Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 04:53, курсовая работа
Курстық жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шартының түрлері табылады. Бұл тақырыпты курстық жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді.
Қазақстан Республикасының қалыптасуы, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді.
Тауарлық, ақшалық, мүліктік және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түсті.
Кіріспе
1 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ
1.1 Сатып алу шартының ұғымы және элементтері
1.2 Сатып алу-сату шартының пәні
1.3 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
1.4 Сатып алу – сату туралы жалпы ережелер
2 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тауар жеткізілімі шарты
2.2 Келісімшарт жасасу шарты
Энергиямен жабдықтау шарты
2.4 Қозғалмайтын мүлік сату шарты
2.5 Тұрғын үйді сату шарты
2.6 Кәсіпорынды сату шарты
3 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН БҰЗУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2.6 Кәсіпорынды сату шарты.
Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы басқа тұлғалараға беру құқығы болмайтын құқықтар мен міндеттер қосылмайды.
Кәсіпрынның қызметкерлері жөніндегі құқықтар мен міндеттер еңбек турала заң актілерінде көзделген тәртіппен сатушыдан сатып алушыға ауысады.
Фирмалық атауларды, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және сатушыны дараландыратын басқа құралдар мен оның өнімдерін, оның атқаратын жұмысын немесе көрсететін қызметін пайдалану құқықтары, сондай-ақ лицензия негізінде дараландыратын құралдарды пайдалану жөніндегі сатушыға тиесілі құқықтар, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушыға ауысады.
Тиісті қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негізінде алынған құқықтар, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауы тиіс. Шарт бойынша берілетін кәсіпорынның құрамына оның арнайы рұқсаты (лицензиясы ) болмауынан сатып алушы орындай алмайтын міндеттемелердің енгізілуі сатып алушыны несие берушілер алдындағы тиісті міндеттемелерден босатпайды. Міндеттемелерді орындамағаны үшін сатушы мен сатып алушы несие берушілер алдында бірдей жауап береді.
Кәсіпорынды жекешелендіру тәртібімен сату ерекшеліктері жекешелендіру туралы заң актілерімен белгіленеді.
Кәсіпорынды сату қозғаклмайтын мүлікті сатып алу – сату шартының бір түрі болып табылады. Азаматтық кодексте «кәсіпорын » түсінігі екі мағынада қолданылады. Құқық субъектісі ретінде. Құқық объектісі ретінде кәсіпорынның мағынасы мүліктің ерекше түрі ретінде түсіндіріледі. Біріншіден, кәсіпорын – бұл кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін арналған мүлік. Сондықтан, ол негізінен жеке және коллективті кәсіпкердің иелігінде болады. Екіншіден, кәсіпорын – бұл бір мүліктік кешен. Ол тұтынбайтын, күрделі зат. Үшіншіден, кәсіпорын – бұл қозғалмайтын зат. Пәні кәсіпорын болып табылатын мәмілелер екрекше талаптарға бағынады.
Коммерциялық қызмет жүргізу үшін кәсіпорынды қолдану әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады. Бірінші тәсілі, кәсіпорынды алу емес, оны қадағалау құқығымен алумен байланысты. Бұл, акцияны сатып алу нәтижесінде жүзеге асады. Басқа тәсілі – кәсіпорынды зат ретіндесатып алу. Бұл тәсілдер бір-бірінен елеулі ерекшеленеді. Өзінің заңды нысаны және пайда болатын салдары ретінде.
Кәсіпорынды сату кезінде кәсіпорынға меншік құқығы бір кәсіпкерден (сатушы) екінші кәсіпкерге (сатып алушы) ауысады. Сонымен қатар, сатушының қолында сату бағасы ретінде төленген ақша соммасы болғандықтан, кәсіпкерлік қызметін жүргізуге мүмкіндігі бар.
Жалпы ереже брйынша сатушының арнайы рұқсат қағаздары (лицензия); шарттың пәніне кірмейтіндіктен сатып алушыға берілмейді. Басқаша айтқанда, бұл құқықтар азаматтық субъективтік құқықтар емес, сатушының субъективтік құқығының элементі болып табылады.
Кәсіпорынды сату шартының пәні ретінде сатушының меншігіндегі толық құрамдағы кәсіпорын ғана табылмайды, сонымен қатар сол кәсіпорынның бөлігі де табылады. Кәсіпорынның құрамына кіретін бөлек элементтерді сату, сатып алу – сату туралы жалпы нормалар негізінде жүзеге асады.
Шарттың пәнінің маңызды бір ерекшелігі, оның құрамына кіретін үшінші бір тұлғалар алдындағы міндеті (қарыздар). Кәсіпорынды сату – бұл субъективтік міндетті сатуға рұқсат беретін сатып алу - сатудың жалғыз түрі болып табылады. Міндетті сату сатушыдан сатып алушыға қарыздың ауысуын білдіреді.
Кәсіпорынды сату шартының тағы да елеулі талабы, оның бағасы болып табылады. Яғни, тараптардың келісімімен анықталған кәчіпорынның бағасы табылады. Бірақ, шартқа қол қояр алдында, бағаны анықтауға тікелей әсер ететін бірнеше құжаттарды дайындау қажет.
Сатуға жататын кәсіпорынының құрамы мен құны ,егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе,тараптардың келісімімен айқындалады.
Шартқа қол қойылғанға дейін тараптар:түгендеу актісін,бухгалтерлік балансты, кәсіпорынының құрамы және құны туралы тәуелсіз аудитордың қорытындысын,сондай –ақ несие берушілерді,олар қойған талаптардың сипатын,мөлшері мен мерзімдерін көрсете отырып кәсіпорынның құрамына енгізілетін барлық борыштың (міндеттемелердің) тізбесін жасап, қарауға тиіс.
Шартқа қол қойылғанға дейін тараптар; түгедеу актісін бухгалтерлік балансты кәсіпорынның құрамы және құны туралы тәуелсіз аудитордың қорытындысын сондай-ақ несие берушілерді олар қойған талаптардың сипатын мөлшері мен мерзімдерін көрсете отырып кәсіпорынның құрамына енгізілетін барлық борыштың (міндеттемелердің) тізбесін жасап қарауға тиіс.
Осы формальды талаптарды орындамау шарттың жарамсыздығын білдіреді. Бірақ құжаттарды көрсету шарттың елеулі талабы ретінде санауға болмайды. Себебі мәміленің нысаны оның талаптарының санына кірмейді. Кәсіпорынды сату шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс және тіркелген кезінен бастап жасалған болып есептеледі.
Сатушының кәсіпорынды сатып алушыға беруді өткізу актісі бойынша жүзеге асырылды онда кәсіорынның құрамы жөніндегі жеке кәсіпорынды сату туралы несие берушілерге хабарлау жөніндегі деректер сондай-ақ берілген мүліктен табылған кемшіліктер туралы мәліметтер және оны жоғалтып алуға байланысты беру міндеттерін орындау мүмкін болмайтын мүліктердің тізбесі көрсетіледі.
Өткізу актісін жасауда және оны қол қоюға табыс етуді қоса алғанда кәсіпорынды беруге дайындау сатушының міндеті болып табылады егер шартта өзгеше көзделмесе соның есебінен жүзеге асырылады. Өткізу актісінде екі тарап қол қойған күннен бастап кәсіпорын сатып алушыға берілген деп есептеледі.
Сол кезден бастап кәсіпорын құрамында берілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қауіпі сатып алушыға ауысады.
Сатушы кәсіпорынды беруді дайындауға міндетті. Сонымен қатар өткізу актісін дайыдап, сатып алушыға қол қоюға әзірлеуге міндетті. Өткізу актісінің маңызды мағынасы – бұл оған қол қойған бастап кәсіпорын сатып алушыға ауысты деп саналады.
Өткізу актісі арқылы кәсіпорынды сатып алушыға беру сатушының маңызды міндеті болып табылады. Сонымен бірге сатып алушыға затты беру міндеті –сатып алу-сату шартының барлық түріндегі сатушының ең басты міндеті болып табылады.
Сонымен беру актісіне қол қойған кезден бастап кәсіпорын сатып алушыға берілді деп саналады, егер сатушы кәсіпорынды сатып алушыға кедергісіз алу жағдайын қамтамасыз етсе.
Кәсіпорынға меншік құқыға осы құқық мемлекеттік тіркеу кәсіпорын сатып алушыға ауысады.
Сатып алушының кәсіпорынға
меншік құқығын мемлекеттік
Шартта сатып алушыға берілген кәсіпорынға меншік құқығы кәсіпорынға меншік құқығы кәсіпорынға ақы төленгенше немесе өзге де мән- жайлар туғанға дейін сатушының өзінде қалдыру көзделген жағдайларда сатып алушы меншік құқығы өзіне ауысқанға дейін берілген кәсіпорынның құрамына кіретін мүліктер мен құқықтарда кәсіпорынның қызметін мүліктік кешен ретінде қамтамасыз ету үшін қаншалықты қажет болса соншалықты дәрежеде пайдалануға құқылы.
Меншік құқығын сатып алушыға ауыстыру міндеті кәсіпроынды сату шартының анықтамасынан тікелей көрінеді. Кәсіпорынды сатып алушыға бергеннен кейін сол кәсіпорынға меншік құқығы сатып алушының атағына тіркелуі тиіс. Егер шартта басқаша көзделмесе. Бұл жерде қозғалмайтын мүлікті сату шартына қарағанда айырмашылығы, заң шартты мемлекеттік тіркеуін және құқықты тіркеуін (құқықтың ауысуы) нақты көрсетеді. Осының нәтижесінде сатып алушыға меншік құқығының ауысуы мынандай белгілі – бір әрекеттер арқылы жүзеге асады: шартқа қол қою және оны мемлекеттік тіркеу.
Меншік құқығы сатып алушыға ауысқаннан бастап, сатушы шарт бойынша өзінің міндетін орындады деп саналады.
Берілуге жататын мүліктің мөолшері мен сапасы, кәсіпорынды сату шартының ішіне кіретін құжаттар арқылы анықталады.
Кәсіпорынды өткізу актісі
бойынша құрама шартта көзденгенге
сәйкес келмейтін кәсіпорынды сатушыны
Сатушы шартта көрсетілген мақсаттар үшін жарамсыз мүлікті сатып алушыға берген болса, онда бұндай жағдай сатып алушыға шартты бұзуын немесе өзгертуін талап етуге құқық береді. Бірақ, бұл құқық сатып алушы шарттың бұзылғаны туралы сатушыға дер кезінде айтып және сол кәсіпорынның жеткіліксіздерін сатушы дұрыстамаған жағдайда ғана пайда болады.
Кәсіпорынның анықталған кемшіліктері және жоғалған мүлік туралы мәліметтер көрсетілген өткізу актісі бойынша кәсіпорын берілген және қабылданған жағдайларда, егер мұндай жадайларда өзге талаптар қою құқығы шартта көзделмесе, сатып алушы кәсіпорынның сатып алу бағасын тиісінше кемітуді талап етуге құқылы. Сатушы мүлікті үшінші тұлғалардың құқығын бос етіп сатып алушыға міндетті.
Сатушы сатылатын кәсіпорынның құрамына енгізілген міндеттемелер жөнінде кәсіпорын сатып алушыға берілгенге дейін оны сату туралы несие берушілерге жазбаша түрде хабарлауға тиіс.
Борышты аударуға өз келісімін беру туралы сатушыға жазбаша хабарламаған несие беруші кәсіпорынның сатылатындығы туралы хабар алған күннен бастап үш ай ішінде міндеттемелерді тоқтатуды немесе мерзімінене бұрын орындауды және сатушының осыдан келген залалдаржы өтеуін не кәсіпорынды сату шартын толық немесе тиісті бөлігін жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Кәсіпорын сатып алушыға
берілгеннен кейін несие
Несие берушілерге, кәсіпорынды сатып алушыға бергенге дейін борышты беру туралы хабарландыруы тиіс. Яғни, жазбаша нысанда траптармен өткізу актісіне қол қойғанға дейін. Бұндай хабарлау міндетісатушының мойнында болады. Себебі кәсіпорынды және сонымен бірге борышты сатып алушыға беруді сатушы жүзеге асыруына байланысты. Борыштың ауысуына келісім бермеген несие берушілер міндеттің тоқтатылуын немесе шарттың толықтай тоқтатылуын талап етуге құқылы.
Шарт бойынша сатып алушының негізгі міндеті – алған кәсіпорын үшін ақы төлеу. Төлеу мерзімі және тәртібі сатып алу – сату туралы жалпы ережелер негізінде анықталады.
Кәсіпорынды сатып алуға байланысты тауарды қабылдау міндеті азаматтық кодекспен арнайы реттелмейді. Бірақ, мұндай міндет бар. Оны, кәсіпорынды беру бойынша сатушы өзінің міндетін орындады деп есептеу үшін сатып алушының әрекеттерінің керектігін көруге болады. Осыған сәйкес сатып алушы өткізу актісіне қол қоюдан немесе кәсіпорынға меншік құқығын мемелекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуға құқығы жоқ.
3 САТЫП АЛУ- САТУ ШАРТЫН БҰЗУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ
Шартты бұзу және өзгерту тараптардың келісімімен жүзеге асады. Бір тараптың талап етуі бойынша шартты өзгерту бұзу сотпен де шешілуі мүмкін. Шартты өзгерту – бұл шарттың мазмұнын құрап тұрған талаптардың бір немесе бірнешеуінің өзгеруі. Ал, шартты бұзу, ол бір тарап өз міндетін орындаудан бас тартқан жағдайда болады. Шартты бұзу және өзгерту үш түрде жүзеге асады:
Шартты тараптардың келісімімен өзгерту екі тарапқа да тиімді. Ал, қалған шартты бұзу және өзгерту түрлері арқылы, шартты бұзу және өзгерту азаматтық кодекспен және басқа да заңды актілермен немесе шартпен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асады.
Шартты өзгерту және бұзу туралы келісім шартты жасаған нысанды жасалуы тиіс. Осы жалпы тәртіп диспозитивтік болып табылады. Мысалы алсақ, тараптар шартты қарапайым жазбаша нысанда жасаса, онда олар шартпен бекітіп шартты бұзу нотариалды түрде жасалуы немесе бекітілуі тиіс.
Шартты соттық тәртіппен бұзған кезде, нысаны бойынша сұрақ тумайды. Бірақ шартты бұзу және өзгерту туралы анықталған тәртіп белгіленген. Шартты бұзғаннан кейін тараптардың міндеттері тоқтатылады. Ал, шартты өзгерткен кезде міндеттері сақталады. Бірақ, өзгертілген күйде. Шартты бұзу және өзгерту кезінде пайда болған шығындарды өтеу әр жағдайда бола бермейді. Шартты бір тарап бұзғаны салдарынан шарт бұзылса немесе өзгертілсе, онда шығындарды сол тарап өтейді. Заңды түрде бір жақты, шартты орындамау тек заңды актілерде немесе шартта көрсетілген болса, жүзеге асады. Шарттың бір бөлігін орындаудан бас тартса, онда шарт бұзылды деп саналады.
Егер сатушы сатып алушыға сатылған тауарды бермесе, онда сатып алушы сатып алу – сату шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Сондай –ақ сатып алушы сатушыдан сапасына сай келмейтін тауарды алса, онда сатып алушы орындаудан бас тартуға құқылы.
Екініші тараптың шартты бұзайын деп жатқаны туралы бір ай бұрын хабарлау міндеті, барлық шарттың түрлеріне қатысты. Тараптар шартты жаңа мерзімге ұзартуға құқылы.
Сатып алу- сату шартын сатушы да, сатып алушы да бұза алады. Сатып алушы шартты бұзуды талап ете алады. Сатып алушының материалдық жағдайының өзгеруіне байланысты және сатушыға шарт бойынша беретін қаражатын бере алмайтындығына байланысты сатып алушы сатып алу – сату шартын бұзуды талап ете алады. Егер шарт бойынша үй сатылып жатқан болса, онда үйдің бағасы төленуі мүмкін.