Сатып алу сату шартының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 04:53, курсовая работа

Описание

Курстық жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шартының түрлері табылады. Бұл тақырыпты курстық жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді.
Қазақстан Республикасының қалыптасуы, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді.
Тауарлық, ақшалық, мүліктік және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түсті.

Содержание

Кіріспе
1 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ
1.1 Сатып алу шартының ұғымы және элементтері
1.2 Сатып алу-сату шартының пәні
1.3 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
1.4 Сатып алу – сату туралы жалпы ережелер

2 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тауар жеткізілімі шарты
2.2 Келісімшарт жасасу шарты
Энергиямен жабдықтау шарты
2.4 Қозғалмайтын мүлік сату шарты
2.5 Тұрғын үйді сату шарты
2.6 Кәсіпорынды сату шарты
3 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН БҰЗУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

сатып алу сату шартының түрлері.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде көзделеді. Тауарлардың саны туралы оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін сатып алу – сату шартында берілетін тауардың айқында мүмкін болса, мұндай шарт заңды деп есептелмейді. Сатып алу сату шартында берілуге тиіс тауарлар түрі, модельді түсі және басқада белгілеріне қарай белгіленгендігі көзделеді. Сатушының мұндай шарт бойынша тауарды сатып алуға тараптан келіскен түр түрі бойынша беруге тиіс. Азаматтық кодекстің ерекше бөлімінде сапа кепілдігі және тауар сапасынан қойлатын талаптардың бұзылуына сатушының жауапкершілігі қатаң көзделеді. Сатып алынған тауардың сапасы талапқа сай келмеген жағдайда сатып алушы шығымды өтеуді талап етуге құқылы. Сонымен қатар әрі бір сатып алушы өз таңдауы бойынша сатып алу бағасын төмендетуді немесе тауар кемшіліктерін тегін жоюды немесе тауарды кемшіліктерін жоюға жұмсаған өз шығымдарын өтуді талап етуге құқылы. Сапасы лайықты емес тауар алған сатып алушы, сондай ақ, мұндай тауарды шартқа сәйкес келетін тауар алмастыруды талап етуге құқылы. Мұндай тауарды алмастыру немесе жиындықтау тек сатып алушы тауар кемшілігі туралы дер кезінде хабарлағанда мүмкін болады. Сөйтіп, халықаралық сауда тәжірибесіне қалыптасқан тауар кемшіліктерін хабарлау тәртібі және бұл тәртіпті бұзу салдары ескерілген. Сатып алу сату шарты бойынша сатушы сатып алуға жиынтылығы туралы шарттың талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті, шартта ол болмаған жағдайда жиынтықлығы айналымы дағдылармен немесе әдетте қойлатын өзге де талаптармен белгіленеді  Сатып алушы тауарды алғанға дейін немесе кейін оның толық бағасы мөлшеріндегі сонымен төлеу тиістілігі көзделген. Сатып алушы тауар ақысын төлеу міндетін орындамаған жағдай сатушы тауар бағасын ғана емес, бөтен адамның ақшасын қолдану пайызын талап етуге құқылы. Негізінен тауарлардың көтерме айналымы, кәсіпкер сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым қатынас тауар жеткізілімі ретінде белгіленген. Мұндай комерциялық қарым- қатынастар талаптарын, ең алдымен, оған қатысушылар анықтайды.

Сонымен қатар коммерциялық айналымның заңда көзделуді және тараптардың басқаша келісімі болмаған жағдайда қолдануды қажет ететін танымал стандаттары бар. Бұл бөлімде халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Вена конвенциясында бекітілген, сонымен қатар біздің елімізде қалыптасқан тауар жеткізілімнің кезеңдері, тәртібі, жетіспеген тауардың орнын толтыру, оларды таңдау, жеткізілген тауар үшін есеп айырысу, жеткізілім талаптарыңың бұзылу салдарлары туралы ережелер ескерілген.

Жеткізілім түрлері ретінде  әдеттегі сатып алушымен салыстырғанда  дайындаушыға бірқатар қосымша міндеттер  жүктейтін ауылшаруашылық өнімдерінде келісім шарт жасасу қатынастары реттелген. Тұнғыш рет заң деңгейінде энергиямен жабдықтаудың арнайы ережелерін бекіту қарастырылған.

Тұтынушы – азамат үшін энергиямен жабдықтау шарты қатынастары, оны нақты желіге қосқан сәтте пайда болады. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау тұрақтылығы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін шарты тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың біреуінің өтініші болмаған жағдайда шарттың әрі қарай өзінен- өзі ұзартылуымен қамтамасыз етіледі. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның, қандай да болмасын сатушы сияқты, энергия сапасы туралы талаптардың бұзылуына толық жауаптылығы көзделген. Басқа да талаптар бұзылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым осыдан келтірілген нақты залалды өтеуге міндетті.

  

 

1.4 Сатып алу – сату туралы жалпы ережелер

 

Сатып алу-сату шарты бұл –  мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық –құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерешелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алуда қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Осы екі көзқарастар  сырттай тек теориялық болып  келгенініе қарамастан, оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған заңды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінің 406-бабына сәйкес: «Сатып алу-сату шарты бойынша мүлікті бір тарап (сатып алушының) меншігіне шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті тауарды( қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті». Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталған заттарды беретін шарт ретінде бағалау мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларға сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтардан қорғау үшін де қажет. Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін. Аталған мәмілілер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілілер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа.

Бір- біріне қарсы бағытталған екі  тараптың субьективтік құқықтары мен міндеттері береді. Әңгіме шарттың мәнін құрайтын құқықтары мен міндеттері туралы б олады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшер екі жақтан ауытқу болуы да мүмкін.

Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субьектілеріне және заңдылық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының АК-нің 152-бабына бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымда болып келеді. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. АК-нің 495-бабы кәсіпорынның бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да жылжымайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады, және де мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап жасалған деп есептелінеді.

 Сатып алу – сату шартының субьектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық Сатып алу-сату мүлік иесінің өзгеруіне әкеледі. Көрсетілген белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де делінеді. Мысалы, олар мердігірлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдармен жұмысты орындай мердігер сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болу мүмкін.

 Басқа да құқықтық қатынастардағы сияқты, сатып алу-сату шартының элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша субъект, объект және мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде «оның тараптары, нысанасы, бағасы, мерзімі, мазмұны, яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады» деген И.В.Елисеев және басқа да авторлардың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білдіреміз. Мұндай көзқарас азаматтық құқықтың неғұрлым тұрақты теориялық ережесіне теріс ықпал етеді, түсініктің шынайы мәнін жоғалтуға әкеледі. Сатып алу-сату қатынасын үш мәнде белгілеуге болады. Біріншіден, бұл адамдардың ой елегінен өткен. Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда, жазбаша нысанда жасалуы қажет. Қазақстан Республика Президентінің «бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу – с атудың кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшектеп сатып алу – сату шарты не мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін жекешелендіру ұқығында мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мұлікті, сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне кейбір қосымшалар енгізу туралы Заңының редакциясындағы АК-ің 200-бабының 2-ші тармағы) Егер мемлекеттік келісім шартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттің құқық қабілеттігі шектелмеген, бірақ олармен жасалатын шарттардың мінезі, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен анықталады.

Жеке тұлғалардың сатып  алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық-әрекет қабілеттерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар өзінің қамқоршысының келісімі болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының АК-сі 27-бап 1-тармақ).

Егер жүйелі түрде жүзеге асырылатын сауда-саттық қызметі туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кәсіпкер мәртебесіне иемденгеннен соң ғана оны жүргізе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргізілуі мүмкін. Негізінен: Құқықтық қатынас субьектілері болып, жеке басымен және мүлкімен оқшауланған, құқықтарға ие болатын және міндеттерді көтеретін тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердің азамматтық құқығы сияқты жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жәй серіктестіктердің) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтірілген аңықтаманың дұрыстығына әсерін тигізбейді.

Сатып алу-сату шарты  өзінің ерекше нысанасының (затына), заңды  және идеологиялық обьектілеріне иемденеді.

Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен, қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және олардың пайдалану мақсатарының кеңюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына талаптардың жоғарлауына әкеледі, әсірсе, егер тауар кейбір ерекше мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормалары да олардың барынша анық бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып жағдайына барынша әрекет етеді.

Заттар сатып алу-сату шарты  нысанасының барынша кең тараған түрі болып табылады. Кез-келген тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжыйтын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін.

Тектік заттарға келсек олар қалған тауарлық масадан жекеленуі қажет екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай түрінде сатып алады. Егер әңгіме жүйеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы болашақ заттар болып келгенде де орын алады.

Тауар әлі өндірілмеген немесе табиғатта  мүлдем жоқ. Еуропа елдерінің сауда құқығы жүйесіндегі бұған қатысты үш түрлі көзқарасы бар: біріншіден, кез келген сатушы шартта көрсетілген нысананы табыс етуді қамтамасыз етеуге міндетті, егер шартының орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады; екінші көзқарас бойынша, егер тауар сатушының әрекетіне байланыссыз себептер бойынша өз талаптасуына иемденбесе, шарт нысананың болмауы салдарынан тоқтатылады, ең соңында егер сатып алушы өзіне белгілі себептермен тауардың қалай болса да жеткізілгеніне үміттенетін болса онда шарт нысанасы тауар емес (сатып алушының үміті) болып табылады.

Жоғарыдағы мысалдар нысанына ерекшеленуінің негізгі мәнін көрсету үшін келтіріліп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт орындалмауының, сатып алу – сату шарттары тиісті орындалмауының тәуекелі үйлесуіне, екі жақтық құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Нысана ерекшелігі сонымен бірге сатып алу – сатуды жүзеге асыру тәртібіне де әсер етеді, мысалы, шетелдік сатып алу – сату Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына және оның орындалуы үшін қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерге сәйкес жүргізілетін болады.

Егер шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке байланысты өзгертілуге жататынын қарастырсақ, бірақ бағаны қайта қарау тәсілі анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңіндегі және тауарды беру бойынша міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны өткізу кезеңіндегі өз құны көтерілуі не төмендеуіне қарай шарт бойынша оның бағасы тиісті дәрежеде көтерілуі немесе төмендеуі қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша осы, АК-ің 438- бабының 3-тармағында бекітілген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты жасасқан кезде көрсеткіштердің және шарт бойынша ұсынылған тауарларды сақтандыру, тиеу, буып-түю, сатып алу, өндіру кезінде қалыптасатын олардың өзіндік құны қатысуының кезінде қалыптасуы керек.

Дегенмен, сатып алу  – сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама байланысты иемденетін қатысушылардың айрықша заңды жүріс-тұрысын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен акцепті, келіспеушілікті реттеуді, жедел шараларды қолдануды және басқа да әрекеттерді жатқызу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

 

2.1 Тауар жеткізілімі шарты 

 

1. Тауар жеткізілім шарты дегеніміз – жеткізіп беруші ұйым сатып алушы ұйымның меншігіне шаруашылығын жүргізуіне, өзі жасаған өнімді жедел басқаруға белгілі-бір мерзімде немесе мерзім ішінде беруді міндетіне алатын келісім. Ал, сатып алушы ұйым өнімді қабылдап, белгіленген бағасын төлеуге міндеттенеді.17 Жеткізіп беру- бұл кәсіпкерлікқызмет саласындағы ең көп тараған шарттардың бірі болып табылады. Кейбір жағдайларда жеткізіп беру шартын сауда немесе кәсіпкерлік сатып алу сату деп атайды

Сатып алу- сату шартындағы сияқты жеткізіп беру шарты бойынша да тауарлар сатып алушының меншігіне немесе жедел басқаруына жүргізуіне өтеді. Алайда сатып алу – сату шартына қарағанда тауар жеткізілім шартының мәні көп жағдайларда ұйымдардың, заңды тұлғалардың арасында белгілі- бір текстік нысандары бойынша саны, салмағы, өлшемі бойынша үліктік есептермен тұжырымдалады.

Информация о работе Сатып алу сату шартының түрлері