Сатып алу сату шартының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 04:53, курсовая работа

Описание

Курстық жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шартының түрлері табылады. Бұл тақырыпты курстық жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді.
Қазақстан Республикасының қалыптасуы, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді.
Тауарлық, ақшалық, мүліктік және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түсті.

Содержание

Кіріспе
1 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ
1.1 Сатып алу шартының ұғымы және элементтері
1.2 Сатып алу-сату шартының пәні
1.3 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
1.4 Сатып алу – сату туралы жалпы ережелер

2 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тауар жеткізілімі шарты
2.2 Келісімшарт жасасу шарты
Энергиямен жабдықтау шарты
2.4 Қозғалмайтын мүлік сату шарты
2.5 Тұрғын үйді сату шарты
2.6 Кәсіпорынды сату шарты
3 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН БҰЗУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

сатып алу сату шартының түрлері.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

Энергиямен жабдықтау  шартының пәні болып энергия табылады. Осы шарттың пәні, жалғыз елеулі талабы болыпе табылады.Сонымен қатар энергиямен жабдықтау шартының пәні болып басқа да тауарлар да табылады: мұнай, мұнай өнімдері, су. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша негізінде қандай тауарды сатуға болатынын қалай анықтаймыз дейтін сұрақтар туады.Егер өнімді қабылдап алушымен қолдану және алу арнайы қосылған желінің көмегімен жүзеге асырылса, онда оның айналымы энергиямен жабдықтау шартының формасы негізінде жүзеге асырылды.

Шарттың бағасын көбінесе тараптар анықтамайды. Ол мемлекетпен  бекітілген тариф бойынша жүзеге асырылады. Ол шарттың субъективтік құррамына байланысты анықталады. Егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, энергияны есептеу деректеріне сәйкес белгіленетін, абонент іс жүзінде алған энергия мөлшері үшін энергия ақысы төленеді.

Энергия үшін есеп айырысу  тәртібі заңдармен немесе тараптардың  келісімімен белгіленеді.

Энергиямен жабдықтау  шарты бойынша сатып алушы  болып азаматтар және заңды тұлғалар табылады.

Жалпы ереже бойынша  энергиямен жабдықтау шарты негізінен анықталмаған мерзімге жасалады. Бірақ, заңды тұлғалар қатысатын шарттардың мерзімі болады. Олардың мерзімінің ұзақтығын тараптар анықтайды.

Сатушының энергияны  тұтынушыға берген кездегі басты  міндеті: а) белгілі бір мөлшерде; б) біреудің келісілген режимін сақтау; в) белгіленген сапасымен.

Беріліп жатқан энергияның мөлшері шарттың елеулі талабы болып  табылады, егер, энергияны кәсіпкерлік  мақсатта қолданатын абонент ретінде  заңды тұлға немесе азамат табылса.

Энергиямен жабдықтау  шартының мөлшері туралы алуға құқылыэнергияның мөлшерінің шегін анықтайды. Көп жағдайда энергиямен жабдықтау шарты тұтынушыға қолданып жатқан энергияның мөлшерін, сатушының қосымша шығындарын өтеп, бір бағытты тәртіпте өзгертуге құқық береді.

Энергиямен жабдықтаушы  ұйым шартта көзделген мөлшерде және тараптар келіскен энергия беру режимін сақтай отырып, тұтынушыға жалғанған желі арқылы энергия беруге міндетті. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және тұтынушы қабылдаған энергияның мөлшері оның нақты тұтынушы туралы есеп деректеріне сәйкес анықталады.

 Энергияны тұрмыстық  қажеттілік үшін қолданатын азамат, энергияны өзіне қажетті мөлшерде  ала беруге құқылы. Осыған байланысты  мөлшер туралы талап бұндай  энергиямен жабдықтау шартында  елеулі болып табылмайды.

Егер энергиямен жабдықтаушы ұйым жалғанған желі арқылы тұтынушыға энергияны шартта көзделгенінен аз мөлшерде берсе, заң актілерінде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол міндеттеменің мәнінен туындалмаса, азаматтық кодекстің 419-бабында көзделген ережелер қолданылады.

Энергияны беру режимі энергиямен жабдықтау шартының елеулі талабы болып табылады (егер тұтынушы – заңды тұлға немесе кәсіпкер азамат болса). Энергияны тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын азамат оны қандай да болмасын режимде қабылдауға құқылы.

Энергияны беру режимін бұзғаны үшін, энергияны жабдықтаушы ұйымға азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің шаралары қолданылады. Бірақ, жауапкершіліктің негізі бұзудың себебіне байланысты. Сонымен, энергияны беруді тоқтатқаны үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымның жауапкершілігі, оның кінәлілігі болған жағдайда ғана пайда болады.

Беріліп жатқан энергияның сапасы мемлекеттік стандартқа және басқа да міндетті ережелердің талаптарына  сәйкес келуі керек. Бөлек сапалы көрсеткіштерді, шарттың талаптарының келісімімен орнатылады. Энергияның сапасын анықтау тәртібі негізінен арнайы нормативтік актілермен және шарттың тараптарымен анықталады.

Энергиямен жабдықтаушы  ұйыммен сапа туралы талап бұзылса, онда тұтынушыға ондай энергия үшін ақы төлеуден бас тарту құқығын  береді. Сонымен қатар шағындарды өтеуді талап етуге құқылы. Ал, егер тұтынушы сапасыз энергияны қолданып қойса, онда энергиямен жабдықтаушы ұйым сол қолданған энергия үшін ақы төлеуін талап етуге құқығы бар.

 

 

    1. Қозғалмайтын мүлік сату шарты

 

Қозғалмайтын мүлікті  сату шартының түсінігі, сатып алу-сату шартының жалпы анықтамасы арқылы анықталады. Сонымен қатар ол анықтама қозғалмайтын мүлікті сату туралы арнайы нормаларды қамтуы керек. Ол анықтама мынандай түрде болуы мүмкін: қозғалмайтын мүлікті сату шарты бойынша сатушы қозғалмайтын мүлікті сатып алушының меншігіне беруді міндеттенеді, ал сатып алушы сол мүлікті өткізу әктісі арқылы қабылдап алуға және оған тараптармен анықталған ақша сомасын төлеуге міндеттенеді .

Қозғалмайтын мүлікті  сату шарты консесуалды болып  табылады. Ол шарт жасалды деп саналады, егер тараптар өзара келісімге келіп, заңмен талап етілген нысанда жасалса. Қозғалмайтын мүлікті сату шарты қайтарымды және өзара болып табылады.

Осы шарттың тараптары  болып сатушы және сатып алушы  табылады. Сатушы ретінде негізіннен қозғалмайтын мүліктің иесі табылады. Сатушы ретінде негізінен қозғалмайтын мүліктің иесі табылады. Меншік құқығын міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткізуіне байланысты меншік иесінің құқықтығы мемлекеттік тіркеуші орган берген куәлікпен дәлелденеді.

Қозғалмайтын мүліктің сату шартының қатушыларыретінде құқықтың әрбір суъектісі бола алады. Бірақ, шартта азаматтық құқықтың кейбір субъектілерінің қатысуы белгілі ерекшіліктеріне байланысты болып табылады.

Приватизация процессі кезіндегі қозғалмайтын мүлікті  сату кезінде заңмен көрсетілген приватизация туралы арнайы ережелер қолданылады.

Ерлі-зайыптылардың ортақ мешігіндегі қозғалмайтын мүлікті сатуға байланысты шартта сатушы болып ерлі-зайыптылардың біреуі табылса, онда ерлі-зайыптылардың екіншісінің нотариалды куәландырылған келісімі қажет. Бұндай келісімнің бомауы сот тәртібінде шартты жарамсыз деп табуға болады, егер сол келісімге қатыспаған, Бірақ келісімге қатыспаған, Бірақ келісімі керек болған ерлі-зайыптылардың біреуі сотқа шағым берген жағдайда.

Осы шарттың пәні болып қозғалмайтын мүлік табылады. Осы шарттың пәні басқа сатып алу-сату шарттының түрлерімен айырып алу мүмкіндігін береді. Қозғалмайтын заттар болып жер учаскелері,недр учаскелері, су объектілері және жермен тығыз байланысты барлық заттар табылады. Сонымен қатар қозғалмайтын заттарға мемлекеттік реттеуге жататын әуе және су кемелері, ішкі жүзуге арналған кемелер және космос кемелері. Қозғалмайтын заттарға заңмен, басқада мүліктер жатқызылды.

Қозғалмайтын заттардың  ерекшіліктерін және қымбаттылығын ескре отырып, заң шығарушы шарттың пәнінің бөлшектеріне ерекше талап қояды. Шартта қозғалмайтын зат туралы мәліметтердің болуы керек. Ол мәліметтердің болуы,шарт бойынша сатып алушыға қандай қозғалмайтын мүлік беріліп жатқанын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер шарттың пәні болып құрлыс табылса, онда шартта құрлыстың орны, мекен-жайы, тұрғызылған жылы, неге бағытталғаны және басқа да мінездері көрсетіледі. Заңмен талап етілетін шарттың пәні шартта болмауы, шарттың пәні туралы талаптың келісілмегенін жіне шарттың жасалмағанын білдіреді.

Қозғалмйтын мүлікті  сату шарты жазба нысанда бір  қажет ретінде тараптардың қлымен рәсімделіп жасалады. Шарттың жай  жазбаса нысанына байланысты қойыылатын бұндай талаптар, заң шығарушының қозғаомайтын мүлікті сатып алу-сату шартын нотиралды куәландыруынын бас тартуға және оны мемлекеттік тіркеумен ауыстыруға байланысты.

 Шарты бір құжат ретнде жасауы, тараптарға өзінің талаптарын жасалып жатқан мәмілеге байланысты нақты қойуына және тараптардың еркін білдіруін тірекеуші органға қабылдауға жеңілдеттеді. Шарттың осы көрсетілген нысанын сақтамау, оның жарамсыздығын білдіреді.

 Сонымен, қозғалмайтын мүлікті сату шарты жалпы ереже бойынша жазбаша нысанда жасалып,мемлекеттік талап етпейді. Тараптар мен мүліккеменшік құқығының ауысуын тіркеуге міндетті. Бұл көрсетілген тіркеу акт бойынша қозғалмайтын мүлікті берумен бірге жаслуы міндетті емес. Қозғалмайтын мүлікті сатып алушыға сатуының беру міндетін орындауға меншік құқығының ауысуын дейін немесе тіркегеннен кейін де жасауы мүмкін.

Заң тұрғын үйді сатуға байланысты тараптарды шартты тіркеуге міндеттейді. Шарт тіркелгеннен кейін жасалды деп саналады. Сондықтан, тұрғын үйге байланысты мәмілелер міндетті түрде тіркеуден өтуі тиіс. Сонымен қатар меншік құқығының ауысуында бірге тіркеуге міндетті.

Әуе және су кемелерін, ішкі жүзуге арналған кемелерді, космостық  объектілерді тіркеу ережелері арнайы тіркеуге жатады. Ол транспорттық кодекстерде  және уставтарды, сонымен қатар ведомоствалық  нормативтік актілерде көрсетілген.

Кемені тіркеу кеменің иесінің арызы бойынша тіркеледі. Бассейннің мемлекеттік өзендік кеме инспекциясы кемелік реестрге кеме туралы мәліметтерді кіргізеді. Және кеме иесіне Қазақстан Республикасының жалауымен жүзуіне құқық беретін, сонымен қатар кемеге меншік құқығын куәландыратын кемелік куәлік береді. Кемені кері тіркеу, кеменің иесі өзгергенде және кеменің түрі өзгергеде жасалуы мүмкін. Кеме өлгеннен кейін, тізімнен шығарып тастағаннан кейін кемелік реестрден шығарылады. Ал, кей бір қозғалмайтын мүліктерге жатқызылған объектілерге тіркеу ережелері қарастырылмаған.

Су, әуе, космос кемелерінің  қозғалмайтын мүлікке жатқызылуы және оларға тіркеудің арнайы ережелерін орнатыу мынаған байланысты, мемлекеттің шекарасынан шығып, басқа мемлекеттің территориясында болса да, Қазақстан Республикасының юрисдикциясы саласында қала береді.

Қозғалмайтын мүлікті  сатып алу- сату шартының бағасы, елеулі талабы болып табылады. Ол болмаған жағдайда шарт жасалды деп саналмайды. Белгілі – бір жер участкесінде орналасқан қозғалмайтын мүлікті саты кезіндегі бағаны анықтау ерекшелігі – бұл шартта келісілген сату бағасына беріліп жатқан қозғалмайтын мүлікпен қатар жер участкесінің немесе оған құқықтық бағасын кіргізеді. Бұл норма диспозитивтік және басқа да ережелер заңмен немесе шартпен орнатылуы мүмкін.

Сатушының негізгі міндеті – қозғалмайтын мүлікті сатып алушыға затты бергеннен бастап ереже бойынша меншік құқығы пайда болады. Бірақ, шарт бойынша қозғалмайтын мүлікті алушыда меншік құқығы шартты тіркегеннен кейін пайда болады. Ол қозғалмайтын мүлікті берген кезбен келіспей қалуы мүмкін. Қарастырылп жатқан міндетте мешік құқығын беру мен затты беруді айырып білу қажет. Осыған байланысты сатушының негізгі міндетін сатылған мүлікке меншік құқығын сатып алушыға ауыстыру міндеті ретінде және оны қозғалмайтын мүлікті иелікке кіргізу ретінде қарастыру қажет.

 Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы үшінші тұлғадан және басқа құқықтардан бос болуы керек.

 Сату шартының объектісі ретінде қозғалмайтын мүліктің спецификасын ескере отырып, заң шығарушы сатушының беру,ал сатып алушының сатылған затты қабылдау міндеттеріне байланысты арнайы ережелерді шығарған.Қозғалмайтын мүлікті беру тараптардың қолымен рәсімделген өткізу актісі арқылы немесе басқа беру құжаттары арқылы жүзеге асады. Кейбір жағдайда шартты жазбаша нысанда жасалуы сатып алушының шыншыл немесе шыншыл емес екенін көрсетеді.53

 Беру актісін шарттың қосымша немесе дәлелдейтіні ретінде қарастыруға болмайды.Егер тараптар беру актісінде қозғалмайтын мүліктің шарт талаптарына сай келмейтінін көрсетсе, онда ол сатып алушыны шартты дұрыс орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату негізі болып табылмайды.

 Сатып алушының міндетті барлық сатып алу-сату шарттарына бірдей болып табылады.Тек қозғалмайтын мүлікті қабылдау және меншік құқығының ауысуын тіркеу міндеті ерекшелік болады

 

 

2.5 Тұрғын үйді сату  шарты

 

Тұрғын үйді сатып  алу- сату шартының ерекшелігі , ол меншік құқығы объектісі және азаматтын жеке меншігі құқығымен байланысты . Сатып алушы тұпрғын үйді сатып алу – сату шарты бойынша алпыс квадрат метрден аспайтын үй сатып ала алады. Бірақ , лауазымды тұлғалардың, өкілетті органдардың рұқсатымен одан да үлкен үй сатып ала алады. Сатушы, оның әйелі және кәмелетке толмаған балалары тұрғын үйді сатып алу- сату шарты бойынша үйді сатқан кезде олардын қолына соңғы үш жылдйң ішінде басқа үй болған жоқ деген құжат болу керек . Кейбір жағдайларда ерекше ағдай болуы мүмкін .Ол сату тек міндетті түрде сату керек үй болса.

Тұрғын үйді сатып алу – сату шарты азаматтардың жеке ұғымдардың арасында кейбір манызды ережелермен мінезделеді. Тұрғын үйдің сатып алушысы егер үй жергілікті үкіміттікі болса, бір немесе бірнеше тұрғын үйде тұрып жатқан жалдаушылар қатыса алады . Мекемелердің меншігіндегі үйлер тек осы мекемелердің жұмысшыларына сатыла алады. Қазіргі уақытта мемлекеттік мекемелер және колхоздармен жеке тұрғын үйлер салынып жатыр. Ол үйлер салынып болғасын ,ұйымдардың жұмысшыларына сатыоады.

Осы үйларді сату көбінесе несиеге беру арқылы женілдіктерге қарап сатылады.Тұрғын үйдің мемлекеттік ұйымдармен азаматтардан өздерінің қажеттіліктеріне байланысты сатып алу белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асуы керек . Кооперативтік және қоғамдық ұйымдар тұрғын үйді азаматтардан инвентерлық құрылыс бағанасынан аспайтын бағамен ала алады.

Өмір бойы қамтамасыз ету талабымен тұрғын үйді беру шарты – бұл келісім бойына жасына байланысты әрекет қабілеттігі жоқ немесе денсаулығына байланысты әрекет қабілеттігі жоқ бір тарап , өзінің меншігіндегі тұрғын үйді немесе сол үйдін бөлігін екінші тараптың меншігіне береді. Ал, тұрғын үйді алушы тарап сол үйдің бағасы ретінде, үйді берушіге өлгенге дейін материалдық қамтамасыз етеді. Ол тұру, тамақтандыру, артынан қадағалау ретінде және басқа да керекті көмек ретінде болуы мүмкін.

Тұрғын үйді сатып  алу – сату шартының нысаны жазбаша  түрде болады. Егер тұрғын үйді сатып алу – сату шартында бір тарапты азамат болса, онда тұрғын үйге байланысты шартты ноториалдық куәландырудан өткізу керек. Тұрғын үйді сатып алу - сату шарты ауылдық жерде жасалса, онда тұрғын үйді сатып алу – сату шарты жергілікті өкіметті органдарда куәландырылуы тиіс. Шарт жасалды деп және сатып алушыға меншік құқығы ауысты деп тек шарт тіркелгеннен кейін ғана айтуға болады. Осы ережелер бақшаларды сатып алу – сату шартына да қолданылады.

Информация о работе Сатып алу сату шартының түрлері