Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 09:45, дипломная работа

Описание

Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар.

Содержание

Кіріспе
I тарау. Құқықтағы мерзімдер ұғымы.
1.1 Талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі
1.2 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі.
ІІ Тарау Қылмыстық процестердегі мерзім.
2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.
2.2 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Тақырыбы.docx

— 130.83 Кб (Скачать документ)

- қылмыстық процесте жүйелеу функциясын орындауға бағытталған құкықтық құрал болып табылады;

сот ісінің жүргізілуіне белгілі бір қарқын беретін ұйымдық 
құрал болып табылады.

Іс жүргізу  мерзімдерінің белгілері сот  ісін жүргізудегі белгілі бір уақыттың бәрінің бірдей іс жүргізушілік манызы бола бермейтініне байланысты маңызды. Іс жүргізу мерзімдерін өзге мерзімдерден оқшаулайтан негізгі белгілерге мыналар жатады:

  - іс жүргізу мерзімдерін белгілі бір құкықтық жағдайларда 
(мәселен, кассациялық шағым беруге немесе кассациялық наразылық білдіруге бөлінген он тәуліктік мерзімнің өтіп кетуі 
соттың үкімді жүзеге асыруына себеп болады; сезіктіге бұлтартпау шаралары қолданылған сәттен бастап он тәулік өткенге дейін айыпталушыға айып тағылмауы тергеушінің бұлтартпау шараларының күшін дереу жоюына әкеліп соғады) "дербес заң фактісі немесе күрделі заң кұрамы элементтерінің бірі ретінде"' тану мүмкіндігі. Іс жүргізу мерзімін зандық факт ретінде тануға себеп болатан құқықтық жағдай — іс жүргізу қатынастарына қатысушылардың заңмен белгіленген құқыктары мен
міндеттерінің пайда болуы немесе доғарылуы түріндегі құкықтық салдарлардың басталуы;

- заңмен белгіленген мерзімдерді сақтау міндеттілігі (ол 
мерзімдерді сақтамау сот ісін жүргізудегі зандылык принципін 
бұзу деп бағаланады), қажет болған жағдайда мәжбүрлеу қолданылуы мүмкін;

мерзімдерді есептеу мен қалпына келтірудің ерекше тәртібі;

тергеліп жатқан қылмыстық істің категориясына байланысты мерзімдерді заңмен саралау.

Іс жүргізу мерзімдері негіздерге байланысты түрлерге бөлінеді. Түрлі авторлар түрлі сараптама береді, бірақ бірқатар сараптама негіздері бір-бірімен үйлеседі. Осы жағдайға сүйене отырып, іс жүргізу мерзімдерінің мына түрлерге бөлінуін мүмкін деп санаймыз:

1. Қылмыстық іс жүргізу қызметін регламенттеу әдісіне байланысты негіздер бойынша мерзімдер мына түрлерге бөлінеді: а) мерзім-кез; ә) мерзім-кезең2.

Мерзім-кез әрдайым  іс жүргізу мерзімдері белгіленбеген  әлдебір іс жүргізу әрекетімен үнемі байланысты. Мерзімдердің бұл түрін іс жүргізілетін уақытты көрсететін ерекше терминология бойынша белгілеуге болады. Сондай терминдердің анықтамалары мыналар "кез" (мысалы, КІЖК-тің 70-бабына сәйкес, "қорғаушы айып тағылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі" немесе ҚІЖК-тің 69-бабы бойынша "өзінен алғашқы жауап алудың алдындаға кезден бастап корғаушымен жолыға алады"); "кез келген сәт" (мысалы, ҚІЖК-тің 348-бабының 3-белігі бойынша "сот сотталушыға нақтылау сұрактарын жауап алудың кез келген сәтінде қоюы мүмкін"); "дереу" (мысалы, КІЖК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша "айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады" деп белгіленген; КІЖК-тің 150-бабының 6-бөлігі бойынша "прокурордың санкциясы немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) жолданады және жедел атқаруға жатады"; "кідіріссіз" термині өзінің мәні жағынан "дереу" терминіне жақын (мысалы,КІЖК-тін150-бабының З-бөлігі бойынша "бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды тандау туралы қаулы материалдары прокуратураға түскен кезден бастап алты сағаттың ішінде прокурордың кідіріссіз қарауына жатады"; "тез арада" терминінің мәні соған ұқсас (мысалы, КІЖК-тін 216-бабынын 2-бөлігі бойынша "қорғаушының қатысуын тез арала қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті"; "аяқталғаннан кейін бірден" (мысалы, ҚІЖК-тің 203-бабының 1-бөлігі бойынша "тергеу іс-әрекетінің хаттамасы тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасалады"); әлдебір іс-әрекет басталардың "алдында" (мысалы, КІЖК-тің 203-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу іс-әрекетінің хаттамасында ғылыми-техникалық кұралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені көрсетілуге тиіс'"); әлдебір іс-әрекеттен "кейін" (мысалы, ҚІЖК-тін 258-бабыньгн 2-бөлігі бойьшша "сараптамалык зерттеудін үлгілері сол адамнан, бірак аталған іздер калдьірылуы мүмкін жағдайлар туралы одан куә (жәбірленуші) ретінде жауап алғаннан кейін ғана алынуы мүмкін"); әлдебір іс-әрекетаен "бір мезгілде" (мысалы, КІЖК-тің 206-бабының 2-бөлігі бойынша "тергеуші айыпталушыға айьштағылған күнтуралы хабарлаНды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушыны шақыру құқығын түсіндіреді"); іс жүргізу "аяқталғаннан кейін"(мысалы, ҚІЖК-тің 213-бабының 4-бөлігі бойынша "еркін баяндау аяқталғаннан кейін жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар ашылуы мүмкін"); "тәмамдалғаннан кейін" терминінін мәні "аяқталғаннан кейін" терминіне жақын (мысады, К.ІЖК-тін 362-бабынын. 1-бөлігі бойынша "төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін іске қатысутыларға бұдан былайғы іс-қимыл барысын түсіндіреді"); әлдебір іс-әрекетке "дейін" (мысалы, ҚІЖК-тін 214-бабьшын 1-бөлігі бойынша "тергеуші бір іс бойынша шақырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады"); уақыт шеңберлері нақты жағдайды негізге ала отырып белгіленетін қандай да болсын жағдайдын өзара байланысты көрсетілетін "уақытында" (мысалы, ҚІЖК-тің 222-бабының 3-бөлігі бойынша "тергеуші уақытында келе алмайтын жағдайда тексеруді анықтаушы немесе арыз немесе хабар келіп түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жүргізеді"); "кешіктірмей" (мысалы, КІЖК-тің 235-бабының 5-бөлігі бойынша "почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындаудың күшін бұл шараға қажеттілік жойылған кезде тергеуші немесе прокурор бірақ кез келген жағдайда тергеу аяқталғаннан кейін кешіктірмей жояды"); "анықталғаннан кейін" (мысалы, ҚІЖК-тің 354-бабынын 5-бөлігі бойынша "төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сарапшыға жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады").

Мерзім-кезеңдерді мынадай терминдермен білдіруге болады: әлдебір іс әрекет жасалған "күні" (мысалы, КІЖК-тің 209-бабының 2-бөлігі бойынша "айдап әкелінген айыпталушыға айып айдап әкелінген күні тағылады"); "күндізгі уақытта'", "бір күн ішінде" (мысалы, ҚІЖК-тін 212-бабының 2-бөлігі бойынша "жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақьпта жүргізіледі"; КІЖК-тің 212-бабынын 3-бөлігі бойынша "жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзактығы сегіз сағаттан аспауға тиіс"; "белгілі бір уаңьптан аспайтын мерзімде" (мысалы, ҚІЖК-тің 134-бабының І-бөлігі бойынша "ұсталған адамды анықтау органына немесе алдын ала тергеу органына әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы хаттама жасайды"); "белгілі бір уақыт ішінде" (мысалы, ҚІЖК-тің 136-бабының 2-бөлігі бойынша "ұсталу кезінен бастап жетпіс екі сағаттың ішінде сезіктіге қатысты осы Кодексте белгіленген тәртіппен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатуға жатады"); "белгілі бір тәулік ішінде" (мысалы, КІЖК-тің 222-бабының 13-бөлігі бойынша "тұрғын үйді тексеру тергеушінің қаулысы бойынша жүргізілуі мүмкін, бірақ кейін оның заңды екенін тексеру үшін жүргізілген тексеру туралы бір тәулік мерзімде прокурорға хабарланады"); "белгілі бір тәуліктерден кешіктірілмей" (мыса-лы, КІЖК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша"айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей тағылуға тиіс"); "белгілі бір сағаттарда" (мысалы, КІЖК-тін. 212-бабының 3-бөлігі бойынша "жауап алуды демалуға арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі"); "белгілі бір мерзімнен аспау" (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 5-бөлігі бойынша "қамауға алу мерзімі қылмыстык заңда көзделген бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімінен аспауға тиіс"); "белгілі бір айлар мерзімінен кешіктірілмей" (мысалы, ҚІЖК-тің 196-бабының І-бөлігі бойынша "қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс") және т.т.

Мерзім-кезендер өз тарапынан: а) белгісіз мерзімдерге; ә) ұзақтығы белгілі мерзімдерге бөлінеді.

Белгісіз мерзімдер, әдетте, сот ісін жүргізудің қандай да болсын іс-әрекет жасалуы қажетті әлдебір кезеңін көрсетеді. Мерзімдердің ең ерте және ең кеш шектері өзара байланысты іс-қимылдар аралығындағы кезеннің қаншалықты уақытқа созылатынымен айқындалады. Мәселен, КІЖК-тің 121-бабына сәйкес заттай дәлелдемелер "үкім немесе істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін" істе қалады, бұл жағдайда ең ерте мерзім затгай дәлелдемелер іс материалдарына қосылған мерзіммен тұспа-түс келетіні, ал ең жоғары мерзім үкім заңды күшіне енген уақытпен немесе істі тоқтату уакытымен айқындалатыны мегзелген.

Ұзақтығы белгілі мерзімдерге (немесе белгілі мерзімдер) мерзім-кезеңдер шегінде іс-қимылдар жасалуы қажетті кезеңнің қаншалықты уақытқа созылатынының дәл атап көрсетілу тән: сағат, тәулік, апта, ай, жыл.

2. Мерзім белгілеу  әдісімен байланысты негіз бойынша  іс жүргізу мерзімдері мынадай түрлерге бөлінеді: а) занмен белгіленген; ә) сот ісін жүргізуші өкілетті адам белгілеген.

Заңмен белгіленген мерзімдер заң нұсқамаларын орындаушы нақты өкілетті адамның құкықтық жағдайына қарамастан барлық қылмыстық істер бойынша міндетті. Мәселен, ҚІЖК-тің 184-бабына сәйкес қылмыс туралы арыз немесе хабар қабылдаған прокурор, тергеуші, анықтау органы ол түскен күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей шешім қабылдауға міндетті. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, сондай-ақ өзге де іс-әрекеттер жүргізу үшін бұл мерзімнің он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда — бір айға дейін ұзартылуы мүмкін, ол туралы жиырма төрт сағаттың ішін деп прокурорға хабарлануға тиіс.

Өкілетті адам белгілеген мерзімдер уақыт жағынан, заңмен белгіленген мерзімдер секілді, шектеусіз емес. Бұл жағдайда іс-әрекеттерді орындау мерзімі туралы шешімді қабылдауға өкілетті адам құқылы. Мысалы, КІЖК-тің 153-бабында аудандық (қалалық). облыстық прокурорлар мен оларға теңестірілген прокурорлардын қамауға алуды ұзартудың түрлі құқықтары көзделген: "үш айға дейін", "алты айға дейін". Мұның өзі тиісті прокурор ең жоғары мерзімнен аса алмайтынын, бірақ ең жоғары мерзім шегінде одан аспайтын кез келген мерзім белгілей алатынын білдіреді.

3.1с жүргізушілік  кепілдіктер жасалуына байланысты  негіз бойынша мерзімдер мынадай түрлерге бөлінеді: а) сот ісінің, тез жүргізілуінің кепілдері; ә) процеске қатысушылар құқықтары мен заңды мүдделері сақталуының кепілдіктері; б) пәрменді прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылатынының кепілі.

Сот ісінің тез жүргізілуінің кепілдіктері ретіндегі мерзімдер жалпы іс жүргізушілік маңызы бар бірқатар нормаларда орнықтырылған. Оларғамына мерзімдер жатады: кылмыстык іс козғау туралы мәселені шешу мерзімі (ҚІЖК-тің 184-бабы). ондағы ең төмен мерзім — жиырма төрт сағат, ен жоғары мерзім — бір ай; анықтау және алдын ала тергеу мерзімі (КДЖК-тің 196, 285-бабы); істі апелляциялық немесе кассациялық сатыларда қарау мерзімі (К.ІЖК-тің 399-бабы) жәнет.т.

Процеске қатысушылардын құқықтары мен занды мүлделері сақталуының келілдіктері ретіндегі мерзімдер, әдетте, адамның сот ісін жүргізудегі құкыктық жағдайының мәселелеріне белгілі бір жағдайда қатысты іс жүргізу әрекеттерін орындауға бағдарланған. Бұл түрге: сезіктіні ұстау және одан жауап алу (ҚІЖК-тің 68-бабы); айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесін табыс ету (ҚІЖК-тің 284-бабы); процеске қатысушылардың шағымдарын қарау (КДЖК-тің 399-бабы) мерзімдері мен т.б. мерзімдер жатады.

Пәрменді прокурорлық қадағалау жүзеге асырылатынының кепілі ретіндегі мерзімдер қылмыстык процесті жүргізуге өкілетті органдар мен адамдардың зандылықты сақтауын қадағалау үшін тиімді жағдайлар жасау мақсатын көздейді. Бұл түрде: анықтау органы бастығының анықтау мерзімін ұзартуы туралы прокурорды хабардар ету (К,ІЖК-тің 285-бабы); қылмыстық іс қозғау, істі іс жүргізуге қабылдау, анықтауды тоқтата тұру немесе қысқарту туралы қаулылардың көшірмелерін прокурорға жіберу (ҚТЖК-тің 188, 50, 51-баптары) сияқты және басқа мерзімдер бар.

Информация о работе Ерекше талап қоюмен іс жүргізу