Сатып алу сату шартының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 04:53, курсовая работа

Описание

Курстық жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шартының түрлері табылады. Бұл тақырыпты курстық жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді.
Қазақстан Республикасының қалыптасуы, елде экономикалық реформаларды жүзеге асыру және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейеді.
Тауарлық, ақшалық, мүліктік және басқару қарым-қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы одан әрі нығая түсті.

Содержание

Кіріспе
1 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ
1.1 Сатып алу шартының ұғымы және элементтері
1.2 Сатып алу-сату шартының пәні
1.3 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
1.4 Сатып алу – сату туралы жалпы ережелер

2 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тауар жеткізілімі шарты
2.2 Келісімшарт жасасу шарты
Энергиямен жабдықтау шарты
2.4 Қозғалмайтын мүлік сату шарты
2.5 Тұрғын үйді сату шарты
2.6 Кәсіпорынды сату шарты
3 САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН БҰЗУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

сатып алу сату шартының түрлері.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

Мысалға алғанда, келтірген  зиянды өтеу. Сатып алушы сатылып жатқан мүліктің ақшасын төлейін десе, ал атушы сол мүлікті бермесе, онда сатып алушы мүлікті ұстап қалғаны үшін сатушыдан келтірілген зиянды өтеуін сұрауға немесе шартты бұзды және келтірілген зиянды толтыруды талап етуе құқылы.63

Күштеу тәртібімен тек жеке меншіктегі мүлікті талап ете алады. Келтірілген  зиянды толтыру тек сатушы кінәлі екені дәлелденсе ғана толтырылады. Сатып алушыға сапасы сай келмейтін мүлік сатылса, сатып алушы өз тарауы бойынша мүліктің бағасына сай ақшалай құнын төлеуін немесе шартты бұзуды талап етуге құқылы.

 Бөлшектеп сатып алу – сату шартының бірінші ерекшелігі – бұл сатушы ұйымдар болып тұрса. Ал, сатып алушы азаматтар болып табылады. Сонымен бірге күнделікті қанағаттандыру үшін ұсақ – түйек мәмілелерді кәмелетке толмағандар да жасай алады. Бірақ, тек кәмелетке толмағандарға спирт ішімдіктерін, темекі өнімдерін және ойнау карттерін сатуға тиым салынады.

 Бөлшектеп сатып алу – сату шартының екінші ерекшелігі нормативтік регламентация тәртідімен жасау, осы шартты орындау, оның талаптары және бұзу салдары. Осындай регламентация сатып алушы азаматтардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған. Мылалға алсақ, ассортиментік минимум туралы ереже, бұны сауда ұйымдар қамтамасыз етуі керек және жеке – дара бағалар тауарға сұраныс көбейген кезде көтерілмеуі тиіс және тағы басқалар.

 Жеке – дара сатып алу – сату шартының үшінші ерекшелігі – бұл заңмен көрсетілген сатып алушы азаматтарға белгіленген, бұл сатып алу- сату шартының жалпы ережерелерінен шықпайды. Сонымен сатып алушы бір жақты тәртіпте жасалған шарттан бас тартуғажәне төленіп қойған ақшаны қайтарып беруін талап етуге құқылы. Сатып алушы сатып алынған өндірістік тауарды ауыстыра алады. Егер сатып алушы өндірістік тауардың фабрикалық ілмесін немесе дүкеннің чегін сақтағанда ғана ауыстырылады. Ауыстыру мерзімі тауар сатылған кезден бастап он төрт күн. Ал, егер сатып алушы өзі алып кете алмайтын тауар сатып алса, онда ол сол тауарды дүкенге жиырма төрт сағатқа қалдыруға құқығы бар.

 Сатып алу – сату шарты бойынша сатып алушыға берілетін тауардың мөлшері ақшалай немесе заттардың саны бойынша есептеледі.

Егер сатушы сатып алу – сату шартын бұзып, тауар мөлшерін жеткіліксіз етіп алушыға берсе, онда сатып алушы жетпей тұрған мөлшерін талап етуге құқығы бар.

Сатушы сатып алушыға тауарды  сатып алу- сату шарты бойынша  тағайындаған мөлшерден көп етіп берсе, онда сатып алушы сатушыға ол жайлы баяндауы тиіс. Егер белгілі бір уақытта сатушы затты алу шараларын қолданбаса, сатып алушы сол тауардың бәрін өзіне алады.

 Егер тауар үлгі бойынша  сатылып жатса, онда сатушы  сатып алушыға үлгіне сай тауарды  беруі керек. Егер сатылып жатқан  тауарға міндетті түрде сапасына байланысты заңдық актілерге талаптар көрсетілсе, онда сатушы сатып алушыға осы талаптарға сай тауарды сатуы керек.

 Сатушы сатып алушыға тауардың қолдану мерзімі өтпеген тауарды беруі керек. Егер саушы шарт бойынша сатып алушыға тауардың сапасын гарантия бойыша сатса, сатушы тауарды талаптарға сай етіп және шартпен орнатқан гарантиялық мерзімді беріп, сатуы тиіс.

 Егер сатушы жетпейтін тауарды сатса, ода сатып алушы өзінің қалауы бойынша сатушыдан мыналарды талап ете алады:

 1.Тауардың сатып алу бағасын төмендетуге;

 2.Белгілі – бір мерзімде тауарды толық беруді;

 3.Жетпейтін тауарды жеткілікті тауарға ауыстырып беруін;

 4.Шартты орындаудан бас тартуға және тауарға төленіп қойылған ақшаны қайтарып сұрауға. Осы талаптарды сатып алушы, сатушы тауарды жеткіліксіз етіп берген жағдайда қолдана алады.

 Тауарды несиеге беру сатып алу – сату шартының бір ерекшелігі. Сатылып жатқан затты сатып алушыға беру, меншік құқығы саутып алушыда пайда болуы жалпы ереже бойынша жүзеге асады. Бірақ, сатып алушы тауардың бағасын тауарды алған кезде төлемейді. Осы шарттың пәні болып ұзақ қолданатын заттар болып табылады.65

 Сатып болып жеке – дара мемлекеттік және кооперативтік сауда мекемелері бола алады. Сатып алушы болып қай пункте дүкен тұрады, сол тұратын пункте тұрақты жұмыс орны бар тұлғалар бола алады. Несиеге беру сатып алу – сату шартын жасау үшін жұмыс орнынан, оқу орнынан құжат керек. Құжат бір ұйымда бір жылдан астам жұмыс істеген жұмысшыға беріледі. Несиеге беру сатып алу – сату шарты бойынша сатып алушының міндеттемелі – жауап беру құжатымен жасалады. Міндеттемелі – жауап беру құжат екі нысанда жасалады. Біреуі дүкенде, екіншісі жұмыс орнына жіберіледі. Ал, жұмыс орнында сол жұмысшының айлық жалақысынан тауардың бағасын жайлап ұстап қалып отырады. Сатып алушыларға несиеге сатылған тауар беріледі, егер тауардың бағасының жиырма бес пайызын төлеп қойса, ал қалған ақшасын сатып алушы алты айдан үш жылғы дейнгі уақытта төлей алады.

 Ал, тауарды несиеге алғаннан кейін, тауардың бағасы өзгеріп кетсе, онда ол баға несие алған кездегі бағаға әсер етпейді.

 Почта арқылы сауда жасаудың ерекшелігі – бұл сатушы көрсетілген адрес бойынша почта арқылы тауарды жіберуге мендетті. Ал, сатып алушы тауарды алған кезде, тауардың ақшасын және тауарды кезіндегі шығындарды төлеуге міндетті.

 Азық – түлік тауардың көрінбейтін жетіспейтіндіктерін және сортқа сәйкес келмейтіндігін сатып алушы байқаса, онда ол сол тауарды дүкенге тапсырып, төленген ақшаны қайтарып ала алады.

 Өндірістік тауарлардан табылған жетіспейтіндіктер,егер тауарда гарантиялық мерзім орнатылмаған болса, онда сатып алушы жетіспейтін тауарды дұрыс тауарға ауыстырып беруді немесе шартты бұзуды және төлеген ақшаны қайтарып беруді талап ете алады. Бірақ, тауардың жетіспейтіндіктері туралы он төрт күн ішінде дүкенге хабарлауы керек.

 Сатып алушы тауарға байланысты талаптар қойған кезде, дүкен осы талаптарды орындамаған кезде, сатып алушы сотқа талап арыз бере алады.

 Көптеген өндірістік тауарларда гарантиялық мерзім орнатылған, сол гарантиялық мерзім уақытында сол тауар сенімді қызмет етеді. Сатып алушы гарнатиялық мерзім уақытында тауар қолдануға келмейтін жағдайда жетіп қалса, онда ол дүкенге барып тауарды ауыстырып беруін сұрауға құқылы. Сатушы сатып алушыдан ақы алмай, тауарды жөндеп беруге және

ауыстырып беруге міндетті. Бірақ, осы талаптарды сатушы тек сатып алушы тауар дүкендікі екендігін дәлелдесе ғана орындайды.

 Көп жағдайда, сатып алушы тауарды қайтарып берген кезде, ауыстыруын немесе сол тауарға төлеген ақшасын сұрайды.

 Сатушы сатып алушыға тауарды шартта келісілген түрде беруге тиіс. Сатып алу – сату шартында тауардың сапасы туралы ештене көрсетілмеген тауардың сапасын әрі қарай қолдануға келетін етіп беруі тиіс. Тауардың жетпей қалғанына сатушы жауапты болады. Егер сатып алушы оған жеткіліксіз етіп берегенін дәлелдесе.

 Тауарды несиеге беру сатып алу сату шартының бір ерекше түрі. Сатылып жатқан затты сатып алушыға беру арқылы меншік құқығы сатып алушыға ауысады. Жалпы ереже бойынша жүзеге асады. Бірақ алушы тауардың бағасын тауарды алған кезде төлемейді. Кейін бөлшектеп төлейді.

 Олай болса несиеге сатып алу – сату шартына байланысты, іс-тәжірибиден өткен кезімде сот процесіне қатыстым. Жеке тұлға, азамат Жандарбеков С.А автокөлік сататын кәсіпорыннан несиеге жеңіл автокөлік алған. Екі жақты жасасқан шартқа сәйкес сатып алушы тауар құнының 30 пайызын төлеп, қалған бөлігін 3 жыл ішінде төлеуге міндеттелген. Ай сайынғы жарнаны 3 ай қатарынан төлей алмаған жағдайда, тауар сатушы кәсіпорын тауарды өзіне қайтарып алуға құқылы.

 Сатып алу сату шартындағы күнделікті өмірге қажетті тұрмыстық заттарды сатып алу сату жиі кездеседі. Әрине, өмірде ең қажетісі осы-тұрмыстық заттар. Ал олардың көбін біз қала базарларынан сатып алуға дағдыланғанбыз. Және де ке-келген тауарға тасып алу сату шартын жасақтамаймыз, ал, базарда болса, қолыңа чек немесе басқа да есеп қағазын да бермейді.

 Сол базардан алған құрылғылар кей-кездері сапалар төмендігінен жасалмай, істен шығып кейін апарғанда, ол оны қабылдаудан бас тартып жататын жағдайлар да аз кездеспейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенеді.

Сатып алу-сату шарты  өзінің құқықтық жағынан ақылы, екі  не көпжақты, екі жақты міндеттеуші  консепсуалды міндеттеме болып табылады. Бірақ жеке авторлар сатып алу-сату міндеттемесін нақты (реалды) міндеттемелер қатарына қосады. Қазақстан Республикасының АК-де сатып алу-сату шартының мерзімі жайлы нақты нормалар жоқ. Өйткені көбіне сатып алу-сату келісісіне келген сәтте міндеттеменің орындалуы да көрініс табады. Бірақ мүлікті (тауарды) белгілі бір жерге жеткізу көзделетін болса, шартта міндеттеменің мерзімі қарастырылады.

Кез келген қабілеттілігі  бар жеке не заңды тұлға міндеттеменің  субъектісі бола алады. Міндеттеменің  объектісі: бі тұлғаның иелігінен екінші тұлғаның иелігіне тауарды ауыстыруға бағытталған әрекеттер болып табылады, ал міндеттеменің пәні ретінде тауар қарастырылады.

Сатып алу-сату міндеттемесі бойынша мемлекеттік тіркеуді қажет  ететін мүлік (тауар) жайында жасалған міндеттеме міндетті түрде жазбаша болуы тиіс.

Заңгерлердің көбі міндеттемені жасасудың жағдайлары ретінде тауар (мүлік) мен бағаны айқындайтын болса, кей авторлар міндеттеменің орындалу мерзімін де қарастырады.

Тауар сату жөніндегі  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату міндеииемесі бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде не өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенуді бөлшектеп сатып алу-сату деп атаймыз. (Мысалы, дүкенде нан сатып алу-сатуды айтуға болады). Саты алу-сату міндеттемесінің бұл түрі жайында АК 445-457 баптар аралығында айтылады.

Тауар жеткізілімі жайлы  АК-ның 438-477 б.б. аралығында айқындалған. Кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушығ өзі  өндіретін не сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке не жеке өзіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байласнысты есем өзге мақсаттарға пайдалану үшін белгілі мерзімде не мерзімдерге беруге міндеттенуді айтады.

Келісім-шарт жасасу міндеттемесі бойынша ауыл шаруашылық өнімді өндіруші өзі өсірген, өндірген өнімін-қайта өндіру не сату үшін өнімді сатыа алушыға беруге міндеттенеді.

Энергиямен жабдықтауды  «Астанаэнергосервис» ашық акционерлік  қоғамы жүзеге асырады. Энергиямен жабдықтау міндеттемесі бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, энергияны тұтыну режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалануға міндеттенеді.

Кәсіпорынды сату міндеттемесі бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенуді айтады. Бірақ бұған сатушы өзгелерге беруге құқығы жоқ міндеттемелер мен құқықтарды қоспайды.

Сатушының міндеттері. Сатушы шартта көзделген тауарды (мүлікті) сатып алушыға тапсыруға міндетті. Шартта көзделген тауардың түрі, сапасы және саны міндеттемені орындауға басты талаптар болып табылады. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер шарттың өзінде тауардың сапасы жайлы айтылмаған болса, сатушы сатып алушыға әдетте осы сияқты тауар падаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті. Тауарды ұлгісі бойыша не сипаты бойынша сатқан кезде сатушы сатып алушыға үлгіге, сипаттамаға сай тауар беруге міндетті.

Егер сатылатын тауар сапасына заңнамамен белгілі бір талаптар көзделсе (Қазақстан Республикасының стандартизациясы туралы, Қазақстан Республикасының сертификациясы туралы заңнамаларында) кәсіпкерлікпен айналысатын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сай тауар беруге міндетті. Сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, көзделген міндетті талаптармен салыстырғанда сапаға қойылатын жоғарға талаптарға сай тауар да берілуі мүмкін. Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауар, оны сатып алушыға бере кезде, егер тауардың талаптарға сай екендігін айқындаудың өзге тәсілі шартта айқындалмаса, АК-де көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс және ойға сиярлық мерзімде жарамды болуы керек.

Ал олардың санына келетін болсақ, сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірлігіне сай не ақшадай түрде көзделеді. Тауардың саны шартта да келісілуі мүмкін1.

Сатушының сатып алушыға таурады беру міндетін орындау мерзімі шартта белгіленеді, ал болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуы тиіс.

Егер сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмесе, сатушының  сатып алушыға тауар беру міндеті:

-шартта тауарды жеткізіп беру бойынша сатушының міндеті көзделмесе, сатып алушыға не ол атаған адамға тауарды бергенде;

-егер тауар сол тауар орналасқан жерде сатып алушыға не ол атаған адамғаберілуге тиіс болса, сатып алушының билігіне тауар кезінде орындалған болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

Нормативтік құқықтық материалдар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. 27.12.1994. Соңғы редакциясы, 20.12.04.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлім. 01.08.1999. Соңғы редакцмясы.
  4. ‹‹Мемлекеттік сатып алулар туралы›› 2002ж. 16 мамырдағы №321-ІІ ҚР
  5. Заңы (Ведомасти Парламента РК, 2002, №9, 95 бап)
  6. 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373-ІІ ‹‹Инвесторлар туралы›› ҚР Заңы (Ведомасти Парламента РК, 2003, № 1-2, ст№4; ‹‹Каз правда›› 11.01.03.)
  7. 1995 жылғы 17 сәуірдегі №2200 ‹‹Лицензиалау туралы›› ҚР Заңы (Ведомасти ВС РК, 1995г. №3-4, ст37, №12,ст88, №14, ст93, №15-16, ст109, №24, ст162).
  8. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995, №2325 ‹‹Мемлекеттік кәсіп орын туралы›› (Ведомасти ВС РК, 1995г, №24, ст 168).
  9. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995, № 2727 ‹‹Жылжымайтын мүлікке құқұқтарды және онымен жасатылатын мәлілерді мемлекеттік тіркеу туралы›› Заң күші бар жарлығы (Ведомасти ВС РК, 1995г, №9-10, ст24, ст164).
  10. ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің №169 бұйрығымен бекітілген. ҚР-ның Әділет Министрлігімен 1997 жылдың 28 сәуірінде тіркелген. Тіркеу №293 ҚР орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік – құқұқтық актілерінің Бюлетені №6. 1998, 95 б.

Информация о работе Сатып алу сату шартының түрлері