар түрінде мүліктің, оның қызметі нәтижесінде алынған және заңдарға  қайшы келмейтін өзге де негіздер бойынша сатып алынған мүліктің меншік құқығына  ие болады.

        Шаруа қожалығының ортақ бірлескен меншік құқығы қожалық іс әрекетінің қысқартылуымен тоқтатылады.

        Ал, жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес жалдаушы сатып алған немесе тегін алған мемлекеттік тұрғын үй қорының үйіндегі тұрғын жай, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жалдаушының және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің бірлескен меншігіне көшеді.

         Жекешелендірілген тұрғын үйге меншік құқығының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының тұрғын үй кодексімен белгіленеді.

         Сонымен қатар, жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар ортақ шаруашылық  мақсатқа жету үшін бірлесіп әрекет жасауға міндеттеледі.

         Жай серіктестік заңды тұлға бола алмайды. Бірлескен қызмет туралы (жай серіктестік шарты) азаматтардың азаматтармен заңды тұлғалардың арасында жасалады. (консорциум).

         Жай серіктестік қатысушыларының бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартқа байланысты  міндеттемелері, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе үшінші жақтар алдында ортақ болып табылады.

          Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істері жүргізу олардың жалпы келісімі бойынша жүзеге асырылады. Өзара келісім олар бірлескен қызметке басшылық етуді және ортақ істерді жүргізуді қатысушылардың біреуіне тапсыра алады. Ал, ол қатысушы бұл орайда шартқа өзге қатысушылар берген сенім хат негізінде әрекет етеді.

         Консорциум – бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіріп, күш жігерді үйлестіретін ерікті түрдегі тең құқықты одақ (бірлестік).

         Консорциумға қатысушылар өздерінің шаруашылық дербестігін сақтап қалады және басқа консорциумдарды, қауымдастықтың қызметіне қатыса алады.

         Консорциумға қатысушылар арасындағы шарт негізінде құрылады. Осылай консорциумды басқару консорциумға қатысушылардың консорциялық келісіміне сәйкес жүзеге асырылады.

        Консорциумға қатысушылар егер құрылтай құжаттарына өзгеше өзгертілмесе, консорциум қызметіне байланысты міндеттемелер бойынша ортақ жауапты болады. Сол сияқты консорциум өз қызметін алдына қойған міндеттерін орындағаннан кейін немесе ортақ қатысушылардың шешімі бойынша тоқтатады.

         Меншік қатынастары кез келген қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі ретінде қорғау барлық негізі ретінде қорғау барлық құқықтық жүйенің керекті мақсаты болып есептеледі. Бұл қорғаудың құқықтық құралдары көп құқық салаларына қаралған: мемлекеттік құқық, мүлік қатынастарының қорғау және тиістілігін реттейтін жалпы принциптерді бекітеді, қылмыстық және әкімшілік құқықтары біреудің мүлкіне қол сұққаны үшін жауапкершілікке тартады. Еңбек құқығы келтірілген мүліктік залал үшін-материалдық жауапкершілікке тартады, отбасы және жер құқығы материалдық игіліктің тиістілігін реттейтін қатынастарды қамтиды, ал азаматтық құқық меншік құқығын қорғау құралдарымен әдістерін бекітеді.

         Бірақ, азаматты әр түрлі нормаларды мен институттар меншік құқығын қорғау қызметінде әр түрлі роль ойнайды. Кейбіреуі материалдық игіліктердің белгілі бір субъективтілерге тиістілігін белгілейді немесе бекітеді де, оларды өз қорғауына алады. Мысалы, қожалық етуші қоғамдармен серіктестіктерді меншік иесі деп тану. Басқалары меншік иесіне тиісті құқықтарын қолдануы шарттарымен қамтамассыз етеді. Мысалы меншік құқығының кейбір объектілерін мемлекеттік тіркеу немесе олармен мәлімет жасау ережелері. Ал кейбіреулері меншік құқығын құқыққа қайшы қиянаттардан қорғайды.

          Меншік қатынастарына қарсы жасалған құқық бұзушылыққа азаматтық құқықтық қорғау әдістерінің бір түрі болып табылады.

         Меншік құқығын бұзушылықтың сипаттамасы және қорғаудың мамұнына байланысты азаматтық құқықта меншік иесінің атын қорғайтын әр түрлі  заңды әдістер қолданылады. Меншік құқығы тікелей бұзылғанда (мысалы, мүліктің ұрлануы) әр түрлі қиянаттықтардан  қорғайтын абсолюттік қорғау қолданылады, немесе заттай құқықтық тектес әдістер.

         Міндеттемелі құқықтардың бұзылуының нәтижесінде жасалған қиянаттың жалғасы ретінде меншік құқығының бұзылып жанамалы түрде болуы мүмкін. Мысалы, меншік иесінің затын алған тұлға оны қайтып беруден бас тартады, немесе бұзылған түрде қайтарып береді  Егер құқық бұзылуымен меншік иесінің арнайы құқықтық қатынастар болса, қорғаудың ерекше міндетті-құқықтық тектес әдістер қолданылады.

          Меншік құқығын қорғаудан басқа азаматтық құқықтың әдістері бар. Оларда құқық меншігін ерекше жағдайда қорғайтын әдістер жатады (мысалы, хабар-ошарсыз кеткен адамның мүліктік құқықтарын орнына келтіру) сонымен бірге, азаматтық құқықтарды қорғау әдістері.

         Виндикациялық талап – меншік құқығын қорғау әдістерінің таралған түрі болып, меншік иесінің өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін күштеп талап етуі болып табылады.

          Виндикациялық талапта құқықтық субъектісі болып отырған мүлкіне деген құқығын дәлелдеп, ие болғанын негіздеуі керек. Міндеттелу субъекті – мүліктің заңсыз иесі. Виндикациялық субъекті болып белгілі жеке зат. Меншік иесі негізінде мүлікті талап ете отырып, арам ниетті иеленушіден бүкіл иеленген кезінде өзі алған немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін қайтаруды немесе өтеуді: адал иеленушіден иеленушінің заңсыздығы туралы білген немесе білуге тиіс болған немесе меншік иесінің мүлікті қайтару туралы талап қою жөніндегі хабарламасы алған кезден бастап өзі немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін талап етуге де құқылы. Адал иеленуші өз кезегіндегі меншік иесімен мүліктен табыс есептелетін уақыттан бастап ол мүлікке жұмсаған қажетті шығындарды меншік иесінің өтеуінің талап етуге құқылы. Заңсыз иеленуші өзі жасаған жақсартуларды, егер олар затқа зақым келтірмей болуға келіссе, өзінде қалдыруға құқылы. Егер жақсартуларды былайша болу мүмкін болмаса, адал иеленушінің жақсартуға жұмсаған шығындарын өтеуді талап етуге құқығы бар, бірақ, ол зат құнының ұлғайтылған мөлшерінен аспау керек. Арам  ниетті иеленушінің мұндай құқыѓы жоқ. Ал, егер мүлік оны неліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы  мұны білмесе және білуге тиіс болмаса, мүлікті меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтпақ немесе мұның екеуінен де ұрлаған немесе олардың иеленуінен бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.

Информация о работе ҚР заңды тұлғаларының меншік құқығы